Осы стандарт дайындалған және оған сілтемелер келтірілген Беларусь Республикасының ұлттық стандартының ресми данасы Бірыңғай мемлекеттік нормативтік техникалық құжаттар қорында бар.
Осы стандарт Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің рұқсатынсыз ресми басылым ретінде толықтай немесе бөлшектеліп, басылып шығарыла, көбейтіле және таратыла алмайды
4 Автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің қызметіне қойылатын талаптар 4
4.5 Автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің тасымалдаушыларға көрсететін қызметтері 10
5 Автовокзалдарға, автостанцияларға және жолаушыларға қызмет көрсету пункттеріне қойылатын талаптар 11
5.1 Автовокзал, автостанция және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің көрсететін қызметтерінің тізімі 11
5.2 Автовокзал, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің қызметтеріне қойылатын талаптар 11
5.3 Автовокзал, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің құрылымына қойылатын талаптар 12
5.4 Автовокзал, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері мен олардың үй-жайларының көлемдік-жоспарлау шешімдеріне қойылатын талаптар 15
5.5 Автовокзал, автостанция және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің қызметтеріне қойылатын талаптар 16
5.9 Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің қызметтеріне қойылатын талаптар 22
5.12 Автовокзалдардың, автостанциялардың, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері бөлмелерінің температуралық тәртібіне, желдетуге және салқындатуға қойылатын талаптар 27
5.13 Автовокзалдың, автостанцияның, жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің бөлмелерінің жарықтандырылуына қойылатын талптар 28
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ұлттық стандарты
_____________________________________________________________________________
АВТОВОКЗАЛДАР, АВТОСТАНЦИЯЛАР ЖӘНЕ ЖОЛАУШЫЛАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ПУНКТТЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТІ
Жалпы талаптар
_____________________________________________________________________________
Енгізілген күні 2014.01.01
1 Қолданылу саласы
Осы стандарт автовокзалдарға, автостанцияларға және жолаушыларға қызмет көрсететін пункттерге, сонымен қатар олармен ұсынылатын қызметтерге қойылатын жалпы талаптарды белгілейді.
Осы стандарт ережелері Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль көлігімен автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсететін пункттердің қызметтерін көрсетуді іске асыратын заңды тұлғалармен және жеке кәсіпкерлермен қолдану үшін міндетті болып табылады.
2 Нормативтік сілтемелер
Осы стандартты қолдану үшін мынадай сілтемелік нормативтік құжаттар керек:
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі № 476-II «Автомобиль көлігі туралы» заңы.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңы.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі № 151-I «Қазақстан Республикасының тілдер туралы» заңы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» Қаулысы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 тамыздағы № 796 «Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды автоматты түрде өрт сөндіру және автоматты өрт дабылымен, өрт кезінде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар” техникалық регламентін бекіту туралы» қаулысы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 тамыздағы № 803 «Өндірістік объектілердегі сигналдық түстерге, белгілеулерге және қауіпсіздік белгілеріне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы» қаулысы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 16 Объектілерді қорғауға арналған өрт техникасының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы» қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 шілдедегі № 675 «Автокөлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туарлы» қаулысы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1372 «Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын
автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы» техникалық регламентін бекіту туарлы» қаулысы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 767 «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қағидасы» қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 ақпандағы № 203 «Автокөлік құралдарын техникалық пайдалану ережесін бекіту туарлы» қаулысы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1682 «Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» қаулысы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1665 "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 87 «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтар №88 «Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 44 «Көлік құралдарына және жолаушыларға қызмет көрсету жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2012 жылғы 25 қаңтардағы № 166 «Міндетті медициналық тексеріп-қарау өткізілетін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесін, Міндетті медициналық тексеріп-қарауды өткізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы № 168 «Қалалық және ауылдық елді мекендердегі атмосфералық ауаға, топыраққа және олардың қауіпсіздігіне, қалалық және ауылдық елді мекендердің аумақтарын күтіп-ұстауға, адамға әсер ететін физикалық факторлардың көздерімен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қаулысы
ҚР СТ 1174-2003 Нысандарды қорғауға арналған өрт техникасы. Негізгі түрлері. Орналастыру және қызмет көрсету.
ҚР СТ ГОСТ Р 12.04.026-2002 Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Сигналдық түстер, қауіпсіздік белгілері және сигналдық белгілер. Жалпы техникалық шарттар және қолдану реттері.
ГОСТ 12.1.004-91 Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Өрт қауіпсіздігі. Жалпы талаптар.
ГОСТ 30494-96 Тұрмыстық және қоғамдық ғимараттар. Бөлмелердегі микроклимат параметрлері.
ҚР ҚНжЕ 3.01-01-2002 Қалақұрылысы. Қалалық және елді мекендерді жоспарлау және салу.
ҚР ҚНжЕ 3.02-02- 2009 Қоғамдық ғимараттар мен салулар.
ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2009 Ғимараттар мен салулардың өрттік қауіпсіздіктері.
ҚР ҚНжЕ 3.06.15-2005 «Қозғалысы шектелген тұрғындар топтары үшін ғимараттар мен құрылыстардың қолайлылығы»
ҚР СН 2.02-11-2002 Ғимараттар, орын-жайлар мен құрылыстардың автоматты өрт дабылы жүйелері, автоматты өрт сөндіру қондырғылары мен адамдарды өрт туралы хабарландыру жабдықтарының нормалары.
ҚР ҚНжЕ 4.02-42-2006 Жылыту, желдету және кондиционирлеу.
ҚР ҚНжЕ 2.04-05-2002 Табиғи және жасанды жарықтандыру.
МСН 2.04.05-2003 Шудан қорғау
ЕСКЕРТПЕ Осы стандартты пайдалану кезінде сілтемелік стандарттар мен жіктеуіштердің қолданысын ағымдағы жылдың жағдайы бойынша «Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар» жыл сайын басылып шығарылатын ақпараттық көрсеткіш және ағымдағы жылда жарияланған ай сайын басылып шығарылатын ақпараттық көрсеткіш бойынша тексерген дұрыс. Егер сілтемелік құжат ауыстырылса (өзгертілсе), онда осы стандартты басып шығару кезінде ауыстырылған (өзгертілген) құжатты басшылыққа алу керек. Егер құжат ауыстырусыз жойылса, оған сілтеме берілген ереже осы сілтемені қозғамайтын бөлікте қолданылады.
3 Терминдер және олардың анықтамалары
Осы стандартта сәйкес келетін анықтамалары бар мынадай терминдер қолданылады:
Автовокзал: Жолаушылар легi тәулiгiне бес жүзден астам адам болатын, жолаушыларға және автобустардың жүргiзушiлерiне қызмет етуге арналған және оған: жетпiс бестен астам адам сиятын күту залы және билет кассалары бар күрделi ғимарат, жүргiзушiлердi медициналық куәландыру және алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету пункттерi, сақтау камералары, жолаушыларды отырғызуға және түсiруге арналған перрон, автобустар тұратын алаң, автобустарды қарау посттары, диспетчерлiк пункттер және ана мен бала бөлмесi кiретiн, кемінде бес мың шаршы метр аумақта орналасқан қала жолдарынан оқшауланған құрылыстар кешенiнен
тұратын жеке кәсіпкер немесе («Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес).
Автовокзалдардың жіктелуі өлшемдер бойынша 1-кестеде келтірілген.
Автостанция: жолаушылар легі тәулігіне бес жүз адамнан аз болатын, жолаушыларға және автобустардың жүргізушілеріне қызмет етуге арналған және оған: жетпіс бес адамға дейін сиятын күту залы және билет кассалары бар күрделі ғимарат, сақтау камералары, жолаушыларды отырғызуға және түсіруге арналған перрон, автобустар тұратын алаң, диспетчерлік пункттер кіретін, кемінде екі жарым мың шаршы метр аумақта орналасқан құрылыстар кешені бар және станциялық қызметті жолаушыларға және жүргізушілерге көрсететін жеке кәсіпкер және заңды тұлға («Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес).
Жолаушыларға қызмет көрсету пункті: Жолаушыларға станциялық қызметтер көрсететін және жол жүру құжаттарын (билеттерін) алуға арналған, автовокзалдары және автостанциялары жоқ елді мекендерде орналасқан, сыйымдылығы 10 адамға дейінгі және тәулігіне 100 жолаушы аттандыратын, автобустарға отыру-түсу және келуін жолаушылар күтетін, ішіне төмендегілер кіретін құрылысы бар: жол жүру құжатын және жүк түбіртегін сатуға арналған, автокөлік құралдарының қауіпсіз тоқтауына арналған, жолаушылардың отырып, түсуіне арналған алаңы және жолаушыларды әртүрлі ауа-райынан қорғауға арналған жол бойы жолақтары салынған бөлігі бар, жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға.
Перрон: Жолаушыларды отырғызуға және түсіруге арналған төбесі жабық немесе ашық, жоспарда жол бөлігінен жоғары орналасқан әртүрлі конфигурациялы алаң, автовокзал немесе жолушылар автостанциясы аумағының бөлігі.
Аялдамалық пункт: Жолаушыларды отырғызу және түсіру мақсатымен автокөлік құралдарының аялдауына арналған, автомобиль көлігімен жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерінің талаптарына сәйкес салынған жол жиегінің телімі.
Түсіру посты немесе отыру посты: Жиегіне жолаушыларды түсіру немесе отырғызу үшін автобус аялдайтын перронның телімі.
Ішкі көлік аумағы: Қаладан тыс автобус қатынастарының жолушыларын отырғызу және түсіруге байланысты көлік процесстері іске асырылатын, бөгде жаяу жүргіншілер мен көліктерден оқшауланған, автовокзал немесе жолаушылар автостанциясы аумағының бөлігі.
Вокзал маңы алаңы: Автовокзалдың жұмысына байланысты, қалалық көліктердің тұратын орындары мен жеңіл автокөліктердің және таксилердің аялдамалық тұрақтары ұйымдастырылатын, вокзалға іргелес қалалық алаң немесе алаң бөлігі.
Сыйымдылығы: Нормативтік талаптарды сақтай отырып, осы алаңда бір уақытта орналаса алатын адамдардың саны.
Өткізу қабілеті: Пайдалану тәулігі немесе сағаты ағымында жіберіле алатын жолаушылардың немесе автобустардың саны («жолаушылардың тәуліктік жіберілуі» немесе «автобустардың тәуліктік жіберілуі»).
Азмобильді жолаушылар: Тірек қозғалыс аппараттары зақымданған, көру қабілеттерінде кемшіліктері бар және есту қабілеттері нашар мүгедектер, сонымен қатар егде тартқан тұлғалар және уақытша еңбекке жарамсыз тұлғалар.
1-кесте – Тәуліктік жіберу шамасына байланысты автовокзалдардың және автостанциялардың жіктелуі
Есептік тәуліктік жіберу, жол.
|
Сыйымдылық, жол.
|
Атауы
|
100 дейін
|
10
|
Жолаушыларға қызмет көрсету пункті
|
100 жоғары 200 дейін қоса
200 жоғары 350дейін
350 жоғары 500дейін қоса
|
20
50
75
|
Жолаушылар автостанциясы
|
500 жоғары1000 дейін қоса
1000 жоғары 2000 дейін қоса
2000 жоғары 3000 дейін қоса
3000 жоғары 4000 дейін қоса
|
100
125
150
200
|
Кіші
автовокзалдар
|
4000 жоғары 6000 дейін қоса
6000 жоғары 8000 дейін қоса
8000 жоғары 10000 дейін қоса
|
250
300
400
|
Орташа автовокзалдар
|
10000 жоғары 15000 дейін қоса
15000 жоғары 20000 дейін қоса
20000 жоғары 25000 дейін қоса
25000 жоғары 30000 дейін қоса
30000 жоғары 40000 дейін қоса
40000 жоғары
|
500
600
700
800
900
1000
|
Үлкен
автовокзалдар
|
4 Автовокзалдар, автостанциялар мен жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің қызметіне қойылатын талаптар
4.1 Билеттер сату бойынша қызметтер
4.1.1 Автовокзалдар, автостанциялар немесе жолаушыларға қызмет көрсету пункттері (билеттер сату бойынша кассалары болған жағдайда), қозғалыс кестесінде көрсетілген барлық рейстерге жол жүру құжаттарын (билеттерін) сатуды ұйымдастырады. Осы мақсатпен автовокзалдарда, автостанцияларда, билеттер сату бойынша кассалық ұяшықтар орналасатын билетті-кассалық аймақтарды ұйымдастырады.
Жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінде билет сату бойынша касса, тәуліктік жіберуі 50 жолаушыдан асқан кезде ашылады.
4.1.2 Билеттерді сату автовокзалдардан, автостанциялардан және жолаушыларға қызмет көрсету пункттеріннен басқа, жеке кәсіпкерлермен және заңды тұлғалармен, билет кассалары бар билет сату бойынша агенттіктермен немесе байланыс құралдарын қолданып билеттерді сатуды ұйымдастыратын агенттіктермен ұйымдастырылуы мүмкін.
4.1.3 Автовокзалдарда және автостанцияларда ағымда билет сатумен қатар алдын ала билет сатулар ұйымдастырылады, сонымен қатар оларды телекоммуникациялық құралдарды қолданып сату (электронды билет), билеттерді сатып үйге жеткізіп беру.
Билеттерді электронды сатуда, жолаушының тегі, аты, әкесінің аты тіркеледі. Электронды билеттері бар жолаушыларды отығызу жеке куәліктерін көрсету арқылы жүргізіледі.
4.1.4 Ағымдық және алдын ала автовокзалдармен және автостанциялармен билеттер сату заңды және жеке тұлғалармен олардың билеттік кассалары арқылы іске асуы мүмкін.
4.1.5 Билеттерді жолаушыларды тұрақты емес тасымалдауға автовокзалдармен және автостанциялармен және жолаушыларға қызмет көрсету бойынша пункттермен сатуға рұқсат етілмейді.
4.1.6 Жол жүру құжаттарын (билет) алдын ала сату кассаларында, сонымен қатар телекоммуникациялық құралдарды пайдаланып және үйге жеткізіп сату, 30 тәулік бұрын басталып автобус кеткенге дейін 24 сағат бұрын аяқталады.
4.1.7 Жол жүру құжаттары (билеттері) мемлекеттік және орыс тілдерінде рәсімделеді.
4.1.8. Жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінде билеттерді сату автобус кеткенге дейін 30 минут бұрын басталады.
4.1.9 Касса жұмысының уақыты қозғалыс кестесіне байланысты белгіленеді.
Автобустарды жіберу түнгі уақыттарда жүргізілетін орташа және үлкен автовокзалдарда кассаның тәулік бойы жұмыс істеуі ұйымдастырылады. Автобустарды жіберу түнгі уақыттарда жүргізілетін автостанциялар мен кіші автовокзалдарда сағат 18-00 кейін кезекші касса жұмысын ұйымдастыруды ұйымдастыруға рұқсат етіледі.
4.1.10 Жолаушыларды тәуліктік жіберілу шамасы 4000 асатын орташа және үлкен автовокзалдарда, автобустардың жіберілетін бағыттары бойынша топтастырылуы мүмкін.
Сатылған билеттерді электронды құралдардың көмегімен есеп жүргізу кезінде мұндай автовокзалдарға кез келген кассадан барлық бағытқа билет сатуға рұқсат етіледі.
4.1.11. Қалааралық және аудан ішілік қатынастарда билет сату бойынша жолаушыларға қызмет көрсету уақыты 1 минут, қала маңына 0,5 минут, жүк билетін сатуға 0,5 минуттан аспауға тиіс.
4.1.12 Жеке жеңілдік санаттары бар жолаушыларға жол жүру құжатын (билет) сату жергілікті атқарушы және заң шығарушы органдармен бекітілген және тасымалдаушымен белгіленген жеңілдікті тарифер бойынша іске асырылады.
4.1.13 Жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату және оларды қайтару тәртібі «Автомобиль көлігімен жолаушыларды және жүктерді тасымалдау ережелері» қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
4.1.14 Жолаушыларды халықаралық тасымалдау кезінде жол жүру құжаттарын (билет) сату, билетте жолаушының тегін, атын және әкесінің атын көрсету арқылы жүзеге асырылады. Жолаушыны рейске отырғызу жеке басын куәландыратын құжат негізінде билетте көрсетілген тегін, атын және әкесінің атын тексерумен жүргізіледі.
4.2 Ақпараттық қызметтер
4.2.1 Автовокзалда, автостанцияларда және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінде тасымалдауға қатысты барлық сұрақтар бойынша ақпараттандыруды ұйымдастырады.
Ақпараттық қамтамасыз ету сыртқы ақпарат арқылы, ақпаратты беру дауыс ұлғайтқыш байланыспен және ауызша беру жолымен қамтамасыз етіледі.
4.2.2 Көзбен шолынатын ақпарат және дауыстайтын байланыс бойынша ақпарат «Қазақстан Республикасының Тілдер туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде беріледі. Ауызша ақпарат бойынша сұрақ және жауап мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі, сұрау тілі мен жауап беру тілі бірдей болуы керек.
4.2.3 Көзбен шолынатын ақпарат тасымалдарды жүргізу шарттары мен тәртіптері туралы және жолаушыларға қызмет көрсету туралы толықтай ақпаратты береді.
4.2.3.1 Автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің жұмыс уақыты, ғимаратқа кіретін басқы есіктің жанында, сонымен қатар кәсіпорынның Интернет сайттарында (егер болса) көрсетіледі.
Егер автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің жұмыс уақыты тәуліктік болмаса жұмыс тәртібі туралы мәліметтер келтіріледі:
- жұмыстың басталу және аяқталу уақыты;
- түскі үзіліс.
4.2.3.2 Автовокзалдарда, автостанцияларда және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінде автобустарды бағдар бойынша қозғалыс кестесі келтіріледі. Осы мәіметтер сонымен бірге Интернет сайттарда (егер болса) көрсетіледі.
4.2.3.2.1 Автобустардың қозғалыс кестесі, қабырғаларда, плакаттарда және электронды таблоларда келтіріледі.
Әріптердің өлшемдері, сандар және мәтіннің айқындылығы, 5 м кем болмайтындай қашықтықта оқылуын қамтамасыз етуі керек.
4.2.3.2.2 Қозғалыс туралы ақпарат касса залында, күту залында ілінеді.
Тәулік бойы жұмыс істемейтін автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері үшін қозғалыс тәртібі, сыртта ғимараттың қасбетінде ілінеді.
4.2.3.2.3 Автобустың қозғалыс кестесінде мынадай мәліметтер келтіріледі:
- бағдар нөмірі;
- бағдардың атауы;
- автобустың жіберілу уақыты;
- сол автовокзалға, автостанцияға келу уақыты және тұру уақыты (транзиттік рейстер үшін).
Қалааралық және халықаралық бағдарлар үшін қосымша көрсетілетіндер:
- соңғы пунктке жету уақыты;
- жолға кететін уақыт.
Облысішілік және ауданішілік бағдарлар үшін, соңғы уақытқа жету және автобустардың тасымалдауға қолданылатын тарифті электрондық таблоларды қолдану кезінде қосқан жөн.
Автобустардың ұсталуы кезінде электронды таблоларда, шамамаен келетін уақыты және кешігу уақыты көрсетіледі.
4.2.3.3 Жол жүрудің қашықтық және тариф кестесі, осы автовокзалдан орындалатын бағдар бойынша барлық аялдамалық пункттерге дейінгі қашықтықты, жол жүру тарифін және жүктің бір орнының құнын көрсетуі керек.
4.2.3.4 Автобустардың қозғалыс сызбасы бір немесе бірнеше автобус қозғалыстарының бағыттарына ие автовокзалдар мен автостанцияларда келтіріледі.
Автобус қозғалысының сызбасында қозғалыстың бекітілген графигінде келтірілген бастапқы және соңғы пункттерді және барлық аралық аялдамаларды келтіреді.
Автобустардың қозғалыс сызбалары стенд, плакат түрінде немесе электронды таблода көрсетіледі. Сызбаның минималды өлшемдері – (630 х 800) мм.
Әріптердің өлшемдері, сандар және мәтіннің айқындылығы, 5 м кем болмайтындай қашықтықта оқылуын қамтамасыз етуі керек.
4.2.3.5 Жолаушылар залында немесе касса аймағында жолаушылар мен жүгізушілердің құқықтары мен міндеттерін іске асыру бойынша құқықтық және нормативтік актілерінен үзінділер және шектеуші ақпараттар келтіріледі:
- жолаушылардың құқықтары мен міндеттері;
- жүргізушілердің құқықтары мен міндеттері;
- шектеуші (ғимаратта темекі шегуге, тазалық пен тәртіпті сақтауға және т.б.).
4.2.3.6.1 Кассаның көзбен шолу ақпараттары мынадай элементтерден тұруы керек:
- касса нөмірі;
- кассаның арналымы;
- жұмыс тәртібі;
- кассирдің аты, тегі, кассирдің аты жөні;
- Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген, кезектен тыс билет алатын жолаушылар санатының тізімін;
- жол жүру жеңілдігінің шаттарына ие кейбір жолашылар санаты;
- қолданылмаған билеттерді қайтару және жол жүру құнын қайтару тәртіптері;
- жүктің құнын төлеу тәртібі.
4.2.3.6.2 Анықтамалық бюроның көзбен шолу ақпараты, төмендегілерден тұруы керек:
- «Анықтамалық бюро» тақтайшасынан;
- автобустар қозғалысының кестесінен;
- жүкті алып жүру және тасу құнының кестесі.
4.2.3.7 Автовокзалдардың және автостанциялардың автобусқа отыру аймағында, тұғырнама нөмірлері және бағдарлардың соңғы пункттері туралы ақпараты бар жолаушылардың отыру және түсу сілтемелері орнатылуы керек.
Жолушылардың отыруын және түсуін сілтеуіштер қараңғы уақытта жанатын болуы керек және 25 м кем емес қашықтықта көрінуін қамтамасыз етуі керек.
4.2.3.8 Бөлмелер мен қызметтердің орналасу сызбасында, сұлба түрінде барлық жолаушылар, қызметтік және көмекші бөлмелердің болуы керек.
4.2.3.9 Қызметтердің жұмыс уақыттары анықтамалық тақтайшаларда көрсетіледі.
Тақтайшалар өлшемі – (100 х 200) мм кем емес.
Тақтайша фоны мен ондағы жазулар ажыратылатын түсте болуы керек.
Анықтамалық тақтайшалар тиісті қызметтердің есіктерінде ілінуі керек, биіктігі еден деңгейінен 1,8 м бастап 2,2 м дейін.
4.2.3.10 Өрт немесе басқа да апаттық жағдайларда, адамдарды эвакуациялау сұлбасы әр ғимаратқа барлық бөлмелер мен шығу жолдарын көрсетіп орнатылады. Сұлба ақ фонда қара түспен, ал эвакуация жолдарын көрсететін нұсқамалар – жасыл түспен орындалады. Сұлбалар әр қабатта орналастырылады.
4.2.3.11 Сақтау камераларында багаж бен қол жүгін сақтайды, сонымен қатар оларды сақтаудың тәуліктік құнын көрсетеді.
4.2.3.12 Автовокзалдарда, автостанцияларда және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінде, міндетті ақпараттан басқа қосымша ақпараттарды орналастыруға рұқсат етіледі:
- белгіленген елді мекенде басқа көлік құралдарының қозғалыс кестесін;
- қонақ үйлердің мекен жайы және телефон нөмірлері;
- теміржол вокзалдарына және аэропорттарға жету сұлбасы мен бағдарлар;
- жолаушыларға көрсетілетін қызметтің түрлері (билеттердің алдын ала тапсырыс, таксиге тапсырыстар қабылдау және т.б.).
4.2.3.13 Көзбен шолу ақпаратын рәсімдеу мынадай принциптерге негізделуге тиіс.
4.2.3.13.1 Көзбен шолу ақпараты қалқандарда, стендтерде, электронды таблоларда немесе тақтайшаларда дайындалады.
4.2.3.13.2 Мәтін, сурет, белгі өлшемдері және олардың жалпы фондағы айқындылығы, жолаушыға ыңғайлы қашықтықтан оқылуын қамтамасыз етуі керек.
4.2.3.13.3 Автовокзалдарды, автостанцияларды және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері ақпараттық қамтамасыз ету белгілерінің түсті графикалық безендіру, жалпы интерьерге сай болуы керек, ақпараттың берілуінің мәнерлігін және нақтылығын қамтамасыз ету керек.
4.2.3.13.4 Автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің сілтеуіштерінің өлшемдері, кестесінің түстері, көрсеткіштердің сұлбалары жалпы компоновкаға, ғимараттың сәулеттік ерекшелігіне және өлшемдеріне сай болуы керек.
4.2.3.13.5 Қозғалыс сұлбасы, қозғалыс кестесі, қашықтық кестелері және жол жүру тарифі, ережелерден үзінділер, көруге ыңғайлы жерлерде орналастырылуы керек.
4.2.4 Автовокзалдар мен автостанцияларда жолаушыларды ақпараттандыру үшін дауыстағыш байланыс ұйымдастырылады.
4.2.4.1 Дауыстағыш байланыспен жарияланатындар:
- автобустың келуі туралы;
- автобусқа отырудың басталуы туралы – жүрерге 15 мин қалғанда;
- автобустың кетуі туралы – кетуге 5 мин қалғанда;
- автобустардың келуінің және кетуінің ұсталуы туралы, автобустың кету уақытының ауысуы туралы;
- қосымша рейстердің енгізілгендігі туралы және оларға билеттердің сатылуы туралы;
- транзиттік қатынастағы автобустарды жіберу уақытының өзгеруі туралы;
- автобуста бос орындардың болуы туралы;
- жүктерді және қолдық затты қабылдау, сақтау және беру реті;
- жолаушыларға ұсынылатын негізгі қызметтердің тізімі;
- вокзал ғимаратын және автобустарды пайдалану ережелері;
- жолаушыларға қызмет көрсетуге байланысты басқа анықтамалық ақпарат.
4.2.4.2 Дауыстайтын байланыспен ақпарат бергенде жолаушыларға арналған баррлық бөлмелерде, автовокзал (автостанция) ғимаратында және оның аумағына естілетіндей болуы керек.
Дауыстайтын байланыс бойынша ақпараттандырушының даусы нық, сауатты, әдеби тіл нормаларына сәйкес айтылатын, дауыс ырғағы жағымды және артық сөзсіз және берілетін ақпараттың негізгі маңызынан тұруы керек.
Дауыстайтын байланыс пен жолаушыларды ақпараттандыру қажетт кезінде қайталануы мүмкін.
4.2.5 Жолаушыларды ауызша ақпараттандыру жолаушының сұрауы бойынша анықтамалық бюрода ұйымдастырылады.
Анықтамалық ақпаратқа кіретіндер:
- қозғалыс кестесі;
- бағдарлар бойынша тасымалдау кестесі;
- автобустардың келуінің және жіберілуінің ұсталу уақыты;
- соңғы пунктке келу уақыты және оған дейінгі қашықтық;
- жіберетін перонның орналасқан жері, бағдар бойынша автобусты жіюеретін постының атауы немесе нөмірі;
- автовокзалдың (автостанцияның) кейбір бөлмелерінің орналасуы;
- автовокзалдың және сақтау камерасының жұмыс уақыты;
- басқа көлік түрлерінің көлік құралдарының қозғалу уақыты.
4.2.6 Қалааралық облысаралық және халықаралық қатынастарда автобустарды жіберердің басталуының алдында, салондағы жолаушылар ауызша немесе аудио немесе видео жазу құралдары арқылы мемлекеттік және орыс тілдерінде төмендегілер жайлы хабардар болулары керек:
1) бағдардың атауы;
2) тасымалдаушының атауы;
3) жолдың ұзақтығы, километрде;
4) жолға кететін уақыт;
5) аралық аялдамаларда;
6) автобус қозғалысы кезіндегі шектеулер;
7) төтенше жағдайлар кезіндегі әрекеттер;
8) қосымша сервис.
4.2.7 Автовокзалдар мен автостанциялар Қазақстан Республикасының халқын электронды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпараттандыруды ұйымдастыру керек.
Ақпараттың құрамына кіретіндер:
- автовокзал (автостанция) мекенжайы;
- қасынан өтетін қалалық жолаушылар көлігі бағдары;
- қозғалыс кестесі;
- бағдарлар бойынша тасымалдау кестесін;
- соңғы аялдамаға келу уақыты және оған дейінгі қашықтық;
- автовокзалдың және сақтау камераларының жұмыс уақыты;
- Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген, кезектен тыс билет алатын жолаушылар санатының тізімі;
- кейбір жолаушылар санатының жол жүру жеңілдігінің шарттары;
- пайдаланылмаған билеттерді қайтару және билет құнын қайтару тәртіптері;
- багаж құнын төлеу.
4.2.8 Автовокзалдар Wi-Fi сымсыз желіге қосылуды ұйымдастыру жолымен тегін Интернетке жолаушылардың қосылуын ұсынуға міндетті.
Wi-Fi қосылу аймақтары, жолаушылардың күту залын, перрон және кафені қамтуы керек.