2013 жылғы 4 қараша №862 Астана қаласы Аэровокзалдар кластарын және оларды анықтау әдістемесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы»



Дата02.07.2016
өлшемі89.03 Kb.
#173234




Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығы

2013 жылғы 4 қараша №862 Астана қаласы
Аэровокзалдар кластарын және оларды анықтау әдістемесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 65-1-бабының 8-тармағына сәйкес бұйырамын:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес аэровокзал кластары;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес аэровокзалдар кластарын анықтау

әдістемесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):

1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында ресми түрде жариялануын және МОИП орналастырылуын;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялауға көшірмесін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдауды;

4) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне мемлекеттік тіркеу және осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберілгені туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация вице-министрi А.Ғ.Бектұровқа жүктелсiн.

4. Осы бұйрық ресми жариялауға жатады және 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр А.ЖҰМАҒАЛИЕВ.
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің

2013 жылғы 4 қарашадағы № 862 бұйрығына 1- қосымша


Аэровокзалдар класы


Аэровокзал класы

Міндетті қызметтер

Қосымша қызметтер

1. Кіші (100-200 жол/сағ)

1) қоғамдық тамақтануды ұйымдастыру бөлмесі;

2) сату бөлмелері (сату дүңгіршектері);

3) ана және бала бөлмесі;

4) медициналық пункт;

5) жүк сақтау камерасы;

6) билеттер сату кеңселері;

7) ақпараттық анықтама қызметі.


1) Business Class lounge (бизнес класс залы);

2) Duty Free (бажсыз сауда сату дүкені);

3) байланыс бөлімшесі;

4) бөлімшелер/банк филиалдары;

5) валюта айырбастау пункті;

6) жүкті орау бойынша қызметтер;

7) диспетчерлік такси кеңсесі;

8) баспа басылымдары киоскілері;

9) дәріхана;

10) дұға оқу бөлмесі (жергілікті атқарушы органдардың келісімі бойынша);

11) интернет/WiFi;

12) жоғалған заттарды табу бюросы;

13) бизнес орталығы (ғаламтор, факс, телефонмен сөйлесу қызметтері);

14) қонақ үй;

15) автомобильдерге арналған жабық паркинг;

16) пошта бөлімшелері /курьерлік қызмет;

17) туристік агенттіктер кеңсесі;

18) ұялы телефондарды жалға беру қызметі;

19) мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған күту бөлмесі;

20) сусындар сату автоматтары;

21) сувенирлік өнімдер сататын дүкен;

22) автомобильдерді жалдау кеңсесі;

23) аяқ киімдерді тазалау қызметі;

24) жүк тасушылар қызметі;

25) телефондарды және т.б. зарядтау розеткаларының болуы;

26) аудармашы қызметі.



2. Орта (200-1200 жол/сағ)

1) қоғамдық тамақтануды ұйымдастыру бөлмесі;

2) сату бөлмелері (сату дүңгіршектері);

3) ана және бала бөлмесі;

4) медициналық пункт;

5) байланыс бөлімшесі;

6) бөлімшелер/банк филиалдары;

7) валюта айырбастау пункті;

8) жүк сақтау камерасы;

9) жүкті орау бойынша қызметтер;

10) Business Class lounge (бизнес класс залы);

11) билеттер сату кеңселері;

12) диспетчерлік такси кеңсесі;

13) баспа басылымдары киоскілері;

14) дәріхана;

15) интернет /WiFi;

16) жоғалған заттарды табу бюросы;

17) ақпараттық анықтама қызметі;

18) бизнес орталығы (интернет, факс, телефонмен сөйлесу қызметтері).




1) күту аймағындағы балаларға арналған ойын бөлмесі;

2) мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған күту бөлмесі;

3) сусындар сату автоматтары;

4) сувенирлік өнімдер сататын дүкен;

5) автомобильдерді жалдау кеңсесі;

6) қонақ үй;

7) автомобильдер арналған жабық паркинг;

8) пошта бөлімшелері /курьерлік қызмет;

9) туристік агенттіктер кеңсесі;

10) ұялы телефондарды жалға беру қызметі;

11) аяқ киімдер тазалау қызметі;

12) жүк тасушылар қызметі;

13) аудармашы қызметі;

14) Duty Free (бажсыз сату дүкені);

15) телефондарды және т.б. зарядтау розеткаларының болуы;

16) дұға оқу бөлмесі (жергілікті атқарушы органдардың келісімі бойынша).





3. Үлкен (1200-2000 жол/сағ)

1) қоғамдық тамақтануды ұйымдастыру бөлмесі;

2) сату бөлмелері (сату дүңгіршектері);

3) ана және бала бөлмесі;

4) мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған күту бөлмесі;

5)медициналық пункт;

6) байланыс бөлімшесі;

7) бөлімшелер/банк филиалдары;

8) валюта айырбастау пункті;

9) жүк сақтау камерасы;

10) жүкті орау бойынша қызметтер;

11) Business Class lounge (бизнес класс залы);

12) Duty Free (бажсыз сату дүкені);

13) билеттер сату кеңселері;

14) диспетчерлік такси кеңсесі;

15) бизнес орталығы (интернет, факс, телефонмен сөйлесу қызметтері);

16) баспа басылымдары киоскілері;

17) дәріхана;

18) интернет/WiFi;

19) қонақ үй;

20) жоғалған заттарды табу бюросы;

21) ақпараттық анықтама қызметі;

22) автомобильдерге арналған жабық паркинг;

23) пошта бөлімшелері /курьерлік қызмет;

24) телефондарды, компьютерлерді (ноутбуктерді) зарядтау розеткааларының болуы.




1) күту аймағындағы балаларға арналған ойын бөлмесі;

2) салон/сұлулық бөлмесі;

3) сусындар сату автоматтары;

4) сувенирлік өнімдер сататын дүкен;

5) автомобильдерді жалдау кеңсесі;

6) туристік агенттіктер кеңсесі;

7) ұялы телефондарды жалға беру қызметі;

8) аяқ киімдер тазалау қызметі;

9) жүк тасушылар қызметі;

10) аудармашылар қызметі;

11) дұға оқу бөлмесі (жергілікті атқарушы органдардың келісімі бойынша).


Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің

2013 жылғы 4 қарашадағы № 862 бұйрығына 2- қосымша
Аэровокзал класын анықтау әдістемесі
1. Осы Аэровокзал класын анықтау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы әуежайларының аэровокзал кешендерінің класын, олардың өткізу қабілеттілігіне қарай айқындауға арналған.

2. Осы әдiстеменi қолдану мақсатында мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) аэровокзал – әуе көлігімен тасымалданатын жолаушыларға қызмет көрсетуге, багажды және жүкті өңдеуге арналған ғимарат (құрылыс);

2) аэровокзал кешені – әуежай аумағында жолаушыларға, әуе кемелеріне қызмет көрсету, багажды және жүктерді өңдеу мақсатында жеке және заң тұлғалардың қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті әуежай, ғимарат, жабдық және құрылыстар;

3) аэровокзал маңындағы алаң – аэровокзалға іргелес жер учаскесінің аумағы;

4) перрон – жолаушыларды отырғызуға және түсіруге, тиеу-түсіру операцияларын жүргізуге, сондай-ақ әуе кемелеріне қызмет көрсетуге арналған әуеайлақ бөлігі;

5) жолаушыларға ұшу алдында қызмет көрсету – әуеайлақтан әуе кемелерінің ұшуына дейін жолаушыларға қызмет көрсету рәсімдері;

6) жолаушыларға ұшудан кейін қызмет көрсету – әуе кемесінің межелі әуежайға ұшып келгеннен кейін жолаушыларға қызмет көрсету бойынша рәсімдер;

7) жайлылық – аэровокзалдар кластары бөлінісінде жолаушылар үшін қызмет көрсетудің қолжетімділігінің және микроклиматтың берілген сипаттамаларымен аэровокзалдың ішкі ортасының қолайлылығы;

8) аэровокзал класын анықтау – Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес жолаушыларға ұсынылатын жайлылық деңгейi мен қызмет көлемi.

3. Әдiстеменi қолданудың негiзгi қағидаттары:

1) қазiргi заманғы, қауiпсiз және сенiмдi көлiк инфрақұрылымында, сондай-ақ олардың сапалы қызмет көрсетiлуiнде аэровокзалдар тұтынушыларының қажеттiлiктерiн қамтамасыз ету;

2) көлiк инфрақұрылымының бөлiгi ретiнде ғана емес, дамуының сапасымен және қарқынымен келісілген, қала ортасының ажырамас құрам бөлігі ретінде аэровокзалды және оған iргелес аумағымен бірге дамытуға кешендi тәсіл;

3) аэровокзалдар қызметтерiн тұтынушылар мен пайдаланушылар мүдделерiнiң теңгерiмiн қамтамасыз ету;

4) өзiнiң инвестициялық әлеуетi, сәулет, қала құрылысы және технологиялық мүмкiндiктерi бар объект ретiндегi әрбір аэровокзалдың бiрегейлiгi;

5) аэровокзалдарда олардың функциональдық сенiмдiлігін және жұмыс істеу қауіпсіздігін бұзбай, сондай-ақ олардың даму әлеуетін төмендетпей тауарлар мен қызметтерді iске асырудан түскен кiрiстерді арттыру болып табылады.

4. Аэровокзалдар әуе көлігінің жолаушыларына, сондай-ақ қарсы алушылар мен шығарып салушыларға кешенді ұшу алдында және ұшып келгеннен кейін қызмет көрсетуге арналады.

5. Әуежайдың аэровокзалдық кешендерінің негізгі өндірістік-технологиялық көрсеткіші бір сағат ішінде қызмет көрсетілуі мүмкін барлық санаттағы жолаушылар санымен сипаттайтын өткізу қабілеттілігі болып табылады.

6. Әуежайдың аэровокзалының кешендерінің қажетті өткізу қабілеттілігін қолданыстағы нормаларға сәйкес жылдық жолаушыларды тасымалдау көлеміне байланысты анықтау қажет.

7. Аэровокзалдық кешендердің жобалық өткізу қабілеттілігі номенклатураға жақын мәніне дейін дөңгелектеумен қабылданады. Бұл ретте қажетті болатын өткізу қабілеттілігінің жобалықпен салыстырғанда 10% жоғарылауына рұқсат етіледі, көп ауытқу кезінде жақын үлкен көрсеткішті таңдау қажет.

9. Аэровокзал кешендерінің өту қабілеттілігіне жолаушылар кешені - аэровокзал, перрон және вокзал жанындағы алаң оның негізгі элементтері сәйкес келуі тиіс.

10. Класына байланысты, аэровокзал кешендерін жобалау кезінде:

1) барлық технологиялық операцияларға минималды уақыт шығыны болатын кезде жолаушыларға қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін, экономикалық ақталған механикаландыру және автоматтандыру құралдарын енгізу және жолаушыларға прогрессивтік технологиялық қызмет көрсетуді көздеу;

2) әртүрлі санаттардағы жолаушылар мен жүктердің ағынын анық бөлуді, санкиялық қол жеткізу аймағын бөлуді, сондай-ақ талап етілетін өткізу және объектішілік режимді, сондай-ақ мәжбүрлі эвакуациялауды ұйымдастыру мақсатында қозғалыс жолдары және жекелеген аймақтар мен үй-жайлардың мақсаты туралы көрнекі ақпаратпен қамтамасыз ету қажет.


Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 3 желтоқсанда Нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №8932 болып енгізілді.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет