2012 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының іске асырылуы туралы оперативтік есепке талдамалық жазбахат



Дата22.02.2016
өлшемі100.5 Kb.
#536
2012 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының іске асырылуы туралы оперативтік есепке талдамалық жазбахат
2012 жылғы Стратегиялық жоспарды іске асыру барысын талдауы, жалпы онда қойылған мақсаттардың орындалғанын көрсетеді.

2012 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің (қызметінің) жалпы өндірісі 1938,8 млрд. теңгені құрады, ол 2011 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,8% төмен, (оның ішінде мал шаруашылығы өнімінің өндірісі 1015,6 млрд. теңгені, өсімдік шаруашылығы – 917,6 млрд. теңгені.

Аталған көрсеткіштің төмендеуіне 2012 жылғы қолайсыз ауа-райы жағдайлары себеп болды.

Өсімдік шаруашылығы

Статистика деректері бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алаңы 2012 жылы 21,5 млн. га құрады, бұл 2011 жылғы деңгейден 1,4%-ға артық. Дәнді дақылдар егілген алаңдар 2011 жылға қарағанда 45,3 мың га-ға (1,0%-ға) арттырылды, бидай егістері 359,5 мың га-ға қысқартылды.

Бұл ретте, 2011 жылмен салыстырғанда 2012 жылы мынадай дақылдардың алаңдары: күзгі арпа – 294,1 мың га-ға, жүгері – 2,3 мың га-ға, дәнді-бұршақты дақылдар – 34,2 мың га-ға, мақсары – 20,5 мың га-ға,
рапс – 71,1 мың га-ға, қытайбұршақ – 11,5 мың га-ға, зығыр – 93,2 мың га-ға,
көкөніс-бақша дақылдары – 13,2 мың га-ға, картоп – 5,6 мың га-ға, жемшөп дақылдары – 220,4 мың га-ға, жеміс-жидек дақылдары және жүзім –
3,5 мың га-ға, жабық топырақ көкөністері – 211,3 га-ға арттырылды.

Астықтың жалпы жиналымы 2012 жылы өңдеуден кейінгі салмақта


12,9 млн. тонна құрады (соның ішінде бидай – 9,8 млн. тонна). Астықтың экспорттық әлеуеті ағымдағы маусымда 7,0 млн. тонна деңгейінде бағаланады.

2012 жылдың қорытындылары бойынша астық эквивалентіндегі ұнды ескере отырып, 11,0 млн. тонна астық экспортқа тиеп-жөнелтілді. Бұл көрсеткіш Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы рекорд болып табылады.

Майлы дақылдардың жалпы жиналымы 976,8 мың тонна құрады, бұл өсімдік майындағы ішкі қажеттілікті 197%-ға қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Көкөніс дақылдарына ішкі қажеттілік 178%-ға, картоп – 265%-ға жабылады (ағымдағы жылы осы дақылдар бойынша жалпы жиналым 6,0 млн. тоннадан астам құрады (картоп – 3,1 млн. тонна, көкөніс – 3,0 млн. тонна)).

Жеміс-жидек дақылдары және жүзім бойынша жалпы жиналым
278,4 мың тонна құрады, бұл жемістер мен жидектерге республиканың ішкі қажеттілігін 75%-ға қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Статистикалық деректер бойынша республикада 2013 жылғы 1 қаңтардағы жай-күй бойынша шамамен 13,7 млн. тонна астық, соның ішінде азық-түлік астығы – 10,9 млн. тонна, жемшөптік астық – 1,0 млн. тонна, тұқымдық астық – 1,8 млн. тонна.

Жаңа өнім астығын сақтауға арналған элеваторлық қуаттылықтарды босату мақсатында солтүстік облыстардың АҚК-дан басқа облыстардың неғұрлым бос АҚК-ға «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ
457,0 мың тонна, соның ішінде Ақмола облысының АҚК-дан 170,4 мың тонна, Қостанай облысынан – 81,1 мың тонна, Солтүстік Қазақстан облысынан –
205,5 мың тонна астықтың орнын ауыстырды.

«2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 20 қарашадағы № 51-V Заңына сәйкес мемлекеттік ресурстарға астық сатып алуға 2012 жылы


6,7 млрд. теңге мөлшерінде ақшалай қаржы бөлінді, олардың есебінен
170,7 мың тонна астық сатып алынды.

Облыстық аулы шаруашылығы басқармаларының деректері бойынша 2012 жылы ылғал-ресурс үнемдегіш технологиялар 12,4 млн. га алаңда (76,5% астық алқабында) қолданылды, бұл 2011 жылғы деңгейден 7%-ға артық, тамшылатып суару алаңдары 2011 жылғы 17,2 мың га-ға қарағанда


28,1 мың га-ға жетті (63,4%-ға өсті).

Статистикалық деректер бойынша 2012 жылы жабық топырақтағы көкөністер алаңы 504,9 га құрады, соның ішінде «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ қатысуымен салынған жоғары технологиялық (өндіргіштігі 20 кг/м2 дейін) жылыжайлар 20,9 га алып жатыр. Бұл ретте жалпы жиналым 60,2 мың тонна құрады, бұл маусым аралық кезеңіндегі елдің ішкі қажеттілігін 66%-ға қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні жұмыс істейтін көкөністер мен картоп сақтау сыйымдылықтары бір уақытта шамамен 1,0 млн. тонна сақтау құрайды, соның ішінде 2012 жылы жалпы сақтау сыйымдылығы 128,8 мың тонна 90 қойма салынды. 2012 жылы «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ кредиттік қаражатының есебінен жалпы сақтау сыйымдылығы 18,5 мың тонна 5 көкөніс сақтау қоймасы пайдалануға берілді.

2012 жылы 1059 астық жинау комбайны, 1856 трактор, 203 егу кешені, 464 сепкіш, 310 білігі бар орақ сатып алынды.

2012 жылы АӨК субъектілерін кредиттеуге республикалық бюджеттен және басқа да көздерден 95,9 млрд. теңге, соның ішінде 80 млрд. теңге бюджеттік кредит бөлінді. 2012 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша 65,1 млрд. теңге, соның ішінде ӘКК кепілдігіне астықты сатып алу жолымен 13,4 млрд. теңге қаржыландырылды.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) өндірушілерді мынадай бағыттар бойынша субсидиялауды жүргізуде:

1) көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті
ЖЖМ және басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандату. 2012 жылы 18,9 млрд. теңге бөлінді, олар басым ауыл шаруашылығы дақылдарын 16,4 млн. га-да (2011 жылы – 15,9 млн. га) өндірудің агротехнологиялық циклін қамтамасыз етті. Нәтижесінде 56551 АШТӨ
(2011 жылы – 53675 АШТӨ) субсидиялар алды.

2) АШТӨ-ге су жеткізу жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау


(2012 жылы 1,6 млрд. теңге бөлінді);

3) тыңайтқыштардың (органикалықтарды қоспағанда) құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын отандық өндірушілер өндірген (формуляциялаған) гербицидтермен өңдеуге шығындардың құнын арзандатуға (50%-ға дейін)


2012 жылы 6,9 млрд. теңге бөлінді. Осы бағдарлама шеңберінде 2012 жылы
5,0 млрд. теңге сомасына 197,2 мың тонна арзандатылған минералдық тыңайтқыш сатып алынды, бұл 1,5 млн. га тыңайтуға мүмкіндік берді;

4) отандық АШТӨ өткізетін элиталық тұқымның құнын арзандату


(40%-ға дейін). 2012 жылы 2,4 млрд. теңге бөлінді, бұл АШТӨ сатып алған
84,9 мың тонна элиталық тұқымның және жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің 2820,8 мың данаға дейінгі екпе көшеттерінің құнын ішінара арзандатуға, сондай-ақ жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық аналық екпе ағаштарын 8,22 га-ға дейінгі алаңда отырғызуға шығындарын толық өтеуге мүмкіндік берді;

5) жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық екпе ағаштарын отырғызуға және өсіруге шығындардың құнын ішінара өтеу (40%-ға дейін). 2012 жылы 1,5 млрд. теңге бөлінді, олардың есебінен жеміс-жидек дақылдары 0,8 мың га алаңда, «Апорт» сортты алма ағашы –


113,8 га және жүзім 0,6 мың га алаңда салынды, сондай-ақ 2009-2011 жылдары салынған екпе ағаштарын күту жүзеге асырылды;

6) мақта талшығы мен шитті мақта сапасының сараптамасына шығындарды мақта иелеріне толық өтеу. 2012 жылы 387,2 млн. теңге бөлінді, олардың есебінен 391 мың сынама мөлшерінде мақта талшығын будалап сараптау және мақта өңдеу ұйымдарына қабылдау кезінде 93,0 мың сынама мөлшерінде шитті мақтаны сараптау жүргізілді;

7) астық экспорты кезіндегі көліктік шығыстарды субсидиялау.
2012 жылы 20,1 млрд. теңге игерілді, бұл 4,2 млн. тонна астықты экспортқа шығаруға мүмкіндік берді.

2012 жылы «Ауыл шаруашылығы техникасының кредиттері (лизингі) бойынша пайыздық сыйақы ставкаларын арзандату» деген жаңа бюджеттік бағдарлама әзірленді, оны іске асыруға республикалық бюджеттен 9 млрд. теңге (2013-2015 жылдары жыл сайын 3 млрд. теңгеден) бөлінді. Қазіргі уақытта Ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау қағидалары әзірленді, ол мүдделі мемлекеттік органдарға жолданды.



Фитосанитариялық қауіпсіздік

Ауыл шаруашылығы дақылдарының аса қауіпті зиянды организмдерімен күресті жүргізу үшін республикалық бюджеттен 3 115,6 млн. теңге бөлінді, олардың есебінен 4 379,2 мың га ауданда өңдеу жүргізілді. Ауыл шаруашылы тауарларын өндірушілер қаражатының есебінен дәнді дақылдардың ауруларына қарсы өңдеу – 192,0 мың га-да жүргізілді.

2012 жылы карантиндік объектілердің ошақтарын оқшаулау және жою үшін республикалық бюджеттен 614,58 млн. теңге бөлінді, олардың есебінен 161,6 мың га ауданда химиялық өңдеу, соның ішінде карантиндік арамшөптерге қарсы өңдеу 126,98 мың га ауданда, карантиндік зиянкестерге қарсы өңдеу 34,61 мың га ауданда жүргізілді.

Мал шаруашылығы

2012 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында сойылған салмағындағы ет өндіріс шаруашылықтардың барлық санттарында 0,7%-ға кеміді. Сиыр сүтінің өндірісі 7,6%-ға, тауық жұмыртқалары – 1,5%-ға кеміді. Қой жүнінің өндірісі 0,4%-ға артты.

Сонымен бірге, ауыл шаруашылығы құрылымдарында ет өндірісі көлемінің 13%-ға, сүттің 13,2%-ға, жүннің 5,6%-ға артуы белгіленеді.

2013 жылғы 1 қаңтардағы жай-күй бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының саны: ІҚМ – 5,7 млн. бас, соның ішінде сиырлар – 2,6 млн. бас, қойлар – 15,3 млн. бас, ешкілер – 2,6 млн. бас, шошқалар – 1,1 млн. бас, жылқылар – 1,6 млн. бас, түйелер – 172,6 мың бас, құстар – 33,8 млн. бас құрады.

1 сиырға орташа сүт сауылымы – 0,2%-ға, 1 жұмыртқалағыш тауыққа жұмыртқаның шығуы – 0,9%-ға артты, 1 қойға орташа жүн қырқу өткен жылдың деңгейіне қарағанда 8%-ға кеміді. Бұл ретте ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында 1 сиырға орташа сүт сауылымы 9,1%-ға артты және 3846 кг құрады.

2012 жылы мал шаруашылығын қолдауға бөлінген субсидиялардың жалпы көлемі 31,5 млрд. теңге құрады.

2012 жылы құрғақшылыққа байланысты мал басының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында мал шаруашылығы кәсіпорындарына және жеке аулаларға малдың қыстауын ұйымдастыруда жәрдемдесуге бағытталған бірқатар шаралар қабылданды, соның ішінде:

шөпке 14,5 млн. тонна қажеттілік кезінде 15,4 млн. тонна, пішендемеге 302 мың тонна қажеттілік кезінде 329 мың тонна, сүрлемге 378 мың тонна қажеттілік кезінде 548 мың тонна жиналды;

құрғақшылықтан зардап шеккен облыстарда ІҚМ аналық мал басын сақтау үшін Үкімет резервінен 1,5 млрд. теңге бөлінді;

құс өсіру және шошқа өсіру шаруашылықтарын жемшөп астығымен қамтамасыз ету мақсатында «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ


311,7 мың тонна көлемінде жемшөп қорын бөлді.

Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес Министрлік жайылымдық мал шаруашылығын дамыту бойынша шаралар қабылдауда.

Осы міндетті шешудің негізгі жолдарының бірі жайылым учаскелерін суландыруды ұйымдастыру және жайылымдық мал шаруашылығын ұйымдастыру болып табылады.

Осыған байланысты, инвестициялық жобалардың капитал сыйымдылығын және құнының өтелу мерзімдерін төмендету үшін ҚР АӨК дамытудың 2013-2020 жылдарға арналған бағдарламасы жобасының шеңберінде мал өсіру шаруашылықтарының шалғайдағы жайылымдарда шахталық және құбырлық құдықтар салу бойынша шығыстарын ішінара


(80%-ға дейін) өтеу түріндегі мемлекеттік қолдауды енгізу көзделеді.

Тауарлық балық өсіру

Тауарлық балық өсіруді дамыту мақсатында акваөсіру саласында жұмыс істейтін шаруашылықтар үшін арнайы салықтық режимді белгілеу бастамашылық етілді.

Қарқынды дамыту үшін стратегиялық негіз ретінде Тауарлық балық өсіруді дамыту жөніндегі мастер-жоспарының жобасы әзірленді, ол қазіргі және болашақ ұрпақтардың қызығушылықтарын ескере отырып, балық кластерін кешенді дамытуға бағдарланған.

Саланы одан әрі дамыту үшін ҚР АӨК дамытудың 2013-2020 жылдарға арналған бағдарламасы жобасының шеңберінде тауарлық балық өсіруді субсидиялау көзделеді.



Ветеринария қауіпсіздігі

Әкімшілік кедергіні төмендету және ветеринарлық бақылауды күшейту мақсатында 2012 жылғы 12 қаңтарында «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңына өзгертулер енгізілді, олар мемлекеттік ветеринарлық ұйымдарды және процессингтік орталықтарды құруды, сонымен қатар ветеринария саласында рұқсаттамалық құжаттарды беруді оңтайландыруды қарастырады.

2012 жылы 5,7 млрд. теңге сомасына жануарлардың аса қауіпті ауруларының 39,5 млн. диагностикалық зерттеуі жүргізілді. Зерттеулердің негізгі үлесі (94%) ірі қара және ұсақ мал басын 100% қамти отырып, бруцеллезге келеді, ал басқа аурулар бойынша зерттеулер мониторинг мақсатында іріктеп жүргізіледі.

2012 жылы 180 ошақты жою бойынша іс-шаралар жүргізілді, соның ішінде 171 ошақ жойылды, ал 9 ошақта жою іс-шаралары жалғастырылуда. Сондай-ақ 2012 жылы және 2011 жылдан бері жалғастыра анықталған


243 қолайсыз пунктте ауыл шаруашылығы жануарларын бруцеллезден сауықтыру іс-шаралары жүргізілді және жүргізілуде. Солардың ішінде
229 пункті сауықтырылды, ал қалған 14 ошақта сауықтыру жұмыстары жалғастырылуда.

2012 жылы «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» ММ


45 экспедиция жасады.

2012 жылы биологиялық материалдық 83,7 мың сынамасы келіп түсті және 114,1 мың зертханалық зерттеу, соның ішінде 88,7 мың референттік зерттеу жүргізілді. Зерттеулердің неғұрлым көп пайызы СҚО, Жамбыл, ШҚО, Қостанай және Ақмола облыстарына келеді.

Ветеринарлық зертханалардың қызметін халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестендіру мақсатында 2007 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Ветеринарлық зертханалардың объектілерін дамыту» бюджеттік инвестициялық бағдарлама іске асырылады.

Аталған бағдарлама аясында 126 зертхана салу жоспарланған. Қазіргі уақытта 39 ветеринариялық зертхана салынып мемлекеттік қабылдау комиссиясымен қабылданған, солардың ішінде 11 облыстық және 28 аудандық. Оның ішінде 13 ветеринариялық зертхана 2012 жылы салынды.

2013 жылдың бірінші тоқсанында 13 аудандық ветеринариялық зертхананы салуды аяқтау жоспарлануда (Алматы облысында - 7, Қостанай облысында - 6).

Сонымен бірге 2013 жылдың бірінші жартыжылдығында 4 аудандық ветеринариялық зертхананы салуды аяқтау жоспарлануда (Алматы облысында - 2, Атырау облысында - 2).

2013 жылдың соңына дейін қалған 70 зертхана пайдалануға берілетін болады.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу

Статистикалық деректер бойынша тамақ өнімдерін өндіру көлемі


2012 жылы ақшалай эквивалентте 833 млрд. теңге құрады, бұл 2011 жылға қарағанда 2,9%-ға артық.

20111 жылмен салыстырғанда 2012 жылы ұн, жарма, өсімдік майы, өңделген сүт, ірімшік және сүзбе, қышқыл сүт өнімдері, шұжық өнімдері, ет консервілері өндірісінің өсімі белгіленді.

Сонымен бірге, қан өндірісінің нақты көлемі 38%-ға, күріш 2,7%-ға, шырындар 16,4%-ға, қоюландырылған сүт 12%-ға, сары май 5%-ға және шоколад 8,4%-ға төмендеді.

Сыртқы саудадағы тауар айналымының көлемі елдің ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібінің өнімдері бойынша


2012 жылғы қаңтар-қараша айларында 4057,3 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2011 жылғы көлемнен (3838,5млн. АҚШ доллары) 5,7%-ға артық.

Бұл ретте ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібінің өнімдері бойынша экспорт көлемі 11,5%-ға (1001,8-ден 1117,1 млн. АҚШ долларына дейін) артты. Атап айтқанда, ұн экспортының көлемі 18%, өсімдік майлары мен макарон өнімдері 2 есе, маргарин 2%-ға және қышқыл сүт өнімдері 34%-ға артты.

2012 жылғы импорт көлемі 2011 жылмен салыстырғанда 4%-ға артты және 2 940,2 млн. АҚШ долларын құрады.

Импорттың нақты негізгі көлемі негізінен КО елдерінен және алыс шетелден әкелінетін жеміс-көкөніс консервілеріне, сүт өнімдеріне, құс етіне, кондитерлік өнімдерге тиесілі.

Сонымен бірге, қайта өңдеу көлемдерінің жыл сайынғы өсуіне қарамастан, ауыл шаруашылығы шикізатының негізгі түрлерін қайта өңдеу үлесі төмен болып қалуда: ет – 28%, сүт – 35,4%, жеміс-көкөніс – 5%.

Қайта өңдеу кәсіпорындарының өндірістік қуаттарының жүктелуі: шұжық өнімдерін өндіру бойынша – 28,4%, өңделген сүт – 46,8%, ұн – 36,8%, жаңа піскен нан – 43%, макарон өнімдері – 51,2%, көкөністерді қайта өңдеу бойынша – 27,8% құрады.

Қайта өңдеу саласының төмен жүктелуінің негізгі себептері мыналар болып табылады:

- шаруа қожалықтарындағы (фермерлік шаруашылықтардағы) және жеке қосалқы шаруашылықтардағы өндірістің жоғары меншікті үлесінен сапалы шикізаттың жетіспеушілігі;

- ауыл шаруашылығы шикізатын, дайындау тасымалдау және сақтау жүйесінің әлсіз дамытылуы;

- ішкі нарықтың импорттық тауардың жасырын демпингінен жеткіліксіз қорғалуы және артық тексерулер;

- отандық өнімді жүйелі өткізу үшін жағдайлар жасау бойынша шаралардың практикалық қолданылуының болмауы;

- тамақ және қайта өңдеу өнеркәсіптерінің негізгі өнеркәсіптік-өндірістік қорларының белсенді бөліктерінің жоғарғы тозу деңгейі;

- аралас салалардың жеткіліксіз даму деңгейі;

- техникалық реттеу саласындағы заңнаманың сақталуын бақылау жүйесінің практикалық қолданылуының болмауы.

Жоғарыда көрсетілген проблемаларды шешу үшін Қайта өңдеу кәсіпорындарын қолдау және дамыту жөніндегі жол картасы бекітілді.

Орман және аңшылық шаруашылығы

2010-2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» бағдарламасы шеңберінде 2012 жылы 67 мың га алқапта, соның ішінде 31 мың га – егу әдісімен, 26,2 мың га – оңтүстік өңірлерде сексеуіл егу, 10,0 мың га – орманды табиғи жаңартуға көмектесу арқылы орман өсіру және ағаш егу жұмыстары жүргізілді.

Алдыңғы жылдарға қарағанда 2012 жыл аса құрғақшыл болды, бұл ретте нормадан ауытқыған ыстықтан, жауын-шашынның аз болуынан, сондай-ақ құрғақ шабындық шөптің болуынан орман қорының аумағында жоғары өрт қаупі болды.

Осыған орай, 2012 жылы республиканың мемлекеттік орман қорының аумағында 665 орман өрті тіркеліп, оның аумағы 6606 га, соның ішінде орманмен жабылған алқап - 4683 га құрады. Соның ішінде облыс әкімдіктерінің және басқа мемлекеттік органдардың қарамағындағы ормандарда 5946 га алқапта, оның ішінде 4252 га орманмен жабылған алқапта 308 өрт, ҚР АШМ Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің (бұдан әрі – Комитет) қарамағындағы ормандарда 660 га алқапта, соның ішінде 431 га орманмен жабылған алқапта 357 оқиға тіркелген.

Республика бойынша орман өрттерінен келген зардап 531,6 млн. теңгені құрады.

Талдау көрсеткендей, соңғы 3 жылдың сәйкес кезеңіндегі орташа көрсеткіштермен салыстырғанда 2012 жылы орман өртінің саны 17%, ал олардың алқаптары 3% ұлғайған.

2012 жылы мемлекеттік табиғат қорғау мекемелерінің инспекторлары мен мемлекеттік орман қорғау қызметкерлері рейдтік іс-шаралар жүргізу кезінде 3980 текше метр көлемінде 830 заңсыз ағаш кесу фактілерін анықтаған, зардап 52,2 млн. теңгені құраған, 448 заң бұзушыға 4999 мың теңге мөлшерінде айыппұл салынып, 316 заң бұзушыдан 3878 мың теңге өндіріп алынған. 651 заң бұзушыға сомасы 12 177 мың теңге талапарыз ұсынылып, оның 477 заң бұзушыдан 8987 мың теңге өндіріп алынған.

Соңғы 5 жылда заңсыз ағаш кесу көлемі 14 есе қысқарған, бұл ретте заңсыз ағаш кесулерді болдырмау жұмысы жалғасуда.

Сирек және жоғалып бара жатқан жабайы тұяқты жануарлар мен киіктерді қорғауды «Охотзоопром» РМКК инспекторлары вахталық әдіспен жүргізеді.

Қабылданып жатқан шаралар нәтижесінде 2012 жылы киіктерге 34 браконьерлік фактісі анықталып, 342 киік тушасы мен 5483 мүйізі тартып алынған, 16 қылмыстық іс қозғалған.

2012 есепке алу мәліметтері киіктердің азаю динамикасының тоқтатылғанын және оның 2003 жылдағы 21,2 мың дарақтан 2012 жылғы 136,6 мың дараққа дейін ұлғаюы байқалғанын көрсетті, соның ішінде үстірт популяциясы - 6,5 мың дарақ, орал – 20,9 мың дарақ және бетпақдала – 109,1 мың дарақ.

Киіктерге браконьерліктің ауыр жағдайын ескере отырып, алдын алу қызметі ретінде, 2011-2012 жылдары Комитет «Ел болып киікті сақтайық!» ұранымен үгіт-насихаттық іс-шарасын өткізді. Іс-шара киіктердің таралу аймақтарында 2 кезеңмен: көктемде және күзде жүргізілді.

ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 24 тамыздағы №1083 қаулысымен Шығыс Қазақстан облысында 197 мың га алқапта «Оңтүстік-Алтай» мемлекеттік табиғи қорығы, сондай-ақ ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 26 қарашадағы №1496 қаулысымен 489,9 мың га алқапта «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерваты құрылған.

Су шаруашылығы

Су аздығынан 2012 жылы Ертіс өзенінің бассейнінде табиғат қорғау мақсатында су жіберу жүргізілген жоқ. Бірақ, жалпы 2012 жылы вегетациялық суарулар уақытылы және қажетті көлемде жүзеге асырылды.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 2012 жылда экономика салалары бойынша су алу 26,7 км3 лимитте 20,5 м3 құрады. 2011 жылмен салыстырғанда су алу аз ғана төмендеген, бұған негізінен ауыл шаруашылығының тұрақты суару қажеттілігіне су тұтынуының азаюы себеп болып отыр.

Жыл бойы 19 аса апатты су шаруашылығы объектілерінде күрделі жөндеу мен қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген. Қайта құру жұмыстары 49 гидротехникалық имараттарда жүргізілді.

Мемлекет басшысының шағын суқоймаларын салу бойынша тапсырмасын орындау мақсатында Ақтөбе облысында сыйымдылығы 220 млн.м3 Қыл-Қожа су қоймасы салынған және тоғыз су қоймасын салу жоспарланған.

2012 жылы сумен қамтудың баламасыз көздері болып табылатын 14 топтық су құбырларын салу мен жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілді.

Шідерті өзенінің төменгі ағысында табиғи көктемгі гидрологиялық режимді қалпына келтіру, Теңіз-Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы көлдерінің экологиялық жай-күйін жақсарту мақсатында 2012 жылы 1340 млн. м3 көлемінде табиғат қорғау мақсатында өтемақылық су жіберулер жүргізілді.

Балық шаруашылығы

Антропогендік ықпалмен келетін шығынның орнын толтыру мақсатында 2012 жылы республикада 3 балық питомнигі, 1 уылдырық шашу-өсіру шаруашылығы, 2 бекіре балық зауыты және Қазақ өндірістік жерсіндіру станциясы жұмыс істеді, олардың барлығы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар болып табылады.

2012 жылы нормативтік көрсеткіштерге сай келетін 158,4 млн. дана балық өсіру материалдары өсіріліп жіберілген.

Каспий теңізінің бекіре тұқымдас балықтарын сақтау және өсіруге ерекше назар аударылуда, ол жасанды өсіруді қоса есептегенде, іс-шаралар кешенінен тұрады.

2012 жылы мемлекеттік тапсырыс шеңберінде Атырау және Жайық-Атырау бекіре балық зауыттары 7 млн. дана бекіре тұқымдас балық шабақтарын өсіріп, табиғи су тоғандарына жіберді.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Атырау облысында 30 млн. дана бекіре тұқымдас балық шабақтарын өсіру қуаттылығымен жаңа бекіре зауытының құрылысына құжаттар дайындау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, Жайық-Атырау бекіре балық өсіру ққуаттылығын жылына 12-15 млн. данаға жеткізе отырып, Атырау бекіре өсіру зауытын қайта құру бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.

Бұл объектілерді пайдалануға бергеннен кейін бекіре тұқымдас балықтардың шығарылатын шабақтарын 5-7 еседен де астамға ұлғайту жоспарланып отыр.








Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет