2014 жылдың тамыз айында Әуезов кентінде Қоғамдық тыңдау заты



Дата17.06.2016
өлшемі72.5 Kb.
#143384
08.08..2014. «Бақыршық» кенорнын ашық әдіспен өңдеудің өнеркәсіптік сапасының ТЭН (техникалық-экономикалық негіздемесі)» жобасының қоршаған ортаға әсерін алдын-ала бағалау қорытындысы бойынша қоғамдық тыңдаулар

2014 жылдың тамыз айында Әуезов кентінде

Қоғамдық тыңдау заты: «Бақыршық» кенорнын ашық әдіспен өңдеудің өнеркәсіптік сапасының ТЭН (техникалық-эколномикалық негіздемесі)» жобасының қоршаған ортаға әсерін алдын-ала бағалау қорытындысымен таныстыру.

Болжамды күні: 28 тамыз 2014 жыл

Қоғамдық тыңдауды ұйымдастырушы: «БКӨК» ЖШС

Жобаны дайындаушылар:

«Бақыршық» кенорнын ашық әдіспен өңдеудің өнеркәсіптік сапасының ТЭН Жобасы

«GeoMainProject» ЖШС.

Қоршаған ортаға әсер етуін алдын-ала бағалау

«ЭКОЛИРА» ЖШС

Жобаның қысқаша сипаттамасы: 
Осы ТЭН бойынша құрамында алтыны бар «Бақыршық» кенорнының тау жыныстарын бұрғылау-жару жұмыстарының көмегімен ашық әдіспен алдын-ала қопсыта отырып өңдеу көзделген. Өңдеуге 290-300 м. тереңдікке дейінгі орналасқан кен қоры тартылады. 
Карьерді ашуды карьердің солтүстігінен және шығысынан жартылай траншея қазу жолымен жүзеге асыру көзделіп отыр. Жұмыс істейтін карьердің барлық деңгейжиектері бір трассамен жалпы (байланысты) траншеялар жүйесімен ашылады.   Кіретін траншеялар мен көлбеу құламалар екі жолақты жолдармен орналастырылады. 
Кен шығару жүйесі. 
Тау-кен техникалық жағдайларға сәйкес кенді өңдеудің екі өндіру және екі аршу кемерлерімен тасымалдау көліктік жүйесі қабылданған – біріншісін кен қоймасына, ал аршылған тау жыныстарын сыртқы үйіндіге тасымалдау. Негізгі технологиялық процестер:
- кенді аршу кезінде:
- аршылған тау жыныстарын өндіруді (ППС, саздақтар мен  балшықтар) экскаватормен  автосамосвалға тией отырып, сыртқы тау жыныстарының үйінділеріне тасымалдау;
- жарылғыш ұңғымаларды бұрғылау және жартастардағы аршымалы тау жыныстары бойынша жару жұмыстарын жүргізу;  
- экскаватордың көмегімен  автосамосвалға тиеп, сыртқы тау жынысы үйінділеріне тасымалдау арқылы жүргізілетін тау жыныстарын қазып алу-тиеу жұмыстары;  
-  бульдозердің көмегімен тау жыныстары үйінділерін жасау. 
- кен өндіру кезінде:
- жарылғыш ұңғымаларды бұрғылау және алғашқы кен бойынша жару жұмыстарын жүргізу;
- дизельдік экскаватордың көмегімен кенді қазып алу-тиеу жұмыстары;
- автосамосвалдармен сульфидтік кенді кен қоймаларына тасымалдау;
- карьерлік бульдозермен кемерлер мен карьер жолдарын тазалау.
Барлық негізгі ұңғымалау мен тазалау жұмыстары технологиялық процесін жүргізу кезінде өздігінен жүретін қондырғылар кешенін пайдалану көзделуде.

Карьер мен фабрика жұмысының өнімділігі мен режімі 
Кәсіпорынның жұмыс режімі: бір жылдағы жұмыс күнінің саны – 365, жұмыс ауысымдарының саны – 2, жұмыс ауысымының ұзақтығы - 12 сағат.

ТЭН-нің технологиялық бөлімінде КБК ФБ-де кенді қайта өңдеуге қатысты мыналар көзделген: 


Ашық әдіспен өңдеу кезінде кенорнын меңгерудің алғашқы кезеңінде соңғы өнім ретінде сульфидтік концентратты алу ұйымдастырылады;

Екінші кезеңде кенді өңдеудің тиімді тәсілін таңдау мақсатында бағалау жүргізілетін болады және кеннің автоклавты тотығуын, одан әрі концентратты автоклавты тотықтыру флотациясын және флотациялық концентратты сыртқы сатып алушыларға сатуды қоса алғандағы, өңдеудің әртүрлі нұсқаларын салыстыру жүзеге асырылады. Сонымен бірге, сапа ТЭН-де кен қорын бекіту үшін биототықтыру технологиясы қарастырылады.

ЗИФ технологиясы бірінші кезеңде кенді ұсақтауға, оны майдалауға, көміртеткі концентрат флотациясына, сульфидтік концентраттың флотациясына негізделген.  
Сапа ТЭН-нің екінші кезеңінде сульфидтік концентратты сульфидтерді биототықтыру әдісімен қайта өңдеу көзделіп отыр. Биототықтыру процесінде сульфидтер ыдырайды, органикалық көміртек тотығады, ал бұлар осы сала үшін алтынды алудың стандарттық әдістерін қолдануға мүмкіндік береді.

Бақыршық кенорнын өндіру жобасының құрамына мына төмендегі нысандар мен алаңдар кіреді:


Тау-кен өндірісінің нысандары:

  • карьер;

  • аршылған тау жыныстарының үйінділері;

  • топырақтық-өсімдік қабатының уақытша үйінділері;

кен байыту өндірісінің нысандары:

  • алтынды бөліп алатын кен байыту фабрикасы;

  • қалдық қоймасы;

  • қойыртпақты өткізгіш;

  • тазартылған су бөгеті, айналмалы сумен қамтамасыз ету сорғы станциясы;

өндірістің қосалқы нысандары:

  • жарылғыш материалдардың қоймасы және реагенттер қоймасы;

  • әкімшілік-тұрмыстық корпус;

  • ТҚБ зертханасы;

  • Дайын өнімдер қоймасы;

  • Жөндеу аймағы бар гараж, автокөлік тұрағына арналған алаң;

  • Жанар маймен қамтамасыз ету орталығы бар жанар-жағар май қоймасы.

инженерлік қамтамасыз ету нысандары:

  • Сумен қамтамасыз ету нысандары:

  • Техникалық сумен қамтамасыз ету – сыртқы су тоғаны алаңы;

  • Шаруашылық ауыз сумен қамтамасыз ету – ұңғымалы су тоғаны алаңы;

  • кәріз жүйесі нысандары – жергілікті тазарту қондырғылары;

  • Электр энергиясымен қамтамасыз ету нысандары –ГПП электрподстанциясы – 110/6кВ, КТПН – 6/0,4кВ;

  • Жөндеу аймағы(Pit stop) – металл өңдеу, дәнекерлеу, автокөлік жөндеу учаскелерін қоса алғанда.

Инженерлік жүйелер және  коммуникация:

  • Кірме автокөлік жолы;

  • Карьерлік автомобиль жолдары;

  • Өндірістік және шаруашылық ауыз су құбырлары трассалары;

  • Қойыртпақтар жүргізетін трасса;

  • Электрмен қамтамасыз ету желілері  – ЛЭП 110 кВ, 6 кВ, 0.4 кВ.

Нысанды электрмен қамтамасыз ету: қолда барынан және жобалық жүйелерден бастап. 
ЗИФ, гараж, АБК, асхана өнеркәсіптік алаңының нысандары үшін жылыту көздері болып қатты отынмен(көмірмен) жанатын қазандық алынған. 
Ауызсу қажеттілігін қамтамасыз ету үшін «Қызыл ту» кенорны «Центральный» учаскесінде орналасқан ұңғымалы су тоғанын пайдалану көзделіп отыр. 
Кәріз құбырлары жүргізілмеген учаскелердегі шаруашылық-тұрмыстық суағарларда септиктер мен биодәретханалар тартылады, фабриканың өндірістік алаңында Әуезов кентіндегі қазіргі қолданыстағы тазалау қондырғылары пайдаланылады. 
Өнеркәсіптік мақсаттар үшін таза су көздері болып мыналар пайдалануы мүмкін: 
- Қызыл-су өзеніндегі су қоймасы (50 м3/ч);
- Қызыл-ту өзені аңғарындағы ұңғымалы су тоғаны (93,8 м3/ч);
- Пайдалану ресурстары 54,5 м3/сағ. мөлшерінде болатын кенорнының карьерлік сулары. 
- Тұрмыстық ағынды суларды тазалау қондырғыларының тазартылған суағарлары (39,8 м3/ч).
Таза судың шығынын азайту үшін кен байыту фабрикасында және суды қайталап пайдалану жүйесінің сульфидтік концентратты қайта өңдеу қондырғыларында – технологиялық процестерге қалдық қоймасы ағынды суы мен кен байыту фабрикасының құйылыстары қойылтқыштарындағы суды пайдалану көзделіп отыр.  

Бақыршық кенорнын ашық әдіспен өңдеу физикалық-химиялық құрамы мен жағдайының әркелкілігін сипаттайтын қалдықтардың түзілуімен бірге жүргізілетін болады. Жер үстінде орналастырылған қалдықтардың негізгі көлеміаршымалы тау жыныстарын құрайды. Аршымалы тау жыныстары улы емес, қауіптілік деңгейі бойынша сұрыпталмайды.  Болжамды көлемі – жылына 12-30 млн. тонна.


Кенорнын игерудің бірінші кезеңінде (мөлшермен 10 жыл) алтынды бөліп алатын фабрика өндірісінің негізгі қалдықтары болып сульфидтік флотация қалдықтары саналады, олар арнайы шламтолтырғыштарда тасымалданады.  (қалдыққоймасының №1 және №2 секциялары). Қалдықтар көлемі – жылына 1,700 млн. тонна; 
Комбинат құрылысын салудың екінші кезеңінде учаскенің өндіріс қалдықтары болып сульфидтік концентратты қайта өңдеу учаскесінің қалдықтары есептеледі:    гипс пен скородит қсопасынан тұратын залалсыздандырылған сілтісіздендіру шламдары.  Залалсыздандырылған сілтісіздендіру шламдары жартылай кептірілген түрінде кек қоймаларына жиналады, ол жерге автокөлікпен жылына 249,988 тыс. тонна көлемінде жеткізіледі. 
Алдын-ала зерттеулер бойынша ЗИФ қалдықтары улы емес болып келеді және ҚР қабылданған қауіптілік классификациясының мүмкін болған ең төменгі санатына (5-сынып) жатады.

ТЭН санитарлық-гигиеналық және өртке қарсы шараларды қарастырады, жұмысты қауіпсіз жүргізу және сыртқы ғимараттар мен құрылыстарды жерасты тау-кен өндірісі мен өндірістік қалдықтардың зиянды әрекеттерінен қорғау шаралары ұсынылған.



Қоршаған ортаға әсерін алдын-ала бағалау.

Қоршаған ортаға әсерін алдын-ала бағалауды даярлау кезінде көңіл аударылған нысандардың ерекшеліктері болып мыналар табылады:



  • Қолданыстағы Қызыл ту жерасты су тоғанын санитарлық қорғау аймағын орнату.

  • «БКӨК» ЖШС жер учаскелері жармасында аршымалы тау жыныстары, ВМ қоймасы, қалдық қоймасы жер учаскелері орналасқан шекараларын анықтау үшін, Қызыл ту, Жұматайбастау, Ақбастау бұлақ, Безымянный № 5, Безымянный № 3  суды қорғау аймақтары мен белдеулерін орнату.

Жаңадан жобаланған құрылыс нысандарының санитарлық-қорғау шекараларын орнату.

  • Өндіріс қалдықтарын атаулары мен қауіптілік деңгейін анықтау.

  • Өнеркәсіптік ағынды сулардың су нысандарына түсіп кетпеу шараларын жасау.

2014 жылдың тамыз айындағы жағдайға қарағанда кеніш жұмыс істемейді.  
Жобаның барлық жаңа нысандары суды қорғау аймақтарынан сырт жерде орналасқан. Қызыл су өзенінің су қорғау белдеуінде (75-166 м) тек қана қолданыстағы су тоғандары орналасқан.
Шахта суларының Қызыл су өзеніне құйылып кетуін шектеу көзделіп отыр.
Әуезов кенті Бақыршық кенорнының санитарлық-қорғау аймағынан тыс жерде орналасқан, мұның өзі учаскелерде тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде кенттің атмосфералық ауасының ластану қаупін азайтады және шу мен діріл сияқты физикалық факторлардың төмендеуіне әсерін тигізеді.  Басқа өнеркәсіптік нысандар кенттен недәуір алыс жерде орналасқан және оған ешқандай әсерін тигізбейді.

Қоршаған ортаға әсерін бағалау нысандары болып мыналар саналады:



  • Атмосфералық ауа;

- құрылыс кезеңінде
Атмосфераның күтілетін ластану есебі жүргізілген, 12 көзі анықталған: оның ішінде 12 ұйымдастырылмаған. Негізгі ластаушы зат болып – бейорганикалық шаң саналады. 
Ауаға шығатын ластаудың жалпы салмағы– 123,4733573 т/жыл құрайды, оның ішінде: қатты – 120,94728 т/жыл; газ түріндегі – 2,5260773 т/год.
- пайдалану кезеңінде.
Мүмкін болатын ауаны ластаудың есептері жүргізілген, ластаудың 35 көзі анықталған, оның ішінде: 20 ұйымдастырылған, 15 ұйымдастырылмаған. Негізгі ластаушы зат болып – бейорганикалық шаң саналады. 
Ауаға шығатын ластаудың жалпы салмағы– 528,9197883 тонн/жыл, оның ішінде: қатты – 289,928699 тонн/жыл; газ түріндегі – 238,9910893 тонн/жыл.

Құрылыс кезеңіне де, сондай-ақ пайдалану кезеңіне де ауаға ластаушы заттардың шығуының рұқсат етілген шекті мөлшерінің есебі жасалған. Ауаны ластайтын заттардың таралуын модельдеу мынаны көрсетті, шаңнан қорғау бойынша жоспарланған ұйымдастыру-техникалық шаралар қорытындысы бойынша, санитарлық-қорғау аймағының атмосфералық ауадағы концентрацияның шекті-рұқсат етілген нормадан ауытқуы болмайды.  



Су ресурстарының жағдайын бағалау: орналасқан аумақтағы жерүсті сулары мен жер асты сулары. Учаскенің гидрогеологиясы. Су балансын жасау. 
Жобада айналмалы сумен жабдықтауды пайдалану қарастырылған, осылайша су ресурстарына әсер ету мүмкіндігі өте төмен саналады. Бірінші кезеңде суды қорғау шаралары ретінде айналмалы сумен жабдықтау пайдаланылады – 88,8 % айналмалы су және 11,1 % – таза су, екінші кезеңде айналмалы суды пайдалану жоспарланып отыр – 92 %  айналмалы су және 8 % – таза су. Кен байыту фабрикасын айналмалы сумен қамтамасыз етуде қалдық қоймасынан алынып тазартылған су пайдаланылады. Жоғалған суды толықтыру карьерлік судың есебінен жүргізіледі.

  • Топырақтар

Топырақ қабатының қазіргі жағдайының сипаттамасы келтірілген; топырақ қабатына әсер етуінің күтілген бағасы(механикалық бұзылулар, зимиялық ластану). 
Жоба кеніштің ғимараттары мен қондырғылары жерүсті құрылыс алаңдарында және автокөлік жолдарындағы топырақты-өсімдік қабатын кейіннен топырақ құнарлылығын қалпына келтіру кезінде қайта салуға пайдалану үшін шешіп алу қарастырылған.

  • Флора және фауна

Орналасатын жерде табиғи қорғау аймақтары жоқ, қызыл кітапқа енгізілген жануарлар мен құстардың сирек кездесетін түрлері өмір сүрмейді. Жан-жануарларды ығыстыруға жерді алып алу әсер ететін болады, соның нәтижесінде аз-кем маңайдағы жан-жануарлар зардап шегетін болады (омыртқасыздар, бауырымен дорғалаушылар және т.б.). Дегенмен жануарлардың басқа жаққа көшіп кетуіне және басқа ортаға тез бейімделуіне байланысты бұл соншалықты сезілмейтін болады. 
Жобалау аймағының флорасы бұталы өсімдіктер және шөпті дала өсімдіктері түрінде кездеседі, сирек кездесетін және жоғалып бара жатқан өсімдік түрлері  жоқ. Жобаның әсері қысқа мерзімді болып келеді, және осы орналасатын аймақтың флорасы мен фаунасына айтарлықтай әсер ете қоймайды.  

  • Өндіріс қалдықтары.

Жұмыстар жүргізу нәтижесінде 22 түрлі қалдықтар түзілетіндігі анықталып отыр: пайдаланылған люминесценцияға негізделген шамдар, Май сіңген ескі-құсқы нәрселер, арнайы жұмыс киімдері,   пайдаланылған майлар, мазут сіңген құмдар,   пайдаланылған аккумуляторлар, тазалау қондырғыларының тұнба қалдықтары, пайдаланылған майлы сүзгілер, пайдаланылған реагенттерден босаған ыдыстар, электродтардың күлдері, құрылыс қалдықтары, қара металл сынықтары, түсті металл сынықтары, зертханалық ыдыстардың сынықтары (керамикалық бақырлар), пайдаланылған доңғалақтар мен резіңкеден жасалған бұйымдар, пайдаланылған тежегіштердің қаптамалары, Медицинлық қалдықтар, кл.А, ҚТҚ, шлак күлдері, кен байыту қалдықтары (сульфидтік флотациялар), кен байыту қалдықтары, Шламдар, Аршылған тау жыныстары.
Қалдықтардың 18 түрі арнайы контейнерлерде жинақталады да, соңынан одан әрі кәдеге жарату үшін арнайы ұйымдарға жеткізіледі, аршылған тау жыныстары (сульфидтік флотация қалдықтары) жобалау алаңындағы үйінділерге жинақталады. Кен байыту қалдықтары (сульфидтік флотация), кен байыту қалдықтары жобалаудағы көрсетілген қалдық қоймасына жинақталатын болады. 
Қалдықтардың барлық түрлерін жинақтау, залалсыздандыру, кәдеге жарату, қалдықтардың барлық түрлерін көму жөніндегі ұсыныстар анықталған. Жобада тау-кен қазу жұмыстарының бос жыныстарын инертті құрылыс материалдары ретінде, сондай-ақ жергілікті маңыздағы жолдарға төсеу үшін пайдалану қарастырылған.

  • Радиологиялық жағдай

Жұмыс жүргізу кезінде радиоактивті көздерді пайдалану қарастырылмаған. Учаскенің радиациялық жағдайы рұқсат етілген норма көлемінде.

  • Ортаның әлеуметтік-экономикалық жағдайын бағалау: жергілікті халықтың қазіргі заманға сай әлеуметтік-экономикалық жағдайы, оның еңбек қызметінің сипаттамасы, нысанның құрылыс кезінде, пайдалану мен қайта құру кезінде еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі, денсаулықты қорғау жағдайы.  Жүргізілген бағалау кезінде анықталғандай, учаскеде жұмыс жүргізу осыған жақын жатқан маңайдағы халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайына кері әсерін тигізбейді.

Жобаны жүзеге асыру кезінде болатын позитивтік өзгерістер қатарынан мына төмендегілер анықталды:

  • қосымша жұмыс орнын құру;

  • жергілікті бюджетке салық түсуі;

  • ілеспе және қосымша салаларды дамыту: құрылыс, жөндеу, көлік, жанар май-энергетикалық, әлеуметтік-тұрмыстық қызмет және т.б.  

  • кенттің инфрақұрылымына инвестиция салу;  

  • келесі бағыттар бойынша әртүрлі әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру жолымен әлеуметтік әріптестік принципі негізінде әлеуметтік салаға инвестиция салу: спорт, білім, мәдениет, денсалық сақтау және т.б.

Сонымен бірге БКӨК ЖШС тұрғындардың сұраныстарына жауап беретін және халыққа тиімді әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін денсаулықты қорғау мен қоршаған ортаның нақты мониторингін қоса алғандағы, халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайына мұқият тексеру жүргізілуде.

  • Аймақтағы болжамды қызметті жүзеге асырудың экологиялық қаупін бағалау.

Жобалау жұмыстарының қорытындысы бойынша мынандай тұжырым жасауға болады: Жобаның қорытындасынан болатын оның аймақтың экологиялық жағдайына барлық әлеуетті әсері, дайындалған ұйымдастыру және табиғатты қорғау кешенді шараларын жүргізген жағдайда рұқсат етілген нормаға сәйкес болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет