2014 жылдың 1 тамызына «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын іске асырылуы туралы



Дата23.02.2016
өлшемі35.04 Kb.
#5295




2014 жылдың 1 тамызына

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын іске асырылуы туралы

АҚПАРАТ
2014 жылы Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасын іске асыруға 4791,2 млн.теңге қаралды, (республикалық бюджеттен – 4102,0 млн.теңге, жергілікті бюджеттен – 689,2 млн.теңге).

Ағымдағы жылдың 1 тамызына Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасының қатысушысы болып 4711 адаммен әлеуметтік келісім шарт жасалынды, жұмылдыру жоспарының 66,8% (7052 адам), соның ішінде жұмыссыздар – 50,2% (2367 адам), өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 49,8% (2344 адам), соның ішінде аз қамтылғандар – 5,7% (269 адам).


Облыс бойынша әлеуметтік келісімшарт жасасқандар ішінен орташа:

  • әйелдер – 41,1% (1938 адам);

  • жастар – 46,4% (2185 адам).


Жұмыспен қамту 2020 жол картасының бірінші бағыты «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бойынша 2014 жылы инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға және дәрігерлік амбулаторияларды салуға 3359,8 млн.теңге қаралды (республикалық бюджеттен – 2670,6 млн.теңге, жергілікті бюджеттен – 689,2 млн.тенге).

Ағымыдағы жылдың 1 тамызына барлығы 1427,8 млн.теңге игерілді, соның ішінде жергілікті бюджеттен – 248,0 млн.теңге.

76 инфрақұрылым жобаларын іске асыру жоспарланды (66 нысандарды күрделі жөндеу және 10 дәрігерлік амбулаторияларды салу), онда 2126 жұмыс орындарын құру болжануда.

Ағымдағы жылдың 1 тамызына жоспарланған 66 нысанның ішінен 39 нысан бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілуде, Мұғалжар ауданының Жем ауылының мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.

Нақты құрылған жұмыс орындарына 1249 адам жұмысқа орналастырылды, соның ішінен жұмыспен қамту Орталықтарының жолдамалары бойынша 676 адам немесе 54,1%.

Жоспарланған 10 дәрігерлік амбулаториялардың ішінен 9-да құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Байғанин ауданының Жарлы ауылының дәрігерлік амбулаториясының құрылысы аяқталды. Қалған дәрігерлік амбулаториялардың құрылыс жұмыстарының аяқталу мерзімі а.ж. тамыз-қыркүйек айы. Нақты құрылған жұмыс орындарына 160 адам жұмысқа орналастырылды, соның ішінде жұмыспен қамту Орталықтарының жолдамалары бойынша 61 адам немесе 38,1%.


Күрделі жөндеу жүргізу бойынша жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің өткізілуіне байланысты 26-нысан бойынша (2-транш бойынша бөлінген қаражат есебінен) күрделі жөндеу жұмыстары басталған жоқ.



Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасының екінші бағыты «Кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру» бойынша ағымдағы жылы республикалық бюджеттен 688,1 млн.теңге бөлінді.

ЖҚЖК-2020 аясында шағын несиелеуге 509,5 млн.теңге бөлінді.

Ағымдағы жылдың 1 тамызына 233 Бағдарлама қатысушыларына сомасы 416,5 млн.теңгеге шағын несие берілді (жылдық жоспардың 81,7%).

173 Бағдарлама қатысушылары кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды немесе жылдық жоспардың 100%.

Жетіспейтін инженерлі - коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту үшін 95 шағын несие алушыларға сомасы – 172,0 млн.теңге қаражат бөлінді.

Ағымдағы жылдың 1 тамызына 21,0 млн.теңге игерілді.


Жұмыспен қамту 2020 жол картасының үшінші бағыты «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» аясында республикалық бюджеттен – 741,7 млн.теңге бөлінді.

Ағымдағы жылдың 1 тамызына Жұмыспен қамту орталықтарымен барлығы 5707 адам жұмысқа орналастырылды, соның ішінде:

- тұрақты жұмыс орындарына 3076 адам жұмысқа орналастырылды (53,9%);

- уақытша жұмыс орындарына 2631 адам жұмысқа орналастырылды (46,1%).

2014 жылы кәсіптік оқытуды ұйымдастыруға 361,7 млн.теңге бөлінді.

Ағымдағы жылдың 1 тамызына 434 адам кәсіптік оқуын жалғастыруда, соның ішінде а.ж. Алға ауданы бойынша 16 адам оқуды бастады. Ақтөбе қаласы және басқа аудандар бойынша кәсіптік оқыту қаржыландыру жоспарына сәйкес, а.ж. 1 қыркүйегінен бастап жүргізілетін болады.

Ағымдағы жылдың 1 тамызына:

- 1167 жұмыссыз адамға жалақыны ішінара субсидиялау арқылы әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға ықпал етілді, жоспар бойынша 1166 адам (жоспардың 100,1%). 113,1 млн.теңге игерілді, жоспар бойынша 218,9 млн.теңге немесе 51,7%.



Әлеуметтік жұмыс орындарын аяқтаған 898 адамның ішінен, 560 адам тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды немесе 62,4%-ы.

Жастар іс-тәжірибесіне 727 жұмыссыз-түлектер жіберілді, жылдық жоспар бойынша 817 адам (жылдық жоспардың 89,0%). 85,1 млн.теңге игерілді, жоспар бойынша 162,6 млн.теңге немесе 52,3%.

Жастар тәжірибесін аяқтаған 871 адамның ішінен 467 адам немесе 53,6% тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды.

Облыста Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыстар жалғастырылуда.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет