«2013-2017 жылдарға болашақтағы жоспары және 2013 жылдың 9 айында Первороссийское ауылдық округінің әлеуметтік – экономикалық даму қорытындысы туралы» Первороссийское ауылдық округінің әкімінің міндетін атқарушының есеп беру баяндамасы
Қымбатты округ тұрғындары!
Қазақстан Республикасның Президенті, ұлттың Көш басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жыл сайынғы халыққа жүгінуі әрқашан жеткен жетістіктер сараптамасына және алдағы келешек негізделген, бастысы – біздің жалпы мақсаттарымызға жетуге біріккен жолды ұсынады: қазақстандықтардың жағдайын жоғарылату, біздің мемлекетіміздің дамуына тұрақтылық пен сәттілік.
2013 жылғы Жолдау – ол қалыптасқан мемлекеттік жаңа саяси бағыты. «Қазақстан-2050» Стратегиясы жаңа деңгейдегі «Қазақстан-2030» Стратегиясының үйлесімді дамуы. Бұл 2050 жылы біз кімбіз, қайда барамыз, қайда болғымыз келеді деген сұраққа жауап. Егеменді Қазақстан соңғы даму жалдары көп жетістіктерге жетті. Ел басы айтқандай, біз тек қана алға жүруіміз және бізде ісіміздің нақты жоспары болды.
Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын, қазақстандықтармен үлкен шабытпен қарсы алынды, оның тереңдегі мағынасы ол біздің еліміздің жаңа дәуіріне аяқ басқанын көрсетеді.
Қазақстанды Нурсултан Назарбаев 2050 жылға дейін қалай көреді?
- Бұл күшті, тұрақты және нық мемлекет, оның әлеуметтік негізін орташа тап құрайды.
- Бұл заманауи технологияларды меңгерген ел.
- Бұл адал бәсекелестік және демократиялық принциптерге негізделген икемді және нәтижелі саясат жүйесі бар ел.
«ХХІ ғасыр Қазақстан үшін алтын» деп Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай осының барлығы бейнелі мақсатқа жетуді қамтамасыз етуі қажет.
2013 жылғы 15 тамыздағы «Тұрғындармен әкімдердің есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Ел Басының №615 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында барлық деңгейдегі әкімдердің тұрғындарға есеп беру кездесулері өтеді. Әр тұрғылықты пунктегі мақсаттарға жету және мәселелерді шешу қалай шешіледі, жыл сайын аймақтар бойынша осындай есеп беру кездесулерінде анықталады.
Тамыз айында 4 жыл мерзімге, барлық деңгейдегі әкімдердің сайлауы болды. Мемлекеттік қызметкерлердің осы санаттағы жаңа талаптарына сәйкес ауданда 5 ауылдық әкім және Зубовск кентінің әкімдері ауыстырылды. Бұдан басқа, ауылдық округ әкімдері саяси санаттан әкімшілікке ауыстырылды. Округтің қоғамдық өкілдері, аудандық маслихат депутаттары маған округ әкімі жұмысын жалғастыруға сенімділік көрсетті. Қазіргі уақытта ҰҚК органдарымен арнайы тексеру қорытындысына дейін әкімнің міндетін атқарушымын.
«Қазақстан Республикасында өзін өзі басқару және жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңын дамыту процессі жалғастырылуда. Округтің өзін өзі басқару органдарымен қаражатты жинақтау үшін Қазынашылықта қосымша есеп ашылды, заңнама актілеріне сәйкес жүргізіледі. Республикалық органдардың штатының қысқарту есебінен ауылдық әкімдіктердің штаттық кестесі көбейтілді. Біздің округте мемлекеттік қызметкердің 1 бірлігі қосылды.
Соңғы 9 айда Первороссийское ауылдық округінің әлеуметтік – экономикалық дамуын қорытындылай отырып, келесіні айта кеткім келеді: Первороссийское ауылдық округі 1957 жылы құрылған. Оның аумағында үш тұрғылықты пункт бар: Первороссийское, Дородница және Васильевка ауылдары. Ауылдық округ орталығы Первороссийское ауылы. Округ аумағы - 59016 га. Ауылдық округ аудан орталығынан 40 шақырымда орналасқан, онымен байланыс автомобиль және темір жол транспорттарымен жүзеге асырылады. Округте барлығы 411 аула бар, тұрғындар саны 1185 адамды құрайды, оның 726 экономикалық белсенді.
Ауылшаруашылық кешенінің ауыл аймағында дамытудың мемлекеттік бағдарламасын сәтті жүзеге асыру нәтижесінде округте ауылшаруашылығы заманауи және нәтижелі. Соңғы жылдары ауылшаруашылық құрылымдарының іріленуі болды. Егер олар 13 болса, ал бүгінгі күні Первороссийское ауылдық округінде сегіз ауылшаруашылық құрылымдары жұмыс істейді, олар егіншілікпен, мал шаруашылығымен және қой шаруашылығымен айналыса отырып округтің дамуына және жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға үлкен үлесін қосады. . Жыл сайын олар жақсы дәнді дақыл өнімдерін алады, ІҚМ, қойлар мен жылқылардың бас саны жоғарылайды, көліктік- тракторлық паркі жаңартылады.
Егіншілік ауылдық округтің ауылшаруашылық өндірісінің басты бағыты. Дәнді өңдеу өнеркәсібінде 2 ЖШС және 4 шаруа қожалығы жұмыс істейді. 2013 жылы дәнді дақылды егі алаңы 4681 гектарды құрады, оның 4200 гектары астыққа, 351 гектары жемге, 633 гектары майлы дақылдарға, 130 гектары қарақұмыққа, 153 гектары рапсқа, 100 гектраы жүгеріге құрылды. Көп жылдық және бір жылдық шөптерге 253 гектар жер бар. 2014 жылғы 450 гектар өнімге өңделді.
Ауыл шаруашылықтың даму динамикасын сараптай отырып айта кету керек, астық өндіріу 2 есеге көбейді, өнімділік жоғарылады, жер өңдеу мәдениеті көбейді. . Егіншік саласының басты бағыты дәнді дақылдарды күту болып табылады, ол егілетін алқаптың 92% құрайды. Егіс алқаптарының ауданының құрылымын өзгерту шеңберінде, астық егуді азайту есебінен майлық, жемдік және басқа да мәдениеттер ауданы көбейтілді. Ауылшаруашылық өнімдерін сақтау үшін ауылдық округтің ауылшаруашылық құрылымдарында сәйкес ғимараттар мен алаңдар бар. Шаруа қожалық басшыларымен ауыл шаруашылық техникасын сатып алу жұмыстары жүргізілуде. «Дородница» ШҚ жалпы сомасы 35 млн.теңгеге, ал «Антюхов» ШҚ 1,5 млн.теңгеге ауылшаруашылық техникасын сатып алды. Агроөнеркәсіп кешенінің негізгі саласыныңбірі болып мал шаруашылығы болып табылады. Ауылдық округ аймағында ауылшаруашылық малдардың санының жоғарылауы байқалады. Біздің округтегі шабындық жерлердің, жайылымдардың, жем- шөптің жеткіліктігі мал шаруашылық өнімдерін өсіріп және дамытуға мүмкіндік береді. 2013 жылдың 9 айында ІҚМ саны 170% өсті, соның ішінде сиыр 182%, КММ 204%, жылқы 234%, және құс 164% жоғарылады.
Округтің ауыл шаруашылығында 1091 ІҚМ, 720 КММ, 220 жылқы бар. Бұрындарда округ аймағында шошқа шаруашылық кешені болған, онда 7000 мың шошқа ұсталынған, бірақ қазіргі уақытта шошқа шаруашылығымен емкім айналыспайды. «Бизнес – 2020 жол картасы» бағдарламасы шегінде ЖК В.С. және А.С. Козловтармен шошқалар үшін жемдеу алаңын құру бойынша 3000000 теңге сомасында жоба жүзеге асырылды, қазіргі уақытта 200 бас шошқа ұсталынады.
Жоғары екпінмен қой шаруашылығы дамып келеді. Ветеринария ғылымының докторы Антюхов В.М. басқаруымен «Антюхов В.М.» ШҚ қой өсірумен ғана айналыспайды, сонымен қатар сұрыптаумен айналысады.
Ауылдық округтің жеке шаруашылықтарында 272 бас ІҚМ, 38 бас КММ, 66 бас жылқы, 291 бас шошқа және 4406 бас құс санлды.
Округ аймағында ара шаруашылығы дамыған, тұрғындарда 575 ара ұясы бар. ЖК Н.Н. Шульгин қосымша ара шаруашылығымен айналысады.
Округ аймағында 13 жеке кәсіпкерлер тіркелді. Бүгінгі күні округ аймағында күнделікті қажетті тауарларды жүзеге асыратын тоғыз дүкен жұмыс істейді. Васильевка және Дородница ауылдарында наубайханалар жұмыс істейді.
Биылғы жылы ауылдық округтің жеке кәсіпкердерімен және ауыл шаруашылық ұйымдарымен мемлекеттік – жеке серіктестік және әлеуметтік корпаративтік принципті басшылыққа ала отырып жапы сомасы 3 700 000 теңгеге Меморандумдар жасалды, олардың жартысы орындалды.
Заңнамаға сәйкес әкім аппаратында азаматтардың жазбаша және ауызша өтініштерін қарастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2013 жылдың 9 айында жеке және заңды тұлғалардан 24 өтініш түсті. Барлық өтініштер бойынша шаралар қабылданды.
Бюджетке 202785 теңге салық жиналып тапсырылды, ол100% құрайды.
58 нотариалдық істер жүргізілді, 7425,99 теңге мемлекеттік баж салығы алынды.
167 қосалқы шаруашылығы туралы анықтама, 100 ветеринарлық анықтама, 429 ветеринарлық құжаттар берілді. 9 ай ішінде округ әкімінің 83 өкімі қабылданды.
Округтің қандай даму жоспарлары бар. Соңғы жылдары округте бала туу жоғарылағанын айта кету керек. Жас мамандар көптеп келуде және қалуда. Округте адамдардың өмірі мен тұрмысы үшін барлық жағдайлар жасалынған. Округтің әр тұрғылықты пунктында шағын орталықтар, дәрігерлік мекемелер бар. Первороссийское ауылында ауылдық клуб, балалар алаңы бар. Абаттандыру бағдарламасы шеңберінде барлық ауылдарда көшелік жарықтандыру қайтадан жаңғыртылды, сумен қамтылған, бірақ Васильевка жәнек Первороссийское ауылдарында сумен қамтуда кейбір мәселелер бар, мәселені шеші үшін су құбыр жүйесін коммуналдық меншікке беру процессі жүргізілуде. Округ аймағында телекоммуникация жүйесін дамыту жалғастырылуда. CDMA-400 орнату телефондарды орнату мәселесін шешуге мүмкіндік берді, «Алси – Скад» ЖШС берген кең желісті интернет қызметін барлық білім беру мекемелері, мәдениет, мемлекеттік органдар, тұрғындар пйдалануға мүмкіндік алды.
Сонымен қатар айта кету керек ауылдық округ аймағында қызмет көрсету саласы дамымаған. «Бизнес -2020 жол картасы» жүзеге асыруға қатысу шеңберінде жеке кәсіпкерлер мен жеке тұлғаларға ауылдық округ аймағында наубайхана, шаштараз, тамақтану пунктарын, ТҚС жол бизнесін және кәсіпкерлікті дамытудың басқа да бағытын ашуға ақшалай жәрдемдесуге және кепілдік беруге маүмкіндік береді. Первороссийское ауылында Фрунзе көшесі 15 үй мекен жай бойынша ЖК О.Г. Бояринованың наубайханасын және Горький көшесі 15 үй мекен жайы бойынша Голубкова О.В. дөңгелек жөндеу шеберханасын ашу жоспарлануда, оларға ауылдық әкімдік жағынан құжаттырды жинау және рәсімдеуге көмек көрсетілді. Бұдан басқа Первороссийское ауылында ЖК Н.П.Лебедеваның өндіріс тауарларын жүзеге асыру бойынша дүкені ашылады. Жоғарыда айтылған кәсіпорындардың ашылуы қосымша 7 жұмыс орынын құруға мүмкіндік береді, бірақ ол ауылдағы жұмыс мәселесін шешпейді. Жыл бойғы жұмыстың жоқтығы, ауыл тұрғындарының басқа экономикалыфқ белсенді жерлерге көшуінің бірден бір себебі. Осы мәселені шешудің негізгі мақсаты ауыл шаруашылықтың мал шаруашылық саласын қайтадан жаңғырту(анықтама үшін: 1991 жылы округте жеке секторды санамағанда 6700 бас ІҚМ, 6300 шошқа, 600 ат ұсталынды). Егер Дородница ауылында мал шаруашылығы, Первороссийское ауылында қой шаруашылығы дамыған, ал Васильевка ауылындағы жөндегенннен кейін қажеттілікке пайдалануға ғимараттардың келешегі зор, ал 7500 га жер қоры, оның ішінде 6700 га жайылым және 680 га шабындықтың бар болуы қажетті мал азық базасын құрайды. Бұдан басқа Мякотиха және Верхталовка мекені марал шаруашылығын жүргізуге ыңғайлы.
Округ ауылдарының тұрақты дамуы және тұрғындардың толқытай тіршілік қарекетін құрастыру 2013-2017 жылдарға негізгі мақсаттары болып табылады. :
№
|
Объектінің атауы
|
Сома мың.теңге
|
Жоспарланған құрылыстың басталатын жыл
|
1
|
Первороссийское ауылының сумен қамту жүйесін жөндеу
|
55000
|
2014 ж - жобалық сметалық құжат
2015г қайтадан жөндеу
|
2
|
Васильевка ауылының сумен қамту жүйесін жөндеу
|
8000
|
2014 ж - жобалық сметалық құжат
2015г қайтадан жөндеу
|
3
|
Первороссийское ауылындағы көшелік жарықтандыруын жаңғырту
|
4200
|
2014 ж - жобалық сметалық құжат
2015г қайтадан жөндеу
|
4
|
Васильевка ауылының Верхняя көшесінің көшелік жарықтандыруын жаңғырту
|
400
|
2014 ж
|
5
|
Первороссийское ауылындағы көшелерінің орташа жөндеуі.
|
23400
|
2017ж
|
6
|
Первороссийское ауылындағы Грибакиных, Кирова, Фрунзе көшелеріндегі асфальтты – бетон жабынының ағымдағы жөндеуі.
|
6100
|
2014 ж
|
7
|
Дородница ауылына кіре беріс жолдағы су өткізетін құбырдың қайтадан салу
|
10000
|
2014 ж
|
8
|
Первороссийское, Дородница, Васильевка ауылдарындағы жетілдірілген қоқыс тастайтын жердің құрылысы
|
21900
|
2014 ж – жобалық сметалық құжат
2015 ж - 2016 ж құрылыс
|
9
|
Мемориалдық кешенді жөндеу
|
1750
|
2014 ж
|
10
|
Первороссийское ауылында спорт алаңшасының құрылысы (баскетбол, волейбол, теннис ойындары үшін)
|
1600
|
2014 ж
|
11
|
Первороссийское ауылындағы клубтың сахнасының еденін жөндеу
|
500
|
2013 ж
|
12
|
Первороссийское ауылындағы ауылдық клубты жөндеу
|
5000
|
2015 ж
|
13
|
Округ ауылдарын абаттандыру (ұзақ уақыт пайдаланылмайтын объектілерді бұзу, адамдардың өміріне, малдарға және үйлерге қауіп төндіріп тұрған ағаштарды кесу)
|
15500
|
2013 ж
|
14
|
Первороссийское ауылындағы мал қорымының құрылысы
|
8850
|
2014 ж
|
15
|
«Козлов А.С.» ШҚ және «Козлов В.С.» ШҚ шошқа қора ғимаратын қалпына келтіру
|
5500
|
2014 ж
|
16
|
«Козлов С.П.» ШҚ-да мал сою алаңшасының құрылысы
|
1750
|
2014 ж
|
18
|
«Дородница» ШҚ ғимаратының мал қора ғимаратын қалпына келтіру
|
210
|
2013 ж
|
19
|
«Первороссийское орта мектебі» КММ ғимаратының қасбетін жөндеу
|
2000
|
2015 ж
|
20
|
«Первороссийское орта мектебі» КММ сумен қамту жүйесін жөндеу
|
7000
|
2017 ж
|
21
|
Первороссийское ауылында мектеп жанындағы интернатты жабдықтау.
|
3000
|
2014 ж
|
22
|
Егіншілік өнімін өңдеу бойынша цехты орналастыру ғимаратын қалпына келтіру
|
4700
|
2014 ж
|
2014 жылы Васильевка және Дородница негізгі мектептерін бастауышқа ауыстыру жоспарлануда.
«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша ауылдық округ тұрғындарының есебінен 2014 жылы – 5 адамды, 2015 жылы 7 адамды. 2016 жылы 8 адамды, 2017 жылы -9 адамды оқыту жоспарлануда.
Первороссийское ауылдық округінің әкімінің м.а. А.Попукалов
Достарыңызбен бөлісу: |