2013 жылғы қаңтар-желтоқсан айларына арналған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму Қорытындысы астана-2014 жыл



Дата29.02.2016
өлшемі187.01 Kb.
#30634



2013 жылғы қаңтар-желтоқсан айларына арналған

Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму

ҚОРЫТЫНДЫСЫ

АСТАНА-2014 жыл

2013 жылғы қаңтар-желтоқсан айларына арналған

Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық

жағдайын сипаттайтын маңызды индикаторлардың тізбесі



Р/с№

Атауы

Көрсеткіштер

(млн. теңге)

2012 жылдың тиісті кезеңіне %

1.

Өнеркәсіптік өнімнің (тауарлардың, қызметтердің) қолданыстағы бағадағы көлемі

263 248,5

106,7

2.

Негізгі капиталға инвестициялардың көлемі

545 705,2

85,0

3.

Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі

279 136,5

88,1

4.

Қаржыландырудың барлық көздері есебінен тұрғын үйді қолданысқа енгізу (шаршы метр)

1 101 023

85,2

5.

Мемлекеттік бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің түсуі, барлығы

610 219,7

95,5

6.

Мемлекеттік бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдер түсімі болжамының орындалуы, %

103,4

Х

7.

Бюджетке түсім бойынша бересі

6 041,3

97,2

8.

Шағын және орта бизнес субъектілері шығаратын өнімнің көлемі

1 185 779

102,4

9.

Шағын және орта бизнес саласындағы жұмыспен қамтылғандардың саны (мың адам)

189,3

111,6

10.

Тұтыну бағаларының индексі (2012 жылғы желтоқсанмен салыстырғандағы 2013 жылғы желтоқсан), %

103,9

Х

11.

Бөлшек сауда айналымының жалпы көлемі

511 726,1

122,4

12.

Халықтың экономикалық белсенді санынан тіркелген жұмыссыздар үлесі, %

0,5

Х

13.

Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің мөлшері теңге (желтоқсанда)

19 205

99,7

14.

Орташа айлық атаулы жалақы, теңге

158 899

107,7


2013 жылғы қаңтар-желтоқсан айларына арналған

Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы

туралы ақпарат
1. Индустриялық-инновациялық даму
Астана қаласының өнеркәсіптік сектордың көпшілігін өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары (оның үлесі 82,7%-ды құрайды) және электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны салқындату (14,4%) құрайды. Сумен жабдықтау өнімі (тауарлар, қызметтер), кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау жүйесінің үлесіне 3,0 %-дан келеді.

2013 жылғы қаңтар-желтоқсанда қаланың кәсіпорындары 263 248,5 млн. теңге сомаға өнім өндірді және өнеркәсіптік сипатта қызмет көрсетті, нақты көлем индексі (бұдан әрі - НКИ) 2012 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 106,7%-ды құрады.





Өңдеу өнеркәсібінде 217 605,3 млн. теңге сомаға өнім (тауарлар, қызметтер) өндірілді, НКИ 9,2 %-ға өсті.

Шығарылатын өнім көлемінің артуы өнеркәсіптің төмендегі салаларында байқалады:

машина жасауда (үлес - 53,8%) 117 069,5 млн. теңгеге өнімдер шығарылды және қызмет көрсетілді, НКИ - 10,6%-ға өсті;

өзге де бейметалл минералды өнімнің өндірісінде (үлес 21,8%) – 20,5%-ға, шығарылым көлемі 47 511,9 млн. теңгені құрады;

тамақ өнімдерін өндіруде (үлес - 9,3%) 20 147,6 млн. теңге сомаға өнім өндірілді, НКИ - 103,2%;

металлургия өнеркәсібінде 1 404,4 млн. теңгеге өнім өндірілді, НКИ-141,1%;

Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі – ҮИИД МБ) іске асыру аясында, өңірлік Индустрияландыру картасы бойынша 86,8 млрд. теңге сомаға 19 жоба іске асырылды, 3 100 жұмыс орны құрылуда, оның ішінде 2013 жылы 9 жоба.

№ 1 Индустриялық парк аумағында жалпы инвестиция көлемі 180,4 млрд. теңгеге 49 инвестициялық жоба іске асырылуда, барлығы 57,9 млрд. теңге игерілді. 2013 жылы 8 өнеркәсіп пайдалануға берілді.



Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны салқындату салаларында өнеркәсіптік сипатта 37 860,6 млн. теңге сомаға (НКИ - 100,9%) өнім өндірілді және қызмет көрсетілді, оның ішінде электр қуатын өндіру, ұсыну және таратуда - 27 550,2 млн. теңгеге (НКИ - 101,0%), газ тәрізді отынды өндіруде және таратуда - 199,2 млн. теңгеге (НКИ - 101,2%), бу беру және ауаны салқындату жүйесінде - 10 111,2 млн. теңгеге (НКИ - 97,3%) қызмет көрсетілді.

Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау жүйесінде 7 781,1 млн. теңгеге өнім өндірілді және қызмет көрсетілді, НКИ 2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 22,7%-ға азайды.

Инновацияларды дамыту.

ҮИИД МБ шеңберінде жаңа технологияларды енгізу және қалада индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру бөлігінде Астана қаласындағы инновациялық қызметті дамыту жұмысы жалғастырылуда.

Төмендегі бағыттар бойынша инновацияларды мемлекеттік қолдау құралдары іске асырылуда.

Технологиялық бизнес - инкубациялау.

Тұрақты негізде технологиялық бизнес-инкубациялау байқауына қатысу тәртібі туралы әлеуетті өтінім берушіге кеңестер беріліп отырады.

Технологиялық бизнес-инкубациялауға инновациялық жобаларды қарау жөніндегі Сараптамалық кеңестің ұсынымдары негізінде 2013 жылы 8 жоба инкубациялауға қабылданды. 8 стартап-компаниясы құрылды, оның үшеуінде жобалар іске асырылды.

Технологиялық аудит (технологиялық диагностика).

2013 жылы бұған дейін технологиялық аудит жүргізілген қаланың 13 коммуналдық және өнеркәсіптік кәсіпорны үшін іс-қимылдар жоспарлары бірігіп іске асырылды, әдістемелік және кеңестік сүйемелдеу жүргізілді, Астана қаласының 3 коммуналдық кәсіпорны үшін жобалық шешімдер әзірленді.

«Астана Тазалық» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгіның «Ақылды аялдама» және «Көлік құралдарын навигациялық мониторингілеу жүйесі» пилотты жобаларын іске асыру туралы шешім қабылданды.


  • Технологиялар трансфертін сүйемелдеу.

  • Денсаулық сақтау, білім беру, жоғары технологиялық өндірістерді ұйымдастыру, Болашақтың мектебі - бүгін, Е - жедел жәрдем, Open Wi - Fi, Қазақстан - Чех технологиялық орталығы және 3D технологиялар құзіреті орталығы тәрізді қаланың еңбек ресурстарының зияткерлік әлеуетін арттыру саласында қаланы әлеуметтік - экономикалық дамытуға бағытталған инновациялық жобалар бойынша жұмыстар жалғастырылды.

  • Инновациялық қызметті информациялық жарықтандыру.

  • Қалада бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен 4 баспасөз конференциясы өткізілді, интернет-ресурстарда 55-тен астам «Астана Innovations» акционерлік қоғамы өткізген іс-шаралар туралы, оның ішінде, «Smart Astana» жобасы бойынша мақала жарияланды, баспа бұқаралық ақпарат құралдарында – 34 материал, «Astana Innovations» ақпараттық журналының 4 нөмірі, «Smart Astana» мамандандырылған бағдарламасының 9 шығарылымы, «Smart Astana балалары» конкурсы өткізілді, жыл сайынғы «Smart Astana - 2013» халықаралық конференциясы өткізілді.

  • Технологиялық сүйемелдеу.

  • Тұрақты негізде статистикалық есептілік нысандарын толтыру бойынша респонденттер арасында түсіндірме жұмыс жүргізілді.


2. Көлік және байланыс
Автомобиль көлігі. Бүгінгі күні 50 қалалық бағдар бойынша күн сайын 747 бірлік көлік жұмыс істейді, оның ішінде сыйымдылығы үлкен автобус - 566, орташа сыйымдылықты автобус - 181. Қалалық бағыт желісінің ұзақтығы 2 320,1 км-ді құрайды. Астана қаласында 15 мамандандырылған таксомотор компаниясы жұмыс істейді.

Ағымдағы жылдың басынан бастап шамамен 14,7 км жол, қосылған ауылдарда 13 км жаңа автожол салынды, 10,6 км жол қайта жаңартылды, 24 км жолдың орташа жөнделуі өткізілді. Шағын айналма жолдың құрамына кіретін, Ш. Бейсеков көшесі бойынша Есіл өзені арқылы өтетін батыс айналма жолы ашылды.

Қалалық көлікпен 2013 жылы 124 048,5 мың тонна жүк тасылды, бұл ретте жалпы жүк айналымы 6 795,6 млн. тонна/км-ді құрады. 2012 жылмен салыстырғанда тасылған жүк көлемі 10,2%-ға ұлғайды.

Автомобиль көлігімен есепті кезеңде 1 960,0 млн. жолаушы тасымалданды, оның ішінде қаланың көлік кәсіпорындары – 349,0 млн. адамды (17,8%), жеке кәсіпкерлерлер – 1 611,0 млн. адамды (82,2%) тасымалдады.



Әуе көлігімен 2012 жылмен салыстырғанда 22,5% жолаушы тасылды, бұл ретте барлық бағыттардағы жолаушылар айналымы 2,0 млн. жолаушы/ км-ды құрады.

Қаланың байланыс кәсіпорындары 146 286,2 млн. теңге сомасына қызмет көрсетті, бұл салыстырмалы бағаларда 2012 жылмен салыстырғанда 12,3%-ға жоғары.

Байланыс қызметінен түсетін кірістер құрылымында ұялы байланыс 74,1%, Интернет 13,6%, қалааралық және халықаралық байланыс түрлері – 1,7%-ды, жергілікті телефон байланысы – 2,1%-ды, өзге де байланыс түрлері – 8,5%-ды құрайды.


3. Банк секторы
Астана қаласының банк жүйесі «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі» мемлекеттік мекемесінің орталық филиалымен (бұдан әрі – Ұлттық банк), «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы, «Цеснабанк» тәрізді дербес банктермен, екінші деңгейдегі банктердің 32 филиалымен (бұдан әрі - ЕДБ) және олардың 164 құрылымдық бөлімшелерімен ұсынылады.

Қаланың қолма-қол шетел валютасы нарығында 2014 жылдың 1 қаңтарына ЕДБ 221 айырбастау пункті және Ұлттық банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізуге лицензиялары бар 68 уәкілетті ұйымның валюта айырбастау пункті жұмыс істейді.

ЕДБ-гі резиденттер депозиттерінің жалпы көлемі 2013 жылы 5 910,2 млрд. теңгені құрады және 2012 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2,2 есеге артты.

2013 жылы ЕДБ берген несиелер көлемі 941,7 млрд. теңгені құрайды (2012 жылдың деңгейінен 6,5%-ға төмен).

Барлығы Астана қаласының экономикасына банктердің кредиттері бойынша негізгі қарыздың жалпы көлемі 2013 жылы 1 180,3 млрд. теңгені құрады және 2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 17,6%-ға ұлғайды, оның ішінде ипотека бойынша – 167,8 млрд. теңге.
4. Қаржылық-бюджеттік саланың жай-күйі
Салықтардың және өзге де міндетті төлемдер түсімдерін уақытылы қамтамасыз ету мақсатында Астана қаласының әкімі 2012 жылғы 3 мамырда уәкілетті органдармен өзара іс-қимылды күшейту және Астана қаласының жергілікті бюджетіне түсетін түсімдерді арттыру жөніндегі 2012-2014 жылдарға арналған Іс-шаралар жоспарын бекітті.

Бюджетке түсім және төлем тәртібі. 2014 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша мемлекеттік бюджетке түскен түсім 610 219,7 млн. теңге болжамы бойынша 590 197,8 млн. теңгені құрады, немесе болжамның 103,4 %.



2014 жылғы 1 қаңтардағы бересі 6 041,3 млн. теңгені құрады, 2013 жылғы 1 қаңтардағы бересімен салыстырғанда (6 217,2 млн. теңге) 2,8%-ға ұлғайды. Бересінің азаюы корпоративтік табыс салығы, қосылған құн салығы, көлік және мүлік салығы бойынша берешектің қысқарумен байланысты.

Қала бюджеті. Астана қаласының түзетілген бюджетінің жалпы көлемі 2014 жылдың 1 қаңтарына 332 406,9 млн. теңгені құрады, бекітілген бюджет 89 250,5 млн. теңгеге немесе 36,7% өсті, оның ішінде түсімдер: меншікті табыстар бойынша – 136 901,6 млн. теңге; республикалық бюджеттен берілген трансферттер – 169 751,7 млн. теңге; қарыз – 5 462,9 млн. теңге; субвенция мөлшері – 6 920,1 млн. теңге, еркін қалдықтар – 13 370,6 млн. теңге.

Бюджеттің жалпы құрылымында Астана қаласының объектілерін дамытуға 148 843,7 млн. теңге жұмсалды.

Әлеуметтік салаға шығыстар 100 307,3 млн. теңгені немесе 2013 жылғы бюджеттің 30,2%-ын құрады, оның ішінде инвестициялық жобалар бойынша даму бюджеті 22 607,1 млн. теңгені құрады.

Соңғы бірнеше жылдар бойынша түсімдердің жалпы құрылымында жеке кірістің 2008 жылы 25%-дан 2013 жылы 45%-ға дейін өсімі байқалады. Сонымен қатар, трансферттер мен несиелер үлесі тиісінше 75%-дан 55%-ға дейін төмендеді.


5. Инвестициялардың жай-күйі
Талданып отырған кезеңде қаланың негізгі капиталына 545 705,2 млн. теңге инвестиция немесе 2012 жылға 85,0% салынды. Инвестициялардың республикалық көлемінде Астана қаласы көлемінің үлесі 9%-ды құрады (2012 жылдың қаңтар-желтоқсанда 11,3%).

Қарастырылып отырған кезеңде инвестициялар салудың негізгі көздері 252 501,7 млн. теңге сомасындағы немесе жалпы көлемнің 46,3% кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың жеке қаражаты болып табылады. Бюджет қаражатының үлесі 37,9%-ды құрады, қарызға алынған қаражат үлесі - 15,5%.



1-кесте

Қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға

инвестициялар құрылымы


Көздер

2013 жылдың қаңтар-желтоқсаны

2012 жылға

млн. теңге

қорытындыға %

Негізгі капиталға инвестиция, барлығы,

оның ішінде:

545 705,2

100,0

85,0

республикалық бюджет

191 323,1

35,1

94,7

жергілікті бюджет

15 735,5

2,9

64,2

кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың жеке қаражаты

252 501,7

46,3

72,3

шетелдік инвестициялар

1 355,6

0,2

36,6

қарыз қаражаты есебінен

84 789,3

15,5

135,4

Салымдардың негізгі құрамдас бөлігі ғимараттар мен құрылыстарды салу және күрделі жөндеу жұмыстары болып табылады, олардың үлесіне 60,2% немесе 328 716,1 млн. теңгеден келеді. 2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда НКИ 98,1%-ды құрады.

Машиналар мен жабдықтарды, құрал-саймандарды және керек-жарақтарды сатып алуға инвестицияның жалпы көлемінің 36,2% келеді, бұл 2012 жылға қарағанда 24,5%-ға аз.

Астана қаласына инвестиция тарту, мамандарды қаланың инвестициялық дамуының көкейтесті үрдістеріне тарту, халықаралық және іскерлік ынтымақтастықты нығайту және Астана қаласының брендін алға жылжыту мақсатында 2013 жылдың мамырында VI Астаналық экономикалық форум шеңберінде «Astana Invest 2013» атты IV халықаралық инвестициялық форум өткізілді. Форум қорытындысы бойынша өзара ынтымақтастық туралы он меморандумға қол қойылды.

2013 жылы қала әкімдігі Moody's халықаралық рейтингтік агенттігімен елорданың несиелік рейтингін нақтылау жұмысын жалғастырды. Жұмыс қорытындысы бойынша агенттік қала рейтингісі бойынша болжамды «тұрақтыдан» «позитивтіге» көтерді (Ваа3 деңгейі). Несиелік рейтингтер бойынша болжамның жақсаруы қаланың тұрақты несиеге жарамдылығын көрсетеді, бұл Астана қаласы экономикасының инвестициялық тартымдығында оңтайлы көрінеді.

Есепті кезеңде қаланың кәсіпорындары, ұйымдары және халқы жалпы ауданы 1 101 023 шаршы метр (оның ішінде пайдалы ауданы – 834 872 шаршы метр) тұрғын үйлер салды және пайдалануға берді, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 14,8%-ға төмен. Тұрғын үйдің негізгі көлемін кәсіпорындар, жеке меншік нысанындағы ұйымдар мен халық енгізді.

Барлығы тұрғын үй құрылысына 91 347,4 млн. теңге жұмсалды, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 36,3%-ға жоғары.


6. Сауда және сыртқы сауда айналымы
Ішкі сауда.

2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бөлшек сауда айналымының көлемі іске асырудың барлық арналары бойынша 511 726,1 млн. теңгені құрады және өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда салыстырмалы бағада 22,4%-ға ұлғайды. Шағын кәсіпорындар 131 078,2 млн. теңге сомасына тауарлар мен қызметтерді сатты, бұл сауда кәсіпорындарының тауар айналымының жалпы көлемінің 34,6%-ын құрайды. Орта және ірі кәсіпорындардың қызметінен бөлшек тауар айналымы 247 590,9 млн. теңгені құрады, оның ішінде тауар айналымының жалпы көлеміндегі орта кәсіпорын үлесі - 48,2%-ды, ірі 17,2%-ды құрады.

Қаланың нарығындағы жеке кәсіпкерлер 133 057,0 млн. теңге сомасына тауар сатты, бұл 2012 жылдың қаңтар-желтоқсанымен салыстырғанда 1,9%-ға жоғары.

Сыртқы сауда. Кедендік статистиканың деректері бойынша Астана қаласы сыртқы сауда айналымының көлемі (Кеден одағы елдерін есептемегенде) 2013 жылы 7 397,4 млн. АҚШ долларын құрады бұл 2012 жылмен салыстырғанда 24,7%-ға кем.

Экспорттық жеткізілімдер 2013 жылы 4 588,6 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 38,6%-ға төмен.

2013 жылы 2012 жылмен салыстырғанда экспортта үлесті салмаққа ие негізгі тауар топтары бойынша экспорттық жеткізілімдер көлемі: минералды өнімді сату көлемі 1,9 есеге; мал және өсімдік шарушылық өнімдері - 1,4 есеге, химиялық өнімдерді және онымен байланысты өнеркәсіптік салалары - 0,3%-ға, машина, құралдар, көлік құралдарын, құралдар және аппараттар шығару - 6,6%-ға азайды. Сонымен бірге, ағаш, орман материалдарын және целлюлоза-қағаз бұйымдары - 1,3 есеге, металл және одан жасалған бұйымдар - 2,0 есеге өсті.

Импорттық жеткізілімдер 2013 жылда 2 808,8 млн. АҚШ долларын құрады және бұл 2012 жылға қарағанда 19,4%-ға ұлғайды.

Импорттық түсімдерде машиналарды, құрал-жабдықтарды, көлік құралдарын, құралдар мен аппараттарды тасу басым болып табылады, олардың көлемі 1 566,7 млн. АҚШ долларын құрады (10,9%-ға көп). Ағаш, орман материалдарын және целлюлоза-қағаз бұйымдары импорттау 2,5 есеге, минералды өнімдер - 11,7%-ға, металл және олардан жасалған бұйымдар 15,5%-ға өсті.
7. Шағын және орта бизнес мониторингі
2014 жылғы 1 қаңтар бойынша шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандардың саны 189,3 мың адамды немесе 2012 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 111,6%-ды құрады. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2013 жылдың қаңтар-желтоқсанында 2012 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 6,9%-ға өсумен 55,4 мың бірлікті құрады.

Шағын және орта кәсіпкерліктің шаруашылық субъектілері 1 185 779 млн. теңге сомаға өнім өндірді, жұмыстар орындады және қызмет көрсетті, бұл 2012 жылдың ұқсас кезеңінен 2,4%-ға жоғары.



Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мақсатында Әкімдік «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын іске асыруда. 2014 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Астана қаласының Үдемелі индустриялық даму жөніндегі үйлестіру кеңесі 109 жобаны, оның ішінде, банктердің/ лизингтік компаниялардың несиелерінің пайыздық мөлшерін субсидиялау бойынша несиелік желінің жалпы сомасы 18 835,7 млн. теңгеге 106 жоба, оның ішінде жалпы сомасы 79,0 млн. теңгеге сомасына несиені кепілдендіру бойынша 16 жоба және жалпы сомасы 526,2 млн. теңгеге инфрақұрылымды дамыту бойынша 3 жоба мақұлдады.

ЕДБ-ің шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелендіру көлемі 2013 жылы 91,9 млрд. теңгені құрап, 2,2 есеге төмендеді.
8. Тұтыну бағаларын талдау

2-кесте

Астана қаласы бойынша тұтыну бағаларының индексі




Атауы

2012 жылдың желтоқсанына қарағанда 2013 жылдың желтоқсаны, %

2013 жылдың қарашасына қарағанда 2013 жылдың желтоқсаны, %

Барлық тауарлар мен қызметтер

103,9

100,8

оның ішінде:







азық-түлік тауарлары

102,7

100,8

азық-түлік емес тауарлар

104,1

101,2

ақылы қызметтер

105,2

100,3

Анықтама:

2013 жылдың желтоқсанында күнкөріс минимумының шамасы 19 205 теңгені құрады, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 0,3%-ға төмендеді.

Бір жұмысшыға орта және ірі кәсіпорындар бойынша орташа айлық жалақы 2013 жылдың қаңтар-желтоқсанында 158 899 теңгені құрады және бұл 2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 7,7%-ға көбірек.

Астана қаласы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету шеңберінде елордада көкөніс қоймаларын және жылыжай салу жөніндегі жобалар іске асырылуда. Бүгінгі күні қала аумағында жалпы сақтау көлемі 21 850 тоннаны құрайтын 5 көкөніс қоймасы және жалпы қуаттылығы жылында 2 500 тонна құрайтын 2 жылыжай кешені бар.

Желіні кеңейту үшін жалпы сақтау көлемі 12 000 тоннаны құрайтын 2 көкөніс қоймасының және қуаттылығы 3 650 тоннаны құрайтын 1 жылыжай құрылысы жүргізілуде, бұдан басқа, жобалау сатысында жалпы көлемі 27 800 тоннаны құрайтын 4 көкөніс қоймасы және жылына 5 200 тонна жылыжай өнімін өндіретін 3 жылыжай жобалау сатысында.

Астана маңында Ақмола және Қарағанды облыстарының 17 ауданынан және елордадан 916 кәсіпорын кіретін азық-түлік белдеуі құрулыда. Әкімдік оны әрі қарай дамыту мақсатында қажетті қаржылық және инфрақұрылымдық қолдау көрсетуде.


9. Әлеуметтік сала
Халықты жұмыспен қамту.

Елорданы дамытудың әр түрлі жобаларын іске асыру қосымша жұмыс орындарын құруға ықпал етеді. 2013 жылдың есепті кезеңінде 17 787 жаңа жұмыс орны құрылды, бұл 2012 жылға қарағанда 237 орынға аз. Оның ішінде шағын бизнес саласында 11 840 орын құрылды.



11 565 адам жұмыс іздеп жұмыспен қамту органдарына өтініш білдірді. Жүгінген азаматтардың жалпы санының 65,7%-ы әйелдерді құрайды, 14-29 жас аралығындағы жастар – 52,5%. Барлығы есепті кезеңде 4 763 адам жұмыспен қамтылды, 2012 жылмен салыстырғанда 822 адамға аз.

Ақылы қоғамдық жұмыстарға 2 340 адам жіберілді, соның ішінде қатысқаны – 2 294, әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген 338 адамнан 333 қатысты, «Жастар тәжірибесі» бойынша 695 адам жіберілді – 663 қатысты.

«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы шеңберінде 981 адам жұмысқа тұрғызылды, оның ішінде 145 - әлеуметтік жұмыс орындары бойынша, 374 - «Жастар тәжірибесі» бойынша.

2013 жылдың ІV тоқсанында тіркелген жұмыссыздық деңгейі – 5,4% (2012 жылы – 5,7 %).

2014 жылдың 1 қаңтарындағы жағдайы бойынша жұмыссыздар ретінде 2 347 адам тіркелді.

Білім. 2014 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Астана қаласының білім жүйесі 287 білім беру мекемесінен тұрады.

Мектепке дейінгі білім беру

Әр түрлі меншік нысанындағы мектепке дейінгі ұйымдардың жалпы саны - 173, оның ішінде балабақшалар - 148 (оның ішінде мемлекеттік балабақшалар - 80, жеке меншік - 66), мини-орталықтар - 25.

3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды «Балапан» бағдарламасы бойынша қамту - 63%.

2014 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 3 жастан 6 жасқа дейін орын тапшылығы 27 395 орынды құрайды, сонымен қатар, мектепке дейінгі ұйымдарға кезекте тұрған балалардың жалпы саны - 73 000.



Орта білім беру.

Қалалық мектептердің саны 94 712 оқушысы бар 83 объектіні құрайды, оның ішінде мемлекеттік мектеп - 71, жеке меншік - 12.

Үш ауысыммен оқу 5 мектепте сақталып отыр, оқушылар орнының тапшылығы - 23 245.

Техникалық және кәсіптік білім беру

Техникалық және кәсіптік ұйымдардың жалпы саны 35 ұйымды құрайды, студенттердің жалпы контингенті - 29 859, оның ішінде 12 - мемлекеттік колледж, 23 - жеке меншік колледж.

Негізгі білім беру объектілерінен басқа, 13 қосымша білім беру мекемесі әрекет етеді, қосымша біліммен және оқудан тыс қызметпен қамту 69%-ды құрайды.

2013 жылы мектепке дейінгі 9 объект енгізілді (8 балабақша және 1 қосымша құрылыс), 3 орта білім беру объектісі (2 мектеп және 1 қосымша құрылыс).

Білім берудің сапасын арттыру мақсатында жыл сайын жаңа тиімді технологиялар мен оқыту әдістері енгізілуде. 2013 жылы 10-нан артық түрлері енгізілді. Инновациялық жобалар мен эксперименттік алаңдар 34 бірлікке ұлғайды.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 41 білім ұйымында, оның ішінде 32 мектеп пен 9 колледж «E-learning» жобасы іске асырылды.

Денсаулық сақтау.

«Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жүйесінде 33 медициналық ұйым қызмет етеді, оның ішінде: 14 аурухана ұйымы, 10 алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымы, 1 қалалық жедел жәрдем станциясы, 6 өзге және 2 білім беретін медицина ұйымы.

Стационарлық ауысу көмегін көрсететін медицина ұйымдарының саны есепті кезеңде – 36 бірлік.

Денсаулық сақтау саласында қабылданатын шаралар туу көрсеткішінің 1000 адамға шаққанда 2012 жылғы 25,74 –тен 27,58 дейін жетуге мүмкіндік тудырды, 1000 адамға шаққандағы жалпы өлім 2012 жылғы 4,68-ден 4,4-ке дейін, бала өлімі – 1000 жаңа туған балаға шаққанда 10,5-дан 9,2-ге дейін, туберкулез ауруының алғашқы белгісімен ауыру – 100 мың адамға шаққанда 2012 жылғы 111,5-тен 74,7-ге дейін жеткізуге мүмкіндік туды.



Мәдениет. Астана қаласында өз қызметін 69-дан астам мәдениет объектілері жүзеге асырады, оның ішінде: кітапхана – 24, клубтар мен мәдениет үйлері (сарайлар) – 7, мұражайлар – 7, театрлар – 7, кинотеатрлар – 7, галереялар – 4, саябақтар – 7, концерттік ұйымдар – 3, өзгелер – 4.

Өткен жылы елорданың мәдени өміріндегі негізгі оқиғалардың бірі «Астана – Опера» мемлекеттік опера және балет театрының ашылуы болды, оның әлемдік премьерасы Д.Вердидің «Аттила» атты операсының қойылымымен өткізілді.

2013 жылы қала мұражайлары 4 004 іс-шара өткізілді, 176 901 адам барды.

Музыка өнерінің барлық жанрлары бұрынғыша Астана қаласы әкімдігінің «Мемлекеттік филармониясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының (бұдан әрі – Мемлекеттік филармония) афишасында ұсынылады, бұл жайт репертуарлық теңгерімінің сақталуына ықпал етеді. 2013 жылы Мемлекеттік филармония барлығы 451 концерттік іс-шара өткізді, оның ішінде 15 гастрольдік концерттер, оның 7-уі шетелде өткізілді.

Қала театрлары 1 034 спектакль көрсетілімдерін ұсынды, 19 театрлық премьера өтті; көрермендердің саны 217 000 адамнан артық болды.

Шетелде Мемлекеттік филармонияның, «Астаналық цирк» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының және қала театрларының шығармашылық ұжымдарының гастрольдері табысты өтті. 2013 жылы ұжымдар Франция Республикасында, Италия Республикасында, Түркия Республикасында, Ресей Федерациясында, Украина және басқа да елдердің көрермендеріне өз өнерін ұсынды.



Спорт. Астана қаласында 557 спорт ғимараты қызмет етеді, оның ішінде 1500 және одан көп орынға арналған трибуналары бар 4 стадион, 2 спорт сарайы, 2 спорттық ғимарат кешені, құрама командалардың 2 оқу-жаттығу орталығы, 13 спорттық (дене шынықтыру-сауықтыру) кешен, 6 спорттық манеж, 1 шаңғы базасы, 26 ату тирі, 2 эллинг, 17 хоккей корты, 22 теннис корты, 19 жүзу бассейні, 182 спорт залы, 46 іштен салынған спорт залдары, 214 жазық спорт ғимараты пайдаланылады.

2013 жылы 515 спорттық-бұқаралық іс-шара өткізілді, оның ішінде: халықаралық деңгейде - 42, республикалық - 114 және қалалық - 359. 2013 жылы 123 спортшыға «Спорт шебері» атағы, 21 спортшыға - «Халықаралық санаттағы спорт шебері» атағы берілді.


_________________________________



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет