2013 жылға арналған ауыл шаруашылығы техникасының кредиттері (лизингі)



бет1/2
Дата26.02.2016
өлшемі0.58 Mb.
#27598
  1   2


исх: 730 от: 17.07.2013

2013 жылға арналған ауыл шаруашылығы

техникасының кредиттері (лизингі)
бойынша пайыздық сыйақы ставкаларын арзандату жөніндегі
субсидиялау қағидаларына

1-қосымша

Қаржы лизингі шарттары бойынша пайыздық сыйақы ставкаларын субсидиялау жөніндегі ынтымақтастық туралы
үлгілік келісім



_____ ж.

20___ ж. «___» __________

 
Бірлесіп «Тараптар», ал жеке алғанда «Тарап» деп немесе жоғарыда көрсетілгендей аталатын, бұдан әрі «Әкімші» деп аталатын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің атынан ________________________ негізінде әрекет ететін ________________________ бір тараптан және бұдан әрі «Қаржы институты» деп аталатын __________________________________ атынан ___________________ негізінде әрекет ететін, бұдан әрі «Оператор» деп аталатын ______________________ екінші тараптан осы Қаржы лизингі шарттары бойынша пайыздық
сыйақы ставкаларын субсидиялау жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді жасасты және төмендегілер туралы келісті.



  1. Жалпы ережелер

1. Осы Қаржы лизингі шарттары бойынша пайыздық сыйақы ставкаларын субсидиялау жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім


214 «Өсімдік шаруашылығын дамыту және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасының (бұдан әрі – бағдарлама) шеңберінде жасалды.

2. Осы Келісімді жасауға негіз Қазақстан Республикасы Үкіметінің


2013 жылғы ____ ___________ № ____ қаулысымен бекітілген Ауыл шаруашылығы техникасының кредиттері (лизингі) бойынша пайыздық сыйақы ставкаларын арзандату жөніндегі субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) болып табылады.

3. Осы Келісімде Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген ұғымдар қолданылады.


2. Келісім мәні
4. Әкімші бағдарламаны іске асыру мақсатында Субсидиялау шартының талаптарына сәйкес лизинг алушылардың сыйақы ставкасының субсидияланатын бөлігін қаржы институтына төлеуді жүзеге асырады.

5. Осы Келісімге сәйкес оператор лизинг алушылар құжаттарының топтамаларын қаржы институттарынан қабылдауды, құжаттамалық мониторингті, осы Қағидаларда белгіленген талаптарына лизинг алушылардың сәйкестігі және сәйкессіздігі туралы қорытындылар беруді, төлемдер мониторингін жүзеге асырады.



3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
6. Әкімші:

1) әкімшіге өтініш жасаған лизинг алушыларға бағдарламаға қатысу шарттары мен тәртібі туралы консультациялар беруге;

2) осы Келісімде белгіленген, Тараптар үшін көзделген міндеттемелерді орындау мерзімдерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыруға және олардың уақтылы орындалуын талап етуге;

3) осы Келісімді іске асыру, соның ішінде қаржы институтының міндеттемелерін орындау бөлігінде мониторингті жүзеге асыруға;

4) осы Келісімнің іске асырылуын қаржы институты орналасқан жерде олардың жедел қызметіне араласуынсыз тексеруді жүзеге асыруға;

5) өзінің ресми веб-сайтында бағдарламаны іске асыру туралы ақпаратты орналастыруға;

6) лизинг алушының Қаржы лизингі шарты бойынша қаржы институты алдындағы төлем кестесіне сәйкес төлемдерді жүзеге асыру жөніндегі міндеттемелерін орындау барысы туралы құжаттар мен ақпаратты қаржы институтынан сұратуға;

7) осы Келісімде және Субсидиялау шартында көзделген жағдайларда субсидиялар төлеуді тоқтата тұруға құқылы.

7. Әкімші:

1) қаржы институтының қызмет көрсететін банкінде (заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу құқығы жоқ лизингтік компаниялар үшін) ашылған арнайы шотына не қаржы институтының (екінші деңгейлі банктер) есеп шотына субсидиялар сомасын аударуға;

2) Комиссияға осы Келісімде көзделген ақпаратты ұсынуға;

3) осы Келісімде белгіленген мерзімдерде Комиссияны шақыруға және Комиссияның шешімдерін осы Келісімде белгіленген талаптарға сәйкес ресімдеуді қамтамасыз етуге;

4) Комиссия отырысының хаттамасын қаржы институтына уақтылы ұсынуды қамтамасыз етуге;

5) Бағдарламаны іске асыру мониторинг жүзеге асыруға міндеттенеді.

8. Қаржы институты:

1) өзінің қалауы бойынша және өзінің тәуекелімен лизинг алушылардың қаржы лизингі шарты бойынша міндеттемелерін орындау мәселелері бойынша шешімдер қабылдауға;

2) әкімшіден осы Келісімнің және Субсидиялау шартының шеңберінде көзделген субсидияларды уақтылы аударуды талап етуге;

3) әкімшіні лизинг алушыны ағымдағы тоқсанда субсидиялау үшін қаражаттың жетіспеушілігі туралы хабардар етуге құқылы.

9. Қаржы институты:

1) қаржы институтына өтініш білдірген лизинг алушыларға бағдарлама шарттары және қатысу тәртібі туралы білікті консультациялар беруге;

2) әкімші ұсынатын қаражатты Субсидиялау шартына сәйкес Қаржы лизингі шартының субсидиялау мақсаттарына ғана пайдалануға;

3) операторға есептелген сыйақы мен жүргізілген төлем туралы ақпарат ұсынуға;

4) лизинг алушы Қаржы лизингі шартына төлемдерді өтеу кестесіне сәйкес қаржы институты алдында лизингтік төлемдерді күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзіммен қатарынан 3 (үш) және одан көп рет орындамаған жағдайда бұл туралы әкімшіні 5 (бес) жұмыс күні ішінде хабардар етуге. Бұл жағдайда әкімшіге көрсетілген мән-жайлардың басталғаны туралы белгілі болған сәттен бастап субсидиялау тоқтатыла тұрады;

5) осы Келісімнің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін осы Келісім бойынша өзінің құқықтары мен міндеттерін Тараптардың алдын ала жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаға бермеуге және қайта бермеуге міндетті.

Осы тармақтың қолданысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрменсіздер санатына көшкен лизингті қайтаруды қамтамасыз ету мақсатында қаржы институтының үшінші тұлғаларға Қаржы лизингі шарты бойынша лизинг алушыларға талап ету құқықтарын беру жағдайларына таратылмайды;

6) әкімшінің бірінші талабы бойынша әкімшінің талап етуін алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Қаржы лизингі шарты мен осы Келісімді іске асыру, сондай-ақ ол бойынша әкімші тарапынан субсидиялау жүзеге асырылатын лизингтің мониторингі бойынша негізделген қажетті, оның ішінде банктік/коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты беруге;

7) Қаржы лизингі шартында субсидиялау туралы мәселені қарау кезеңінде, сол сияқты субсидиялау туралы шешім қабылдағаннан кейін де лизинг алушының банктік/коммерциялық құпияны осы Келісімнің Тараптарына жария етуіне келісімін бекітуге;

8) қаржы институтының заңды мекенжайы, пошталық және банктік деректемелері, сондай-ақ іс жүзіндегі мекенжайы өзгерген кезде әкімшіге осындай өзгерістер туралы күнтізбелік 10 (он) күн ішінде хабардар етуге. Хабарламаған және/немесе уақтылы хабарламаған жағдайдағы ықтимал салдарлар үшін қаржы институты жауаптылықта болады;

9) қаржы институтының қызметін жүзеге асыруға басталған шектеулер немесе тыйым салулар, сондай-ақ қаржы институты акцияларының
10 %-дан астамына қатысты меншік құқығын біржолғы сату немесе оның өзгеше біржолғы ауысуы және/немесе иелік ету және пайдалану құқықтарының ауысуы туралы 3 (үш) жұмыс күнінен жазбаша түрде кешіктірмей хабарлауға;

10) бағдарлама шеңберінде лизинг алушымен қаржы лизингі шартын жасасқан кезде бюджет қаражатының көздерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын пайдаланбауға;

11) Арнайы шотты ашу және жүргізу шартында шоттардан белгіленген мерзімдерде субсидиялауға бағытталған қандайда бір сомаларды алу туралы құжаттамамен расталатын ақпаратты ұсынуға қатысты міндеттерді қызмет көрсететін банкке жүктеуді бекітіп беруге міндетті.

10. Оператор:

1) іске асырылатын бағдарламаның жарнамалық науқанын жүргізуге;

2) құжаттардың толық емес топтамасын не белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттарды ұсынған жағдайда құжаттарды қаржы институтына пысықтауға қайтаруға;

3) қаржы институттары мен лизинг алушылардың құжаттамалық мониторингін және төлемдер мониторингін жүргізуге құқылы.

11. Оператор:

1) лизинг алушылардың тізімдерін, олар бойынша қортындыларды және әкімшіге тиесілі субсидиялар көлемінің есептерін уақтылы жолдауға;

2) қаржы институттары мен лизинг алушылардың құжаттамалық мониторингінің және төлемдер мониторингінің нәтижелерін әкімшіге уақтылы ұсынуға міндеттенеді.



4. Есептілік ұсыну тәртібі
12. Қаржы институты тоқсан сайын, есептік айдан кейінгі айдың 15-ші (он бесінші) күніне дейін операторға осы Келісімге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лизинг алушылардың қаржы лизингі шарттары бойынша сыйақы ставкасын іс жүзінде есептеу және өтеу туралы есепті соңгы тоқсандағы есеппен бір уақытта субсидиялау туралы есепті, осы Келісімге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лизинг алушылар бөлінісінде Қаржы лизингі шарттары бойынша сыйақы ставкасын іс жүзінде өтеудің жиынтық есебін жолдайды.

Оператор тоқсан сайын, есептік айдан кейінгі айдын 20-шы (жиырмасыншы) күніне дейін әкімшіге осы Келісімге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялау туралы есепті жолдайды.



5. Мониторинг
13. Осы Келісімнің қолданылу мерзімі ішінде оператор мынадай функцияларды:

1) қаржы институты ұсынатын деректер негізінде лизинг алушының лизингінің төлем тәртібінің мониторингін;

2) лизинг алушы жобасының Қағидалардың шарттарына сәйкестігі мониторингін жүзеге асыруға құқылы.

14. Қаржы институты әкімшінің жазбаша талабы бойынша мониторинг мақсатында қаржы институты (лауазымды тұлғаның қолымен және қаржы институтының мөрімен) растаған әкімші сұрататын шарттардың, төлем тапсырыстарының және өзге де құжаттардың көшірмелерін ұсынуға міндетті.

15. Субсидияланатын Қаржы лизингі шартын мерзімінен бұрын толық өтеген жағдайда қаржы институты әкімшіге Қаржы лизингі шарты бойынша міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтелгені туралы ақпаратты мерзімінен бұрын толық өтеу күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ұсынады.

6. Тараптардың жауапкершілігі
16. Осы Келісімдегі Тараптардың әрқайсысы осы Келісімнен туындайтын міндеттемелерді орындамаған және/немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.

17. Қаржы институты осы Келісім шеңберінде ақпаратты/есептілікті бермегені үшін, ақпаратты/есептілікті толық, шынайы және уақтылы бермегені үшін әкімшінің/оператордың алдында жауаптылықты болады.



7. Хабарламалар
18. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі, оператор және қаржы институты
(бұдан әрі - Тараптар) осы Келісім шеңберінде талап етілетін немесе жасалған кез келген хабарлама, хабар, хат немесе сұрау салу жазбаша нысанда беріледі деп келіседі. Мұндай хабарлама, хабар, хат немесе сұрау салу олар Тараптың уәкілетті өкіліне қолма қол табыс етілген, қатысушы Тараптың осы Келісімде көрсетілген қатысушы Тараптың мекенжайына пошта немесе курьерлік байланыс бойынша, факсимильді және телексті байланыс арқылы жеткізілген жағдайлардың кез келгенінде тиісінше табыс етілді немесе жіберілді деп қаралатын болады.

19. Кез келген хабарлама, хабар, хат немесе сұрау салу:

1) алынған күні қойылған тиісті белгісімен - қолма-қол (курьермен) жөнелтілген;

2) жөнелтілгеннен кейінгі үшінші күні (пошта кәсіпорны жөнелту кезінде берген құжат күнінен) - тапсырысты хатпен, жеделхатпен жөнелтілген;

3) жөнелтудің табысты аяқталғаны туралы факсимильді аппарат растауының болуы шартымен жөнелту күнінде - факсимильді және телексті байланыс арқылы жөнелтілген жағдайда алынған болып есептеледі. Бұл ретте Тараптар мұндай хабарламаны, хабарды, хат немесе сұрау салуды 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қолма-қол (курьермен) немесе тапсырысті хатпен жөнелтуге міндеттенеді.

20. Көзделген есептілік қаржы институтының кейіннен әкімшіге/операторға құжаттардың түпнұсқаларын бере отырып, жөнелтудің табысты аяқталғаны туралы электрондық пошта растауының болуы шартымен электрондық пошта арқылы қол қойылған материалдарды жөнелту жолымен берілуі мүмкін.

  
8. Құпиялылық

 

21. Тараптар осы Келісімнің шарттарына қатысты ақпарат, банктік құпия, сондай-ақ осы Келісімнің жасалуы мен орындалуы барысында өздері алған қаржылық, коммерциялық және өзге де ақпарат құпия болып табылатындығына келіседі және, осы Келісім мен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғаларға жария етілмейді.

22. Тараптың құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға беруі, жариялауы немесе оны өзгеше жария етуі осы Келісімде және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында тікелей көзделген жағдайларда мүмкін болады.

23. Тараптар осы Келісімнің болуы мен шарттарының кұпиялылығын сақтау үшін барлық қажетті, оның ішінде құқықтық сипаттағы шараларды қабылдайды. Тараптардың лауазымды тұлғалары мен қызметкерлеріне осы Келісімді іске асыру барысында алған мәліметтерді үшінші тұлғаларға жария етуге не беруге тыйым салынады.

24. Тараптардың кез келгені осы Келісімнің талаптарын бұза отырып, құпия ақпаратты таратқан не жариялаған жағдайда осындай ақпаратты тарату салдарынан екінші Тарап тартуы мүмкін шығынды өтей отырып, кінәлі Тарап Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылықта болады.

9. Еңсерілмес күш мән-жайлары
25. Еңсерілмес күш мән-жайлары - Тараптардың кез келгенінің осы Келісім бойынша міндеттемелерін толық немесе ішінара орындауы мүмкін болмайтын (мыналарды қамтитын, бірақ бұлармен шектелмейтін: су тасқыны, жер сілкінісі, жарылыстар, дауылдар, індеттер, эпизоотиялар, апатты өрттер, ереуілдер, соғыс, көтерілістер, мемлекеттік органдардың ресми актілері) мән-жайлар. Бұл ретте, еңсерілмес күш мән-жайларының сипаты, болу кезеңі, басталу фактісі уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті құжаттарымен расталуы тиіс.

26. Егер орындаудың мүмкін болмауы еңсерілмес күш мән-жайларының салдары болып табылса, Тараптар осы Келісім бойынша өздерінің міндеттемелерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.

27. Еңсерілмес күш мән-жайлары басталған кезде осы Келісім бойынша өзінің міндеттемелерін орындау мүмкін болмауы туындаған Тарап мұндай жағдайлар туралы басқа Тараптарды олар басталған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде уақтылы хабардар етуі тиіс.

28. Уақтылы хабарлау болмаған кезде Тарап хабарламаудан немесе уақтылы хабарламаудан келтірілген залалды басқа Тарапқа өтеуге міндетті.

29. Еңсерілмес күш мән-жайларының басталуы олардың болу кезеңіне осы Келісімнің орындалу мерзімінің ұлғаюын туындатады.

30. Егер мұндай мән-жайлар 2 (екі) айдан астам жалғасатын болса, онда Тараптардың әрқайсысы осы Келісім бойынша міндеттемелерін одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы.

10. Дауларды шешу

 

31. Осы Келісімге байланысты немесе одан туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктер Тараптар арасындағы келіссөздер жолымен шешіледі. Реттелмеген даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiмен шешiледi.

32. Осы Келісім Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес түсіндіріледі және реттеледі.

11. Келісімнің шарттарын өзгерту
33. Осы Келісімнің ережелері өзгертілуі және/немесе толықтырылуы мүмкін. Тараптар үшін осы Келісімде көзделген жағдайларды қоспағанда, Тараптардың келісімі бойынша жазбаша нысанда жасалған және Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған және фирмалық мөрмен бекітілген өзгерістер мен толықтырулар ғана нақты және міндетті болып танылады.
12. Қорытынды ережелер

 

34. Тараптардың құқықтық мәртебесі өзгерген жағдайда осы Келісім бойынша және осы Келісімді орындау үшін барлық құқықтар мен міндеттер, оның ішінде туындаған даулар мен келіспеушіліктерді реттеуге байланысты пайда болған құқықтар мен міндеттер Тараптардың құқықтық мирасқорларына өтеді.

35. Осы Келісім осы Келісімнің құрамдас бөлігі болып табылатын қосымшаларымен бірге осы Келісімнің мәніне байланысты Тараптардың өзара толық түсіністіктерін білдіреді және олардың арасында Келісімнің мәніне қатысты алдыңғы жазбаша немесе ауызша келісімдер мен уағдаластықтардың барлығын алмастырады.

36. Осы Келісімде қамтылған баптардың атаулары мен басқа да тақырыптар қолайлылық үшін пайдаланылған және осы Келісімнің қандай да бір шектеулерін, қандай да бір ережелерінің сипаттамаларын немесе түсіндірмелерін қамтымайды, сондай-ақ осы Келісім баптарының орналасу тәртібі де біреуінің басқаларға қатысты басымдығын куәландырмайды.

37. Осы Келісім барлық Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді. Осы Келісім Тараптарының кез келгені осы Келісімге қатысушы барлық Тараптарды күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын жазбаша хабардар ету шартымен осы Келісімді біржақты тәртіппен бұзуға құқылы. Қаржы институтының осы Келісімді біржақты тәртіппен бұзуы лизинг алушыны субсидиялауды тоқтатуға әкеліп соқпайды. Осы Келісімге (жаңа) қаржы институтын қосу әкімшімен қосымша келісім жасасу жолымен мүмкін болады.

38. Осы Келісімде көзделмеген өзге жағдайлардың бәрінде Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.



13. Тараптардың деректемелері мен қолдары

Әкімші:

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі


Қаржы институты:

_________________
Оператор:

________________

Қаржы лизингі шарттары бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау жөніндегі ынтымақтастық туралы үлгілік келісімге

1-қосымша

 
Қаржы лизингі шарты бойынша лизинг алушының 20__ж. ___ тоқсанына сыйақы ставкаларын іс жүзінде аударуы және өтеуі туралы есеп және 20__ж ____ тоқсанына арналған өтінім




Р/с №

Лизинг алушының атауы

Барлық көздел

ген субсидиялар, теңге



Есепті кезеңде барлық аударылған субсидиялар, теңге

Іс жүзінде аударылған субсидиялар, теңге

Ауытқу (+,-)

(+)


артық төлем,

(-)


жетіспеушілік

Лизинг алушыға* іс жүзінде аударылған сыйақы, теңге

Лизинг алушының сыйақыға төлегені*, теңге

Оператордың 20__ж., __ тоқсанына арналған өтінімі, теңге

Жалпы сомасы



Лизинг алушының өтейтіні



Бюджеттен субсидиялау**

Барлығы

соның ішінде есепті

кезеңде


Барлығы

оның ішінде

есепті


кезеңде

4-баған-6-баған

барлығы

оның ішінде

есепті


кезеңде

Барлығы

оның ішінде

есепті


кезеңде

%

сома


%

сома

%


сома


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18


























































Жиыны:

















































*- Министрлік субсидиясының сомасын есепке алмағанда

**- 8-баған бойынша ауытқулардың сомасын есепке алғанда



_____________________ ___________________

МО қолы
________________________________________


Қаржы лизингі шарттары бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау жөніндегі ынтымақтастық туралы үлгілік келісімге

2-қосымша

 
20___ жылғы ___________ жағдай бойынша лизинг алушының қаржы лизингі шарты бойынша сыйақы ставкасын іс жүзінде өтеуінің жиынтық есебі


Р/с



Лизинг алушының атауы

Шарт бойынша сыйақы сомасы, теңге

Аударылған сыйақы, теңге

Іс жүзінде аударылған сыйақы, теңге

Сыйақы сомасының шарттан ауытқуы, теңге

Сыйақы сомасының аударылған сомадан ауытқуы, теңге

Барлығы

Субсидияланатыны

Лизинг алушының төлей

тіні


Барлығы

Суб

сидиялана

тыны


Лизинг алушының төлейтіні

Бар

лығы


Суб

Сидиялана

тыны


Лизинг алушының төлейтіні

Барлығы

Субсидияланаты

ны


Лизинг алушы

ның төлей

тіні


Барлығы

Суб

сидиялана

тыны


Лизинг алушының төлей

тіні


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17






















































Жалпы:

















































Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет