-
Әкімдіктің
2012 жылғы «21» желтоқсандағы
№ 576 қаулысына
қосымша
Әкімдіктің 2009 жылғы
20 қаңтардағы № 29 қаулысымен
бекітілген
|
«Лисаков қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі»
мемлекеттік мекемесі туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. «Лисаков қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі мәтін бойынша - Бөлім) қаланың шекаралары шегіндегі жер қатынастарын реттеу саласында қала атқарушы органының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
2. Бөлімнің ведомстволары жоқ, өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады, Лисаков қаласы әкімдігімен құрылады, таратылады және қайта ұйымдастырылады.
3. Бөлімнің құрылтайшысы Лисаков қаласының әкімдігі болып табылады.
4. Бөлім ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, өз атынан, сонымен қатар Лисаков қаласы әкімдігінің атынан да азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111200, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Лисаков қаласы, Мир көшесі, 31-үй.
10. Мемлекеттік органның толық атауы - «Лисаков қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
12. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Лисаков қаласы бюджетінің қаражатынан жүзеге асырылады.
13. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілермен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
2. Мемлекеттік мекеменің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. Миссия: Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қатынастары саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету.
Мақсаты: Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өкілеттіктері шегінде жер қатынастары саласындағы Бөлім қызметінің тиімділігін арттыру.
15. Міндеттер: жер заңнамасын, облыстық (қалалық) атқарушы органдардың жер пайдалануды ұйымдастыру туралы қаулыларын орындауды қамтамасыз ету.
16. Функциялар:
1) жер учаскелерін жеке меншікке және жерді пайдалануға беру, олардың нысаналы мақсатын өзгерту бойынша жергілікті атқарушы органның ұсыныстарын және шешім жобаларын дайындауды жүзеге асырады;
2) мемлекеттік мұқтаждықтар үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен айыру туралы ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;
3) іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін қаланың жергілікті атқарушы органдарының жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру бойынша ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;
4) жерге сауда-саттық (аукциондар, конкурстар) жүргізуді ұйымдастырады;
5) жер учаскелерін сатып алу-сату шарттарын, жалдау және уақытша өтеусіз жер пайдалану шарттарын жасасады және жасасқан шарттар талаптарының орындалуын бақылайды;
6) жер учаскелерінің иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа объектілерін есепке алады;
7) Үкіметтің қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетеді;
8) жер учаскелерінің бөлінетінін және бөлінбейтінін анықтайды;
9) жерді резервте ұстау бойынша ұсыныстарды дайындауды жүзеге асырады;
10) қаланың жер балансын жасайды;
11) иесіз жер учаскелерді анықтауды жүзеге асырады және оларды есепке қою жұмыстарын ұйымдастырады;
12) мемлекеттік геологиялық жер қойнауын зерттеуге және барлауға байланысты жер қойнауын пайдалану мақсаты үшін жер учаскелерін беру туралы қаланың жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары мен шешім жобаларын дайындауды жүзеге асырады;
13) жерлерді аймаққа бөлу жобаларын және қала жерлерін тиімді пайдалану бойынша бағдарламаларын, жобаларын және нобайларын әзірлейді.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) Бөлімнің құзыреті мәселелері бойынша мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, ұйымдардан қажетті ақпараттарды, құжаттарды және басқа да материалдарды сұратады және кабылдайды;
2) тиісті аумақтағы жер қатынастарының мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен өзара әрекет жасайды;
3) жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтауды қамтамасыз етеді;
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқа құқықтарды және міндеттерді жүзеге асырады;
5) Бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар жасайды.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. Бөлім басшылығы Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын, Бөлімдегі жемқорлыққа қарсы әрекеттерді қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын бұзуға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
19. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Бөлімнің бірінші басшысын Лисаков қаласы әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. Бөлімнің бiрiншi басшысының өкiлеттiгi:
-
мемлекеттік органдарда, өзге ұйымдарда Бөлімді білдіреді;
-
Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;
-
Бөлім туралы ережені, құрылым мен штаттық сан бойынша ұсыныстар жасайды және әкімдікке бекіту үшін енгізеді, қосымша ақы, мемлекеттік қызметкерлерге еңбек ақы корын үнемдеу шегінде материалды көтермелеу (сыйақы) белгілейді;
-
Бөлімдегі ішкі жұмыс тәртібін белгілейді;
-
Бөлімнің қызметкерлерін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес тағайындайды, босатады және тәртіптік жауаптылыққа тартады;
-
Бөлімдегі мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын бақылайды;
-
әкімдіктің қаулы, қала әкімінің шешімі мен өкім жобаларын әкімге қол қоюға ұсынады;
-
әкімдіктің қабылданған қаулыларының, қала әкімінің шешімдерінің және өкімдерінің орындалуын бақылау бойыша жұмысты үйлестіреді;
-
қолданыстағы мемлекеттік қызмет заңнамасына және еңбек заңнамасына сәйкес кадрлар мен жұмысты бақылайды;
-
Бөлім құзыретінің шегіндегі қызметтік құжаттарға қол қояды;
-
Бөлім жұмыскерлерін іссапарға жібереді;
-
азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
-
Бөлімнің ақшалай қаражаттарын басқарады, қаржылық құжаттарға қол қояды;
-
басшы болмаған кезеңде оның міндеттерiн Бөлімнің бас маманы орындайды;
-
Бөлім қызметкерлерімен орындау үшін бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
-
әкім жүктеген басқа да функцияларды орындайды.
21. Бөлімнің қызметкерлері үшін екі демалыс күнімен бес күндік жұмыс аптасы белгіленеді. Бес күндік жұмыс аптасында жұмыстың күн сайынғы ұзақтығы қала әкімімен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітілген «Лисаков қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыс регламентімен айқындалады.
Жұмыс күні сағат 9.00-ден басталады және сағат 18.00-ге дейін жалғасады, демалыс пен тамақтануға үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
Бөлім қызметкерлері үшін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген шектеулерді ескере отырып, мерзімнен тыс жұмыс белгіленеді.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
22. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.
Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі (Құрылтайшы) берген мүліктің есебінен қалыптастырылады.
23. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
25. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
________________________
Достарыңызбен бөлісу: |