Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Қ. Мәсімовке Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!



Дата17.06.2016
өлшемі40.28 Kb.
#142353
Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

К. Қ. Мәсімовке
Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!
«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңның 27-бабына сәйкес Сізге депутаттық сауалмен өтініш білдіріп отырмыз.

Біз, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттар тобы жазғы кезеңде Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесулер барысында өңірдегі туристік саланы, оның ішінде бірегей Алакөл аймағын дамыту мүмкіндігін зерделедік.

Әлемдік экономикада туризм – неғұрлым дамып отырған салалардың бірі. Дамыған елдерде туризмнің үлесі ЖІӨ 10% дейін жетеді. Халықтың бестен бір бөлігі туризмде қамтылған Малайзияда қысқа мерзім ішінде бұл сала қуатты индустрияға айналып, жылына 24 млн. астам туристті қабылдауға ықпал етті. Саланың табысы 20 млрд. доллардан артық, ол мемлекеттің ЖІӨ 12,5% сәйкес келеді. Турция қонай үйлер құрылысының күрделі шығындарына 40%-ға дейін жұмсайды. Израиль мен Египетте салынған қаражаттың 30% қайтарылады.

Қазақстан туристтік саланы дамыту үшін елеулі әлеуеті бола тұра, елдегі бар ірі ресурстарды барынша пайдалана алмай, Турция, Қырғызстан, Қытай, БАЭ, Тайланда, Испания және басқа да елдердің туризмі үшін «ақылы донор» болып отыр. Мысалы, жыл сайын 380-400 мың қазақстандық туристтер Турцияда демалғанды ұнатады. Ыстық-көл маусымына 1 000 000 туристті қабылдайды, оның басым көпшілігі – қазақстандықтар.

Көшпелі туризмнің өспелі көлемі еліміздің жағымсыз төлем балансының қалыптасуына ықпал етеді.
Біздің ойымызша, көшпелі туризмге кірмелі туризммен қатар елімізде барлық мүмкіндіктері бар және экономиканың жедел дамуына, жаңа жұмыс орындарының құрылуына, халықтың сауығуына, оның әл-ауқатының артуына ықпал ететін ішкі экотуризм балама бола алады.

Бүгінгі күннің өзінде экотуризмді дамытуда Алакөл Мемлекеттік қорығы, атап айтқанда Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының арасында орналасқан Алакөл көлінің рөлі зор. Мысалы, 2014 жылы Алакөлдің шығыс жағалауында 120 мың адам, оңтүстік жағалауында – 140 мың адам демалды. Минералдарға қанық көл суы құрамының бірегейлігі ескеріле отырып, Алакөл ірі емдеу-сауықтыру орны, сондай-ақ отандық, және шетелдік туристер үшін демалыс және шомылатын орын бола алар еді.

Алайда, бүгінгі қалыптасқан жағдайда Алакөлдегі туристік дүрмектің артуы туралы айту проблемалық мәселе болып отыр. Көлік инфрақұрылымы, кәріз жүйесі, сумен жабдықтау, электр тарату желісі, медициналық пункттер мен ауруханалардың және басқа да толық дем алу және емделу үшін қажетті қарапайым жағдайдың жоқтығы Алакөл көлінің тартымдылығына кері әсер алып келеді.

Осыған байланысты құрметті Кәрім Қажымқанұлы, Сізден келесі мәселелерді шешу мүмкіндігін қарауыңызды сұраймыз:



  1. «Алакөл» туристтік еркін сауда аумағын құру;

  2. Қазақстан Республикасын дамытудың басымдық туристік аймақтарына Алакөл көлін (Бурабай, Қарқаралы, Зеренді, Баянауыл, Қатон-Қарағаймен қатар) қосу;

  3. Отандық, сондай-ақ шетелдік туроператорларды тарту мақсатында Алакөл көлінің суы мен балшығының емдік қасиеттерін ғылыми зерттеу;

  4. Алакөл көліне жақын аумақта Бурабай мен Қапшағай аймақтарындағыдай ойынханалар, ойын автоматтарын ұйымдастыру мәселесін зерделеу.

  5. Көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелерін шешу:

  • Алматы ст. – Жалаңашкөл ст. теміржол байланысы бойынша тұрақты рейс;

  • Үшарал – Достық автожолдарын жөндеу;

  • Таскескен – Үржар автожолын қайта жаңартуды аяқтау;

  • Жалаңашкөл станциясынан Қабанбай батыр атындағы ауылға дейінгі ұзындығы 60 шақырым автожолды жөндеу (асфальт қабатын жабу, негізі дайын);

  • Қабанбай батыр атындағы ауылдан Алакөл көліне дейінгі ұзындығы 40 шақырым жолды жөндеуді аяқтау;

  • Жалаңашкөл - Қабанбай батыр атындағы ауыл учаскесінде ұзындығы 60 шақырым теміржол тарауын салу;

  • 1 маусымнан бастап 30 қазанға дейін Алматы - Үржар, Семей - Үржар, Өскемен – Үржар, Астана – Үржар авиарейстерін қамтамасыз ету;

  • жазғы маусымдағы шағын авиация үшін Қабанбай батыр атындағы ауылдағы қолданыстағы ұшу алаңын қайта жаңарту.

6. Алакөл көлінің жағалауы, Қабанбай батыр атындағы ауыл, Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауылының ішкі инфрақұрылымын дамыту мәселелерін шешу:

- Алакөл көлінің жағалауы, жақын орналасқан елді мекендердегі құрылыстың бас жоспарын, детальдық жоспарлау жоспаларын бекіту (қазіргі кездегі ретсіз құрылыстар көл аумағындағы экожүйенің бұзылуына әкеліп соғады);

- қазіргі уақытта жалға берілген жер учаскелерін тексеріс жүргізу;

- Алакөл көлінің жағалауын нығайту бойынша гидрологиялық жұмыстар жүргізу;

- сумен жабдықтау, электрмен қамтамасыз ету және кәріз жүйелерін салу (қазіргі уақытта көлдің ластануына әкеліп соғатын ағынды сулардың көлге құйылу жағдайлары орын алған);

- судың қолданыстағы скважиналардан Алакөл көліне құйылуы үшін бетонды арықтық жүйе салу. Ашық скважиналар көлге құйылмай, демалыс аймақтары мен шипажайларды қамтамасыз ету үшін бұрғыланған, ол саздың пайда болуы мен патогендік микроорганизмдер, шыбын-шіркей, жыландардың және т.б. көбеюіне ықпал етеді);

- жазғы уақытта халықтың көп жиналуына байланысты жағалаудан L=1 шақырым балшықты орындарды өңдеу мақсатында СЭС құру;

- медициналық қызметпен қамтамасыз ету (жағалауда медициналық пунктер салу);

- жазғы кезеңде Алакөл көлінің жағалауында құқық қорғау жұмыстарын күшейту.

Жоғарыда аталған мәселелерді шешу кезінде 2-3 жылдың ішінде екі жағалауында демалушылар санын 400 мың адамға жеткізе алады, ол қазақстандықтардың денсаулығына, еліміз бен жақын өңірлер экономикасының артуына сөзсіз ықпал етеді.



Жауапты «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 27-бабының 4-тармағына сәйкес беруіңізді сұраймыз.
Құрметпен,

М. Айсина

Н. Сабильянов

А. Тасболатов

Н. Жазылбеков

А. Қожахметов

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет