Дәріс №1 Орман питомнигі жерлерін ұйымдастыру



Дата25.01.2022
өлшемі40.5 Kb.
#454797
Дарис1


Дәріс №1

Орман питомнигі жерлерін ұйымдастыру
1.Орман питомнигіне орын тандау

2. Питомниктің шаруашылық – ұйымдастыру жоспары

3. Орман питомнигі жерлерін ұйымдастыру
Орман питомнигі ол өңделген жерге көшеттерді отырғызумен айналысатын арнайы немесе ғылыми мекеме. Өсірілген көшеттер екпе ормандар, қорғаныш орман жолақтарын, елді мекендерді көгалдандыру, және бақ отырғызу үшін қолданады.

Питомниктер атқаратын міндеттеріне көлеміне және жұмыс істеу кезеңіне байланысты бірнеше типке бөлінеді. Атқару міндеттеріне және жұмыс істеу кезеңіне байланысты уақытша және тұрақты орман питомниктері болады.

Уақытша орман питомнигі 5 жыл уақытқа дейін жұмыс істейді, ол көбінесе жасанды орман маңында орналастырылады. Айтылған питомниктер вахталық паселкаларда, транспорт жолдары сирек аудандарда және көктем кезінде тұрақты питомниктерден көшеттерді жеткізу мүмкіндігі болмайтын жағдайларда ұйымдастырылады.

Тұрақты орман питомниктері ұзақ уақытқа (5 жылдан аса) жыл сайын көшеттер отырғызу үшін пайдаланады. Питомник орналасқан көлемі бойынша бөлінеді:

Ұсақ – егер көлемі 5 га аспаса

Орташа – 5-25га



Ірі – 25га асса

Көшеттердің барлық түрлері екі топқа бөлінеді: тұқымнан жаратылған немесе тұқымнан өсірілген және вегетативтік өсімдіктердің вегетативтік бөлігінен жаратылады. Көшеттердің екі тобы да тамыр жүйелері ашық немесе жабық бойынша бөлінеді, ал кейбір көшеттер тамырсыз болады. Егер көшеттерді көшіріп отырғызған кезде олардың тамыр жүйелері топырақтан босатылса, онда осы көшеттер ашық тамыр жүйелі деп аталады. Егер көшеттер полиэтиленді пакетте немесе басқа ыдыстарда өсіріліп сол өсірілген топырақпен бірге (тамырларын топырақтан босатпай) отырғызылса, көшеттерді жабық тамыр жүйелі деп атайды. Тамырсыз көшеттерге – дің, өркен немесе тамырлардың кесінділері жатады, айтылған кесінділердің тамырлары отырғызғаннан кейін пайда болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет