2012 жыл бойынша Тараз қаласы әкімдігі қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалау қорытындысы Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiне жыл сайынғы бағалау жүргiзу жүйесі туралы»



Дата29.02.2016
өлшемі82.98 Kb.
#33799



2012 жыл бойынша Тараз қаласы әкімдігі қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалау қорытындысы
Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiне жыл сайынғы бағалау жүргiзу жүйесі туралы» нөмері 954 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалау 6 бағыт бойынша жүргізілді. Бірінші бағыт бойынша облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен, үшінші бағыт – облыс әкімдігінің қаржы басқармасымен, қалған төрт бағыт – облыс әкімі аппаратының тиісті бөлімдерімен жүргізілді.

1. «Қадағаланатын саладағы/аядағы/өңірдегі стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру» бағыты бойынша бағалау келесі критерийлер арқылы жүргізілді :

  1. Өңірлерді дамыту бағдарламасының сапасы мен талдаудың толықтығы;

  2. Өңірлерді дамыту бағдарламасының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу.

Бағалау жүргізу үшін қолданылған мәліметтердің негізгі көздері төмендегідей:

  • Тараз қаласының 2011-2015 жылдарға арналған аймақтық даму бағдарламасы (2010 жылы 23 желтоқсанда № 36/4/5 қалалық маслихаттың шешімімен бекітілген;

  • бағдарлама бойынша 2012 жылдың есебі.

Бағалаудың бірінші критерийінің қорытындысы бойынша ауданның дамыту бағдарламасының талдауында 12 сала бойынша негізгі мәселелер анықталған, 3 сала бойынша негізгі мәселелер анықталмаған, нәтижесінде бірінші критерий бойынша аудан қорытындысы 0,81 коэффициентті құрады.

Екінші критерийдің қорытындысы бойынша ауданның даму бағдарламасында 2012 жылы 23 мақсатты индикатордың 20-ы орындалған, 3 индикатор орындалмаған. Бұл өлшем бойынша ауданның нәтижесі 0,98 коэффициентін құрады.

Есептілікте берілген мәліметтерді қайта тексеру нәтижесіндегі салыстырмалы тексеру актісі бойынша 4 көрсеткіштің жылдық мәліметтері статистикалық мәліметтер мен дәлелдейтін құжаттармен сәйкес еместігі анықталды, нәтижесінде мемлекеттік органдар қызметі тиімділігінің жалпы бағасынан 0,8 балл шегерілді.

Тараз қаласының қызметінiң тиiмдiлiгiн бағалаудың бірінші бағыты бойынша қорытындысы 93,8 баллды құрады.



2. Актілер мен облыс әкімінің, оның орынбасарларының және облыс әкімдігінің тапсырмаларын орындау сапасын бағалау бағыты бойынша бағалау келесі критерийлер арқылы жүргізілді:

1) орындау толықтығы, актілер мен тапсырмалардың сапалы және мерзімінде іске асырылуын, соңғы орындаушыға жүктелген іс-шаралардың актілер мен тапсырмаларда қойылған міндеттерге сай келуі;

2) мерзімінде орындау, іс-шарлардың белгіленген мерзімде, мемлекеттік орган - орындаушы бастамасымен актілер мен тапсырмалардың орындау мерзімін ұзартпаған, орындау мерзімдерін бір рет ұзарту, екі немесе одан да көп рет ұзарту жағдайлары орын алмаған.

Бірінші критерий бойынша 2012 жылы қала әкімі аппаратына барлығы 885 тапсырма, оның ішінде, облыс әкімдігінің 15 қаулысы, облыс әкімі өткізген кеңестер хаттамаларында 147 тапсырма және 684 азаматтардың өтініштері орындауға берілген. Берілген тапсырмалардың 3-еуі толық орындалмаған. 2-ші критерий бойынша қалаға 2012 жылы орындауға берілген 686 тапсырмадан 3 өтініштің қарау мерзімі ұзартылып, 2 тапсырма мерзімінен кешіктіріліп орындалған. Нәтижесінде бұл бағыт бойынша жалпы қорытынды 96,6 баллды құрады.



3. Бюджет қаражатын басқару жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалау төмендегі 12 критерий бойынша жүргізілді:

  1. тиісті қаржы жылына бөлінген қаражатты игеру;

  2. мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының тексеру қорытындылары бойынша бюджеттік және өзге заңнаманы бұзушылықтардың болмауы;

  3. мемлекеттік қаржылық бақылау органдары енгізген ден қою актілерін орындау бойынша қабылданған (іске асырылған) шаралар;

  4. мемлекеттік органның ішкі бақылау қызметінің қызметі;

  5. шығыстардың бекітілген көлеміне бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қайта бөлінген қаражатының көлемі;

  6. бюджетті атқару жөніндегі ұйымдастыру шаралары;

  7. бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижелеріне қол жеткізу;

  8. бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижелерінің серпіні;

  9. бюджеттік бағдарламалардың нәтижелігінің көрсеткіштерін жоспарлау сапасы;

  10. бюджеттік бағдарламаларды орындаудың тиімділігі;

  11. дебиторлық берешектің болмауы;

  12. кредиторлық берешектің болмауы.

Бағалау 2 бюджеттік бағдарлама әкімшісінің 9 даму бюджеттік бағдарламалары бойынша жүргізілді.

«Бюджеттiк инвестициялық жобалардың сметалық құнын ұлғайту фактiлерiнiң болмауы» көрсеткіші бойынша инвестициялық жобалардың 428,2%-ға қымбаттағаны көрсетілген, яғни 0 баллмен бағаланды.

«Объектілерді белгіленген мерзімде беру (іске қосу)» критерийі бойынша – 2 балл. Есепті мерзімде беруге (іске қосуға) жоспарланған 29 объектінің 1 объектісі уақтылы берілмеген;

«Бюджеттік бағдарламалардың нәтижелілігінің көрсеткіштерін жоспарлау сапасы» критерийі бойынша 0 баллмен бағаланды, себебі 1 бағдарламаның көрсеткіштері сапасыз болып есептелді.

Тараз қаласы әкімдігінің бюджет қаражатын басқару жөніндегі қызметі тиімділігінің жалпы бағасы 77,9 баллды құрап отыр.

4. «Мемлекеттік қызмет көрсету» бағыты бойынша бағалау төмендегі 8 критерий бойынша жүргізілді:

1) Мемлекеттік қызметтер көрсетудің регламенттерін бекіту;

2) Мемлекеттік қызметтер бағасының ашықтығы;

3) Мемлекеттік органның интернет-ресурсында мемлекеттік қызметтер көрсетудің стандарттары, электрондық қызметтер көрсетудің регламенттері және пайдаланушылар үшін электрондық қызметтер нұсқаулықтары болуы;

4) Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы;

5) Мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерінің сақталуы;

6) Мемлекеттік қызметтерге шағымдану;

7) Мемлекеттік органмен (ведомстволық бағынысты мекемемен) «электрондық үкімет» және ведомстволық портал арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер алушыларының үлесі;

8) Алушылардың мемлекеттік органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтеріне қанағаттануы.

Әкімдікте жүргізілген бағалаудың нәтижелеріне сәйкес әкімдіктің көптеген қызметтері карточкалармен толтырылған.

Сонымен қатар, әкімдіктің мемлекеттік қызметтерді электронды үлгіге ауыстырудағы тиімділігі төмен.

Жалпы бұл бағыт бойынша аудан қорытындысы 53,78 құрады (100 балл мүмкіндігінен).



5. «Персоналды басқару» бағыты 5 критерийді бағалау арқылы жүргізілді:

  1. персоналды іріктеу тәртібі;

  2. адам ресурстарын пайдалану тиімділігі;

  3. мемлекеттік қызметшілерді кәсибилендіру деңгейі;

  4. мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлықтың белең алу деңгейі;

  5. мемлекеттік қызметшілерді уәждеу деңгейі.

Қалада «Адам ресурстарын пайдалану тиімділігі» өлшемі бойынша мүмкін 33 баллдан 15,05–і құрады, себебі 2012 жылы 37 қызметкер жұмыстан босатылған. Қалада «орталық-өңір», «өңір-орталық», «өңір-өңір» ротациялау айналымы бойынша жұмысқа ауыстырылған қызметкерлер жоқ. «Мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлықтың белең алу деңгейі» өлшемі бойынша 15 баллдан 2,56–ы құрады, себебі ауданның 12 қызметкері тәртіптік жазаға тартылған, қылмыстық жазаға 1 қызметкер тартылған.

Бұл бағыт бойынша қаланың жалпы қорытындысы 73,3баллды құрады (100 балл мүмкіндігінен).



6. Әкімдіктің ақпараттық технологияларды қолдану бағыты 6 критерийді бағалау арқылы жүргізілді:

- «Интернет-ресурстың тиімділігі»;

- «Іс жүргізуде электрондық құжат айналымы жүйесін пайдалану»;

- «Мемлекеттік органдардың Интернет-порталын пайдалану»;

- «Мемлекеттік орган функцияларын автоматтандыру»;

- «Қолданыстағы ведомстволық ақпараттық жүйелердің нәтижелілігі»;

- «Ведомстволық ақпараттық жүйелердің ықпалдастыру үлесі».

Қалада Интернет ресурстарды жаңғырту бойынша берілген ұсыныстар толығымен орындалмағандығының себебінен «Интернет-ресурстың тиімділігі» критерийі бойынша мүмкін болған 20 баллдан 15 балл қойылды.

«Мемлекеттік органдардың Интернет-порталын пайдалану» ішкі критериі бойынша әкімдікке мүмкін болатын 5 баллдың ішінен 2 балл беріледі.

«Мемлекеттік орган функцияларын автоматтандыру» критериясы бойынша жалпы баға мүмкін болатын 50 баллдан 23,84 баллды құрайды.

Бұл бағыт бойынша ауданның жалпы баллы 53,84-ке тең (мүмкін болған 100 баллдан).

Жалпы бағаның төмен болуының себебі қала әкімдігіне ақпараттық технологияларды қолдану бойынша жоспарланған шаралардың ақпараттық технологияларды дамытуға, құруға және сүйемелдеуге жауапты қызметкердің (немесе қызметкерлер тобының) жоқтығы болып табылады.



Әкімдіктің қызметінің тиімділігін бағалау нәтижесі бойынша қызметін жақсартуға төмендегідей ұсыныстар беріледі:

«Қадағаланатын саладағы/аядағы/өңiрдегi стратегиялық мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу және іске асыру» бағыты бойынша:

- ауданның даму бағдарламасын мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарына сәйкестендіру, нысаналы индикаторлар мен тікелей нәтиже көрсткіштерін Елбасының Жолдауына сәйкес өзектендіру;

- мақсатты индикаторлар мен тікелей нәтижелік көрсеткіштерге талдау жүргізіп, нәтижесінде жыл қорытындысы бойынша объективті себептермен олардың орындалмайтыны белгілі болған жағдайда бағдарламаға тиісті өзгерістер енгізу;

- алдағы уақытта нысаналы индикаторлар мен тікелей нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша шаралар қабылдап, олардың орындалуын қамтамасыз ету;



«Актілер мен облыс әкімінің, оның орынбасарларының және облыс әкімдігінің тапсырмаларын орындау сапасын бағалау» бағыты бойынша:

  • берілген тапсырмаларды толық және көрсетілген мерзімінде орындауды қамтамасыз ету.

«Бюджет қаражатын басқару» бағыты бойынша:

  • бюджет қаражаттарын уақтылы және толық игеруді қамтамасыз ету;

  • бюджеттік бағдарламалар бойынша тікелей нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жандандыру;

  • бюджеттік бағдарламаларды орындаудың тиімділігін арттыру бойынша шараларды қабылдау;

  • объектілерді белгіленген мерзімде беру (іске қосу) бойынша пәрменді шараларды қабылдау;

  • дебиторлық берешектерді болдырмау.

«Мемлекеттік қызмет көрсету» бағыты бойынша:

  • бағалау шеңберінде ұсынылатын есептік мәліметтердің жинақтылығының, нақтылығының және толықтылығының сапасын қамтамасыз ету;

  • мемлекеттік қызметтерді көрсетуге келіп түскен шағымдардың себебіне талдау жасау және оның нәтижелері бойынша сәйкес шараларды қабылдау.

«Персоналды басқару» бағыты бойынша:

  • қаладағы кадрлардың тұрақтылығын жақсарту, және алмасушылықтың деңгейiн азайту;

  • «орталық-өңір», «өңір-орталық» бағдарламасы бойынша ауысқан қызметшiлердiң санының көбеюі үшін тиісті шара қолдану;

  • қала қызметкерлерiнiң барлық марапаттау немесе материалдық көтермелеулерi және еңбек нәтижесін үлгiдегi әдiстемеге сәйкес жүргізу;

  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң бұзушылықтарды жою үшін іс-шараларды өткiзу бойынша жұмыс жүргізу;

  • жүйелi түрде мемлекеттiк қызметшiлердiң уәждеу жұмыстарын жүргізу: сауалнамалар өткiзу әдiсімен, қосымша оқуға бағыттау, түбегейлi нәтиже көрсеткен қызметкерлерді конференциялар мен тренингтерге қатыстыру немесе мадақтау әдiсiмен.

«Мемлекеттік органда ақпараттық технологияларды қолдану бойынша:

  • «электрондық үкімет» веб-порталына сілтемелер орналастырумен мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы құрылымдық ақпаратты; мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттарын және электрондық қызметтер пайдаланушылары үшін нұсқаулықттарды интернет-ресурста толық көлемде болуын қамтамасыз ету»;

  • әкімдік қызметкерлерінің анықтамалығын уақытылы өзектендіру;

  • талдау қорытындылары бойынша 2013 жылы әкімдіктің функцияларын автоматтандыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу.




Жамбыл облысының әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы


Баубеков Ж.Н.






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет