Мұқаншы ауылдық округі әкімінің 2013 жылдың 9 айлығында атқарған жұмыстары жайлы есебі. «Әкімдердің халыққы есеп беру кездесулерін өткізу туралы»



Дата23.02.2016
өлшемі92.75 Kb.
#3302
Мұқаншы ауылдық округі әкімінің 2013 жылдың 9 айлығында атқарған жұмыстары жайлы есебі.
«Әкімдердің халыққы есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 15 тамыздағы № 615 Жарлығында округ әкімдері әр тоқсанның 1 айында ауыл тұрғындары алдында есеп берсін делінген,соған байланысты мен де жұртшылық алдында өзіме жүктелген міндеттердің атқарылуы жайлы, 2013 жылдың 9 айлығында атқарылған жұмыстарыма есеп бере отырып,болашақта Сіздермен кеңесіп атқарылатын жұмыстар жөнінде де айта кетпекпін. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған «Қазақстан -2050 стратегиясы,қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы тұрғындардың арасында кеңінен насихатталып үлкен қолдау тапты.

Мұқаншы ауылдық округі 5 елді мекеннен тұрады.Олар:Көксу, Мұқаншы,Қазстанның 50 жылдығы,Нәдрізбек,Жетіжал ауылдары

Халық саны – 4228 адам, 931 – түтін, 39 –көше бар.17 ұлт өкілі мекен етеді.

Округ әкімдігінде: әкім және 4 бас маман жұмыс жасап келді,бүгінгі күннің талабына сай қосымша 2 бас маман,1 жетекші маманға қызмет орны берілді. Олар округ әкімі бөліп берген қызметтік міндеттер бойынша қызмет атқарады.Сонымен қатар 2(екі)Мәдениет үйінің қызметкері, 1 (мектеп инспекторы)1(бір) өлкелік полиция уәкілі,2 пошта қызметкерлері,2 телефон жүйесінің монтерлары,5-электромонтер жұмыс істейді.

2013 жылғы тоқсандық жұмыс жоспары бойынша округте 4-тұрғындар жиыны өткізілді. Көтерілген мәселелер ауылдың әлеуметтік-экономикалық даму барысы,елді мекендерді көркейту,көгалдандыру,ауылдың тазалығы,мал жайылымы,жанұя мәселелері,шетелден келген отандастарымыздың әлеуметтік жағдайы туралы болды.

Жыл басынан бері негізгі құрам бойынша 23 - өкім,жеке құрам бойынша 15 -өкім қабылданса,жеке мәселе бойынша 35-адам қабылданды. Тұрғындар сұранысы бойынша 319 анықтама берілді.Барлық арыз,өтініштер қаралып,

жауаптар тиісті мерзімде берілді.Жоғары органдардан 123-құжат келіп түссе,150-құжат жөнелтілді.Арнайы жұрнал ашылып,орындалуы туралы белгі қойылған.Іс қағаздары жыл басынан Талдықорған мемлекеттік мұрағатымен келісіліп,бекітілген іс номенклатурасы бойынша жүргізіледі.

Округ бойынша 49 шаруашылық кітап, 7 шаруа қожалықтарының кітаптары ашылған.

Жылына 2 рет мал санағы жүргізіледі.



ӘЛЕУМЕТТІК САЛА

Округ тұрғындары арасында: 3-азамат Ауған соғысы ардагері,1-азамат Чернобыль апатына қатысқан, тыл еңбеккерлері -57 адам. 425-қария зейнеткер жасы бойынша зейнетақы алатын болса 112 адамға I, II, 39 -адамға III топтағы мүгедектігіне байланысты зейнетақы және жәрдемақы тағайындалған.

16 жасқа дейінгі мүгедек балалар саны 12,оған бекітілген 2 әлеуметтік қызметкер,жалғыз басты 21 қарт адамға 2 әлеуметтік қызметкер көмек көрсетуде.

18 жасқа дейінгі балалы отбасыларына берілетін мемлекеттік жәрдемақы тағайындау үшін құрылған комиссияның 10 отырысы болып,жыл басынан бері 46 жанұяның 156 баласына, 1миллион 564713 мың теңге жәрдемақы тағайындалды.

Тұрғын үй - коммуналдық көмегін алуға өтініш берген,тұрмысы төмен 20 азаматтардың өтініштері қаралып,комиссия отырысында талқыланып,

374704 теңге көмек көрсетілді.

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жұмыссыздар тіркелген жоқ.







жоспар

орындалғаны

Орындалу пайызы

1

Жұмыспен қамту

45

54

120

2

Кәсіби оқу

4

8

200

3

Жаңа жұмыс орны

25

58

232

4

Қоғамдық жұмыспен қамту

16

13

96

Ауыз сумен 4-елді мекен қамтылған.Коксу бекетінде – 200 үйге, Жетіжал ауылында 60 үйге су кіргізілді.

Жолаушыларды тасымалдау жақсы жолға қойылған.Автобус Жетіжал-Талдықорған бағыты бойынша 2 мезгіл ,Үштөбе-Балпық кенті бағыты бойынша 2-мезгіл қатынайды.

САЛЫҚ ТҮСІМІ.

Жеке тұлғалардан жер,мүлік салығын жинау жұмыстары толығымен жүргізілуде.Жыл басынан бастап, аулалар мен олардың жер учаскелері тексеріліп, дұрыстығы анықталады.Жоспардағы 310000 теңге жер салығы, 34800 теңге мүлік салығы толығымен жиналып,бюджетке өткізілді.

Ұлы Отан,ауған соғысының ардагерлері,көп балалы аналар,Чернобыль апатына қатысқандар,1,2,3,топ мүгедектері және жалғыз басты зейнеткерлер 151 түтін мүлік және жер салығынан заңға сәйкес босатылды.

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫ

Округтің жалпы жер көлемі - 87603 га, оның ішінде: егістік жері- 3132 га суармалы жері –22878 га, тәлімді жер –167,3 га жайылымдық жер –84747 га шабындық жер 102 га

-136- шаруа қожалығы тіркелген

Күздік бидай 60 га 32,7 ц/га 196 тн

Жаздық бидай 80 га 16,5 ц/га 132 тн

Жаздық арпа 410 га 26 ц/га 1066 тн

Дәндік жүгері 69 га 60 ц/га 414 тн

Соя 1095 га 22 ц/га 2409 тн

Күнбағыс 65 га 12,5 ц/га 81 тн

Картоп 144 га 195 ц/га 2808 тн

Қант қызылшасы 180 га 280 ц/га 5040 тн

Көкөніс 170 га 318 ц/га 5406 тн

Бақша дақылдары 31 га 184 ц/га 570 тн

Көп жылдық шөп 226 га 108 ц/га 2441 тн

Қысқы мал азығы жетерліктей жиналды.Округ бойынша 6103 тонна шөп , 1336 - тонна жем, 994 - тонна сабан дайындалды.

- Коксуирригация су шаруашылық мекемесі 53 шаруа қожалығымен келіс



2 млн 160 мың теңгеге келісім шартқа отырды. Бүгінде төленгені 1 млн 223 мың тенге, Қалған қарыз - 937 мың тенге. Орындалуы - 57 пайыз.

МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ .
Округ аумағында 1 мал дәрігері,7 ветеринария пунктінің мал дәрігерлері 1 ірі-қара мал ұрықтандырушы келісім бойынша жұмыс жасайды.

Жыл басынан бері 5 елді мекеннің және шаруа қожалықтарының малдарынан қан алу және түрлі эпизоотиялық індеттерге қарсы егу жұмыстарын жүргізді.Нәтижесінде округ аумағында мал арасында бруцеллез,басқада жұқпалы мал ауруы тіркелген жоқ.

Малды асылдандыру мақсатында 1 мал ұрықтандыру пункті жұмыс жасайды.Ірі-қара малы қолдан ұрықтандыру жоспар бойынша 1020 бас,жыл басынан бері ауыл тұрғындарының 993 бас ірі-қара малы қолдан ұрықтандырылды.Орындалуы – 97 %.

Жылдан-жылға мал басы өсіп,мал өнімділігі көрсеткіштерінің жақсаруы байқалуда






Мал басы

2013

1

Ірі-қара

4100




Оның ішінде сиыр

1400

2

Қой-ешкі

25000




Оның ішінде аналығы

9000

3

Жылқы

1800




Оның ішінде аналығы

1200

4

құстар

3000

5

Шошқа

300




Оның ішінде аналығы

56

Қолдағы малдар біріктіріліп жайлауға шығарылды.Бұл жұмысты ары қарай жалғастыру керек.



КӘСІПКЕРЛІК

Округ бойынша 147 жеке кәсіпкер салық басқармасына тіркеліп жұмыс атқаруда, оның 131 і шаруа қожалықпен айналысып,жылына 7 миллион 900 мың теңгеге жуық салық түсірсе,16 кәсіпкер сауда-саттықпен айналысып,

жылына 800000 мың теңге салық түсірді,«Турксиб-Тасымал» ЖШС округ аумағында тұратын 60 азаматты жұмыспен қамтып,аудан бюджетіне жылына 126 миллион теңге қаржы түсіруде.

«Жұмыспен қамту-2020 » бағдарламасы бойынша округ тұрғыны Қызыр Табыс мал шаруашылығын дамыту үшін 1400 мың теңге несие алса,

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Саяқбаев» шаруа қожалығының басшысы Саяқбаев Б 13 миллион 680 мың теңге несие алып,57 бас ірі-қара малын сатып алды.Шаруашылық техникаларын жаңарту мақсатында«Руслан» , «Саяқбаев»,«Көктоғай» шаруа қожалықтары лизингке бір-бірден МТЗ-82 тракторларын алды.
БІЛІМ БЕРУ.

Округте 2 орта ,1 кәсіптік мектеп жұмыс жасайды Биыл тестілеуге округтан 27 бала қатысып жақсы нәтижеге қол жеткізді.Мұқаншы орта мектебі орташа есеппен 69 балл алды.13 бала жоғарғы оқу орындарына,10 ал бала қалаулары бойынша колледждерге оқуға түсті. Жетыжал орта мектебі орташа есеппен 87,8 балл алды,3 бала жоғарғы оқу орындарын,ал 5 бала колледждерге оқуға түсті. Мұқаншы орта мектебінде 435 бала оқып,51-мұғалім еңбек етсе, Жетіжал орта мектебінде 138 бала оқып,25-мұғалім, политехникалық колледжде 215 бала оқып,22-мұғалім еңбек етеді. Биыл жаңа оқу жылына барлығы 788 бала мектеп табалдырығын аттады.

Мектептерде шағын орталықтар жұмыс жасайды. Шағын орталықтарда - 50 бала тәрбиеленуде.

Тұрмысы төмен отбасы балаларын мектепке қажетті киім-кешек,құрал-жабдықтармен қамтылып,ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету,мектепке толық баруын қамтамасыз ету мақсатында республика көлемінде жүріп жатқан бұл бастама біздің округімізде де жалғасын табуда.23-ші тамызында Мұқаншы ауылдық округінде,әкімшілік алаңында «Мектепке жол» акциясы өтті.Бұл акцияға мектеп түлектерімен кәсіпкерлер қатысып,жетім,жартылай жетім, аз қамтылған отбасы балаларына демеушілік көмек көрсетті. Округ бойынша 530 мың ақщалай көмек көрсетілді.



«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша мектептерімізге 6 жас маман қабылданды оның 3-уі жоғарғы,3-уі арнаулы орта білімді.

Бүгінгі күнгі округ тұрғындарының қуанышында шек жоқ, Жетіжал ауылындағы Жетіжал орта мектебі 96 миллионға ,Мәдениет үйі 90 миллионға,Көксу бекетіндегі Мұқаншы орта мектебі 232 миллионға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ел игілігіне ұсынылды.Балаларды тасымалдауға Мұқаншы орта мектебіне 2 автобус,1 газель бөлінген.



ДЕНСАУЛЫҚ .
Округте 2 дәрігерлік амбулатория,2 фельдшерлік пункт орналасқан. Дәрігерлік амбулаторияда тұрғындарға дер кезінде дәрігерлік қызмет көрсету үшін, емхана негізінде 5 орындық күндізгі стационарлық бөлімше жұмыс істейді. Жыл басынан бері адам тууы 85,өлімі 22,бір жасқа дейінгі бала өлімі жоқ.

Аурухана ғимаратында дәріхана халыққа қызмет көрсетуде.

Инфекциялық аурулардың алдын алу мақсатында егу жұмыстары белгіленген кесте бойынша жүргізіліп тұрады.Округ бойынша 1104 адам флюрографиялық тексеруден өтті: Ауыл дәрігерлері ана мен бала денсаулығын қадағалау мақсатында округке қарасты ауыл,отгон учаскелерін аралап тұрғындар мен малшылардың денсаулығын тексеріп, дәрігерлік кеңестер беріп отырады.Есепте тұрған науқастарға тегін және жеңілдікпен берілетін дәрі-дәрмектің көлемі арта түсуде.Ауыл тұрғындары арасында аурудың алдын алу жұмыстары кең көлемде жүргізілуде. Көксу,Жетіжал ауылдық ауруханаларына 2 жедел жәрдем машинасы бөлінген.

БАЙЛАНЫС БӨЛІМІ.

Округте 1 пошта,1 байланыс торабы және электрлендіру орталығы орналасқан.Пошта бөлімшесінде 1 адам,байланыс бөлімшесінде 3 адам, электр жүйесі саласында 5 монтер жұмыс жасайды.440 үй байланыс жүйесімен қамтылған.Көксу бекетінде 344 үй,Жетіжал ауылында 96 үй,

мекемелерде 15.Интернет жүйесі жұмыс жасайды.34үйге Мегалайн жүйесіне қосылған.

Окргуте 17 трансформатор орнатылған,электр апаты болған жағдайда, жарық үзілмес үшін қосатын қосымша қондырғы бар.


МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ

Округте 2 мәдениет қызметкері жұмыс жасайды . «Наурыз аруы-2013»байқауы, 22-наурыз «Ұлыстың ұлы күні» мерекесі, 1-мамыр «Дүние жүзі халықтарының ынтымақ күні», 9-мамыр Ұлы Жеңістің 68-жылдығына орай «Ер есімі-ел есінде», 1-маусым «Балаларды қорғау күні», «Спорт күні», «Конституция күні, «Білім күні», 1-қазан қарттар күніне орай «Қарттарым асыл қазынам», «Аяулы алақан» атты мерекелер өз дәрежесінде тойланды.

Спорт саласына келсек, бүгінгі күнде аудан және ауыл деңгейіндегі әртүрлі спорттақ ойындар өтіп тұрады. Округ бойынша футбол, волейбол,баскетбол, күрес және т.б. секциялары жұмыс істейді.Ұлттық ат спорт ойыны жақсы жолға қойылған.Округ спортшылары облыс,аудан көлемдерінде өткізіліп жатқан спорттың барлық түріне қатысуда.

ТӘРТІП.

Округте қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында 1--өлкелік полиция 1-мектеп инспекторі қызмет етеді. Әкімшілік ғимаратынан 2-кабинет беріліп телефон, автокөлік, тұрғын үймен қамтамасыз етілген. Қоғамдық тәртіпті қалыптастыру мақсатында жұмыстар атқарылуда. Қылмыстың алдын алу, болдырмау, заң бұзушылыққа жол бермей үнемі бақылап отыру үшін, ақсақалдар алқасы, отбасы және әйелдер істері жөніндегі жұмысшы тобы, «Ерікті халық жасақшылар» тобы құрылған. Ауылда бұзақылықтың алдын алу үшін тұрғындар арасында әкімшілік, мектеп ұжымы, ақсақалдар алқасы мен отбасы және әйелдер істері жөніндегі жұмыс тобы біріге отырып, жиын өткізіп,ақылымызды айтып, дұрыс жолға салып отырамыз.

Округ әкімінің қаңтар айында тұрғындар алдында есеп беру кездесулерінде,тұрғындар тарапынан айтылған талап-тілектер мен ұсыныстар толығымен орындалды.

1.Мал басының өсуіне байланысты,қолдағы бойдақ малдар мен ұсақ малдарды жаз-жайлау,қыс-қыстауға шығаруға ықпал ету туралы өтініш айтылған.Соған байланысты биылғы жылы 15300 бас қой-ешкі,470 бас сиыр,815 бас жылқы жайлауға шықса, 460 бас МІҚ ауыл сыртындағы жайылымға шығарылды.

2.«Күміс алқа» қалай алуға болады деген сұрақ түскен.

Түсіндіру жұмыстары жүргізілді,нәтижесінде бірнеше ана алқамен марапатталды.

3.Көксу бекетінің тұрғыны Ли Сергей,жұмысқа орналасуға көмек көрсетуді сұраған болатын.Бүгнгі күні ақылы қоғамдық жұмысқа орналастырылды.

Алда атқарылатын жұмыстар жетерлік:

1.Нәдірізбек ауылына қатынайтын жолды жөндету.

2.Ауыл ішіндегі көше жолдарын жөндету.

3.Егістік жерлерді тиімді пайдалану

4.Балабақша салдыру.

5.Малды асылдандыру.

6.Елді мекендерді көркейту,көгалдандыру.

Дана халқымыз«Бірлігі жақсының тірлігі тапшы болмайды» дегендей «Алла бәрімізге амандық берсін»



Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Мұқаншы ауылдық округі



әкімінің міндетін атқарушы: Б.Өмірәлинов

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет