Қызылорда облысының 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы
ҮИИД. 2011 жылы жалпы құны 57 млрд.теңге құрайтын 29 жоба іске асырылды, 1000-ға жуық жаңа жұмыс орындары ашылды.
Оның ішінде, Индустрияландыру картасы аясында жалпы құны 53 млрд.теңге құрайтын 11 жоба іске асырылып, 728 жаңа жұмыс орындары құрылған.
Атап айтқанда, күкірт қышқылы зауытының құрылысы, күкірт қышқылын сақтау терминалы және Ақшабұлақ кенішіндегі ГТЭС-н іске қосу секілді ірі жобалар іске асырылған. 2011 жылы жобалардың басым бөлігі, яғни 29 жобаның 15-і, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Өнеркәсіп өндірісі. 2011 жылы облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарының өнім өндіру көлемі алғашқы рет 1 трлн.теңгеден асты, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің өнім шығару көлемі 1,6%-ға артты.
Ауыл шаруашылығында 44,7 млрд.теңгеге өнім өндірілген. Мал басының саны көбейді, оған сәйкес ет пен сүт өндіру сәйкесінше 0,4% және 2,2%-ға артты.
Кәсіпкерлік. Кіші бизнестегі субъектілер саны (заңды тұлғалар) 4,5%, саладағы жұмыскерлер саны – 2,8%, өнім өндіру – 1,1%-ға артқан.
2011 жылғы қаңтар-қараша айларындағы сыртқы сауда айналымы 4,8 млрд. АҚШ долларын, импорт – 181,2 млн.доллар, ал сауда-саттық балансындағы айырмашылық оңтайлы 4,5 млрд. АҚШ долларын құрады.
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 221,6 млн.теңгені құрады.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 2010 жылмен салыстырғанда 43,5%-ға өсіп, 112,6 млрд.теңгені құрады.
267 мың шаршы метрден аса тұрғын үйлер пайдалануға берілген (2010 жылмен салыстырғанда 106%). Сонымен қатар, облыстағы жаңа тұрғын үйдің құны республикадағы ең қолжетімділердің бірі болып табылады.
Көлік. Есепті кезеңдегі жүк айналымы 44,5%-ға, жолаушылар тасымалы – 29,5%-ға артқан.
Жұмыспен қамту. Өткен жылы 10 мыңнан аса жаңа жұмыс орындары құрылған. Жалпы жұмыссыздық деңгейі 0,3%-ға төмендеп, қазіргі уақытта 5,4% құрады.
Ең төменгі күнкөріс деңгейі жыл ішінде 18,5%-ға (республикада 19,2%) өсіп, орташа деңгейде 15424 теңгені құрады (ҚР бойынша – 16072 теңге), оның ішінде желтоқсан айында – 15099 теңге. Облыс күнкөріс деңгейінің ең төменгі өсу қарқыны бойынша 7 облыстың бірі.
Орташа айлық еңбекақы 2011 жылғы қаңтар-қараша айларында 15,7%-ға өсіп, 79320 теңгені құрады.
Қараша айындағы еңбекақы мөлшері 81246 теңгені құрады (облыс еңбекақы мөлшері ең жоғары 6 облыстың бірі). Нақты еңбекақы мөлшері 9,8%-ға өскен.
Тұрғындардың жан басына шыққандағы ақша кірістері қараша (41912 теңге) айында өткен жылғы сәйкесінше кезеңмен салыстырғанда 15,4%-ға өсіп, аймақтағы күнкөріс деңгейінен 3 есе асып түсті.
Инфляцияның жалпы деңгейін бейнелейтін тұтыну тауарлары мен қызметтерінің баға индексі 2010 жылдың желтоқсанына 107,4% құрап, орташа республикалық деңгейде тұрақтады, оның ішінде азық-түлік тауарларына 108,9% (ҚР бойынша - 109%), азық-түлік емес тауар түрлеріне – 105,6% (ҚР бойынша – 105,3%), ақылы қызметтерге – 107,2% (ҚР бойынша – 107,3%).
Қаржылық жағдай. Өткен жылы шоғырландырылған бюджетке – 495,3 млрд.теңге түскен, оның ішінде салықтардың және басқа да міндетті төлемдердің түсімі 48,2 млрд.теңгені құрады (болжамға 104,7 пайыз). Оның ішінде: республикалық бюджетке түскен түсімдер 24,6 млрд.теңгені (болжамға 105,9 пайыз), жергілікті бюджеттің кіріс бөлігі 23,6 млрд.теңгені құрады (болжамға 103,4 пайыз).
Бюджет. Экономикалық өсім бюджеттің кірістер бөлімінің көбеюіне мүмкіндік берді. Облыстың бюджеті жыл ішінде 24 млрд.теңгеге (25%), жыл басында 96 млрд.теңгеден, жыл соңында 120 млрд.теңгеге өсті. 2012 жылды облыс 126 млрд.теңге көлемдегі бюджетпен бастауда.
2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылы білім саласын қаржыландыру 6 млрд.теңгеге (16%), денсаулық сақтау – 5,3 млрд.теңгеге (38%), ТКШ – 4,9 млрд.теңгеге (49%) артқан.
Денсаулық сақтау. Қабылданған жүйелі шаралардың нәтижесінде, соңғы жылы:
- жалпы аурушаңдық 17,6%-ға төмендеген,
- қатерлі ісікке шалдыққандардың саны 31,7%-ға қысқарған,
- туберкулезбен аурушаңдық 8,8%-ға,
- ана өлімі 70%-ға
- сәби өлімі 10,3%-ға қысқарған.
Білім. 6 мектеп пайдалануға берілген. Мектепке дейінгі білім беру мекемелер жүйесі жыл ішінде 131-ге артқан.
Нәтижесінде, мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған 3-тен 6 жасқа дейінгі балалар саны 2011 жыл басында 54,2%-дан, жыл соңында 71,3%-ға жетті.
Мектептерде төмен қамтылған жанұялардың балаларын ыстық тамақпен қамтамасыз ету жыл басында 83,5%-дан 100%-ға жеткізілген.
Спорт. Тұңғыш рет, аймақта жергілікті бюджет есебінен 100 спорт алаңдарының құрылысы жүргізілді, оның 60 ауылдық елді мекендерде. Бұқаралық спортпен қамту 2010 жылғы 18,8%-дан 2011 жылы 20,9%-ға (жылдық жоспар 20%) жеткізілді.
Энергетика. Қосалқы станциялар мен электр желілерін қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Нәтижесінде, облыс үздіксіз электр энергиясымен қамтылған.
Аймақ экономикасының оңтайлы өсу қарқыны халық санының 11,5 мың адамға артуына себеп болды.
Достарыңызбен бөлісу: |