жоба
Шығыс Қазақстан облысы Риддер
қаласының әкімшілік аумағының
шекараларындағы жер үсті су
объектілерінің су қорғау аймақтары
мен су қорғау белдеулерін және
оларды шаруашылыққа пайдалану
режимін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің
39, 116, 125, 145-1-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы
1-тармағының 8-1) тармақшасына, «Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 16 қаңтардағы № 42 қаулысына, «Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының әкімшілік аумағының шекараларындағы жер үсті су объектілерінің су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін белгілеу» жобасына сәйкес және жер үсті суларының ластануын, қоқысталуын және сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар әлемін сақтау үшін су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес жағдайда ұстау мақсатында, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар белгіленсін:
1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес Риддер қаласының әкімшілік аумағының шекараларындағы жер үсті су объектілерінің су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері;
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Риддер қаласының әкімшілік аумағының шекараларындағы жер үсті су объектілерінің су қорғау аймақтарының аумағында арнайы шаруашылыққа пайдалану режимі мен су қорғау белдеуінің аумағында шектеулі шаруашылық қызмет жүргізу режимі.
2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (Қ. Б. Байғонысов) «Шығыс Қазақстан облысы
Риддер қаласының әкімшілік аумағының шекараларындағы жер үсті су объектілерінің су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін белгілеу» жобасын заңнамамен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Риддер қаласының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілеттік берілген мемлекеттік органдарға тапсырсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары
Н.Ә. Шерубаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Б. Сапарбаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі
Су ресурстары жөніндегі комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік
инспекциясы басшысының
міндетін атқарушы
______________ М. Мұздыбаев
2014 жылғы «___»_______________
Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың
құқықтарын қорғау агенттігінің
Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың
құқықтарын қорғау департаменті
басшысының міндетін атқарушы
______________ Ғ. Сүлейменов
2014 жылғы «___»_______________
Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2014 жылғы
«___» ________________
№ __________ қаулысына
қосымша
Риддер қаласының әкімшілік аумағының шекараларындағы
жер үсті су объектілерінің су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері
№
р/с
|
Су объектісі, оның учаскесі
|
Су қорғау аймағы
|
Су қорғау белдеуі
|
Шекара-сының ұзын-дығы, (шақы-рым)
|
Алаңы, (га)
|
Орташа
ені, (метр)
|
Шекара-сының ұзын-дығы, (шақы-рым)
|
Ала-ңы, (га)
|
Орта-ша
ені, (метр)
|
1
|
Большая Таловка өзені
|
5,7
|
322,0
|
500-700
|
-
|
-
|
-
|
2
|
Филиппов-ка өзені
|
5,6-оң,
5,1-сол
|
495,5
|
40-760 оң,
100-710 сол
|
2,5
|
23,6
|
35-200
|
3
|
Малая Таловка өзені (7,5 шақырым) мен қапталдағы құйылым-дары (11,5 шақырым )
|
2,6-оң,
6,1-сол
|
1003,0
|
250-600 оң,
220-750 сол
|
28,43
|
253,8
|
35-120
|
4
|
Сазоновка кенті ауданында-ғы атауы жоқ екі бұлақ
|
4,2-оң,
2,2-сол
|
228,0
|
80-800 оң,
120-640 сол
|
12,0
|
29,0
|
35-100
|
5
|
Быструха өзені
|
5,5-оң,
1,6-сол
|
470,8
|
80-540 оң,
170-740 сол
|
8,3
|
40,95
|
35-125
|
6
|
Белогорцев Ключ бұлағы
|
бөлін-бей
|
57,5
|
Риддер қаласының шекарасын-дағы басқа да бұлақтармен бірге жалпы ені
|
2,6
|
16,6
|
55-100
|
7
|
Быструха және Хариузовка өзендерінің арасында-ғы атауы жоқ бұлақтар
|
бөлінбейді
|
206,2
|
Быструха және Хариузовка өзендерінің арасында ені ортақ, олардың арасындағы бұлақтарды қосумен
|
15,4
|
87,0
|
35-100
|
8
|
Хариузовка өзені
|
7,4–сол жағалауы
|
499,7
|
65-560 сол жағалауы. Быструха және Хариузовка өзендерінің арасындағы ортақ су қорғау аймағы
|
7,5
|
31,8
|
35
|
9
|
Журавлиха өзені
|
1,5-оң, 2,8-сол
|
326,4
|
400-535 оң,
380-940 сол
|
3,7
|
23,4
|
50-325
|
10
|
Тихая өзені
(екі тармағы)
|
5,6-оң,
5,2-сол
|
927,3
|
60-630 оң,
210-730 сол
|
17,4
|
86,3
|
35-100
|
11
|
Мальцев бұлағы
|
1,7-оң, 2,2-сол
|
126,0
|
340-540 оң,
90-400 сол
|
4,2
|
19,0
|
35-100
|
12
|
Риддер жылу электр орталығы ауданын-дағы атауы жоқ бұлақ
|
1,5-оң,
1,0-сол
|
62,0
|
40-220 оң,
240-450 сол
|
1,1
|
6,0
|
55
|
13
|
Тишинский су электр станциясының деривация-сынан бастап атауы жоқ бұлақ
|
2,1-оң, 3,6-сол
|
118,0
|
90-220 оң,
170-500 сол
|
4,3
|
26,0
|
35-100
|
14
|
Атауы жоқ бұлақ,
«Үлбіқұ-рылыс» 1-ші аудан
|
2,0-оң, 1,4-сол
|
78,7
|
80-оң,
330-360 сол
|
3,2
|
11,2
|
35
|
15
|
Шаравка өзені
|
2,6-оң, 1,5-сол
|
360,0
|
535-1000 оң,
400-590 сол. Шаравка өзенінің, Аплетин бұлағының Риддер қаласының шекарасына дейінгі ортақ су қорғау аймағы
|
2,35
|
30,2
|
35-100
|
16
|
Аплетин бұлағы
|
бөлін-бейді
|
Шарав-ка өзені бойын-ша ескеріл-ді
|
535-1000 оң.
Шаравка өзенінің, Аплетин бұлағының Риддер қаласының шекарасына дейінгі ортақ су қорғау аймағы
|
3,6
|
21,8
|
35-100
|
17
|
Быструшка бұлағы
|
бөлін-бейді
|
92,6
|
Быструха және Хариузовка өзендеріне ортақ су қорғау аймағы
|
3,0
|
10,6
|
35
|
18
|
Бахорька бұлағы
|
бөлін-бейді
|
Филип-повка өзені бойын-ша ескеріл-ді
|
Су қорғау аймағы Филипповка өзенінің су қорғау аймағымен біріктірілген
|
1,25
|
6,9
|
55
|
19
|
Белкин бұлағы
|
бөлін-бейді
|
Быстру-ха өзені бойын-ша ескеріл-ді
|
Су қорғау аймағы Быструха өзенінің су қорғау аймағымен біріктірілген
|
0,6
|
3,0
|
50
|
Ескертпе.
Су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерінің шекаралары мен ені «Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының әкімшілік аумағының шекараларындағы жер үсті су объектілерінің су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін белгілеу» бекітілген жобасының картографиялық материалдарында көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |