2012 жылдың 15 ақпанында «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ



Дата05.07.2016
өлшемі182.5 Kb.
#180731

2012 жылдың 15 ақпанында

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ

Директорлар кеңесімен

БЕКІТІЛГЕН



«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ


Операцияларды жүргізудің жалпы талаптары туралы ереже
1 тарау. Жалпы ережелер
Директорлар кеңесінің 2014 жылдың 28 сәуіріндегі шешімімен бекітілген өзгертулермен және толықтырулармен (№152 хаттама)
1 тармақ «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің 2014 жылдың 28 сәуіріндегі шешіміне сәйкес өзгертілген. №152 хаттама

1. «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ операцияларды жүргізудің жалпы талаптары туралы осы Ереже (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» (бұдан әрі – Заң), «Қазақстанның Даму Банкі туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне, «Бәйтерек» Ұлттық басқару холдингі» АҚ Басқармасының 2014 жылдың 04 сәуіріндегі №09/14шешімімен бекітілген «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ несиелік саясаты туралы Меморандумға (бұдан әрі - Меморандум), «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының Жарғысына сәйкес әзірленген және «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамымен (бұдан әрі – Банк) операцияларды жүргізудің жалпы шарттарын анықтайды.

Нақты операцияларды жүргізудің ерекшеліктері Банктің тиісті ішкі актілерімен анықталады.

2 тармақ «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің 2014 жылдың 28 сәуіріндегі шешіміне сәйкес өзгертілген. №152 хаттама

2. Осы Ережеде келесі түсініктер қолданылады:



  1. банк қызметтері – Банктің банктік немесе Заңның 30 бабымен орнатылған басқа да операцияларын іске асыруы;

  2. клиент – банк қызметтерін тұтынушы болып табылатын немесе банктік қызметтерді қолдануға ниетті жеке тұлға;

  3. жоба – Банкпен қаржыландырылатын инвестициялық жобалар, экпорттық және лизингтік операциялар;

  4. қарыз алушы – несиелік құралды беру туралы келісім(-дер) бойынша тарап болып табылатын жеке тұлға;

  5. уәкілетті орган – қаржылық нарықты және қаржылық ұйымдарды бақылау және қадағалау жөніндегі мемлекеттік орган;

  6. Банктің уәкілетті органы – өз құзыреттерінің шегінде әрекет ететін Директорлар кеңесі, Басқарма, Банктің несиелік комитеті, Банктің активтерін және пассивтерін басқару жөніндегі Комитет;

  7. несиелік құрал – Меморандумға сәйкес қарыз алушыны(-ларды) қаржыландыру амалы.

3. Операцияларды жүргізген кезде Банк Заңның 50 бабына сәйкес банк құпиясын сақтайды, және клиенттің(тердің) жазбаша рұқсатынсыз үшінші тұлғаларға ақпаратты ұсынбайды (жарияламайды), тек мұндай ұсыну (жариялау) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілерімен тікелей бұйырылған жағдайларды есептемегенде.

4.Банк Қазақстан Республикасының «Қазақстанның Даму Банкі туралы» Заңының 7 бабымен қарастырылған операцияларды уәкілетті органның лицензиясыз ұлттық және шетелдік валютада іске асырады.

Валюталық заңнамаға сәйкес Банк клиенттердің операцияларына бақылауды шетелдік валютада іске асырады.

Теңгеде де, шетелдік валютада да төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүргізген кезде клиенттер Банктің талабы бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы валюталық және банк заңнамасымен қарастырылған және төлемнің негізділігін растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті.

5. Банк қызметін ұсынған кезде Банк:


  1. банк қызметін көрсету шартын бекітуге дейін клиентке келесілерді ұсынады:

банк қызметін көрсету туралы өтініш бойынша мөлшерлемелер, тарифтер және шешімді қабылдау мерзімдері туралы ақпаратты (өтініш беру қажеттілігі кезінде);

банк қызметтерін көрсету шарттары туралы ақпаратты және банк қызметін көрсету туралы шартты бекіту үшін қажетті құжаттардың тізімін;

жауапкершілік және банк қызметін көрсету туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайда клиенттің мүмкін болатын тәуекелдері туралы ақпаратты;

клиеннте туындайтын сұрақтар бойынша кеңесті (клиенттің қалауы бойынша);

банк қызметін көрсету туралы тиісті шарттың үлгілік формасының көшірмесін (клиенттің қалауы бойынша);


  1. осы Ережемен және Банктің ішкі актілерімен орнатылған мерзімде клиенттің банк қызметтерін көрсету туралы өтініші қарастырылады (өтініш беру қажеттілігі кезінде);

  2. банк қызметін көрсету туралы шартқа қол қойғанға дейін клиентке оның шарттарымен танысу үшін қажетті уақыт береді;

  3. клиентті алынатын банк қызметі бойынша даулы жағдайлар туындаған кезде клиенттің Банкке, уәкілетті органға және сотқа жүгіну құқығы туралы ақпараттандырады;

  4. сұраным бойынша клиентті қаржылық есептілікті жариялау көздері және Банктің басқа да ақпараты туралы ақпараттандырады;

  5. клиентпен ұсынылған ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етеді.

6. Банк және оның клиенті құқықтық қатынастарға түскен кезде Қазақстан Республикасының банк және азаматтық заңнамасына, бекітілген келісімдердің (шарттың) шарттына, сонымен қатар Банктің ішкі актілеріне сәйкес құқықтарға ие және жауапкершілікті көтереді.

7 тармақ «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің 2014 жылдың 28 сәуіріндегі шешіміне сәйкес өзгертілген. №152 хаттама

7. Үшінші тұлғалар үшін ақшалай түрде орындалуды көздейтін банк қарызын ұсынған уақытта, кепілдіктер, кепілгерліктер және басқа да міндеттемелерді берген уақытта, лизингтік қызметті іске асырған уақытта егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен немесеБанктің ішкі актілерімен басқасы орнатылмаса, Банкпен банк сараптамасы жүргізіледі.

8. Банкпен қызметтердің, операциялардың жаңа түрлерін енгізу Қазақстан Республикасының заңнамасымен орнатылған тәртіпте іске асырылады.

Банкпен қызметтердің, операциялардың жаңа түрлерін енгізілгенге дейін оларға тән тәуекелдерді бағалауға қатысты олардың сараптамасы жүргізіледі.

Банкпен жаңа тәуекелдердің пайда болуы назарға алынады (несиелік, валюталық, операциялық, өтімділікті жоғалту және басқалары), сонымен қатар тәуекелдерді бақылау рәсімдерін қабылдау қамтамасыз етіледі.

Қызметтердің, операциялардың жаңа түрлерін іске асырудың тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестікке құқықтық сараптамадан өткен Банктің ішкі актілерімен анықталады.

9. Банк өзінің қызметін іске асырған уақытта алдау немесе сенімді теріс пайдаланушылық жолымен Банктің және/немесе оның клиенттерінің мүлігін ұрлау, немесе Банктің және/немесе оның клиенттерінің мүлікке құқығын сатып алуда көрінген Банктің лауазымдық тұлғаларының, қызметкерлерінің, клиенттерінің немесе әріптестерінің тарапынан алаяқтық фактілері анықталған жағдайда, тұлға (алаяқтық фактісін анықтаған Банктің қызметкері) бұл факт туралы Банктің басшылығын, ішкі аудит қызметін, тәуекелдерді басқаруға және Банктің экономикалық, ішкі және ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшелерді жазбаша хабардар етуге міндетті.

2 тарау. Банкпен қарыздар беру


10 тармақ «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің 2014 жылдың 28 сәуіріндегі шешіміне сәйкес өзгертілген. №152 хаттама

10. Банк Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған шектеулерді ескеріп, мақсаттық пайдаланудың ақылылық, жеделдік, қайтарымдылық шарттарында заңды тұлғаларға банк қарыздарын ұсыну бойынша операцияларды іске асырады.

Банк келесілердің орта мерзімді және ұзақ мерзімді несиелеуін және ортақ қаржыландырылуын іске асырады:


  1. инвестициялық жобалардың;

  2. экспорттық операциялардың;

  3. жарғылық капиталдарына Банк қатысатын лизинг беруші – ұйымдардың;

  4. лизингтік мәмілелердің;

  5. екінші деңгейлі банктердің және Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің;

  6. банк операцияларының жеке түрлерін іске асыратын ұйымдарың.

11 тармақ «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің 2014 жылдың 28 сәуіріндегі шешіміне сәйкес өзгертілген. №152 хаттама

11. Банкпен несиелік қызметті іске асырудың шарттары мен тәртібі Меморандуммен, Банктің ішкі несиелік саясатының Ережелерімен және Банктің басқа да ішкі актілерімен анықталады.



12 тармақ «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің 2014 жылдың 28 сәуіріндегі шешіміне сәйкес өзгертілген. №152 хаттама

12. Қарыздарды беру аясында клиенттерен жұмыс істеген уақытта, Банктің қызметкерлері Банк Басқармасының шешімімен бекітілетін Банктегі инвестициялық жобаларды, экспорттық операцияларды және лизингтік мәмілелерді қарастыру, қаржыландыру, мониторингтеу және іске асыру Регламентін басшылыққа алады.

13. Банкпен қаржыландырылатын Жобалар Меморандуммен анықталатын басымдылықтарға сәйкес келуі керек.

14 тармақ «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің 2014 жылдың 28 сәуіріндегі шешіміне сәйкес редакцияда баяндалған. №152 хаттама

14. Тәуекел бойынша лимит бір қарыз алушыға (қосылма қарыз алушылардың топтарына) Меморандумға сәйкес орнатылады.



Ақшалай түрде (шартты міндеттемелерді) орындалуды қарастыратын кепілдіктердің, кепілгерліктердің және Банктің басқа да шартты міндеттемелерінің, еншілес ұйым үшін берілгендерді қосқанда, жиынтық көлемінің жеке капиталға ара қатынасы бойынша лимит Банктің ішкі актілеріне сәйкес орнатылады.

Банктің Директорлар кеңесі несиелік саясаттың басымдылықтарына сәйкес салалық және аймақтық белгісі бойынша несиелік және лизингтік портфельдің құрылымы бойынша лимитті орнатуға құқылы.

Инвестициялық жобаларды, экспорттық операцияларды және лизингтік мәмілелерді, сонымен қатар Банкпен берілетін Несиелік құралдарды іске асыру бойынша тәуекелдер толық көлемде өтелуі керек, оның ішінде кепілзатпен, кепілдікпен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етудің басқа да амалдарымен қамтамасыз етілуі керек, Банктің Директорлар кеңесімен анықталатын шарттарда және тәртіпте сақтандырумен және басқасымен болашақта келіп түсетін, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс орналасқан мүлікті, тиісті мүлікке талап ету құқықтарын (мүліктік құқықтарды) кепілдеуді қосқанда.

Осы тармақтың міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді ұсынуға қатысты талабы келесі жағдайларға таралмайды:

- Банкпен қосылма ұйымдардың қарыздарын ұсынуы,

- мезониндіқаржыландыру;

- банк аралық несиелеу;

- тізімі Жалғыз акционермен бекітілетін, дауыс беретін акцияларының елу немесе одан да көп пайызы (жарғылық капиталдағы қатысу үлесі) тікелей немесе жанама Жалғыз акционерге тиесілі заңды тұлғалармен іске асырылатын, инвестициялық жобалардың қаржыландыру.

15. Банкпен ұсынылатын қарыздардың шекті сомалары және мерзімдері осы Ережеге Қосымшада көрсетілген.

Қарыздар бойынша сыйақылардың шекті (максималды және минималды) мөлшерлемелерінің көлемі ішкі актілерге сәйкес Банктің уәкілетті органымен бекітіледі.

16. Банк қарызын ұсыну туралы шешім Банктің уәкілетті органымен Меморандумға және Банктің ішкі актілеріне сәйкес қабылданады. Қарыз беру туралы шешім қабылданғанға дейін, клиент құжаттардың толық пакетін ұсынған сәттен бастап Банк екі айдың ішінде клиенттің жобасына банк сараптамасын жүргізеді. Банк сараптамасының нәтижелері бойынша клиентпен ескертулерді жою және кейінге қалдырылатын шарттардың орындалу қажеттілігі туралы шешім қабылдануы мүмкін. Клиент ескертулерді жоймаған жағдайда немесе сұратылған құжаттарды уақытылы ұсынбаған жағдайда Банк жобаны қарастырудан алып тастау құқығын өзінде қалдырады.

Ақырында клиенттің қайталама банк сараптамасын жүргізу үшін Банкке жүгінуге құқығы бар.

17 тармақ «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің 2014 жылдың 28 сәуіріндегі шешіміне сәйкес өзгертілген. №152 хаттама

17. Банкпен берілетін қарыздар бойынша сыйақылар мөлшерлемесі қарызға алудың орташа құны және Банктің операциялық шығындары ескеріліп есептеледі.



Қарызға алудың орташа құнын Банктің Директорлар кеңесімен орнатылған тәртіпте Банктің активтерін және пассивтерін басқару жөніндегі Комитет орнатады.

18. Банктің несиелік өнімдері бойынша сыйақыларды есептеу, өтеу және есепке алу тәртібі Банктің ішкі актілерімен реттеледі.



19, 20 тармақтар «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің 2014 жылдың 28 сәуіріндегі шешіміне сәйкес редакцияда баяндалған. №152 хаттама

19. Несиелік құралдарды беру және 50 миллион АҚШ долларына баламалы сомадан асатын көлемде инвестициялық жобаны және/немесе экспорттық операцияны қаржыландырудың негізгі шарттарын бекіту (өзгерту) туралы; несиелік құралдарды беру және еншілес ұйымды және лизингтік мәмілелерді, банктерді, лизинг беруші-ұйымдарды, банк операцияларының жеке түрлерін іске асыратын ұйымдарды қаржыландырудың негізгі шарттарын бекіту (өзгерту) туралы; көлемі 50 миллион АҚШ долларына баламалы сомадан асатын несиелік құралдар бойынша талаптар құқықтарын үшінші тұлғаларға беру туралы шешімдер Директорлар кеңесімен қабылданады.

20. Несиелік құралдарды беру және инвестициялық жобаны және/немесе экспорттық операцияны қаржыландырудың негізгі шарттарын бекіту (өзгерту) туралы, сонымен қатар көлемі 50 миллион АҚШ долларына баламалы сомадан асатын несиелік құралдар бойынша талаптар құқықтарын үшінші тұлғаларға беру туралы шешімдер Банк Басқармасымен қабылданады.

21. Банктің Директорлар кеңесінің және Банк Басқармасының құзыретіне кірмейтін жобаларға және несиелік құралдарды беруге қатысты шешімдер Банктің Несиелік комитетімен қабылданады.

22. Банк қарыздарын және есептелген сыйақыны ұсыну, өтеудің, олар бойынша қамтамасыз етуді ұсынудың нақты шарттары, тараптардың құқықтары, міндеттемері, жауапкершіліктері несилік желі туралы келісімде, банк қарызының шартында және банк қарызы шарты бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету үшін бекітілетін шарттарда Банктің заңнамасымен және ішкі актілерімен орнатылған тәртіпте келісіледі.

23. «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің 2014 жылдың 28 сәуіріндегі шешіміне сәйкес жойылған. №152 хаттама

24.Банкпен қажыландырылатын жобаларды іске асыру бойынша тәуекелдер Меморандумның талаптарына сәйкес өтелуі керек.

25. Банкпен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін және Банктің ішкі актілерімен орнатылған ережелерге сәйкес келетін қамтамасыз ету қабылданады.

26. Қамтамасыз ету өтімді болуы керек және өзіне алынатын барлық міндеттемелердің өтелуін қамтамасыз етуі керек.

27 тармақ «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің 2014 жылдың 28 сәуіріндегі шешіміне сәйкес өзгертілген. №152 хаттама

27. Қамтамасыз ету ретінде қабылданатын мүлік келесі талаптарға жауап беруі керек:



  1. мүлік бағалардың жеткілікті тұрақтылығымен қамтамасыз етілетін өтімділікке және мұндай мүлікке нарықтың қалыптасқан конъюнктурасына ие болуы керек;

  2. Банктің уәкілетті органымен мүлікті қарызға қайта қарызға алу тәртібінде алу туралы шешім қабылданған жағдайларды есептемегенде, мүлік үшінші тұлғалардың ауыртпалықтарынан, құқықтарынан және талаптарынан бос болуы керек;

  3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдіктерін есептемегенде, Банктің талаптарына сәйкес келетін бағалау туралы есептеменің, депозиттерде ақшаның, екінші деңгейлі банктердің кепілдіктерінің, сонымен қатар қамтамасыз етуді қажет етпейтін, Меморандумда сипатталған шарттарға сәйкес берілген несиелердің міндетті болуы және Банктің ішкі актілерімен анықталған басқа жағдайларда;

  4. Банктің ішкі актілерімен қарастырылған сақтандыру жағдайларының тиісті тізімімен сақтандыру компаниясында мүлікті сақтандырудың болуы;

  5. кепіл берушінің кепілге берілетін мүлікке салық бойынша берешегі, сонымен қатар Қазақстан Республикасының бюджетіне басқа міндетті төлемдер бойынша берешегі болмауы керек;

  6. шартта қарастырылған шарттарға сәйкес қарыз алушымен алынған міндеттемелерді орындамаған немесе лайықсыз орындаған жағдайда, кепілге салынған мүліктің сақтылығы және іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында Банк тарапынан бақылауды және мүлікті қорғауды ұйыдастыру мүмкіндігі;

  7. Банктің уәкілетті органымен анықталатын мүлік түрлері бойынша қамтамасыз етуге қатысты басқа талаптарға.

28. Банк алдындағы міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету ретінде қабылданбайтындар:

  1. азаматтық айналымнан алынған мүлік;

  2. физикалық тозуы 70 (жетпіс) пайыздан артық активтер;

  3. пайдалану нормативтік мерзімі жобаны іске асыру аясында Банкпен ұсынылатын Несиелік құралдың мерзімінен аспайтын жылжымалы мүлік;

  4. қару, оқ-дәрілер, наркотикалық және психотроптық заттар.

Бұл тізім толық болып табылмайды және Банктің ішкі актілеріне сәйкес анықталады.

29 тармақ «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің 2014 жылдың 28 сәуіріндегі шешіміне сәйкес өзгертілген. №152 хаттама

29. Банк қарызын есептеу бекітілген тиісті шарттың шарттарына сәйкес іске асырылады.

Бұл ретте ақша Банкпен тікелей келісімшарттарды (шарттарды, келісімдерді) төлеуге, жабдықты (атқарылған жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) жеткізуге, немесе қарыз алушының банктік шотына, немесе қайта қаржыландыруды іске асырған уақытта қаржылық ұйымдардың банктік шотына, немесе банк қарызы шартының шарттарына сәйкес есептесулердің аккредитивтік үлгісі шарттарында бағытталуы (есептелуі) мүмкін.

30. Банк қарыздары тек қолма-қол ақшасыз түрде беріледі.

31. Банк қызмет көрсетілетін жобалардың іске асырылуының мониторингін, қарыз алушылардың/кепілгерлердің/кепіл берушінің қаржылық жағдайын, несие төлеу қабілеттілігін және төлем қабілеттілігін, Банктің ішкі актілерімен анықталған тәртіпте банк қарызы шартының әрекет ету кезеңі бойында қарызды мақсатыт қолдануын талдауды іске асырады.

32.Банк Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен және несиелік құралдарды ұсыну туралы шарттармен орнатылған тәртіпте және негіздерде берешекті өндіруді іске асырады.




3 тарау. Банктің заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдауы
33 тармақ «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің 2014 жылдың 28 сәуіріндегі шешіміне сәйкес баяндалған. №152 хаттама

33.Банк Қазақстан Республикасының «Қазақстанның Даму Банкі туралы» Заңның 7 бабына сәйкес депозиттерді қабылдауды іске асыруға құқылы.

34. Заңды тұлғалардың Банк алдындағы міндеттемелерін қамтамасыз ету мақсатында қабылданатын депозиттер бойынша сыйақыларды төлеу іске асырылмайды.

35 тармақ «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің 2014 жылдың 28 сәуіріндегі шешіміне сәйкес баяндалған. №152 хаттама

35. Банктің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында Банк депозиттерді қабылдаған жағдайда, мұндай операцияларды іске асыру тәртібі Банктің ішкі актілерімен анықталады.



Банкпен заңды тұлғалардан депозиттерді қабылдауды іске асырудың шарттары мен тәртібі Банктің заңды тұлғаларынан депозиттерді тарту Ережесімен және Банктің басқа да ішкі актілерімен анықталады.

Тартылатын депозиттер бойынша минималды сома 100 млн. теңгені құрайды, максималды сома – шектеусіз.

Депозиттерді тартудың минималды мерзімі 1 жыл, максималды мерзімі – шектелмеген.

Сыйақылардың шекті (максималды - минималды) мөлшерлемелерінің және депозиттер бойынша тиімді мөлшерлеменің көлемі Банктің уәкілетті органымен Банктің ішкі актілеріне сәйкес бекітіледі.

Депозиттер бойынша есептелген сыйақыны төлеу банк салымының шартына сәйкес іске асырылады.


4-тарау. Заңды тұлғалардың банк шоттарын ашу және жүргізу, төлемдер мен ақша аударымдарын іске асыру

36-тармақ «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің 2014 жылдың 28 сәуіріндегі шешіміне сәйкес өзгертілді. №152 хаттама

36. Банк заңнамамен белгіленген тәртіпте келесі шоттарды ашады және жүргізеді:


  1. банктердің және банк операцияларының жеке түрлерін іске асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттары;

  2. Банк қарыз алушыларының, оның ішінде Банк қарыздарын, басқа қарыздар мен қаражаттарды, оған қоса төлемдер мен ақша аударымдарын, Банкпен жобаларға қызмет көрсету аясында бекітілетін шарттармен көзделген Банк алдындағы міндеттемелерді орындау үшін ақшаны резервілеу мақсаттарындағы мемлекеттік қаражатты есепке алуға арналған банк шоттары;

  3. арнайы шартты салым шоттары, резервтік шоттар және қайтарымды негізде қаржылындарылатын мемлекеттік бюджеттік инвестициялық жобаларға, сондай-ақ агенттік қызмет көрсету (кепілгерлік) шарттарына және облигация ұстаушылардың мүдделерін қорғау шарттарына сәйкес мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктеріне берілетін қарыз есебінен қаржыландырылатын жобаларға қызмет көрсетуге байланысты басқа да шоттар;

  4. заңды тұлға-резиденттер және (немесе) бейрезиденттердің Банк алдындағы міндеттерін қамтамасыз ету мақсатында қаражатты есепке алуға арналған банк шоттары;

  5. Банк өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында заңды тұлғалардың, оның ішінде банктердің банк шоттары.

  6. Банкпен заңды тұлғалардан қабылданатын депозиттерді (салымдарды) есептеу мақсатындағы жинақ шоттары.

37. Заңды тұлғалардың банк шоттарын ашу және жүргізу Банкпен бекітілген үлгілік шарт нысандарының негізінде іске асырылады.

Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген жағдайларда, Банк шоттың ашылуы мен жабылуы туралы салық органдарын ескертеді.

38. Банк сонымен қатар төлемдер мен ақша аударымдары бойынша келесі операцияларды іске асырады:


  1. заңды тұлға-резидент және бейрезиденттердің төлемдер және ақша аударымдары бойынша талаптарын орындау;

  2. заңды тұлға-резидент және (немесе) бейрезиденттердің, оған қоса, Банк қарыз алушыларының, банк-корреспонденттердің, банк операцияларының жеке түрлерін іске асыратын ұйымдардың олардың Қазақстан Республикасының «Қазақстанның Даму Банкі туралы» Заңының 7-бабы 5)-9) тармақшаларымен көзделген банк шоттары бойынша тапсырмаларын іске асыру;

  3. төлем құжаттарын (вексельдерден басқа) инкассаға қабылдау;

  4. аккредитив ашу (ұсыну) және жылжыту, ол бойынша міндеттемелерді орындау.

39. Есептеу және аудару операциялары Қазақстан Республикасының «Төлемдер және ақша аударымдары туралы» Заңымен және Қазақстан Республикасының өзге нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген түрде, әдістермен және тәртіпте іске асырылады.


40. Халықаралық есептеулер мен төлемдерді аудары Банкпен халықаралық банк тәжірибесінде қабылданған және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін түрде, әдістермен және тәртіпте іске асырылады.

41. Банк халықаралық банк тәжірибесімен, іскерлік айналым тәртібімен және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген тәртіпте аккредитивтерді ашауды (ұсынады), растайды және олар бойынша міндеттемелерді орындайды.

42. Банк шоттарын ашу мен жүргізудің, ақшалай төлемдер мен аударымдарды іске асыру, аккредитивті ашу және жылжытудың нақты талаптары тиісті шарттарда белгіленеді.
4-тарау. Заңды тұлғалар үшін ақшалай түрде орындауды көздейтін кепілдіктер, кепілгерліктер мен басқа да міндеттемелерді беру
43.Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген шектеулерді ескере отырып, Банк заңды тұлғалар, оның ішінде жарғылық капиталына Банк қатысатын лизинг беруші ұйымдар үшін келесі міндеттемелерді береді:


  1. банк кепілдігі;

  2. банк кепілгерлігі;

  3. ақшалай түрде орындауды көздейтін басқа да міндеттемелер.

44. Банктің уәкілетті органы ақшалай түрде міндеттерді орындауды көздейтін кепілдіктер, кепілгерліктер мен басқа да міндеттемелер бойынша көрсетілген арақатынас шегінде лимиттерді орнатуға құқылы.

45. Ақшалай түрде орындауды көздейтін кепілдіктерді, кепілгерліктерді және басқа да міндеттерді берудің жалпы тәртібі, талаптары Меморандумда анықталады.

46. Банкпен заңды тұлғалар үшін ақшалай түрде орындалуды көздейтін кепілдіктерді, кепілгерліктерді және басқа да міндеттерді беру көлемі мен талаптары, Банк пен клиенттің құқықтары, міндеттері тиісті шартта белгіленеді.

47. Ақшалай түрде орындалуды көздейтін Банкпен берілетін кепілдіктер, кепілгерліктер және басқа да міндеттемелер кепілмен, кепілдікпен және Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген Меморандумға және Банк актілеріне сәйкес міндеттемені орындауды қамтамасыз етудің басқа әдістерімен қамтамасыз етілуі тиіс.



5-тарау. Бағалы қазғаздар нарығындағы қызмет

48. Банк бағалы қағаздар нарығында келесілерді іске асырады:



  1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дилерлік қызмет;

  2. Меморандумға сәйкес келетін мақсаттарда бағалы қағаздар нарығында қаржылық кеңес беруші және андеррайтер қызметі;

  3. эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару.

49. Банк бағалы қағаздармен операцияларды Қазақстан Республикасының «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының өзге нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүргізеді.

50. Банк Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, уәкілетті органның бағалы қағаздарды шығару, олардың айналысы және өтеу тәртібін реттеуші нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару және/немес оларды шет мемлекет аумағында орналастыру уақытында шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару операцияларын іске асырады.

51. Облигацияларды және өндірістік бағалы қағаздарды шығару талаптары Банк Басқармасымен анықталады. Қарыз берудің шекті мөлшерлемесін ішкі актілерге сәйкес Банктің уәкілетті органы белгілейді.

6-тарау. Аген қызметтерін орындау бойынша операциялар

52-тармақ «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің 2014 жылдың 28 сәуіріндегі шешіміне сәйкес баяндалды. №152 хаттама

52. Агент қызметін атқару аясында Банк агенттік қызмет көрсету шартына және Банк, бюджетті орындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган, қарыз алушылар және кепілді мемлекеттік қарыздар, мемлекет кепілгерлік ететін қарыздар, мемлекеттік бюджет есебінен берілген бюджеттік несие бойынша өзге мүдделі тұлғалар арасында бекітілетін өзге шарттарға сәйкес, сондай-ақ Банкпен дауыс беруші акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан артық пайызы тікелей немесе жанама түрде Жалғыз акционерге тиесілі заңды тұлғаларды немесе «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының тобына кіретін заңды тұлғаларды қаржыландыру бойынша агент қызметін атқару шеңберінде операцияларды іске асырады.

53. Агенттік қызмет көрсету шартына және өзге шарттарға сәйкес Банк келесі операциялар мен іс-шараларды іске асырады:


  1. арнайы шартты салым шоттарын (қызмет көрсету шарттарын), резервтік шоттарды және клиенттермен кепілді мемлекеттік қарыздарды, мемлекет кепілгерлік ететін қарыздарды өтеу бойынша төлемдерді қамтамасыз етуге арналған өзге шоттарды ашу және жүргізу;

  2. кепілді мемлекеттік қарыздар және мемлекетпен кепілгерлік етілетін қарыздар бойынша арнайы игеру шоттарын ашу және жүргізу;

  3. бюджет қаражатын есепке алуға және келіп түскен қаражаттан мемлекеттік бюджеттік инвестициялық жобаларды қаржыландыру және бюджет несиесін қайтаруға арналған жобаларды қаржыландыру және қызмет көрсету шоттарын ашу және жүргізу;

4) тармақша «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің 2014 жылдың 28 сәуіріндегі шешіміне сәйкес баяндалды. №152 хаттама

  1. клиенттердің жобаларды қаржыландыру, бюджеттік несиелерді және кепілді мемлекеттік қарыздарды, мемлекет кепілгерлік ететін қарыздарды, сондай-ақ Банкпен дауыс беруші акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан артық пайызы тікелей немесе жанама түрде Жалғыз акционерге тиесілі заңды тұлғалар немесе «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының тобына кіретін заңды тұлғаларды қаржыландыру бойынша агент қызметін атқаруға байланысты қарыздарды өтеу бойынша төлемдер мен аударымдарын жүргізу;

  2. клиенттердің төлемдері мен аударымдарын жүргізу аясында валютаны айырбастау;

  3. қызмет көрсетілетін үкіметтік сыртқы қарызбен және кепілді мемлекеттік қарыздар бойынша заңнамамен белгіленген нысанда үкіметтік және кепілді мемлекеттік борыштың статистикалық есебін әзірлеу;

  4. қызмет көрсетілетін жобаларды іске асырудың мониторингін жүргізу;

  5. клиенттердің қаржылық жағдайын талдауды жүргізу;

  6. мемлекеттік кепілдіктер, мемлекет кепілгерліктері және заңды тұлғалардың өзге борыштық міндеттерін Қазақстан Республикасы заңнамасымен және Банкпен бекітілген шартпен көзделген тәртіпте Қазақстан Республикасы Үкіметімен орындау бойынша міндеттерді орындауға жұмылдырылған республикалық бюджет ақшасын қайтару жұмыстарын жүргізу;

  7. агенттік қызмет көрсету шарттарының талаптарымен көзделген өзге қызметтер.

54.Агенттік қызмет көрсету аясында аудару операцияларын жүргізу талаптары мен тәртібі Банк пен клиент арасында бекітілетін банк шоттарын ашу және жүргізу шарттарында белгіленеді.

55. Клиенттің резервтік шоттары бойынша сыйақыны есептеу талаптары мен тәртібі Банк пен клиент арасында бекітілетін банктік салым шарттарында белгіленеді.

56. Банктің агенттік қызмет көрсету бойынша қызметінің талаптары мен оған ақы төлеу тәртібі агенттік қызмет көрсету шарттарында және банк шоттарын ашу және жүргізу шарттарында белгіленеді.

57. Агенттік қызмет көрсету кезіндегі тараптардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ жауапкершілігі агенттік қызмет көрсету шарттарында, банк шоттарын ашу және жүргізу шарттарында белгіленеді.


7-тарау. Банкпен қарыздарды тарту


58-тармақ «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің 2014 жылдың 28 сәуіріндегі шешіміне сәйкес баяндалды. №152 хаттама

58. Заңнамаға сәйкес Банк ссудалық капиталдың сыртқы және ішкі нарықтарында, оның ішінде республикалық бюджет, Банктің жалғыз акционерінің, «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының қаражатынан қарыз беруді іске асырады.



Қарыз беру келесі түрлерде жүргізіледі:

  1. борыштық бағалы қағаздарды шығару және орналастыру;

  2. қарыз шарттарын (келісімдерін) бекіту;

  3. Банк өтімділігін қамтамасыз ету (тарту) мақсатында заңды тұлғалардың, оның ішінде банктердің депозидеттерін қабылдау, банк шоттарын ашу және жүргізу;

  4. өзге құралдар.

Банкпен бірлестірілген қарыздарды, Қазақстан Республикасы резиденттері мен бейрезиденттерінің банкаралық несиелерін, бюджеттік несиелерді тарту қарыз шартын (келісімін) бекіту жолымен іске асырылады.

Банк қарыздарды ұлттық валютада да, шетел валютасында да бере алады.

8-тарау. Басқа операциялар


59. Банк заңнамемен белгіленген тәртіпте жоғарыда көрсетілмеген, келесі операцияларды іске асырады:

  1. қолма қол шетелдік валютамен операциялардан басқа, шетелдік валютамен айырбас операциялары;

  2. лизингтік қызмет.

Банкпен көрсетілген операцияларды іске асыру тәртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен және Банктің ішкі актілерімен анықталады.
9-тарау. Банк пен клиенттің құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі
60. Банк пен клиенттің құқықтары, міндеттері, олардың жауапкершілігі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен, Банктің ішкі актілерімен, сондай-ақ тиісті шарттармен анықталады.

61. Банктің уәкілетті органы көрсетілетін қызметтер бойынша шарттардың үлгілік түрлерін бекітуге құқылы.

62. Банк пен клиент арасындағы шарттарға өзгертулер мен толықтырулар тиісті шарттың талаптарымен немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен басқалай көзделмесе, тек тараптардың келісімі арқылы ғана енгізіледі.

63. Банк және клиенттер шарттың талаптарын сақтауға міндетті. Шарттармен көзделген міндеттерді орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін Банк және клиенттер заңнамамен және тиісті шартпен көзделген жауапкершілікті иеленеді.

64. Банк заңсыз жолмен алынған табысты ресмилендіру (жылыстауына) және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы әрекеттер бойынша талаптарды сақтайды және клиентпен жүргізілетін операцияларға Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген белгілі бір талаптар, тыйым салулар мен шектеулер қоюға құқылы.
10-тарау. Банк операцияларын жүргізу тарифтері
65. Банк операциялары жүргізу үшін Банк Банктің қолданыстағы тарифтеріне сәйкес клиенттерден комиссия алады.

66. Банк қызметтеріне тарфитер ішкі актілерге сәйкес Банктің уәкілетті органымен бекітіледі.

Банк қызметтері үшін тарифтер жайлы өзекті ақпарат Банктің корпоративтік интернет-ресурсында жарияланады, онда қолданыстағы тарифтерге өзгертулерді бекіту және енгізу күні, ішкі құжаттар мен оларды бекіткен орган нөмірі жайлы мәліметтер көрсетіледі.
11-тарау. Банк қызметтерін көрсету барысында туындайтын клиенттердің өтінішін Банкпен қарастыру тәртібі
67. Банкпен клиенттердің өтініштерін қарастыру Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңымен, Банктің ішкі актілерімен, сондай-ақ осы Ережемен белгіленген тәртіпте және мерзімде іске асырылады.

68-тармақ «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің 2014 жылдың 28 сәуіріндегі шешіміне сәйкес өзгертілді. №152 хаттама

68. Банк клиенттердің келесі өтініштерін қабылдайды:



  1. жазбаша өтініштер, оның ішінде Банк ғимаратындағы арнайы «Банк қызметін жақсарту бойынша қызметкерлер мен клиенттердің шағымдары мен ұсыныстарына арналған» жәшігіне келіп түскендерді;

  2. Банктің ресми сайты арқылы Банктің Комплаенс қызметінің электрондық поштасына келіп түскен жазбаша өтініштер («Комплаенс қызметімен кері байланыс»);

  3. Банктің Қауіпсіздік қызметінде жеке бөлінген телефон байланысының арнасына келіп түскен ауызша өтініштер;

  4. Call-орталығында жеке бөлінген телефон байланысының арнасына келіп түскен ауызша өтініштер;

  5. Банкке келіп жасалған ауызша өтініштер.

69.Заңнамамен белгіленген тәртіпте берілген өтініштер міндетті түрде қабылдануы, тіркелуі, есепке алынуы және қаралуы тиіс. Өтінішті қабылдаудан бас тартуға рұқсат берілмейді.

70. Төмендегілер қарастырылуға жатпайды:



  1. өтініште дайындалып жатқан немесе болған қылмыстар немесе мемлекеттік немесе қоғамдық қауіпсіздікке қауіп туралы мәліметтер көрсетілген және олардың құзыретіне қарай бірден мемлекеттік органға жолдануға жататын жағдайлардан басқада, жасырын өтініштер (авторын анықтау мүмкін емес, кімнен екені, клиенттердің пошта мекенжайы көрсетілмеген);

  2. сұрақтың мәні ашылмаған өтініштер.

71. Клиенттердің жазбаша өтініштерін Банк Кеңсесі тіркейді.

72. Банк өтініштерді қарау кезінде ақпарат жеткіліксіз болса, клиенттен қосымша құжаттар мен мәліметтерді сұратады.

73. Банк клиенттер өтінішінің әділ, жан-жақты және уақтылы қаралуын қамтамасыз етеді, оларды олардың өтініштерін қарау нәтижелері және қабылданған шаралар жайлы ақпараттандырады.

74. Өтінішті қарау нәтижесі бойынша клиентке жазбаша жауап мемлекеттік тілде немесе өтініш жазылған тілде беріледі және Қазақстан Республикасы заңнамасының, Банктің ішкі құжаттарының, қарастырылып отырған мәселеге қатысты шарттардың талаптарына және оның шығарылған шешімге наразылық келтіру құқығын түсіндіре отырып, қарастырылатын мәселенің нақты жағдайларына сілтеме келтірілген, клиентпен баяндалған әрбір өтінішке, талапқа, ұсынысқа немесе өзге сұраққа негізді дәлелдерді қамтиды.

75.Клиенттердің өтініштерін қабылдау, тіркеу, есепке алу, қарау Банктің ішкі актілерімен белгіленген тәртіпте жүргізіледі.

2012 жылдың 15 ақпанында

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ

Директорлар кеңесімен бекітілген

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ

Операцияларды жүргізудің жалпы талаптары туралы ережеге

Қосымша

1 қосымша «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің 2014 жылдың 28 сәуіріндегі шешіміне сәйкес баяндалды. №152 хаттама.


Берілетін қарыздар бойынша шекті сомалар мен мерзімдер


Шекті қарыз сомалары:

Ең аз

Ең көп

- инвестициялық жобалар және лизингтік мәмілелер;

30 млн. АҚШ доллары*

– **

- экспорт операциялары

5 млн. АҚШ доллары



Қарыздар бойынша шекті мерзімдер:

Ең аз

Ең көп

- инвестициялық жобалар (оның ішінде, жобаларды іске асыру аясында қарыз алушылардың ағымдағы қызметін мезониндік, жобалық, аралық қаржыландыру (айналым капиталына несие))***

5 жыл

20 жыл

- лизингтік мәмілелер, экспорт операциялары****

-

-


*инвестициялық жобаны және/немесе лизингтік мәмілені банктермен, өзге қаржылық ұйымдармен, еншілес ұйыммен немесе қорлармен (Жалғыз акционердің тікелей немесе жанама қатыстылығы бар) бірге ортақ қаржыландыру жағдайында, Банкпен қаржыландыру сомасы 30 миллион АҚШ долларынан кем мөлшерде бола алады, бұл ретте, ортақ қаржыландыру сомасы 30 миллион АҚШ долларынан кем болмауы тиіс;

**Банктің Директорлар кеңесімен белгіленген салалық және өңірлік сипаты бойынша лимиттерге және бір қарыз алушыға немесе қосылма/өзара байланысты қарыз алушылар тобына лимиттерге байланысты Банктің ішкі актілеріне сәйкес белгіленеді;

***аралық қаражыландыру және қарыз алушының ағымдағы қызметін қаржыландыру инвестициялық жобаны қаржыландыру мерзімінен қысқа уақытқа іске асырылуы мүмкін;

**** лизингтік мәміле және экспорт операциясының талаптарына байланысты анықталады.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет