2013 жылдың 12 айындағы бөлім жұмысы туралы.
Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінде білікті де сауатты жеті маман жұмыс істейді.
Бөлімнің жұмысы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» Заңдарына сәйкес құрылған.
Осыған орай бөлімде құқықтық және экономикалық оқу жүргізіледі. Бұл оқуларда бөлім қызметкерлерімен ар-намыс кодексінің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, бюджеттік заңнамалардың талаптарының орындалуы жан-жақты қарастырылады. Жыл басынан бері осындай тақырыптармен 16 оқу өткізілді.
Бөлімде іс-қағаздарды жүргізу барысы үнемі бақылауда тұрады. Облыс, аудан әкімдерінің тапсырмалары мен қаулыларының орындалуы туралы бақылау папкалары рәсімделген.
Бөлім қызметкерлерінің біліктілік талаптар жинағы әзірленіп, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басқармасында бекітілген. Бөлім қызметкерлерінің жеке бастарының істері мен қызметтік нұсқаулықтары заңнамалар талабына сәйкес рәсімделген. Сондай-ақ қолданыстағы заңнамаларға сәйкес көрнекті жерге «Мемлекеттік қызметкерлердің Ар-намыс Кодексі» ілінген, сенім телефоны, қабылданған азаматтарды тіркеу журналы және оларды қабылдаудың күні, сағаты анықталған. Мемлекеттік қызметкерлерді аттестаттау уақтылы жүргізіледі.
Экономика бүкіл елдің, оның ішінде жеке аймақтардың дамуының айрылмас бөлігі болғандықтан, бөлімнің қызметі халық шаруашылығының бар салаларын байланыстырады.
Жұмыс негізінен бюджеттік жоспарлау және ауданның әлеуметтік –экономикалық дамуымен байланысты. Жыл басында бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік тапсырыстарының, стратегиялық жоспарларының дұрыстығы тексеріліп, бюджеттің кіріс бөлігінің қаржы жоспары әзірленді. Күнделікті бюджетке түскен түсімдер бойынша мәлімет дайындалып, салық және басқа да салықтық емес түсімдер бойынша талдау жасалды.
2013 жылы бюджеттін 8 ңактылаулар мен 3 түзетулер өткізіліп, 8 мәслихат шешімінің жобасы және «Аудандық мәслихат шешімін жүзеге асыру туралы» әкімінің 8 қаулысы дайындалды. Бұдан басқа, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қосымша бюджеттік тапсырыстары қаралып, аудандық бюджеттік комиссияға қорытынды ұсынылды.
2013 жылы 4 тоқсандардың аудан әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша аудан әкімінің 4 қаулысы дайындалды. 2013 жылдың он екі айындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша аппарат мәжілісіне есеп әзірленді.
Бөлімде жүйелі түрде (ай-сайын, тоқсан сайын) ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы талданып, ауданның жағдайын көрсететін рейтингтің қорытындысы шығарылады. Ауданның ұйымдарымен, ауыл округтерінің әкімдерімен бірге аймақтық, салалық бағдарламалар әзірленіп, олардың орындалуы мен нәтижесі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бақылауында.
Жиынтық материалдар негізінде 2013 жылға арналған аудан паспорты жасалды. Анықталған мерзімге ауылдық елді мекендердің дамуының мониторингі өткізіледі.
Ауданда облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Сақтағанованың берген тапсырмасына сәйкес, салық базасын кеңейту мақсатында, ауданның кәсіпорындарындағы жұмысшылардың жалақыларын көбейту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын, Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, аумақтарды дамыту бағдарламаларын, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг, бағалау және бақылау жүргізу ережелерінің 178, 231 тармақтарына сәйкес: Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 1 шілдедегі №100 бұйрығымен бекітілген шұғыл есептілік жасау формасы және тәртібін қамтитын мемлекеттік органдардың стратегиялық және бағдарламалық құжаттар, стратегиялық жоспарлар мониторингісін өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулықтың 1 қосымшасына сәйкес есептілік формасы бойынша 2013 жылдың қорытындысы бойынша Аумақтарды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасына жүргізілген мониторинг туралы ақпарат экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына ұсынылды.
Аумақтарды дамыту бағдарламаны жүзеге асыру жоспарына сәйкес, 2013 жылдың 1 жартыжылдығында атқарылған жұмыстардың есебі оған жауапты атқарушы органдардың қатысуымен жазбаша және электронды түрде ШҚО экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне жіберілді.
Әкімдіктің 30.03.2012 жылғы №66 қаулысына сәйкес, Катонқарағай ауданы бойынша Катонқарағай, Алтынбел,Өрел ауылдарында үш тірек пункті анықталды. Осы тірек ауылдары бойынша 2012-2014 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді. 2013 жылы бұл жұмыстар жалғасын табылды. 2013 жылы аталған жоспарды жүзеге асыру мақсатында 665 980 мың теңге көліміндегі 63 жоба іске асырылды.
Сонымен қатар «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет,спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 18 ақпандағы №183 Қаулысына сәйкес, 2013 жылы 10 маманға жалпы 18 175 мың теңге көлемінде тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие берілді, соның ішінде 14 847 мың теңгесі білім саласының 8 мамандарына, 3 328 мың теңгесі денсаулық саласының 2 мамандарына берілді.
Жоғарыда аталған қаулысына сәйкес 2013 жылы 32 маманға жалпы 3 877,5 мың теңге көлеміндегі көтерме жәрдемақы берілді, олардың 2 302,2 мың теңгесі білім саласындағы 19 маманға, 1 211,7 мың теңгесі денсаулық саласындағы 10 маманға, 121,2 мың теңгесі әлеуметтік саланың 1 маманға, 242,4 мың теңгесі мәдениет саласының 2 мамандарға берілді.
Бөлім құзыретіндегі сұрақтар бойынша қажетті анықтама мен мәліметтер уақтылы дайындалады.
Бөлімде жоғары тұрған органдардың, ұйымдардың, мекемелердің хаттарына, азаматтардың өтініштері мен арыздарына дер кезінде жауаптар берілуі қатаң бақылауға алынған.
Экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімінің бастығы Ж.Большманова
Достарыңызбен бөлісу: |