«Қазақстан Республикасының әдiлет органдарынан және өзге де мемлекеттiк органдарынан, сондай-ақ нотариустерден шығатын ресми құжаттарға апостиль қою жөнiнде» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты



Дата03.07.2016
өлшемі226.74 Kb.
#174347
Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2121 қаулысымен    
бекiтiлген        

«Қазақстан Республикасының әдiлет органдарынан және өзге де мемлекеттiк органдарынан, сондай-ақ нотариустерден шығатын ресми құжаттарға апостиль қою жөнiнде» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты

1. Жалпы ережелер

       1. Қазақстан Республикасының әдiлет органдарынан және өзге де мемлекеттiк органдарынан, сондай-ақ нотариустерден шығатын ресми құжаттарға апостиль қою (бұдан әрi - мемлекеттiк қызмет) - құжаттамаға қол қойған адамның қолын және оның өкiлеттiктерiн, сондай-ақ осы құжат бекiтiлген мөрдiң немесе мөртаңбаның түпнұсқалылығын растайтын арнайы мөртаңбаны қою рәсiмi.


      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: iшiнара автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттiк қызмет «Қазақстан Республикасының Шетелдiк ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын конвенцияға қосылуы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Шетелдiк ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудiң күшiн жоятын конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерiн iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 24 сәуiрдегi № 545 қаулысы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою тәртiбi мен шарттары туралы Бiрыңғай ережелердi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2001 жылғы 4 маусымдағы № 67 бұйрығы негiзiнде жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттiк қызметтердi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Тiркеу қызметi және құқықтық көмек көрсету комитетi, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Әдiлет департаменттерi (бұдан әрi - уәкiлеттi органдар), сондай-ақ Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрi - Орталық) арқылы баламалы негiзiнде көрсетедi, тiзiмдерi осы стандарттың 2, 2-1-қосымшаларында көрсетiлген.
      5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң қорытынды нысаны «апостиль» штампы бар құжаттарды беру (осы стандарттың 1-қосымшасы) болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi - тұтынушылар) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет көрсету кезiндегi уақыт бойынша шектеу мерзiмдерi:
      Уәкiлеттi органға жүгiнген кезде:
      Тұтынушы тiкелей жүгiнген кезде мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi 2 жұмыс күнi, тиiстi құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде, тұтынушыны хабардар ете отырып, мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi 10 күнтiзбелiк күнге дейiн ұзартылады, қол таңба мен ұйымның мер үлгiсiн сұрату қажеттiлiк болған кезде қызмет көрсету мерзiмi 30 күнтiзбелiк күнге дейiн ұзартылады.
      1) құжаттарды тапсыру кезiнде ең ұзақ кезек күту уақыты 30 минуттан аспайды;
      2) құжаттарды алу кезiнде ең ұзақ кезек күту уақыты 10 минуттан аспайды.
      Орталыққа жүгiнген кезде:
      Тұтынушы жүгiнген кезде мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi қажеттi құжаттар уәкiлеттi органға түскен күнiнен бастап 2 жұмыс күнi, тиiстi құжаттардың қосымша тексеру қажет болған кезде, тұтынушыны хабардар ете отырып, мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi 10 күнтiзбелiк күнге дейiн ұзартылады, қол таңба мен ұйымының мөр үлгiсiн сұрату қажеттiлiк болған кезде қызмет көрсету мерзiмi 30 күнтiзбелiк күнге дейiн ұзартылады (қабылдау және беру күндерi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi).
      1) құжаттарды тапсыру кезiнде ең ұзақ кезек күту уақыты 30 минуттан аспайды;
      2) құжаттарды алу кезiнде ең ұзақ кезек күту уақыты 10 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне сәйкес айлық есептiк көрсеткiштiң 0,5 мөлшерiн құрайтын мемлекеттiк баж белгiленген.
      Мемлекеттiк баж және мемлекеттiк алым Қазақстан Республикасы банк мекемелерi арқылы тиiстi аумақтық бiрлiктiң салық комитетiнiң есеп айырысу шотына төленедi, онда төлем құжаттары берiледi (мөлшерiн және уақытын растайтын түбiртек немесе «электрондық үкiмет төлем шлюз» арқылы берiлген төлем туралы чек).
      9. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң интернет-ресурсында (электрондық мекен-жайы www.minjust.kz), сондай-ақ ресми ақпарат көздерi және орталықтардың үй-жайларындағы стендтерде орналастырылады, тiзбесi осы стандартқа 2 және 2-1-қосымшаларда көрсетiлген.
      10. Мемлекеттiк қызмет:
      Уәкiлеттi органға жүгiнген кезде:
      демалыс және мерекелiк күндердi қоспағанда түскi үзiлiсiмен аптасына бес күн ұсынылады. Қабылдау кезекке тұру тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз ұсынылады. Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша кестесi сағат 9.00-дан 18.30-ға дейiн, түскi 13.00-ден 14.30-ға дейiн үзiлiспен жүзеге асырылады
      Орталыққа жүгiнген кезде:
      жексенбiнi және мерекелiк күндердi қоспағанда, Орталықтардың бекiтiлген жұмыс кестесiне сәйкес сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн, түскi үзiлiссiз аптасына алты күн ұсынылады. Филиалдар мен өкiлдiктер үшiн түскi асқа бiр сағаттық үзiлiспен сағат 9.00-ден 19.00-ге дейiнгi жұмыс кестесi белгiленедi. Қабылдау «электронды» кезекке тұру тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.
      11. Уәкiлеттi органның ғимаратында азаматтарды қабылдауға арналған, ақпараттық стендтермен жабдықталған бөлек кабинет жасақталған.
      Мемлекеттiк қызмет көрсету тұтынушының тұрғылықты жерi бойынша Орталықтың ғимаратында көрсетiледi, онда мүмкiндiктерi шектеулi тұтынушыларға үшiн жағдайлар көзделген. Залда анықтама бюросы, күту орындары, толтырылған бланктер үлгiсi бар ақпараттық стендтер орналасқан.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

      12. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн тұтынушылар:


      1) белгiленген нысандағы өтiнiштi (осы стандарттың 4-қосымшасы), мұнда:
      тiркеушi органның атауы;
      жеке тұлғаның, не заңды тұлғадан сенiм бiлдiрiлген оның өкiлiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты;
      құжаттың атауы және мазмұны, қашан және қандай орган, нотариус бергенi;
      құжат жiберiлетiн ел;
      заңды тұлғадан сенiм бiлдiрiлген өтiнiш берушiнiң не оның өкiлiнiң қолы;
      2) апостиль қойылуға тиiс құжат;
      3) өтiнiш берушiнiң жеке басын растайтын құжатты, ал өкiлге оның өкiлеттiгiн растайтын адам - құжат, сондай-ақ оның жеке басын растайтын құжатты;
      4) апостиль қою үшiн - құжаттарды беру кезiнде бюджетке мемлекеттiк баж төлегенiн растайтын құжатты, төлемдi;
      5) жеке және заңды тұлғалардың өкiлдерi үшiн - заңда белгiленген тәртiппен ресiмделген сенiмхатты ұсынады.
      13. Өтiнiштер бланкiлерi әдiлет департаментiнiң тиiстi кабинетiнде не Орталықтың күту залындағы арнайы бағанда не Орталықтың консультанттарында орналастырылады.
      14. Уәкiлеттi органда мемлекеттiк қызметтi алу үшiн құжаттар уәкiлеттi органның маманына тапсырылады.
      Тұтынушы тiкелей жүгiнген кезде уәкiлеттi органның маманы апостильдендiрiлуге тиiс құжаттарды, қолданыстағы заңнама талаптарына  сәйкес келуiн тексередi; апостильдендiруге жататын құжаттар қолданыстағы заңнамаға сәйкес келмейтiн жағдайда құжаттар өтiнiш берушiге тиiстi түсiнiктемелер мен кеңестермен қайтарылады; апостильдендiруге жататын құжаттарды, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес келгенде өтiнiштi арнайы есеп журналда тiркейдi; үлгiлер бар жағдайда қол қойған тұлғаның қол таңбасының және құжаттарды растаған ұйымның мөрiнiң түпнұсқалығын тексередi; үлгiлер болмаған жағдайда, қажеттi ұйымының мөрiнiң және қол таңбаларының бедерлерiн ұсыну туралы сауал жолдайды; тексерiстен кейiн апостиль қойылады; дайын құжатты тұтынушыға табыс етедi.
      Орталықтың инспекторы осы стандарттың 12-тармағына сәйкес құжаттардың толықтығын тексерудi, құжаттардың журналда тiркелуiн және құжаттарды жинақтау бөлiмiнiң инспекторына табыс етiлуiн жүзеге асырады.
      Орталықтың жинақтау бөлiмiнiң инспекторы құжаттарды жинақтауды, тiзiлiмнiң жасалуын және уәкiлеттi органға жiберiлуiн жүзеге асырады.
      Орталық қоса берiлген құжаттарымен бiрге өтiнiштердiң уәкiлеттi органға жеткiзiлуiн және керi алынуын осы өтiнiштердi қабылдаған күнi кемiнде 2 рет жүзеге асырады.
      Уәкiлеттi органның маманы, осы тармақтың 2-абзацында көзделген iс-әрекеттердi жүзеге асырады және тұтынушыға табыс ету үшiн Орталыққа жолдайды.
      Орындалған (дайын болған) құжаттар уәкiлеттi органнан Орталыққа колхатта көрсетiлген беру мерзiмiнен бiр күн бұрын түсуi тиiс.
      15. Уәкiлеттi органда құжаттарды қабылдау кезiнде тұтынушыға тиiстi құжаттар қабылданғаны туралы:
      1) өтiнiштi қабылдаған күнi;
      2) қосымша берiлген құжаттардың саны мен атауы;
      3) құжаттарды беретiн күнi мен уақыты;
      4) құжаттарды рәсiмдеуге қабылдаған маманның тегi, есiмi, әкесiнiң аты көрсетiп колхат берiледi.
      Орталық арқылы құжаттарды қабылдаған кезде тұтынушыға тиiстi құжаттар қабылданғаны туралы:
      1) сауалдың нөмiрi мен қабылдау мерзiмi;
      2) сұратылатын мемлекеттiк қызмет түрi;
      3) қоса берiлген құжаттардың саны мен атаулары;
      4) құжаттарды беру мерзiмi (уақыты) мен орны;
      5) құжаттарды ресiмдеуге өтiнiштi қабылдаған Орталық инспекторының аты, әкесiнiң аты, тегi көрсетiлген тиiстi құжаттарды қабылдау туралы қолхат берiледi.
      16. Апостильдендiрiлген құжат уәкiлеттi органда тұтынушы жүгiнген кезiнде маманмен берiледi.
      Тұтынушыға дайын құжаттарды берудi Орталықтың инспекторы мерзiмi көрсетiлген қолхаттың негiзiнде «терезелер» арқылы жүзеге асырады.
      17. Тұтынушы осы стандарттың 12-тармағында көзделген құжаттар толық бермеген жағдайда уәкiлеттi орган, Орталық мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартады.
      Уәкiлеттi орган Орталықтан түскен құжаттар тиiсiнше ресiмделмеген жағдайда немесе осы стандарттың 12-тармағында көзделген құжаттар пакетi толық берiлмеген жағдайда құжаттар пакетiн алғаннан кейiн екi жұмыс күннiң iшiнде бас тарту/қайтару себептерiн жазбаша дәлелдеп, Орталыққа қайтарып бередi.
      Құжаттар пакетiн алғаннан кейiн Орталық, оларды алынған соң бiр жұмыс күнi iшiнде тұтынушыны мәлiмдейдi және бас тарту/қайтару себептерi туралы уәкiлеттi органның жазбаша дәлелдерiн бередi.
      Егер тұтынушы құжаттарды алуға мерзiмiнде хабарласпаған жағдайда, Орталық олардың бiр ай iшiнде сақталуын қамтамасыз етедi, содан кейiн оларды уәкiлеттi органға қайта жiбередi.
      Уәкiлеттi органда құжаттардың сақталу мерзiмi мен оларды жою тәртiбi ведомстволық нормативтiк құқықтық актiлерде айқындалады.

3. Жұмыс қағидаттары

      18. Уәкiлеттi органдардың, Орталықтардың қызметi адамның конституциялық құқықтарын, қызметтiк борышын өтеу кезiндегi заңдылықты сақтауға және әдептiлiк, толық ақпаратты ұсыну, оның сақталуын, қорғалуы мен құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарына негiзделедi.



4. Жұмыс нәтижелерi

      19. Тұтынушыларға мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижелерi осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.


      20. Мемлекеттiк қызмет көрсететiн мемлекеттiк органның, мекеменiң немесе өзге де субъектiлердiң жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтердiң сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәнiн жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекiтедi.

5. Шағымдану тәртiбi

      21. Уәкiлеттi органның қызметкерiнiң әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн түсiндiру үшiн және шағым дайындауына көмек көрсету үшiн тұтынушы телефондары осы стандарттың 2-1-қосымшаларында көрсетiлген уәкiлеттi органның басшыларына жүгiнедi.


      Орталықтың инспекторларының әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты Орталықтың ақпараттық-анықтамалық қызметiнiң 58-00-58 телефоны арқылы ала алады.
      22. Шағымдар уәкiлеттi органның, Орталықтың басшыларының атына ауызша немесе жазбаша нысанда почта арқылы немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электронды түрде немесе кеңсе арқылы қолма қол жұмыс күндерiнде қабылданады. Уәкiлеттi органның, Орталықтардың басшыларының мекен-жайлары және телефондары осы стандартқа 2, 2-1 қосымшаларда көрсетiлген.
      23. Қабылданған шағым уәкiлеттi органның, Орталықтың ақпараттарды есепке алу журналында тiркеледi және 15 күнтiзбелiк күн iшiнде қаралады, қосымша зерделеу немесе тексеру жүргiзу қажет болған жағдайларда, қарау мерзiмi 30 күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмге ұзартылуы мүмкiн.
      Шағымды қараудың нәтижесi жазбаша түрiнде өтiнiш берушiге почта арқылы жолданады.

6. Байланыс ақпараты

      24. Уәкiлеттi органның және Орталық директорының жұмыс және қабылдау кестелерi уәкiлеттi органның, Орталықтың осы стандарттың 10-тармақшасында көзделген жұмыс кестесiне сәйкес айқындалады.


      Уәкiлеттi органның және Орталықтың байланыс телефондары, мекен-жайлары 2, 2-1-қосымшаларында көрсетiлген, сондай-ақ ресми ақпарат көздерiнде және уәкiлеттi органның, Орталықтың ғимараттарындағы стендтерге орналастырылады.
      25. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, № 8 үй, интернет-ресурсы http//www.minjust.kz, телефон 8-7172-74-06-38.

«Қазақстан Республикасының әдiлет      


органдарынан және өзге де мемлекеттiк    
органдардан, сондай-ақ нотариустерден    
шығатын ресми құжаттарға апостиль қою жөнiнде»
мемлекеттiк қызмет көрсету стандартына   
1-қосымша                 

                           APOSTILLE

            (Convention de la Hay due 5 octobre 1961)


1. Ел: Қазақстан Республикасы
Pays, Country
                        Осы ресми Құжатқа
         Le present acte public, This public document
2. ______________________________________________ қол қойды
         a ete signe par, has been signed by
3. ________________________________________________ ретiнде
  agissant en qualite de, acting in the capacity of
4. __________________________________ мөрiмен/мөртаңбасымен
    бекiтiлдi
   est revetu du sceau/timbre de, bears the seal/stamp of
           Куәландырылды, Atteste, Certified
5. _________________           6.____________________ күнi
   a, at                           le, the
7. кiммен ________________________________________________
8. sous № ________________
9. Мөр/мөртаңба               10. Қолы ______________
   Sceau/timbre, Seal/stamp       Signature

«Қазақстан Республикасының әдiлет      
органдарынан және өзге де мемлекеттiк    
органдардан, сондай-ақ нотариустерден    
шығатын ресми құжаттарға апостиль қою жөнiнде»
мемлекеттiк қызмет көрсету стандартына   
2-қосымша                 

Р/с


Орталықтың атауы

Орталықтың орналасу мекен-жайы

Операциялық залдың телефон нөмiрi

Басшының телефон нөмiрi

1

Ақмола облысының ХҚО

Көкшетау қаласы, Әуезов көшесi, 189 «а» үй

40-10-76

40-10-63
қабылдау бөлмесi

2

Ақтөбе облысының ХҚО

Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесi, 109-үй

56-40-34

56-57-87
қабылдау бөлмесi

3

Алматы облысының ХҚО

Талдықорған қаласы, Тәуелсiздiк көшесi, 67 «б» үй

24-31-10

24-41-33
қабылдау бөлмесi

4

Атырау облысының ХҚО

Атырау қаласы, Авангардская көшесi, 2-23 «б» үй

28-39-14

28-40-14
қабылдау бөлмесi

5

Шығыс Қазақстан облысының № 1 ХҚО

Өскемен қаласы, Белинский көшесi, 37 «а» үй

47-14-96

28-94-67
қабылдау бөлмесi

6

Шығыс Қазақстан облысының № 2 ХҚО

Семей қаласы, 408-орам, 21-үй

33-57-97

33-55-93
қабылдау бөлмесi

7

Жамбыл облысының ХҚО

Тараз қаласы, Қойгелдi көшесi, 158 «а» үй

43-84-15

43-84-14
қабылдау бөлмесi

8

Батыс Қазақстан облысының ХҚО

Орал қаласы, Жамбыл көшесi, 81-үй

23-67-16

23-68-81
қабылдау бөлмесi

9

Қарағанды облысының ХҚО

Қарағанды қаласы, Чкалов көшесi, 7-үй

41-63-03

41-63-10
қабылдау бөлмесi

10

Қостанай облысының ХҚО

Қостанай қаласы, Таран көшесi, 114-үй

53-45-74

54-10-20
қабылдау бөлмесi

11

Қызылорда облысының ХҚО

Қызылорда қаласы, Мұратбаев көшесi, н/ж

23-09-15

23-08-46
қабылдау бөлмесi

12

Маңғыстау облысының ХҚО

Ақтау қаласы, 15 шағынаудан, 67 «б» үй

42-23-14

42-23-12
қабылдау бөлмесi

13

Павлодар облысының ХҚО

Павлодар қаласы, Павлов көшесi, 48-үй

33-47-54

33-47-35
қабылдау бөлмесi

14

Солтүстiк Қазақстан облысының ХҚО

Петропавл қаласы, Әуезов көшесi, 157-үй

33-21-12

33-31-03
қабылдау бөлмесi

15

Оңтүстiк Қазақстан облысының ХҚО

Шымкент қаласы, Мәделi қожа көшесi, н/ж

21-48-43

30-06-79
қабылдау бөлмесi

16

Алматы қаласы Алмалы ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесi, 221-үй

378-09-10

378-09-09
қабылдау бөлмесi

17

Алматы қаласы Бостандық ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Ходжанов көшесi, 9-үй

249-69-04

248-17-77
қабылдау бөлмесi

18

Алматы қаласы Жетiсу ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Төле би көшесi, 155-үй

378-46-72

378-47-01
қабылдау бөлмесi

19

Алматы қаласы Медеу ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Марков көшесi, 44-үй

386-90-18

239-65-52
қабылдау бөлмесi

20

Алматы қаласы Түркiсiб ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Зорге көшесi, 9-үй

234-09-27

234-09-35
қабылдау бөлмесi

21

Астана қаласы Алматы ауданының № 1. ХҚО

Астана қаласы, Жұбанов көшесi, 2-үй

37-21-94

37-02-06
қабылдау бөлмесi

22

Астана қаласы Алматы ауданының № 2 ХҚО

Астана қаласы, Күйшi Дина көшесi, 31-үй, 1,2,3 iүж

40-66-54

40-65-62
қабылдау бөлмесi

23

Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 1 ХҚО

Астана қаласы, Республика даңғылы, 43-үй

32-07-13 32-46-97

32-42-79
қабылдау бөлмесi

24

Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 2 ХҚО

Астана қаласы Тiлендиев даңғылы, 81, 85 үй.

37-70-46

37-74-34
қабылдау бөлмесi

«Қазақстан Республикасының әдiлет      
органдарынан және өзге де мемлекеттiк    
органдардан, сондай-ақ нотариустерден    
шығатын ресми құжаттарға апостиль қою жөнiнде»
мемлекеттiк қызмет көрсету стандартына   
2-1-қосымша                 

Р/с


Уәкiлеттi органның атауы

Уәкiлеттi органның орналасқан мекен-жайы

Бөлiмнiң телефон нөмiрi

Басшысының телефон нөмiрi

1

Астана қаласының Әдiлет департаментi

010000, Астана қаласы, Жеңiс даңғылы, 15 үй

(87172) 32-22-87,
32-32-95

39-12-13
қабылдау бөлмесi

2

Ақмола облысының Әдiлет департаментi

020000, Көкшетау қаласы, М. Горького көшесi, 37 үй

(87162) 25-08-88,
25-06-89

25-29-16
қабылдау бөлмесi

3

Алматы қаласының Әдiлет департаментi

050008, Алматы қаласы, Байзақов көшесi, 287 үй

(87272) 43-37-91,
42-69-94

77-55-45
қабылдау бөлмесi

4

Алматы облысының Әдiлет департаментi

488003, Талдықорған қаласы, Каблиса Жырау көшесi, 69-А үй

(87282) 24-47-18,
21-25-39

21-08-15
қабылдау бөлмесi

5

Ақтөбе облысының Әдiлет департаментi

030000, Ақтөбе қ., Абылхаир-хан пр., 51А үй

(87132) 56-30-80,
56-03-36

56-30-80
қабылдау бөлмесi

6

Атырау облысының Әдiлет департаментi

060006, Атырау қаласы., Баймуханова көшесi, 16А үй

(87122) 35-75-10

35-75-38
қабылдау бөлмесi

7

Шығыс Қазақстан облысының Әдiлет департаментi

070002, Өскемен қаласы, Ворошилов көшесi, 6 үй

(87232) 22-26-61,
47-87-19

47-87-17
қабылдау
бөлмесi

8

Жамбыл облысының Әдiлет департаментi

080000, Тараз қаласы, Қойгелды көшесi, 158А үй

(87262) 45-20-89

43-05-05
қабылдау
бөлмесi

9

Батыс Қазақстан облысының Әдiлет департаментi

090006, Орал қаласы, Достык даңғылы, 208 үй

(87112) 51-52-69

51-35-45
қабылдау бөлмесi

10

Қарағанды облысының Әдiлет департаментi

100019, Карағанды қаласы, Жамбыл көшесi, 11А үй

(87212) 42-05-33,
42-05-39

42-05-33
қабылдау бөлмесi

11

Қостанай облысының Әдiлет департаментi

110000, Қостанай қаласы, Таран көшесi, 38 үй

(87142) 54-89-08,
54-82-23

54-82-23
қабылдау бөлмесi

12

Қызылорда облысының Әдiлет департаментi

120014, Қызылорда қаласы, Айтеке би көшесi, 29 үй

(87242) 26-27-43,
26-17-30

26-19-35

13

Маңғыстау облысының Әдiлет департамент

130000, Ақтау қаласы, 12 шағын ауданы, 8 үй

(87292) 43-31-54

42-05-70
қабылдау бөлмесi

14

Павлодар облысының Әдiлет департаментi

140000, Павлодар қаласы, Ленин көшесi, 18 үй

(87182) 32-16-21,
32-15-67

32-32-58
қабылдау бөлмесi

15

Солтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментi

150010, Петропавл қаласы, Конституция көшесi, 72 үй

(87152) 33-44-42,
33-76-66

33-26-35
қабылдау бөлмесi

16

Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментi

160012, Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесi, 16 үй

(87252) 53-29-47,
23-32-71

23-23-76
қабылдау бөлмесi

«Қазақстан Республикасының әдiлет      
органдарынан және өзге де мемлекеттiк    
органдардан, сондай-ақ нотариустерден    
шығатын ресми құжаттарға апостиль қою жөнiнде»
мемлекеттiк қызмет көрсету стандартына   
3-қосымша                 

Кесте. Сапа мен қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәнi

Сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылдағы нысаналы мәнi

Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдағы мәнi

1. Уақтылылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызметтi ұсыну оқиғалары % (үлесi)










1.2. Қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың % (үлесi)










2. Сапасы

2.1. Қызмет көрсетулердi ұсыну процесiнiң сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)










2.2. Құжаттар дұрыс ресiмдеген жағдайлары (жүргiзiлген төлемдер, есеп айырысулар және т.б.) % (үлесi)










3. Қол жетiмдiлiк

3.1. Қызмет көрсетулердi ұсыну тәртiбi туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)










3.2. Тұтынушылар құжаттарды дұрыс толтырған және бiрiншi тапсырған оқиғалардың % (үлесi)










3.3. Интернет арқылы қол жетiмдi қызмет көрсетулердiң, ақпараттардың % (үлесi)










4. Шағымдану процесi

4.1. Қызмет көрсетудiң осы түрi бойынша қызмет көрсетiлген тұтынушылардың жалпы саны мен негiзделген шағымдардың % (үлесi)










4.2. Белгiленген мерзiмде қаралған және қанағаттандырылған негiздi шағымдардың % (үлесi)










4.3. Шағымданудың қолданыстағы тәртiбiмен қанағаттандырылған тұтынушылардың % (үлесi)










4.4. Шағымдану мерзiмiмен қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)










5. Сыпайылық

5.1. Қызметкерлердiң сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесi)










«Қазақстан Республикасының әдiлет      
органдарынан және өзге де мемлекеттiк    
органдардан, сондай-ақ нотариустерден    
шығатын ресми құжаттарға апостиль қою жөнiнде»
мемлекеттiк қызмет көрсету стандартына   
4-қосымша                 

_________________________ бастығына


___________________________________
(өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә.)     
___________________________________
(тұратын мекен-жайды көрсету)   
___________________________ тұратын
Жеке басты куәландыратын құжаттың
№ _________________________________
(құжаттың № және атауы, қашан, кiм
берген)

Апостиль қоюға
ӨТIНIШ

      _________________________________________________________


                        (құжаттың атауы мен мазмұны,
_____________________________________________________________________
_________________________________ көшiрмесiне апостиль қоюды өтiнемiн
қашан және қандай орган берген)
__________________________________________ нотариуспен куәландырылған
          (нотариустың Т.А.Ә.)
_____________________________________________________________________
      Апостильдендiрiлген құжат _____________________________________
                                   (құжат жiберiлетiн елдiң атауы)
органдарына тапсыру үшiн қажет

      Өтiнiшке:


      - жеке басты куәландыратын құжатты;
      - апостиль қоятын құжатты;
      - мемлекеттiк баж салығын төленгенi туралы түбiртектi;
      - нотариуспен куәландырылған сенiмхатты (егер құжатты сенiмхат бойынша апостильдеу болса) коса ұсынамын.
                                          ___________________________
                                            (өтiнiш берушiнiң қолы)
                                            20__ ж «__» _____________
________________________________________________________
(апостиль қойған лауазымды тұлғаның Т.А.Ә.)
_________________________ журнал бойынша №
---------------------------------------------------------------------
                           (жыртып алу жерi)
200_ «__» _________________ апостиль қоюға _________________ құжаттар
__________________________________________________________ тапсырылды
Құжаттарды беру уақыты 200_ жылғы «__» _______________________.
Маман _____________________________________ (тегi, аты, әкесiнiң аты)

_________________________ бастығына


___________________________________
(өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә.)     
___________________________________
(тұратын мекен-жайды көрсету)   
___________________________ тұратын
Жеке басты куәландыратын құжаттың
№ _________________________________
(құжаттың № және атауы, қашан, кiм
берген)

Апостиль қоюға
ӨТIНIШ

      _________________________________________________________


                        (құжаттың атауы мен мазмұны,
_____________________________________________________________________
_____________________________________________ апостиль қоюды өтiнемiн
қашан және қандай орган берген)
      Апостильдендiрiлген құжат _____________________________________
                                   (құжат жiберiлетiн елдiң атауы)
органдарына тапсыру үшiн қажет

      Өтiнiшке:


      - жеке басты куәландыратын құжатты;
      - апостиль қоятын құжатты;
      - мемлекеттiк баж салығын төленгенi туралы түбiртектi;
      - нотариуспен куәландырылған сенiмхатты (егер құжатты сенiмхат бойынша апостильдеу болса коса ұсынамын).
                                          ___________________________
                                            (өтiнiш берушiнiң қолы)
                                            20__ ж «__» _____________
________________________________________________________
(апостиль қойған лауазымды тұлғаның Т.А.Ә.)
_________________________ журнал бойынша №
---------------------------------------------------------------------
                           (жыртып алу жерi)
200_ «__» _________________ апостиль қоюға _________________ құжаттар
__________________________________________________________ тапсырылды
Құжаттарды беру уақыты 200_ жылғы «__» _______________________.
Маман _____________________________________ (тегi, аты, әкесiнiң аты)

_________________________ бастығына


___________________________________
(өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә.)     
___________________________________
(тұратын мекен-жайды көрсету)   
___________________________ тұратын
Жеке басты куәландыратын құжаттың
№ _________________________________
(құжаттың № және атауы, қашан, кiм
берген)

Апостиль қоюға
ӨТIНIШ

      _________________________________________________________


                        (құжаттың атауы мен мазмұны,
_____________________________________________________________________
_________________________________ көшiрмесiне апостиль қоюды өтiнемiн
қашан және қандай орган берген)
__________________________________________ нотариуспен куәландырылған
          (нотариустың Т.А.Ә.)
_____________________________________________________________________
      Апостильдендiрiлген құжат _____________________________________
                                   (құжат жiберiлетiн елдiң атауы)
органдарына тапсыру үшiн қажет

      Өтiнiшке:


      - жеке басты куәландыратын құжатты;
      - апостиль қоятын құжатты;
      - мемлекеттiк баж салығын төленгенi туралы түбiртектi;
      - нотариуспен куәландырылған сенiмхатты (егер құжатты сенiмхат бойынша апостильдеу болса).
                                          ___________________________
                                            (өтiнiш берушiнiң қолы)
                                            20__ ж «__» _____________
________________________________________________________
(апостиль қойған лауазымды тұлғаның Т.А.Ә.)
_________________________ журнал бойынша №
---------------------------------------------------------------------
                           (жыртып алу жерi)
200_ «__» _________________ апостиль қоюға _________________ құжаттар
__________________________________________________________ тапсырылды
Құжаттарды беру уақыты 200_ жылғы «__» _______________________.
Маман _____________________________________ (тегi, аты, әкесiнiң аты)

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет