2014 ж. 4-тоқсанындағы Жеке тұлғалардың депозиттерІ нарығына қысқаша ақпараттық шолу Жеке тұлғалардың депозиттер нарығының тенденциясына шолу



Дата03.03.2016
өлшемі96.66 Kb.
#35190


ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДЕПОЗИТТЕРГЕ КЕПІЛДІК БЕРУ ҚОРЫ

Жарналардың дифференциалды мөлшерлемелерін есептеу және методологиясы департаменті



2014 ж. 4-тоқсанындағы

Жеке тұлғалардың депозиттерІ нарығына

қысқаша ақпараттық шолу

Жеке тұлғалардың депозиттер нарығының тенденциясына шолу

2014 жылдың қорытындысы бойынша жеке тұлғалар депозиттерінің банктік шоттардығы (23,1 млн. шот) сомасының көлемі 492,3 млрд. теңгеге немесе 12,5%-ке ұлғайып 4,4 трлн. теңгеге жетті.

Депозиттік қоржынның әр валютасы бойынша өзгерісіне келетін болсақ, ұлттық валюта бойынша депозиттердің айтарлықтай кемуін айтуға болады, кему мөлшері 765,2 млрд. (-34,7%) теңгені құрайды және халықтың ұлттық валюта бойынша салымының өсімі Т1,3 трлн. немесе +72,4%-ті құрайды.

4-тоқсандағы депозиттердің өсімі 54,9 млрд. теңге немесе 1,3%. Қатысушы банктердің депозиттерінің жиынтық қоржынының құрамында үлкен бөлік жалпы үлесі 89,2% немесе 4,0 трлн. теңге және тоқсандық өсімі 1,3% болатын мерзімді және шартты салымдарға тиесілі, одан кейінгі орында жалпы үлесі 10,4% немесе 459,4 млрд. теңге және тоқсандық өсімі 5,2% болатын - ағымдағы және карт-шоттардағы қалдықтар және жалпы үлесі 0,4% немесе 19,5 млрд. теңге, тоқсандық кемуі 48,1% болатын - талап етілгенге дейінгі салымдар.

Мөлшері 5 млн. теңгеге дейінгі мерзімді және шартты салымдар қатысушы-банктердің жиынтық қоржынның 29,5% (немесе 1,3 трлн.), ол тоқсан ішінде 4,2 млрд. теңгеге өсті (+0,3%). 5млн.-нан 15 млн. теңгеге дейінгі мерзімді салымдар қарастырылып отырған кезеңде 2,4 млрд. теңгеге кеміп, нәтижесінде 530,3 млрд. теңгеге дейін түсті немесе жиынтық қоржынның 11,9% құрады. 15 млн. теңгеден жоғары мерзімді және шартты салымдар 2,1 трлн. теңгені немесе жеке тұлғалар депозиттері қоржынының 47,8%-ін құрайды.

Депозиттердің жиынтық қоржынынындағы үлесі 10,4% болатын ағымдағы және карт-шоттардағы жиынтық қалдықтары кезең ішінде 22,9 млрд. теңгеге немесе +5,2%-ке өсті.



Талап етілгенге дейінгі салымдардың теріс өзгерісі -18,1 млрд. теңгені немесе -48,1%-ті құрап, 19,6 млрд. теңгеге жетті.
Диаграмма 1. Жеке тұлғалар депозиттерінің негізгі категориялар бойынша құрылымы





5 млн. теңгеге дейінгі мерзімді және шартты салымдар
5 млн.-нан 15 млн. теңгеге дейінгі мерзімді және шартты салымдар

15 млн. теңгеден жоғары мерзімді және шартты салымдар

Талап етілгенге дейінгі салымдар
Ағымдағы және карт-шоттардағы салымдар


Диаграмма 2. Банктің басқарушы қызметкерлері мен акционерлеріне тиесілі салымдардың тоқсандық өзгерісі

Үлестес тұлғалар депозиттерінің құрылымына келетін болсақ, барлық жеке тұлғалар депозиттерінің 6,3% немесе 278,7 млрд. теңге банктің басқарушы қызметкерлеріне, сонымен бірге 5% және одан жоғары дауыс беру құқығы бар акцияларға ие акционерлер мен олардың жақын туыстарына тиесілі. Есептік тоқсан ішінде мұндай депозиттер өзгеріс сомасы +8,7 млрд. теңге (+3,2%) болды.

Екінші деңгейдегі банктердегі жеке тұлғалардың депозиттері бойынша Қор өтеуге қажетті кепілдік берілген өтемнің мөлшері 2014 жылдың 1 қаңтарындағы жағдайы бойынша 2,3 трлн. теңгеге жетті. Сонымен бірге, есеп беретін күнге тоқсандағы Қордың арнайы резерві Қордың жарғылық капиталының қаражатын есептемегенде 215,4 млрд. теңгені құрады. Заңнама бойынша, Қордың арнайы резервінің тапшылығы кезінде Қор акционерінің рұқсатымен Қордың жарғылық капиталының 70% қолдануға болады. Осылайша, есеп беретін күнге Қордың арнайы резервінің мөлшері 320,9 млрд. теңгені немесе кепіл берілетін жиынтық соманың 14,3%-ін және жалпы депозиттер сомасының 7,2%-ін құрайды.
Диаграмма 4 . «БАТА» Жүйесінің жіктеу топтарындағы банктердің тоқсандық динамикасы


A тобы



C тобы

B тобы

D тобы

E тобы

S тобы

2014 жылдың 4-тоқсанының қорытындысы бойынша 7 қатысушы банк «БАТА» міндетті күнтізбелік сараланған жарналар мөлшерлемелерін есептеу жүйесіне (әрі қарай СЕЖ «БАТА» ) сәйкес өздерінің топтық ретін өзгертті. Нәтижесінде жіктеу топтарындағы банктердің үлесі келесідей: «A» тобының үлесі -5,4% (2 банк), «B» тобының үлесі - 18,9% (7 банк), «C» тобының үлесі - 40,5% (15 банк), «D» тобының үлесі - 27,0% (10 банк), «Е» тобының үлесі - 5,4% (2 банк) және «S» тобының үлесі - 2,7% (1 банк).

2014 жылдың 4-тоқсанында қатысушы банктердің алдыңғы кезеңмен салыстырғанда СЕЖ «БАТА»-ға сәйкес жіктеу реттерінің жақсаруына байланысты төлеген күнтізбелік жарналарының жиынтық сомасы 0,2 млрд. теңгеге қысқарып, 7,0 млрд. теңгені құрады.

2015 ж. 1 ақпанындағы жағдайы бойынша Қор төлеген кепілдік берілген өтемнің жиынтық сомасы Наурыз Банкі бойынша 679,6 млн. теңгені, ал Валют-Транзит Банкі бойынша 13,9 млрд. теңгені құрады. Қордың Наурыз Банкінің ликвидациялық комиссиясынан кепілдік берілген өтемді төлеген сомасы бойынша талаптарын қанағаттандыру барысында алынған сома мөлшері 679,4 млн. теңге немесе ликвидациялық коммиссиясына қойылған барлық талап сомасының 88,0%, ал Валют-Транзит Банкі бойынша 8,7 млрд. теңге немесе Қордың ликвидациялық коммиссиясына қойылған талап сомасының 61,6% өндірілді.



Қосымша 1

2015 жылдың 1 қаңтарына сәйкес



қатысушы банктердің жеке тұлғалар депозиттері бойынша мәліметтерінің жиынтығы



Аталуы

Сомасы (мың теңге)

2014 ж. 4- тоқсандағы өзгерісі

Шоттардың саны

1

Барлық жеке тұлғалар депозиттері теңгемен және шетел валютасымен, оның ішінде:

4 437 765 236

54 939 670

23 091 337

1.

Талап етілгенге дейінгі салымдар, оның ішінде:

19 550 761

-18 116 463

1 532 534

1.1.

теңгемен

9 757 484

-5 919 103

1 446 653

1.2.

шетел валютасымен

9 793 277

-12 197 360

85 881




Банктің басқарушы қызметкерлеріне, сонымен бірге 5% және одан жоғары дауыс беру құқығы бар акцияларға ие акционерлер мен олардың жақын туыстарына тиесілі талап етілгенге дейінгі салымдар

5 821 405

-2 839 322

190

2.

Мерзімді және шартты салымдар, оның ішінде:

3 958 817 043

50 194 448

2 705 800

2.1.

теңгемен, оның ішінде:

1 067 562 950

-507 653 027

1 969 129




1 млн. теңгеден аспайтын

265 516 534

-13 092 075

1 710 786




1 млн.-нан бастап 3 млн. теңгеден аспайтын

313 104 328

-55 748 452

193 493




3 млн.-нан бастап 5 млн. теңгеден аспайтын

151 273 262

-48 918 283

39 502




5 млн.-нан бастап 10 млн. теңгеден аспайтын

121 670 456

-51 998 274

19 132




10 млн.-нан бастап 15 млн. теңгеден аспайтын

32 972 253

-22 376 082

2 779




15 млн. теңгеден жоғары

183 026 117

-315 519 862

3 437

2.2.

шетел валютасымен, оның ішінде:

2 891 254 093

557 847 475

736 671




1 млн. теңгеден аспайтын

111 601 964

20 080 469

474 184




1 млн.-нан бастап 3 млн. теңгеден аспайтын

247 901 125

50 763 560

139 852




3 млн.-нан бастап 5 млн. теңгеден аспайтын

218 470 228

51 124 745

55 230




5 млн.-нан бастап 10 млн. теңгеден аспайтын

256 801 136

49 906 001

37 943




10 млн.-нан бастап 15 млн. теңгеден аспайтын

118 815 314

22 107 371

9 810




15 млн. теңгеден жоғары

1 937 664 327

363 865 330

19 652




Банктің басқарушы қызметкерлеріне, сонымен бірге 5% және одан жоғары дауыс беру құқығы бар акцияларға ие акционерлер мен олардың жақын туыстарына тиесілі мерзімді және шартты салымдар

268 834 552

9 625 986

2 070

3.

Ағымдық шоттардағы ақша қалдықтары (карт-шоттағы қалдықты қоса есептегенде) оның ішінде:

459 397 432

22 861 685

18 853 003

3.1.

теңгемен

365 543 284

-4 340 992

18 054 753

3.2.

шетел валютасымен

93 854 148

27 202 677

798 250




Банктің басқарушы қызметкерлеріне, сонымен бірге 5% және одан жоғары дауыс беру құқығы бар акцияларға ие акционерлер мен олардың жақын туыстарына тиесілі ағымдық шоттардағы ақша қалдықтары (карт-шоттағы қалдықты қоса есептегенде)

3 994 514

1 960 577

24 291





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет