Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау жүргізілген мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттерінің сақталуы қорытындысына
АНЫҚТАМА
2014 жылдың 19 – 20 наурыз аралығы
Қазақстан Республикасының 2013 жылдың 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы» № 88-V Заңы 11 бабының 12 тармақшасына және аудан әкімінің 2014 жылға арналған операционды жоспарының 5 тармақтарына сәйкес, 2014 жылдың 19 – 20 наурыз аралығында, аудан әкімінің 2014 жылғы 12 наурыздағы №54 өкімімен Меруенов Серик Тулегенович - Ойыл ауданы әкімінің аппараты персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімінің басшысы, топ басшысы, Иманғалиев Бекболат Жонысұлы - Ойыл ауданы әкімі аппаратының арыз-шағымдармен жұмыс және мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерін үйлестіру жөніндегі бас маманы мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттерінің сақталуын және Ойыл ауданы бойынша бағаланатын атқарушы органдармен ұсынылған есептік ақпараттарындағы мәліметтерді қайта ішкі бақылау жүргізді.
Тексеру барысында білім; дене шынықтыру және спорт; экономика, бюджеттік жоспарлау; жер қатынастары; архитектура, қала құрылысы және құрылыс; жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар; ауыл шаруашылығы және ветеринария; тұрғын-үй шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобильді жолдар бөлімдерінің; Ойыл селолық округінің мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттерінің сақталуы қаралып, келесі деректер анықталды:
1. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (бұдан әрі – Бөлім).
Бөлім басшысы – М.Сембі.
Бөлімде мемлекеттік қызметтер көрсету бағыты бойынша бақылау жұмысына жауапты қызметкерлер 23 желтоқсан 2013 жылғы № 99 бұйрығымен А.Шабикова және В.Жакина тағайындалған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 18.09.2013 № 983 қаулысына сәйкес, бөліммен мемлекеттік қызметтердің 18 түрі бойынша жұмыстар жүргізіледі:
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау;
2) семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу және оларға куәліктер беру;
3) жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау;
4) 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау;
5) мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қызмет көрсететін мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды рәсімдеу;
6) мүгедектерді сурдо - тифлоқұралдармен және міндетті гигиеналық құралдармен қамсыздандыру үшін оларға құжаттар рәсімдеу;
7) тұрғын үй көмегін тағайындау;
8) мүгедектерге протездік- ортопедиялық көмек ұсыну үшін құжаттарды рәсімдеу;
9) ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу жөнінде әлеуметтік көмек тағайындау;
10) жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою;
11) қозғалуы қиындық туғызатын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекші беруге және есту бойынша мүгедекетерге ымдау тіл маманын беру үшін мүгедектерге құжаттарды рәсімдеу;
12) мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін құжаттарды рәсімдеу;
13) мүгедектерге санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшін құжаттарды рәсімдеу;
14) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілілігін растайтын анықтама беру;
15) жұмыссыз азаматтарға анықтама беру;
16) тұлғаларға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру;
17) жалғыз басты, жалғыз тұратын қарттарға, бөгде адамның күтіміне және жәрдеміне мұқтаж мүгедектерге және мүгедек балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарды рәсімдеу;
18) үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттар рәсімдеу.
Қазіргі таңда бөлім бойынша 749 қызмет көрсетілген.
Ақпараттық стендтің бұрынғысын алып тастаған, жасақтаған жаңа стендісін ілмеген.
Бөлім арқылы көрсетілетін барлық мемлекеттік қызметтерге арналған өтініштерді тіркеу журналдарында жауап берілген күні жазылмаған. Жалпы журналдар шнурланып тігілген, нөмірленген.
Мемлекеттік органға қызмет алуға дене мүмкiндiктерi шектеулi адамдар үшін жағдай жасалынбаған.
2. Білім бөлімі (бұдан әрі – Бөлім).
Бөлім басшысы – С.Сүлейменов.
Бөлім бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылауға жауапты қызметкерлер ретінде бұйрық мәтіні дұрыс емес, Г.Жеткергенқызы, Е.Тілепов, С.Досымбаева, Е.Смагулов, тағайындалған. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 18.09.2013 № 983 қаулысына сәйкес, бөліммен мемлекеттік қызметтердің 15 түрі бойынша жұмыстар жүргізіледі:
1) Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру;
2) Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) және жетім балаға (жетім балаларға), қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу;
3) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және/немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына, банктерге ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу мен кәмелетке толмағандардың тиесілі мүліктеріне билік ету үшін анықтамалар беру
4) Кәмелетке толмағандарға меншік құқығы негізінде тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді рәсімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру;
5) Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою;
6) Мектепке дейінгі білім беру
7) Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру
8) Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқыту
9) Балаларға қосымша білім беру;
10) Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін тамақтандыруды ұсыну;
11) Тұрмысы төмен отбасындағы балаларға қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуын ұсыну;
12) Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру;
13) Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) және жетім баланы (жетім балаларды) асырауға қамқоршысына немесе қорғаншысына жәрдемақы тағайындау;
14) Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру;
15) Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу.
Ақпараттық стендт бар, алайда талапқа сай емес, стендіде 2014 жылғы 19 ақпандағы бекітілген жаңа стандарттар ілінбеген.
Кейбір қызмет түрлеріне журнал арналмаған.
3. Дене шынықтыру және спорт бөлімі (бұдан әрі – Бөлім)
Бөлім басшысы – Б.Мұхамбетқали.
Бөлім бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылауға жауапты қызметкер ретінде 2013.30.10. № 7 бұйрығымен бөлім басшысы өзін тағайындаған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 19.02.2014 № 118 қаулысына сәйкес, бөліммен тек қана ХҚКО арқылы көрсетілу қарастырылған жасөспірімдер арасындағы екінші және үшінші, бірінші, екінші және үшінші разрядтар, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, спорт төрешісі спорттық санаттар мен разрядтарын беру мемлекеттік қызметі көрсетіледі.
Ақпараттық стенді талапқа сай орналастырылған алайда қызмет көрсету орныны тарлық етуде.
Ағымдағы жылдың басынан 17 қызмет ХҚКО арқылы көрсетілген. Өтініштерді тіркеу журналы дұрыс арналынған.
Мемлекеттік орган, мемлекеттік қызметтерді ғимараттың 3 қабатында көрсетеді, алайда дене мүмкiндiктерi шектеулi адамдар үшін жағдай жасалынбаған.
4. Жер қатынастары бөлімі (бұдан әрі – Бөлім)
Бөлім басшысы – Ж.Ержанов.
Бөлім бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылауға жауапты қызметкер ретінде 2013.05.01. № 2 бұйрығымен М.Туремуратов тағайындалған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 18.09.2013 № 983 қаулысына сәйкес, бөліммен мемлекеттік қызметтердің 6 түрі бойынша қызметтер көрсетеді:
1) жер учаскесiнiң кадастрлық (бағалау) құнын бекіту актісі;
2) жер учаскаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекiту;
3) жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
4) іздестіру жұмыстары үшiн жер учаскесін қолдануға рұқсат беру;
5) Суармалы егiстiктi суарылмайтын алқап түрлерiне ауыстыруға рұқсат беру;
6) Сарапшылық қорытындының негізінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік инспекторымен қауіпті өндіріс объектілеріне арналған жер бөлуді келісу.
Бөлім арқылы көрсетілетін барлық мемлекеттік қызметтерге арналған өтініштерді тіркеу журналдары тігіліп, нөмірленген. Жыл басынан 14 қызмет көрсетілген.
Ақпараттық стендт бар, алайда талапқа сай емес. Жаңа стендісі ілінбеген. Мемлекеттік орган, мемлекеттік қызметтерді ғимараттың 3 қабатында көрсетеді, алайда дене мүмкiндiктерi шектеулi адамдар үшін жағдай жасалынбаған.
5. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі (бұдан әрі – Бөлім)
Бөлім басшысының м.а. – А. Тоқпағанбетов.
Бөлім бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылауға жауапты қызметкер ретінде 2013.04.01. № 2 бұйрығымен А. Тоқпағанбетов тағайындалған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 18.09.2013 № 983 қаулысына сәйкес, бөліммен мемлекеттік қызметтердің 4 түрі бойынша қызметтер түрін көрсетеді:
-
сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру;
-
Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру;
3) Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы, сондай-ақ елді мекендердегі автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру
4) Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертпей, қолданыстағы үйлердегі үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) рұқсат беру.
Бөлім жыл басынан 22 қызмет көрсеткен, 2 қызмет бойынша журнал шнурланып тігілмеген.
Ақпараттық стендтің бұрынғысын алып тастаған, жасақтаған жаңа стендісін ілмеген. Мемлекеттік мекемеге кіре берістен мемлекеттік қызметтер көрсету орны және бағыттаушы белгілер орнатылмаған.
6. Тұрғын-үй шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобильді жолдар бөлімі (бұдан әрі – Бөлім).
Бөлім басшысы м.а. – Б.Қабдолов.
Бөлім бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылауға жауапты қызметкер ретінде 2013.16.07. № 31 бұйрығымен Г.Абуова тағайындалған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 18.09.2013 № 983 қаулысына сәйкес, бөліммен мемлекеттік қызметтердің 2 түрі бойынша қызметтер түрін көрсетеді:
1) Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы;
2) Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету.
Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету қызметіне тіркеу журналын бастау тапсырылды.
Ақпараттық стенд бар, алайда стендіге өзгерістер енгізілмеген сонымен қатар, ақпараттық стенд тұтынушыға қол жетімсіз жерде ілулі тұр.
Мемлекеттік орган, мемлекеттік қызметтерді ғимараттың 2 қабатында көрсетеді, алайда дене мүмкiндiктерi шектеулi адамдар үшін жағдай жасалынбаған.
7. Экономика, бюджеттік жоспарлау бөлімі
(бұдан әрі – Бөлім).
Бөлім басшысы – Ш.Қарабалина.
Бөлім бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылауға жауапты қызметкер ретінде Ж.Исмагулова өз жұмысымен қосып атқару жүктелген.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 12.02.2014 № 80 қаулысына сәйкес, бөліммен ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қорғау шараларын көрсету мемлекетті қызметі көрсетіледі.
Ақпараттық стенді талапқа сай орналастырылған.
Өтініштерді тіркеу журналы арналған, тігілген және нөмірленген.
Бөлім басшысы мемлекеттік қызметтер көрсету заңының қай уақытта қабылданғаны туралы біледі. Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге тағайындалған жауапты қызметкер мемлекеттік қызметтер бойынша нормативті құқықтық актілер талаптарын біледі.
8.Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі
(бұдан әрі-Бөлім)
Бөлім басшысы – Д.Наубетов.
Бөлім бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылауға жауапты қызметкерлері бұйрықпен бекітілмеген.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 18.09.2013 № 983 қаулысына сәйкес, бөліммен мемлекеттік қызметтердің 15 түрі бойынша қызметтер түрін көрсетеді:
Ақпараттық стендіге өтініш білдіріп жасатқан, алайда әкеліп ілмеген.
Мемлекеттік қызметтерді тіркеу журналдары арналмаған.
Бөлім басшысы мемлекеттік қызметтер көрсету заңының қай уақытта қабылданғаны туралы білмейді. Көрсетілген қызметтердің құжаттарын маманның болмауына байланысты көрсете алмады.
9. Ойыл селолық округі.
Селолық округ әкімі – И.Сабиржанов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 18.09.2013 № 983 қаулысына сәйкес, селолық округте 5 қызмет түрін көрсетеді:
-
жеке қосалқы шаруашылықтың бар болуы туралы анықтама беру;
-
шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды тегін әкелу және кері апару қызметін көрсету үшін құжаттар қабылдау;
-
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау;
-
18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау;
-
ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу жөнінде әлеуметтік көмек тағайындау;
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылауға жауапты қызметкерлер ретінде 2013.26.02. № 24, 2013.12.11 №169 және 2013.26.11. № 171 өкімдерімен А.Алдияров, Г.Тулесинова тағайындалған.
Округ бойынша 249 қызмет көрсеткен. Ақпараттық стенді талапқа сай емес.
Мемлекеттік орган, мемлекеттік қызметтерді ғимараттың 2 қабатында көрсетеді, алайда дене мүмкiндiктерi шектеулi адамдар үшін жағдай жасалынбаған.
Қорытындылар:
1. Көптеген мемлекеттік органдар басшылары мен мемлекеттік қызметтерді көрсететін лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттерінің талаптарын және «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы» № 88-V Заңын дұрыс толық білмейді.
2. Кейбір мемлекеттік органдардың ақпараттық стендтерінде мемлекеттік қызметтер стандарттары, мемлекеттік қызмет регламенттері, сонымен қатар олардың бекітілуі туралы қаулылар орналастырылмаған. Өтініштердің үлгілері және жаңа бекітілген стандарттар ілінбеген.
3. Қызметкерлердің қызметіне шағымдар жоқ. Кейбір көрсетілген қызметтерге мемлекеттік қызметтер тұтынушылары «нашар» бағасын қойған. Дөрекілік фактісі, мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша ақпаратты ұсынылмау, құпиялықты бұзу анықталмады.
4. Мемлекеттік қызметтер көрсететін аудандық бөлімдер мен ауылдық округтерде мемлекеттік қызметтер стандартының 7 тармағына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету барысында уақыт бойынша шектеу сақталған.
5. Жекелеген мемлекеттік қызметтер көрсететін мемлекеттік органдар жоғарғы қабаттарда қызметтер көрсетіледі, алайда дене мүмкiндiктерi шектеулi адамдар үшін жағдай жасалынбаған. Мемлекеттік мекемелерде пандустар жоқ.
6. Ойыл селолық округінің кіреберіс ғимаратында мемлекеттік қызметтер көрсету белгілері орналастырылмаған.
7. Ойыл ауданы әкімдігінде 2014 жылғы 13 қаңтарда өткен кеңес хаттамасында берілген тапсырмалар толық орындалмаған. Бөлім басшыларына берілген тапсырмаларды орындау жөнінде тапсырма берілді.
Ұсыныстар:
-
Мемлекеттік қызметтерді көрсететін жауапты мемлекеттік қызметшілердің біліктілік деңгейін арттыру.
-
Ақпараттық стендтерді қалыпқа келтіру.
-
Көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны және мемлекеттік қызметтерді алған адам саны бойынша дәл мониторинг жүргізу.
-
Ауылдық округ әкімдерімен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік қызметтер стандарттар мен регламенттеріне сәйкестендіру.
-
Бекітілген мемлекеттік қызметтердің стандарттар мен регламенттері жаңа стендтерге орналастыру. Барлық бөлім басшылары 2014 жылы бекітілген стандарттар туралы аудандық БАҚ мақала беру және бөлім басшысымен жауапты мамандар бекітілген стандарттарды қайта оқып қарау.
-
Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес, мемлекеттік қызметтерді Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетуді қамтамасыз ету.
-
«Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетуге түскен өтініштерді уақытылы өңдеу.
-
Барлық мемлекеттік мекемелер мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта көрсетілуін қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдау.
-
Мемлекеттік қызметтер көрсету карточкаларын жүргізу.
-
Ойыл ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мәселелерін үйлестіру бөліміне анық есептік ақпараттарды әр айдың 3 дейін ұсынуды қамтамасыз ету.
-
Жекелеген мемлекеттік қызметтер көрсететін мемлекеттік органдар ғимараттарында дене мүмкiндiктерi шектеулi адамдар үшін жағдай жасау және пандустар орнату.
-
Аталған ұсыныстар бойынша тиісті шаралар қабылдап, 2014 жылдың 26 сәуірге Ойыл ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мәселелерін үйлестіру бөліміне ақпарат ұсынуды қамтамасыз ету.
Комиссия топ басшысы: С.Меруенов
Комиссия мүшесі: Б.Иманғалиев
Анықтамамен таныстық:
Ойыл аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің басшысы м.а.: С.Наурызбаев
Ойыл аудандық білім
бөлімінің басшысы: С.Сүлейменов
Ойыл аудандық ауылшаруашылығы
және ветеринария бөлімінің басшысы: Д.Наубетов
Ойыл аудандық дене шынықтыру
және спорт бөлімінің басшысы: Б.Мұхамбетқали
Ойыл аудандық жер қатынастары
бөлімінің басшысы: Ж.Ержанов
Ойыл аудандық сәулет, қала
құрылысы және құрылыс бөлімінің
басшысы м.а.: А.Тоқпағанбетов
Ойыл аудандық тұрғын-үй
коммуналдық шаруашылық,
жолаушылар көлігі және автомобиль
жолдары бөлімінің басшысы м.а.: Б.Қабдолов
Ойыл аудандық экономика және
бюджеттік жоспарлау бөлімінің
басшысы: Ш.Қарабалина
Ойыл селолық округінің әкімі: И.Сабиржанов
Достарыңызбен бөлісу: |