2013 жылғы 1 маусымдағы облыс бюджетінің атқарылуы туралы



Дата23.02.2016
өлшемі72.53 Kb.
#10296


2013 жылғы 1 маусымдағы облыс бюджетінің атқарылуы туралы

2013 жылдың 1 маусым айында облыс бюджетіне 100585,4 млн.теңге болжаммен 102316,1 млн.теңге кірістер түсті, соның ішінде 68538,1 млн.теңге сомасы республикалық бюджеттен берілген субвенция мен нысаналы трансферттерді құрады. Меншік кірістер 112,5%-ға орындалды. Жоспар барлық бюджеттер деңгейлері бойынша орындалды.





Республикалық бюджеттен алынған нысаналы трансферттер, субвенция мен қарыздарды ескере отырып, 96395,9 млн.теңгені жұмсалды.

Облыстың мемлекеттік мекемелерін ағымдағы ұстауға 71747,8 млн.теңге, даму бюджеттік бағдарламаларына 24648,1 млн.теңге бағытталды.

Облыстың білімі беруіне 27775,2 млн.теңге немесе 97,0% жұмсалды, оның ішінде:

- мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету және қолдау көрсетуге – 2438,5 млн.теңге;

- облыстың қалалары мен аудандарындағы жалпы білім беруге – 17571,8 млн.теңге, соның ішінде мектеп, гимназиялар, лицейлер, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру профильді мектептер, мектептер-балабақшаларға – 16315,8 млн.теңге, арнайы білім беру оқу бағдарламалары бойынша жалпы білім беруге – 650,2 млн.теңге, мамандандырылған білім ұйымдарына дарынды балаларға жалпы білім беруге – 605,8 млн.теңге;

- техникалық және кәсіптік білім беруге – 2362,8 млн.теңге.

Облыстық бюджеттен жетімдерді, ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды  әлеуметтiк қамсыздандыруға (балалар үйлер, баспаналар, отбасы үлгісіндегі  балалар ауылдары, патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) ұстау) ағымдағы кезеңде 480,5 млн.теңге көзделді, ол 98,4%-ды құрады.

Денсаулық сақтау бойынша 1 маусымдағы жағдай бойынша атқарылу 17854 млн.теңге немесе 93,2%-ды құрады. Ағымдағы жылдың 5 айында диабет, онкологиялық, гемофилиямен ауыратындарды, ЖИТС инфекциясын жұқтырған, гематология, сондай-ақ, халыққа иммунды алдын алу жүргiзу үшiн вакциналарды және басқа иммундық-биологиялық препараттарды орталықтандырылған сатып алуға 3115,4 млн.теңге қаражат жұмсалды. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қайтаруға шығындарды ағымдағы қаржыландыруға 9312,5 млн.теңге жұмсалды. Республикалық бюджеттен берілген трансферттер есебінен стационарлық, стационарды алмастыратын және амбулаториялық-емханалық көмек көрсетуге 1386,5 млн.теңге жұмсалды, аудандық және ауылдық маңызы бар денсаулық сақтау субъектілерінің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде халыққа медициналық көмек көрсетуге – 1783,4 млн.теңгені, наркологиялық диспансерлердегі және оңалту орталықтарындағы, хоспистағы сырқатарды есмдеуге шығыстар 260,7 млн.теңгені құрады. Аурулардың тәуекелдері мен ауруларын анықтау үшін скринингтік зерттеулерге 107,1 млн.теңге жұмсалды.

2013 жылы жекелеген санаттағы қажет ететін азаматтарға жәрдемақылар төлеу жүзеге асырылуда: тұрғын үй көмегі – 82,0 млн.теңге, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегі – 103,4 млн.теңге, 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар – 185,0 млн.теңге қарастырылды.

Жұмыспен қамту бойынша игеру 4714,5 млн.теңгеге 91,5%-ды құрады.

2013 жылы білім объектілерін дамытуға республикалық және облыстық бюджеттер қаражаттары есебінен 5648,0 млн.теңге қарастырылды, соның есебінен Зырян ауданы Зырян қаласындағы, Өскемен, Риддер қалаларындағ, Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылындағы балабақшалар, Үржар ауданындағы, Ұлан ауданы Молодежный кентіндегі орта мектептер құрылысыжалғастырылатын болады. Есеп беру кезінде игеру 1 899,5 млн.теңге.

Сондай-ақ, республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен Өскемен қаласындағы Қан орталығы мен Семей қаласының облыстық онкологиялық диспансердің радиологиялық орталықтары құрылысы жалғастырылатын болады, облыстың өңірлеріндегі жедел медициналық көмек стансасы мен жеті дәрігерлік амбулатория құрылысы бойынша жаңа объектілерге 8510,8 млн.теңге қарастырылды, 3693,4 млн.теңге игерілді немесе 89,7%.

Облыстық бюджет қаражаты есебінен Семей қаласындағы көп бейінді қалалық аурухана құрылысына, Семей қаласының облыстық онкологиялық диспасердің радиологиялық орталығының құрылысына, Өскемен қаласындағы облыстық қан орталығы, Өскемен қаласындағы облыстық онкологиялық диспансері жанындағы сәулелі терапия орталығының құрылысы, Семей қаласындағы 80 төсекті балалардың туберкулезге қарсы ауруханасы, Катонқарағай ауданы Аққайнар ауылындағы аусымда және Глубокое ауданы Черемшанка ауылындағы 20 қабылдау жасайтын дәрігерлік амбулатория құрылысына, Өскемен қаласындағы балалар емханасы мен Глубокое ауданы Глубокое кентіндегі балалар емханасы құрылысына ЖСҚ әзірлеуге облыстық бюджет қаражаты есебінен 1600,1 млн.теңге шығыстар ескерілді, есеп беру кезінде 302,5 млн.теңге немесе 99,6%-ы игерілді.

Есеп беру жылында әлеуметтік қамсыздандыру объектілерін дамытуға 582,7 млн.теңге Зырян ауданы Грехово кентіндегі Грехово кенішінің әкімшілік-шаруашылық корпусының ғимаратына жаңартуға жұмсалды, Ұлан ауданы Бозанбай ауылындағы психноневрологиялық медициналық-әлеуметік мекемеге бұрынғы аурухананы жаңарту (қоса қаржыландыру), Грех кенішінің әкімшілік-шаруашылық корпусының ғимаратын Зырян ауданы Грехово кентіндегі мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін оңлту орталығы ретінде жаңарту, «Зимовьев психноневрологиялық медициналық-әлеуметік мекеме» КММ кір жуу ғимаратын салуға ЖСҚ әзірлеуге жоспарланды. Есеп беру кезінде 146,0 млн.теңге немесе 73,1%-ы игерілді.

Облыстық бюджетте мәдениет және спорт объектілерін дамытуға: Өскемен қаласының қазақ драма театр және Өскемен қаласының Қазақстан көшесіндегі мәдени-демалу орталығы құрылыстарына, Семей қаласындағы Абай атындағы әмбебап ғимаратын қайта жаңартуға, Семей қаласындағы Абай атындағы әмбебап кітапханасы ғимаратын қайта жаңартуға, Ұлан ауданының Торғын, Сағыр ауылындағы 200 орынды ауылдық клубтар құрылысы, Күршім ауданы Күршім ауылындағы 300 орынды мәдениет үйі құрылысы, Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылындағы шығармашылық үйі, Абай ауданы Саржал ауылындағы ауылдық клубы ретінде сауда үйін жаңарту, Көкпекті ауданы Самар ауылындағы спорт модулінің құрылысына 2480,6 млн.теңге қаражат қарастырылды. Есеп беру кезінде 749,6 млн.теңге жоспарланды, 98,8%-ы игерілді.

Ішкі істер органдарының базаларын дамыту үшін 145,3 млн.теңге қарастырылды, оның есебінен УҰИ ретінде үй-жайы бар Затон полиция бөлімін қайта жаңартуға және Семей қаласының ІІБ ғимаратына ЖБО ретінде жапсаржай салуға ЖСҚ әзірленіп жатыр.

Қаражаттың басым бағыты облыстың елді мекендерінің сумен жабдықтау жүйесін дамыту болып табылады. Ағымдағы жылы сумен жабдықтау жүйесін дамытуға 6835,3 млн.теңге республикалық бюджеттен трансферттер жоспарланды, олардың есебінен Өскемен, Курчатов және Риддер қалаларында, Абай, Аягөз, Бесқарағай, Күршім, Үржар, Ұлан және Тарбағатай аудандарында сумен жабдықтау жүйелеріне қайта жаңарту жұмыстары жүргізілетін болады, 2513,8 млн.теңге немесе 92,3% игерілді. Облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен сумен жабдықтау жүйесінің объектілерін дамытуды қоса қаржыландыруға жоғарыда аталған аудандарда 1424,2 млн.теңге қарастырыл, 316,7 млн.теңгесі игерілді немесе жоспарланған қаражаттың 99,2%-ы игерілді.

Тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен трансферттер мен кредиттер есебінен 9090,0 млн.теңге жоспарланды, оны есебінен коммуналдық және ипотекалық тұрғын үй құрылысы, сондай-ақ инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы жоспарланды.

Ағымдағы жылы облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорын салу және сатып алуға 3080,6 млн.теңге қарастырылды, 925,2 млн.теңгесі игерілді немесе 100%-ы игерілді.

Облыстың көлік инфрақұрылымын жақсарту мақсатында 2013 жылы республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен Өскемен қаласынан Зыряновск қаласына шығу автожолын, Өскемен қаласының Самар тас жолындағы темір жол арқылы өтетін автомобиль жолын, «Тансық стансасы-«Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» ескерткіші» салуға, «Голубой залив» демалыс орнына кіреберіс автожолын жаңалауға, «Шыңқожа-Мыңбұлақ-Акшауле» автожолын жаңартуға, Катонқарағай ауданы Бұхтарма өзені арқылы көпір құрылысы, Риддер қаласындағы айналма жол құрылысына 6735,7 млн.теңге қаражат қарастырылды.

Семей қаласында қазіргі жылумен жабдықтау жүйесін қайта құру және жаңғырту бойынша жұмысты жалғастыруға республикалық бюджеттен 6950,0 млн.теңге сомасында транфсерттер бөлу қарастырылды, қаражат толық игерілді.

Республикалық бюджеттен Жарма ауданы Солнечный кентінің қазандығын салуға 435,1 млн.теңге жұмсалды, есеп беру кезеңде қаражат толығымен игерілді.

Республикалық бюджеттен және облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен агроөнеркәсіптік кешенге қолдау мақсатында 11116,9 млн.теңге жұмсалды.

Риддер, Зырян, Курчатов, Серебрянск сияқты моноқалаларды абаттандыру мәселелерін шешу үшін 535,4 млн.теңге қарастырылды, есеп беру кезеңіне жоспарланған қаражат толығымен игерілді.

2013 жылғы 1 шілдедегі облыс бюджетінің

шығыстар бойынша атқарылуы (млн.теңге)
2013 жылға нысаналы ағымдағы трансферттер мен дамытуға арналған трансферттер қарастырылған, облыстық мәслихат сессиясының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 8/99-V шешімімен облыстық бюджетте 83 681,6 млн.теңге бекітілген, оның ішінде 43 574,0 млн.теңге нысаналы ағымдағы трансферттер, 40 107,6 млн.теңге дамытуға арналған трансферттер, сонымен қатар 9 239,3 млн.теңге кредит.

Облыстық мәслихат сессиясының 2013 жылғы 12 ақпандағы шешімімен облыстық бюджет нақтыланды, сонымен қатар нысаналы трансферттер көлемі – 83 688,9 млн.теңгені құрады, оның ішінде нысаналы ағымдағы трансферттер – 43 581,3 млн.теңге, дамытуға арналған трансферттер – 40 107,6 млн.теңге сонымен қатар 9 239,3 млн.теңге кредит.

Облыстық мәслихат сессиясының 2013 жылғы 17 сәуірдегі шешімімен облыстық бюджет нақтыланды, сонымен қатар нысаналы трансферттер көлемі – 86 375,6 млн.теңгені құрады, оның ішінде нысаналы ағымдағы трансферттер – 43 568,0 млн.теңге, дамытуға арналған трансферттер – 40 107,6 млн.теңге, сонымен қатар 9 239,3 млн.теңге кредит.

2013 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша республикалық бюджеттен облыс үшін 32 917,6 млн.теңге сомасында нысаналы ағымдағы трансферттер қарастырылды, 31 364,1 млн.теңге жоғары бюджеттен нақты келіп түсті, оның ішінде беру кезеңінде 28 889,7 млн.теңге игерілді немесе ол республикалық бюджеттен бөінгеннің 92,1%-ы.



Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға 1234,3 млн.теңге, кадрларды даярлау және қайта даярлау бойынша – 478,5 млн.теңге, мектеп мұғалімдер және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиелеушілерінің біліктілік санаты үшін қосымшақы мөлшерін ұлғайтуға – 348,1 млн.теңге, дәрілік құралдарды, вакциналарды және өзге дәрілік препараттар – 2353,1 млн.теңге, тегін медициналық көмекті қамтамасыз ету және кеңейтуге – 4349,7 млн.теңге, әлеуметтік қызмет стандарттарын енгізуге – 111,9 млн.теңге, 2020 Жұмыспен қамту бағдарламасының іс-шараларын іске асыруға – 330,1 млн.теңге, әлеуметтік қамсыздандырудың жаңа енгізілген объектілерді ұстауға – 41,9 млн.теңге, Семей қаласының жылумен жабдықтау ұйымдарының қолданыстағы қуаттарын одан әрі жаңғыртуға – 3084,7 млн.теңге, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде инженерлік инфрақұрылымдарын дамытуға – 1412,7 млн.теңге, сумен жабдықтау жүйесін дамытуға – 3511,3 млн.теңге, эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізуге – 540,8 млн.теңге, автомобиль жолдарына күрделі жөндеуге – 592,6 млн.теңге, инфрақұрылымдық көлікті дамытуға – 297,1 млн.теңге жұмсалды.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет