2013 ж. 4-тоқсанындағы Жеке тұлғалардың депозиттерІ нарығына қысқаша ақпараттық шолу



Дата27.02.2016
өлшемі315 Kb.
#28172


ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДЕПОЗИТТЕРГЕ КЕПІЛДІК БЕРУ ҚОРЫ

Жарналардың дифференциалды мөлшерлемелерін есептеу және методологиясы департаменті



2013 ж. 4-тоқсанындағы

Жеке тұлғалардың депозиттерІ нарығына

қысқаша ақпараттық шолу

1. Жеке тұлғалардың депозиттер нарығының тенденциясына шолу

Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердегі жеке тұлғалардың депозиттері бойынша жиынтық мәліметтерге сәйкес, 4-тоқсан бойынша ағымдық және карт-шоттардағы қалдық сомаларды қосып есептегенде қабылданған депозиттер мөлшері 195,9 млрд. теңгені құрады. Осылайша, халықтың депозиттік қоржыны 3,9 трлн. теңгеге дейін өсті, сонымен қатар, ұлттық валюта бойынша ақша салымы 4-тоқсанда алдыңғы тоқсандағыдай депозиттердің жиынтық қоржынының 56%-ын құрады.

Аталған тоқсанда теңгедегі салымдар 5,3%-ға (немесе 106,8 млрд. теңгеге) артты, ал шетел валютасындағы салымдар 6,3%-ға (+89,1 млрд. теңге) өсті.
1-диаграмма. Жеке тұлғалардың депозиттік қоржынының тоқсандық өзгерісі (млрд. теңге)

Әдеттегідей, халықтың депозиттерінің жиынтық қоржынында негізгі бөлікті жалпы үлесі 87,3% немесе 3,4 трлн. теңге және оның тоқсандық өсімі 137,7 млрд. теңге немесе 4,2% болатын мерзімді және шартты салымдар құрады. Шетел валютасындағы мерзімді және шартты салымдардың түсімі ұлттық валютадағы салымдардағы өзгерістен 1,8 есеге артық болды.

2-диаграмма. Жеке тұлғалардың депозиттік қоржынының депозиттер сомасы және шоттардың саны бойынша құрылымы







Мөлшері 5 млн. теңгеге дейінгі мерзімді және шартты салымдар көлемі тоқсан ішінде 65,2 млрд. теңгеге (немесе 5,6%) өсіп, жиынтық қоржынның 31% құрады. Бұл өсім қарастырылып отырған кезеңде 5 млн. теңгеден асатын депозиттермен салыстырғанда ең жоғарғы көрсеткіш болды. Депозит базасының 12,8% құрайтын 5млн.-нан 15 млн. теңгеге дейінгі мерзімді салымдар 24,9 млрд. теңгеге (немесе 5,2%) көбейді. Жиынтық қоржынның ең үлкен үлесін құрайтын 43,5%, 15 млн. теңгеден жоғары мерзімді және шартты салымдар 47,7 млрд. теңгеге өсті (+2,7%). Халықтың талап етілгенге дейінгі салымдары тоқсан ішінде 5,2% немесе 1,8 млрд. теңгеге өсті. Олардың жеке тұлғалардың депозиттік базасындағы үлесі сол күйінше 0,9% құрады. Ағымдағы және карт-шоттардағы жиынтық қалдықтары 2013 ж. соңында 56,4 млрд. теңгеге (немесе 13,9 %) өсіп, 463,2 млрд. теңгені құрады.

Қосымша айта кететін болсақ, барлық жеке тұлғалар депозиттерінің 5,4% немесе 212 млрд. теңге, оның ішінде ағымдық және карт-шоттардағы сомалар банктің басқарушы қызметкерлеріне, сонымен бірге 5% және одан жоғары дауыс беру құқығы бар акцияларға ие акционерлер мен олардың жақын туыстарына тиесілі. Есептік тоқсан ішінде мұндай депозиттер сомасы 6,5 млрд. теңгеге немесе 3%-ға төмендеді.

Екінші деңгейдегі банктердегі жеке тұлғалардың депозиттері бойынша Қор өтеуге қажетті кепілдік берілген өтемнің мөлшері 2013 жылдың 1 қаңтарындағы жағдайы бойынша 2,2 трлн. теңгеге жетті. Сонымен бірге, есеп беретін күнге тоқсандағы Қордың арнайы резерві Қордың жарғылық капиталының қаражатын есептемегенде 162,4 млрд. теңгені құрады. Заңнама бойынша, Қордың арнайы резервінің тапшылығы кезінде Қор акционерінің рұқсатымен Қордың жарғылық капиталының 70% қолдануға болады. Осылайша, есеп беретін күнге Қордың арнайы резервінің максималды мүмкін мөлшері 275,2 млрд. теңгені құрады.

Есептік тоқсанның қорытындысы бойынша «БАТА» міндетті күнтізбелік сараланған жарналар мөлшерлемелерін есептеу жүйесіне сәйкес, банктердің басым бөлігі 0,11% тоқсандық жарналы «C» (13 банк) және 0,19% тоқсандық жарналы «D» (10 банк) топтарына жатады. Бұл тоқсанда 7 қатысушы банктер өздерінің көрсеткіштерінің төмендеуіне байланысты жарна мөлшері жоғары топқа көшті. 6 қатысушы банктер 0,5% тоқсандық жарналы «S» жіктеу тобына анықталды. Қалған 28 банктер топтарында өзгеріссіз қалды.

3-диаграмма. «БАТА» Жүйесінің жіктеу топтарындағы банктердің тоқсандық динамикасы

2013 жылдың 4-тоқсаны бойынша қатысушы банктермен төленген міндетті күнтізбелік жарналар жиынтығы 8,9 млрд. теңгені құрады және өткен мерзіммен салыстырғанда 1526,1 млн. теңгеге өсті, ол банктердің рейтингілерінің нашарлануымен және сәйкесінше күнтізбелік жарналар мөлшерлемелерінің өсуімен байланысты.

2014 ж. 1 ақпандағы жағдайы бойынша Қор төлеген кепілдік берілген өтемнің жиынтық сомасы Наурыз Банкі бойынша 679,5 млн. теңгені, ал Валют-Транзит Банкі бойынша 13,9 млрд. теңгені құрады. Қордың Наурыз Банкінің ликвидациялық комиссиясынан кепілдік берілген өтемді төлеген сомасы бойынша талаптарын қанағаттандыру барысында алынған сома мөлшері 679,4 млн. теңге немесе ликвидациялық коммиссиясына қойылған барлық талап сомасының 88%, ал Валют-Транзит Банкі бойынша 8,1 млрд. теңге немесе Қордың ликвидациялық коммиссиясына қойылған талап сомасының 56,9% өндірілді.



Қосымша

2014 жылдың 1 қаңтарына сәйкес



қатысушы банктердің жеке тұлғалар депозиттері бойынша мәліметтерінің жиынтығы











мың теңге





п/п


Аталуы

Сомасы

4- тоқсандағы өзгерісі

Шоттардың саны

1.

Талап етілгенге дейінгі салымдар, оның ішінде:

36 151 519,0

1 784 030,0

1 707 900

1.1.

теңгемен

20 641 713,0

3 956 480,0

1 574 633

1.2.

шетел валютасымен

15 509 806,0

-2 172 450,0

133 267




Банктің басқарушы қызметкерлеріне, сонымен бірге 5% және одан жоғары дауыс беру құқығы бар акцияларға ие акционерлер мен олардың жақын туыстарына тиесілі талап етілгенге дейінгі салымдар

4 875 433,0

-1 915 728,0

274

2.

Мерзімді және шартты салымдар, оның ішінде:

3 446 137 759,0

137 722 949,4

2 307 018

2.1.

теңгемен, оның ішінде:

1 778 409 237,0

48 458 379,4

1 756 470

 

1 млн. теңгеден аспайтын

287 018 842,0

9 902 368,9

1 415 410

 

1 млн.-нан бастап 3 млн. теңгеден аспайтын

387 814 335,0

19 531 560,4

239 271

 

3 млн.-нан бастап 5 млн. теңгеден аспайтын

207 298 145,0

11 313 012,9

54 230

 

5 млн.-нан бастап 10 млн. теңгеден аспайтын

201 492 798,0

5 668 371,8

31 171

 

10 млн.-нан бастап 15 млн. теңгеден аспайтын

75 513 617,0

1 387 355,9

6 332

 

15 млн. теңгеден жоғары

619 271 500,0

655 709,0

10 056

2.2.

шетел валютасымен, оның ішінде:

1 667 728 522,0

89 264 570,0

550 548

 

1 млн. теңгеден аспайтын

77 820 369,0

3 343 959,0

394 402

 

1 млн.-нан бастап 3 млн. теңгеден аспайтын

146 128 462,0

10 713 386,0

84 705

 

3 млн.-нан бастап 5 млн. теңгеден аспайтын

117 775 686,0

10 347 884,0

30 387

 

5 млн.-нан бастап 10 млн. теңгеден аспайтын

153 487 774,0

9 990 611,0

22 427

 

10 млн.-нан бастап 15 млн. теңгеден аспайтын

76 293 562,0

7 834 910,0

6 315

 

15 млн. теңгеден жоғары

1 096 222 669,0

47 033 820,0

12 312




Банктің басқарушы қызметкерлеріне, сонымен бірге 5% және одан жоғары дауыс беру құқығы бар акцияларға ие акционерлер мен олардың жақын туыстарына тиесілі мерзімді және шартты салымдар

204 068 852,4

-4 648 001,9

1 698

3.

Ағымдық шоттардағы ақша қалдықтары (карт-шоттағы қалдықты қоса есептегенде) оның ішінде:

463 216 257,0

56 356 998,0

17 400 633

3.1.

теңгемен

409 055 423,0

54 387 433,0

16 532 768

3.2.

шетел валютасымен

54 160 834,0

1 969 565,0

867 865




Банктің басқарушы қызметкерлеріне, сонымен бірге 5% және одан жоғары дауыс беру құқығы бар акцияларға ие акционерлер мен олардың жақын туыстарына тиесілі ағымдық шоттардағы ақша қалдықтары (карт-шоттағы қалдықты қоса есептегенде)

3 082 325,1

81 183,1

4 309

 

Жеке тұлғалардың теңге мен шетел валютасы бойынша барлық депозиттері

3 945 505 535,0

195 863 977,4

21 415 551





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет