2012 жылдың 11 айдағы «Алматы қалалық жұмыспен қамту орталығы» КММ жұмысының қорытынды ақпараты
Бағдарламаға қатысу үшін 1672 адам өтініш білдірді, оның ішінде 1592 адам Бағдарлама қатысушыларының құрамына енгізілді. 1609 адам – әлеуметтік келісім шартқа қол койды, оның ішінде: әйелдер үлесі - 67,1 % (1072 адам), жастар (14-29 жас аралығы) үлесі - 53% (844 адам).
Бағдарлама қатысушыларының құрамында:
- табысы төмен – 60 адам;
- өз бетінше жұмыспен айналысушылар – 4 адам;
- жастар – 848 адам;
- мүгедектер – 45 адам;
- оралмандар – 6 адам;
- бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар – 7 адам.
Кәсіби оқытумен барлығы - 3510 адам қамтылды, оның ішінде:
-
Кәсіптік қайта даярлаумен – 2738 адам (1928 адам - 2009-2010 ж.ж. Жол картасы, 810 адам – 2011 ж. Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы есебінен);
-
Қайта даярлаумен – 674 адам;
-
Біліктілікті арттырумен – 98 адам;
2012 жылы оқуды 749 адам бітіріп, оның ішінен – 437 адам жұмысқа орналастырылды. Аталған бағыт бойынша жұмыс жалғасуда.
Әлеуметтік жұмыс орындарын құруға мемлекеттік бюджет қаражатынан 86,3 млн.теңге бөлінді, 77,4 млн.теңге игерілді (89,7 %), осыған сәйкес 446 адам жұмысқа орналастырылды.
Жастар тәжірибесін ұйымдастыруға мемлекеттік бюджет қаражатынан 37,2 млн.теңге бөлінді, 30,6 млн.теңге игерілді (82,3 %), осыған сәйкес 362 адам жұмысқа орналастырылды.
Орталықтың аудандық бөлімдерінде Казақстан Республикасының бірінші Президенті Н.Ә.Назарбаевтың күніне арналған дөңгелек үстелдер өткізілді. Мерекелік іс шараға Бағдарлама қатысышылары мен ауданның жұмыс берушілері қатысты.
«Саяхат» автобекеті, «Атакент» көрмесі, «Рамстор» сауда орталығы және «Арбат» алаңындағы LED-Display-лерде қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін күніне 200-220 реттен аптасына 3 рет Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы туралы ақпарат көрсетіліп отырады.
Қазіргі таңда кәсіби қайта даярлау курсында ЭВМ операторы, шаштаразшы, есепші, кондитер, сәнгер-пішуші, газоэлектросварщик, электрик мамандығы бойынша - 171 адам, біліктілікті арттыру курсында жоғары білімі бар есепші және шаштаразшы мамандығы бойынша - 41 адам оқып жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: |