2012 жылдың 9 айында Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
2012 жылдың 9 айында Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында біршама жұмыстар атқарылды.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасын іске асыру жөніндегі Қызылорда облысы әкімдігінің 2011 жылғы 5 мамырдағы 24 қаулысымен бекітілген іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру бағытындағы басқарманың іс-шаралар жоспары қайта бекітіліп, аталған іс-шараға жаңадан тармақтар қосылды.
Осы іс-шаралар жоспарына сәйкес басқармада әр аптаның бейсенбі күні сағат 11.00-де қызметкерлердің біліктілігін көтеру мақсатында құқықтық оқыту шарасы жүргізіліп келеді.
Құқықтық оқыту барысында Қазақстан Республикасының қолданыстағы барлық заңнамалар, соның ішінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» және «Жеке және заңды тұлғалардың өтінішін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына және сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтар тудыратын Қазақстан Республикасының басқа да заңнамаларына аса мән берілуде.
Сонымен қатар айына бір мәрте басқарма қызметкерлерімен қоғамдық бірлестіктер арасында семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылуда.
Мәселен, үстіміздегі жылдың наурыз айының 15 жұлдызында және мамыр айының 18 жұлдызында басқарма қызметкерлерінің «Нұр Отан» ХДП-ның өкілдерімен бірлесіп ұйымдастырған дөңгелек үстел.
Сонымен қатар, Облыстық «Сыр бойы» газетінің 14.05.2012 жылғы нөмірінде басқарма бастығы Т. Арыстановтың «ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС ЖЕМІСІН БЕРУДЕ» атты мақаласы жарияланды.
Жеке және заңды тұлғаларын өз өтініштеріне сәйкес қабылдау жұмыстары басқарма басшылығы тарапынан тұрақты түрде жүргізіліп келеді.
Және де, жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен хаттарын қабылдау мәселесін оңтайландыру мақсаттында басқарманың кіре-берісінде халыққа оңтайлы жерде пошта жәшігі ілініп, аталған жәшік күнделікті басқарма қызметкерлері құрамымен құрылған комиссия арқылы тексерілуде.
Басқармаға осы жәшік арқылы және басқа да түрмен келіп түскен өтініштерге уақытылы Заң талаптарына сәйкес жауап берілуде.
Сондай-ақ, азаматтардың басқарма қызметкерлері арасындағы сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтың куәгері болған жағдайда, осы көріністі хабарлау үшін 27-19-66 сенім телефоны жұмыс жасайды.
Басқарма ғимаратының дәлізінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» атты үлкен (1,10 х 1,10) стенд және барлық бөлімдерде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 6 қараша 2008 жылы «Нұр Отан» ХДП-ның «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» форумында атап өткен мемлекеттік қызметшінің сегіз этикалық нормалары көрсетілген плакаттар ілінген.
Сондай-ақ, егерде басқармада қызмет жасайтын әрбір қызметкерге өзіне белгілі болған сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтар хабардар болған жағдайда құқық қорғау органдарының назарына немесе өзінен жоғары басшыларына жеткізу міндеті, осы міндетті орындамағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылатындығы жөнінде ескертілген.
Басқарма қызметкерлерінің жұмыс барысында қажетті нормативті құқықтық актілермен қамтамасыз ету мақсатында «Заң» базасы электрондық қоры орнатылып, ай сайын жаңартылып отырады.
Басқарма қызметкерлерінің өзіне жүктелген лауазымдық міндеттерін сапалы және аса жауапкершілікпен орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 11 сәуірдегі № 1180 Жарлығымен бекітілген ҚР мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексінің жаңа редакциядағы мәтіні басқарманың көрнекті жеріне орналастырып қойылған.
2012 жылдың 9 айы бойынша басқарманың мемлекеттік қызметкерлерімен әкімшілік және сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтар жасалынған жоқ.
Қызылорда облысының энергетика және тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
Достарыңызбен бөлісу: |