Әкімдіктің
2014 жылғы «____» ____________
№ _____ қаулысымен мақұлданды
Федоров ауданының
2015 – 2019 жылдарға арналған
әлеуметтік - экономикалық даму
болжамы
Мазмұны
1.
|
Федоров ауданының 2013 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму үрдістері
|
3
|
2.
|
Федоров ауданының 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму үрдістері туралы
|
6
|
3.
|
Даму басымдықтары
|
9
|
4.
|
2015 – 2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы
|
10
|
5.
|
Бюджет саясатының негізгі бағыттар
|
12
|
6.
|
Бюджетаралық қатынастар
|
12
|
7.
| 2015 – 2017 жылдарға арналған бюджеттік параметрлердің болжамы |
13
|
7.1
|
Аудан бюджетінің салық саясаты
|
13
|
7.2
|
Аудан бюджетінің болжамдары
|
14
|
8.
|
Бюджеттік инвестициялық саясатының негізгі басымдықтар
|
15
|
Кіріспе
Федоров ауданының 2015 – 2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 1251 қаулысымен бектілген Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу қағидаларына сәйкес әзірленді.
Даму болжамы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жылсайынғы Жолдау мен бағдарламалық құжаттарды ескере отырып әзірленді.
Даму болжамы Федоров ауданының бесжылдық мерзіміне арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының даму, үрдістер, басымдықтар, нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштерді, экономикалық, инвестициялық және салықтық-бюджеттік саясатының негізгі бағыттарын, 2015 – 2017 жылдарған арналған бюджеттік параметрлердің болжамын қамтиды.
1. Федоров ауданының 2013 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму үрдістері
2013 жыл ішінде қайта өңдеу өнеркәсіп кәсіпорындары өнімді 2679,7 млн теңге сомасына өндірген болатын. 2012 жылмен салыстырғанда өндіріс 183,5 млн теңгеге өсті.
Өнеркәсіп өнімінің физикалық көлемінің индексі 97,1 % құрады.
Ауыл шаруашылық өнімінің жалпы шығаруы 24,5 млрд теңгені құрады, оның ішінде: өсімдік шаруашылығы – 18,2 млрд теңге, мал шаруашылығы – 6,3 млрд теңге.
2014 жылғы 1 қаңтар жағдайына ірі қара мал саны 632 басқа өсіп, 23,4 мың бас құраған болатын, оның ішінде сиырлар мал басы – 10,1 пайызға, немесе 952 басқа көп болып, 10,4 мың басын құрады, жылқылар – 3,3 пайызға өсті және 2,7 мың басын құрады, қойлар мал басы – 10,2 пайызға өсті және 9,5 мың басын құрады, құстар саны 42 пайызға өсіп, 230,2 мың дана құрады. 2012 жылмен салыстырғанда сүт өндірісі 2,6 пайызға, немесе 645 тоннаға өсіп, 26 мың тоннаны құрады.
2013 жылғы ауыл шаруашылық өнімінің жалпы шығаруы физикалық көлемінің индексі 121,2 % құрады.
Мал мен құстың барлық түрлерінің ет өндірісі 11,7 %-ға, немесе 1,9 мың тоннаға төмендеп, 14,1 мың тонна құрады, оның себебі, ауыл шаруашылық тіркелімі деректердің нақтыланғанына байланысты шошқалар саны 63 %-ға, немесе 8,8 мың басына азайды, ешкілер 8,9 %-ға, немесе 18 басқа бұрынғы жылдан кем.
Тауық жұмыртқаларының өндірісі 23 пайызға азайып, 16,7 млн. дана құрады.
«Сыбаға» бағдарламасы шеңберінде 2011 – 2013 жылдары мал шаруашылығын дамытуға 217 млн теңге сомасына ІҚМ 1120 бас сатып алынды.
Негізгі капиталға инвестицияларды қаржыландыру ауданның әлеуметтік -экономикалық дамуының оң сәті болып табылады. 2013 жыл инвестиция құрды ішінде олар 3 млрд. 896 млн. теңге мөлшерін құрап, 2012 жылдан 109 млн. теңгеге көп болды. Инвестициялардың жалпы көлеміндегі бюджеттік қаражаттардың үлесі 1 млрд. 898 млн. теңгені, кәсіпорындар мен тұрғындардың қаражаттар – 1 млрд. 988 млн. теңгені құрады. Физикалық көлемінің индексі 101,8 пайызды құрады.
2013 жыл ішінде екі инвестициялық жоба пайдалануға берілді:
«Мал соятын орны бар 500 мал басына арналған семірту алаңшасы», жобаны ұсынушы «Успеновское» ШҚ, Воронеж ауылдық округі. Жобаның құны 154,0 млн. теңге (110 млн. теңге – қарыз қаражаттары «Қазагрофинанс» АҚ арқылы, 46 млн. теңге – меншікті қаражаттар).
600 мал басына арналған заманауи ірі-тауар сүт фермасының екінші кезегі. «Бек+» ЖШС, Қоржынкөл ауылдық округі. Жобаның жалпы құны: 1 млрд. 791 млн. теңге (қарыз қаражаттары).
Кіші және орта бизнестің дамуына барлық қажетті жағдайлар жасалған. Қазіргі таңда кіші және орта кәсіпкерлік объектілері ауданның экономикасын дамытудағы басты рөл атқаруда. 2013 жылы кіші кәсіпкерлік объектілерінен бюджетке түскен қаражат 376,7 млн теңгені құраған болатын, немесе 2012 жылдан 123,8 млн теңгеге көп. 2013 жылғы бөлшектеп тауар алмасуы 1289 млн теңге құрады, немесе 2012 жылдан 61,5 млн теңгеге көп. Физикалық көлемінің индексі 101,9 % құрады.
Тұрғын үйді пайдалануға берудің жылдық жоспары 1100 шаршы метр құрағанда, 2013 жыл ішінде 1249 шаршы метр тұрғын үй алаңы пайдалануға берілді, бұл көрсеткіш жылдық жоспардың 113 % құрады. 2012 жылмен салыстырғанда өсімі 71 шаршы метр құрады. 2012 жыл ішіндегі орындалған құрылыс жұмыстардың көлемі 2 млрд 44 млн теңгені, немесе 2012 жылдан 4,7 пайызға көп құрады. Физикалық көлемінің индексі 100,3 % құрады.
2013 жылы ауылдарды абаттандыру, санитарлық тазалау және жарықтандыруға 113 млн. теңге, немесе 2012 жылдан 53,4 млн. теңгеге көп бөлінген болатын. Осы қаражаттар толығымен игерілді.
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 2013 жылы 21,6 млн. теңге бөлінді. Осы қаражаттар балалар ойын алаңшасын орнату, жарықтандыруды жөндеу және ауылдарды санитарлық тазалауға пайдаланылды.
Автомобиль жолдарын пайдалануды қамтамасыз етуге аудандық бюджетте 67,6 млн теңге бекітіліп, 67,6 млн теңге, немесе 100 % игерілді. Федоров – Ленино – Вишневое автожолының усачкесін қайта жаңартуға республикалық бюджеттен 345,4 млн. теңге бөлініп, 345,4 млн теңге, немесе 100 % игерілді.
2013 жылғы 12 ай ішінде жұмысқа орналасуға жататын 301 адамның 294 жұмыссыз, өз бетінше жұмыспен қамтылған және табысы аз тұлға жұмысқа орналастырылды. Аудан бойынша жұмысқа орналастырудың деңгейі 97,7 пайызды құрады.
Тіркелеген жұмыссыздықтың деңгейі 0,0 % құрады, орташа облыстық деңгейі – 0,1 %.
2014 жылғы 1 қаңтар жағдайына аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде 3 отбасы аз қамтылған болып есепке алынды. Кірістер кедейлік сызығынан аспайтын азаматтар болып 13 адам айқындалды.
Балалы отбасыларға арналған мемлекеттік жәрдемақы 947 отбасындағы 1908 балаға 16,7 млн теңге сомасында тағайындалды.
Жыл басынан мемлекеттік атаулы көмек 12 алушыға 403,4 мың теңге сомасында тағайындалды. Аудандағы кедейлік деңгейі 0,05 % құрады, орташа облыстық деңгейі – 0,4 %. Кірістер кедейлік сызығынан төмен тұрғындардың үлесі 0,05 % құрады.
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының «Ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу» екінші бағыты бойынша 1 желтоқсан жағдайына бағдарламаға 36 қатысушыға 76,8 млн. теңге сомасына микрокредиттер берілді.
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының «Оқыту және қоңыс аудару арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» үшінші бағыты бойынша құрылған әлеуметтік жұмыс орындарға орналастыру жоспары 10 адам болғанда 15 адам орналастырылды. Мерзімі 10 айға дейін кәсіптік оқытуға жоспар 5 адам болғанда 6 адам жіберілді.
Статистикалық деректер бойынша 2013 жылғы қаңтар – желтоқсан ішінде орташа айлық еңбекақы 66642 теңгені құрады, бұл 2012 жылдан 4218 теңгеге, немесе 6,9 %-ға көп.
2013 жылғы Федоров ауданының мемлекеттік бюджет 103 %-ға атқарылды. Жоспарда 1089,5 млн. теңге болғанда нақты 1122,6 млн. теңге, немесе 33,1 млн теңгеге көп қаражаты түскен.
Аудандық бюджетке салықтар және басқа да төлемдер бойынша кіріс бөлігі 102,7 %-ға атқарылды, жоспар бойынша 654,2 млн теңге болғанда нақты 672,1 млн теңге, немесе 17,9 млн теңгеге көп қаражаты түскен.
Бюджеттің шығыс бөлігі 99,9 пайызға атқарылды. Есеп кезеңі ішінде жоспарындағы 3 млрд 819,9 млн теңгеден 3 млрд 815,4 млн теңгеге атқарылды.
2014 жылғы 1 қаңтар жағдайына бюджеттік қаражаттардың игерілмеу 4,6 млн теңгені құрады, оның ішінде республикалық бюджеттен:
негізгі орта және жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердегі физика, химия, биология кабинеттерін оқу жабдығымен жарақтандыруға 4,1 млн. теңге сомасында, өнім берушінің шарттың талаптарды бұзғанына байланысты;
«Федоров ауданы Федоров ауылындағы су құбырының тарату желілерді қайта жаңарту» объектісі бойынша мердігерлік жұмыстар бойынша 0,4 млн. теңге сомасында, ауа райы жағдайына байланысты мердігерлік жұмыстар бойынша шарттың сомасын азайту есебінен;
0,1 млн. теңге – мемлекеттік сатып алу бойынша үнемдеу және нақты ұсынылған шоттар бойынша ақы төлегеніне байланысты.
2014 жылғы 1 қаңтарға жалақы бойынша кредиторлық берешегі жоқ.
2. Федоров ауданының 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму үрдістері туралы
Ауданның экономикасы әлемдегі бағалар, оның ішінде астыққа бағалардың әсер етілуімен дамиды. Экономиканың байланысқан салаларда жұмыспен қамту мен белсендікті арттыруға жәрдемдесетін жобалардың іске асырылуы жоспарлануда.
2014 жылғы қаңтар – қыркүйек ішінде өнеркәсіп өнімінің өндірісі 2564,9 млн теңгені құрады. Өткен жылдың осындай кезеңiмен салыстырғанда өнеркәсіп өнімінің өндіріс көлемі қолданыстағы бағалармен 10,0 млн. теңгеге азайды. Облыс бойынша жалпы көлеміндегі үлестік салмағы 0,7 пайызды құрады. Өсу қарқыны 99,6 % құрады. Өнеркәсіп өнімінің физикалық көлемінің индексі 102,9 %-ға тең.
Үстіміздегі жылдың қаңтар – қыркүйек ішіндегі ауыл шаруашылық өнімінің жалпы шығарылым 11 млрд. 863,6 млн. теңге құрады. Өткен жылдың осындай кезеңiмен салыстырғанда 1 млрд. 636,9 млн. теңгеге аз. Өсу қарқыны 87,9 пайызды құрады. 2012 жылғы қаңтар – қыркүйек ішіндегі ауыл шаруашылық өнімінің жалпы шығаруы физикалық көлемінің индексі 105,5 % құрады, оның ішінде өсімдік шаруашылығы – 102,8 %, мал шаруашылығы – 112,2 %.
«Сыбаға» ет тұқымды төлдерінің өсімін молайту үшін асыл тұқымды аналық басты және асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды сатып алу жөніндегі бағдарламаның іске асырылу арқылы малшаруашылық саласының өсімі жоспарлануда.
2014 жылғы 1 сәуір жағдайына ірі қара малдың саны 1,6 мың басына, немесе 7 пайызға ұлғайып, 2014 жылғы 1 қазанға 24,9 мың мал басын құрады, жылқылардың мал басы 2,5 %-ға ұлғайып, 2,7 мың басын құрады. Сиырлардың мал басы 32,8 пайызға ұлғайып, 13,1 мың басын құрады. Бұл өткен жылдың осындай кезеңінен 3,2 мыл басына көп, шошқалар мал басы 3,3 мың басына ұлғайып, 18,1 мың басын құрады.
Үстіміздегі жылғы 9 ай ішіндегі мал мен құстың барлық түрлерінің сойылған етінің 4,1 мың тонна өткізілді, бұл өткен жылдың осындай кезеңінен 3,8 пайызға көп. Сүт өндірісі 20 %-ға, немесе 4,5 мың тоннаға көбейіп, 26,9 мың тоннаны құрады. Өткен жылдың осындай кезеңiмен салыстырғанда құстар мал басы 1,5 мың басына ұлғайғанына байланысты тауық жұмыртқаларының өндірісі 193 мың данаға ұлғайып, 12,6 млн. дана құрады.
Өсімдік шаруашылығындағы өсімі егістік алаңдары мен ауыспалы егістер құрылымын оңтайландыру, әртараптандыруды жүргізу арқылы қамтамасыз етілетін болады. Егістер құрылымында астық үстем орын алуда. 2014 жылы жаздық егіс 383,4 мың гектарды құрады, бұның өзі өткен жылғы деңгейінен 25,2 мың гектарға кем. Әртараптандыру мақсатында, егістер құрылымына сәйкес 2014 жылы дәнді және дәнді-бұршақ тұқымдас дақылдар 323,3 мың гектарда, оның ішінде астық 290 мың гектарда егілді, оның жазғы егістіктің құрылымындағы үлесі 76 пайызға, жарма дақылдар 6 пайызға, жемшөптік және майлы дақылдар 18 пайзыға жетті. Жемшөптік дақылдар алаңы 26,4 мың гектарды құрады, жарма дақылдар 4,6 мың гектарда егілді, майлы дақылдар – 53,3 мың гектар.
Ауыл шаруашылықты қолдауға және дамытуға ауданның ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге 1156,9 мың теңге мөлшерінде субсидиялар бөлінді. Өндірісті субсидиялаудың жаңа механизмдер нормативтердің едәуір ұлғаюын қарастырады.
Кіші және орта бизнестің дамуына барлық қажетті жағдайлар жасалған. Қазіргі таңда кіші және орта кәсіпкерлік объектілері ауданның экономикасын дамытудағы басты рөл атқаруда. 2014 жылғы қаңтар – қыркүйек ішінде кіші кәсіпкерлік объектілерінен бюджетке түскен қаражат 251,5 млн теңгені құрады, немесе өткен жылдың осындай кезеңінен 46,1 млн теңгеге көп. Осы кезеңіндегі бөлшектеп тауар алмасуы 1133,1 млн. теңге құрады, немесе өткен жылдан 180,7 млн. теңгеге көп. Физикалық көлемінің индексі 113,2 % құрады, өсу қарқыны 119 %.
2014 жылғы қаңтар – қыркүйек ішінде аудан экономикасының негізгі капиталға инвестициялар 3 млрд. 669,0 млн. теңгені құрады, бұл көрсеткіш өткен жылдың осындай кезеңінен 131,0 млн. теңгеге көп. Инвестициялар жалпы көлеміндегі бюджеттік қаражаттардың үлесі 1140 млн. теңгені құрады, оның ішінде жергілікті бюджеттің қаражаттары есебінен – 301 млн. теңге, республикалық – 839 млн. теңге. Кәсіпорындар мен тұрғындардың қаражаттар – 2 млрд. 529 млн. теңге. Өткен жылдың осындай кезеңіне өсу қарқыны 103,7 пайызды құрады. Физикалық көлемінің индексі 99,5 % құрады. 2013 жылы негізгі капиталға инвестициялар көлемі 4447 млн теңге мөлшерінде күтілуде, бұл 2012 жылдан 17,4 %-ға көп.
Инвестициялық жобалардың іске асырылу жөніндегі жұмыс жалғасуда.
2014 жылы мынадай инвестициялық жобалардың пайдалануға берілуі жоспарлануда:
1) «Мал соятын орны бар 500 мал басына арналған семірту алаңшасы», жобаны ұсынушы «Пшеничное» ЖШС, Шандақ ауылдық округі, Мирное селосы. Жобаның құны 232,0 млн. теңге. Пайдалануға беру мерзімі 2014 жылғы желтоқсан;
2) «Жалпы сыйымдылық 4000 тонна шағын - НҚК құрылысы», «Беркут» ЖШС, Федоров ауылдық округі, Затышенка ауылы. Жобаның құны 170,0 млн. теңге. Пайдалануға беру мерзімі 2014 жылғы желтоқсан;
3) «Өндіріс қуаттылығы тәулікке астықтың 38 тонна диірменінің құрылысы», жобаны ұсынушы «Трояна» ЖШС, Пешков селолық округі, Пешков селосы. Жобаның құны 50,0 млн. теңге. 2014 жылғы 1 тоқсанда пайдалануға берілді;
4) Қуаттылығы жылына 240 тонна «Жартылай дайындалған ет өнімдері цехын жаңғырту», «Андреев Ю.Ю.» ЖК, Федоров ауылдық округі, Федоров ауылы. Жобаның құны 30,0 млн. теңге. Пайдалануға беру мерзімі 2014 жылғы желтоқсан.
2014 жылғы қаңтар – қыркүйек ішінде 862,0 шаршы метр тұрғын үй алаңы пайдалануға берілді, бұл көрсеткіш өткен жылдың осындай кезеңіне 112,8 % құрады. 2014 жылғы қаңтар – қыркүйек ішіндегі құрылыс жұмыстарының Физикалық көлемінің индексі 100,9 % құрады. Үстіміздегі жылғы қаңтар – қыркүйек ішіндегі орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 1 млрд. 166 млн. теңгені құраған болатын. Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда құрылыс жұмыстардың көлемі 54,0 млн. теңгеге ұлғайды.
2014 жылы абаттандыру, санитарлық тазалау және елді мекендерді жарықтандыруға 84,6 млн теңге бөлінді, 2014 жылғы қаңтар – қыркүйек ішінде 71,5 млн теңге, немесе 84,5 % игерілді.
Өңірлік саясаты «Өңірлерді дамыту» және аумақтарды дамытудың бесжылдық кезеңіне арналған мемлекеттік бағдарламалар белгілеген басымдықтар негізінде қалыптасуда.
«Өңірлерді дамыту» Бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыру» бағдарламасы бойынша Федоров ауылындағы стадионының ағымдағы жөндеуге 25,1 млн. теңге бөлініп игерілді. Одан да басқа, жергілікті бюджеттің қаражаттар есебінен Федоров ауылындағы стадионының ағымдағы жөндеуге 29,0 млн. теңге бөлініп игерілді.
Автомобиль жолдарын пайдалануды қамтамасыз етуге аудандық бюджетте 62,2 млн. теңге бекітіліп, үстіміздегі жылдың 9 ай ішінде 56,8 млн. теңге, немесе 91,3 % игерілді. Федоров – Ленино – Вишневое автожолын қайта жаңартуға республикалық бюджеттен 398,5 млн теңге бөлініп, 346,9 млн теңге, немесе 87,1 % игерілді.
«Федоров ауданы Федоров селосындағы су құбырының тарату желілерін қайта жаңарту» жұмыс жобасы бойынша 2014 жылға республикалық бюджеттен 660,3 млн. теңге, ал жергілікті бюджеттен 73,1 млн. теңге бөлінді. Игерілуі 73 % құрады.
2014 жылғы қаңтар – қыркүйек ішінде жұмыспен қамту секторына жұмысқа орналасу мәселесі жайында 277 адам өтініш білдірді. Жыл басынан 104 адам жұмысқа орналасты. 2014 жылғы 1 қазандағы жұмысқа орналасқандардың үлесі 67,9 % құрады. Тіркелеген жұмыссыздықтың деңгейі 0,18 % құрады, орташа облыстық деңгейі – 0,4 %.
2013 жылғы 1 қазан жағдайына аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде 3 отбасы аз қамтылған болып есепке алынды. Кірістер кедейлік сызығынан аспайтын азаматтар болып 20 адам айқындалды.
Балалы отбасыларға арналған мемлекеттік жәрдемақы 9,9 млн. теңге сомасында 368 отбасындағы 801 балаға тағайындалды.
Жыл басынан жергілікті өкілетті органдарының шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарға берілетін әлеуметтік көмек 535 азаматқа 12,0 млн. теңгеге төленді.
Тұрғын үй жәрдемақы 147 отбасыға 2,5 млн. теңге сомасына тағайындалып төленген болатын.
2014 жылғы 1 қыркүйек жағдайына 32 қатысушыға 60,0 млн. теңге сомасына шағын кредиттер берілді.
Аудандағы кедейлік деңгейі 0,07 % құрады, орташа облыстық деңгейі – 0,3 %. Кірістер кедейлік сызығынан төмен тұрғындардың үлесі 0,07 % құрады.
Статистикалық деректер бойынша 2014 жылғы қаңтар – тамыз ішінде орташа айлық еңбекақы 67109 теңгені құрады, бұл 2013 жылдың осындай кезеңінен 1904 теңгеге, немесе 2,9 %-ға көп.
2014 жылғы инфляцияның жалпы деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі 6 - 8 % деп күтілуде.
Физика, химия, биология кабинеттерін оқу жабдықтармен жарақтандыру, мұғалімдердің біліктілікті арттыру, білім беретін мекемелердің жөндеу жүргізу есебінен сапалы білім беруге жағдайлар жасалуда.
2014 жылғы қаңтар – қыркүйек ішінде Федоров ауданының мемлекеттік бюджет 119,9 %-ға атқарылды. Жоспарында 767,9 млн. теңге болғанда нақты 920,4 млн. теңге, немесе жоспардан 152,5 млн. теңгеге көп қаражаты түскен.
Салықтар бойынша және аудандық бюджетке басқа да төлемдер бойынша кіріс бөлігі 102,9 %-ға орындалды, жоспар бойынша 493,6 млн. теңге болғанда нақты 508,1 млн. теңге, немесе жоспардан 14,5 млн. теңгеге көп қаражаты түскен.
2014 жылғы 1 қазанға Федоров ауданының мемлекеттік бюджетіне берешегі жоқ.
Бюджеттің шығыс бөлігі есептік кезеңі ішінде 2817,7 млн. теңге жоспарында 2817,5 млн теңгеге, немесе 100 %-ға орындалды.
2014 жылғы 1 қазанға бюджеттік қаражаттардың игерілмеу 0,2 млн. теңге сомасында қалыптасты.
2014 жылғы 1 қазан жағдайына еңбекақы бойынша кредиторлық берешегі жоқ.
3. Дамудың басымдықтар
Ішкі және сыртқы нарығында бәсекеге қабілетті, тұрақты өткізу нарықтары бар агроөекркәсіптік кешенін қалыптастыру ауданның болжамды кезеңінің басты стратегиялық мақсаты болып табылады.
Өндіріске заманауи технологиялар мен егіншіліктің прогрессивтік әдістерін енгізу;
егістік алаңдары мен ауыспалы егістер құрылымын оңтайландыру;
ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге асыл тұқымды өнімінің қол жетерлігін қамтамасыз ету және асыл тұқымды мал басын жыл сайын ұлғайту;
мал шаруашылығындағы орта және ірі тауарлық өндірістерді ұйымдастыру;
басталған инвестициялық жобалардың іске асырылудың белсенді кезеңіне енуі;
аудан тұрғындарын сапалы біліммен қамтамасыз ету және жұмыспен қамтуды арттыру арқылы еңбек ресурстарының сапасын арттыру экономикалық саясаттың басымды бағыттар болып табылады.
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» шеңберінде оқыту, қайта оқыту және жұмысқа орнатуға жәрдемдесу жөніндегі іс-шаралар қаржыландырылатын болады.
Пәндік кабинеттермен жарақтандыру жұмыстарының жалғасуы білім сапасын арттыруға жәрдемдесетін болады.
4. 2015 – 2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы
2015 – 2019 жылдардағы экономиканың өсімі жеке меншікті және мемлекеттік қаражат есебінен индустриалды және инфрақұрылым жобаларына көбейіп жатқан инвестицияларға бағытталып, ішкі сұранысқа тірелетін болады.
2015 жылға республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінетін трансферттер есебінен ауылдық елді мекендеріндегі сумен қамсыздандыру жүйесін дамытуға 606,9 млн. теңге, Федоров ауылындағы мелкеттік тілде оқытатын мектебінің жанындағы интернатының құрылысына 11,3 млн. теңге, Федоров ауылындағы кәріз желісінің құрылысына 17,1 млн. теңге, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын пайдалануды қамтамасыз етуге 29,3 млн. теңге бөлінуі жоспарлануда, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 25,1 млн теңге.
2016 жылға Федоров ауылындағы мелкеттік тілде оқытатын мектебінің жанындағы интернатының құрылысына 154,7 млн. теңге, Федоров ауылындағы кәріз желісінің құрылысына 206,5 млн. теңге, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын пайдалануды қамтамасыз етуге 31,5 млн теңге бөлінуі жоспарлануда, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 25,1 млн. теңге (2-қосымша).
2019 жылға дейін өнеркәсіп өнімді өндіретін жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарын жаңғырту, ескеріп жеткен құрал-жабдықтарды жаңа жетілгендерге ауыстыру арқылы өнеркәсіп өнім көлемінің ұлғаюы, өндірілетін өнім түр-түрінің кеңеюі, өткізудің жаңа нарықтарға шығуы жоспарланып отыр.
Ауыл шаруашылықта 2015 – 2019 жылдарға майлы, көкөніс және жемшөптік дақылдардың егіс алаңдарының ұлғаюы жоспарлануда. Өсімдік шаруашылығын әртараптаныруды ескере отырып келесі жылдары астық өндірісінің көлемі болмашы өсетін болады. Ауыл шаруашылық өнімінің жалпы шығарылымның жыл сайынғы өсімі жоспарлануда (№ 1 қосымша). 2019 жылға ауыл шаруашылық өнімінің жалпы шығарылым 2013 жылмен салыстырағанда 18 %-ға өседі. Ауылдық елді мекендердің аудан орталығымен сапалы көлік байланысын қамтамасыз ету көлік инфрақұрылымын дамытудағы ортамерзімді кезеңінің басым бағыты болып табылады. Жоспарлы кезеңінде аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді - мекендердің көшелерін қайта жаңарту, күрделі, орташа, ағымдағы жөндеуден өткізу, ұстау және көгалдандыру жөніндегі жұмыстар жалғасатын болады.
Ауыл шаруашылығында көлемдері анағұрлым өсетін мал шаруашылығы саласы перспективалық болып табылады, себебі, бұл саланың ауа райы жағдайына тәуелдігі кем. Ауыл шаруашылығындағы көлемдердің ұлғаюы жоғары өнімді малдың үлесін ұлғайту арқылы жүзеге асырылатын болады. Өсімі «Сыбаға» ет тұқымды төлдерінің өсімін молайту үшін асыл тұқымды аналық басты және асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды сатып алу жөніндегі бағдарламаның іске асырылу есебінен жетісіледі.
Өсімдік шаруашылығын әртараптаныруды ескере отырып, 2015 – 2019 жылдарға майлы, көкөніс және жемшөптік дақылдардың егіс алаңдарының ұлғаюы жоспарланып отыр. Жаңа технологиялардың қолданылуына қарамастан өсімдік шаруашылығы ауа райы-климат жағдайына тәуелді. Саланың дамуы әртараптандыру, ылғал сақтаушы технологиялар қолданылу алаңдарын кеңейту, ауыспалы егістер сызбаларын, жоғары селекциялы сұрыптарды енгізу, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану, жаңа және қазірде пайдаланылмай жатқан жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына тарту есебінен жүзеге асырылатын болады. Машина - трактор паркін жаңарту, жоғары өнімді техникасын сатып алу.
Азық - түлік нарығындағы бағалардың тұрақтылығына қалыптастырылған азық түлік тауарлардың тұрақтандыру қоры, дәнді және майлы дақылдар, көкөністердің егіс алаңдарының ұлғаюы әсер ететін болады. Нарығындағы жағдайының, мұнай өнімдері мен азық түлік тауарларына бөлшектеп сату бағаларының мониторингі, азық түліктердің өткізілуі нарығындағылардан төмен бағалармен жүзеге асырылатын ауыл шаруашылық жәрменкелер тұрақты түрде өткізілетін болады.
Орта мерзімді кезеңіндегі өңірлік саясаты «Өңірлерді дамыту» және аумақтарды дамытудың бесжылдық кезеңіне арналған мемлекеттік бағдарламалар белгілеген басымдықтар негізінде қалыптасатын болады. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде өңір үшін ең маңызды болып табылатын инфрақұрылымды дамыту бойынша жобаларға қардылық қолдау көрсетудің жүзеге асырылуы жоспарлануда. Сондай-ақ даму әлеуеті жоғары және орта селолық округтерді жайғастыру мәселелерінің шешілуге қаражаттардың бөлінуі жоспарланып отыр.
Мектепке дейінгі білім беру саласында мектепке дейінгі ұйымдар желісін кеңейту және мектепке дейінгі тәрбиелеу сапасын арттыру жөніндегі жұмыс жалғасын табады. Білім берудің барлық деңгейлерінде сапасын арттыруға ерекше назар аударылатын болады. Осы міндеттің шешілуі педагогика қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың жаңа моделін енгізуді жалғастыру есебінен жоспарлануда. Мектептердің жаңа үлгідегі кабинеттермен жарақтандырылуы білім беру сапасын арттыруға жәрдемдесетін болады.
Орта мерзімді кезеңіндегі әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы негізгі бағыттар атаулылыққа және тиімділікке негізделген, масылдықты жоятын әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталатын болады. Мамандығы жоқ аз қамтамасыз етілген азаматтардың санын азайту үшін олар кейін жұмысқа, оның ішінде қайта құрылған жұмыс орындарға, әлеуметтік жұмыс орындарға орналастырылуымен кәсіптік даярлауға және қайта даярлауға жіберілеті болады. Осы іс-шаралардың өткізілуі кедейлік деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама мен Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының іске асырылуына байланысты жқмыссыздар саны және жұмыссыздық деңгейі қысқартылатын болады.
5. Бюджет саясатының негізгі бағыттар
Алдағы орта мерзімді кезеңінде фискалды саясат мынадай бағыттар бойынша жүргізілетін болады:
бюджеттік жоспарлаудың жүзеге асырылуы аудан экономикасына оң әсерін ететін оңтайлы шаралар мен бюджеттік қаражатының көлемін анықтауға негізделіп құрылатын болады;
бюджетаралық қатынастардың ашықтығын қамтамасыз ету;
бюджеттік қаражаттардың жұмсалуының тиімділігін арттыру және тұрғындардың қорғалмаған жіктеріне әлеуметтік қолдау көрсетуді қамтамасыз ету;
негізгі әлеуметтік-экономикалық бағыттар бойынша бюджеттік шығыстардың нақты басымдықтарды белгілеу.
6. Бюджетаралық қатынастар
Бюджетаралық қатынастар кірістер мен шығыстарды бюджеттердің деңгейлер арасында бөлу принциптеріне негізделіп құралады.
Федоров ауданының алдағы үш жылдық кезеңіне арналған бюджетінің кіріс бөлігі параметрлерін әзірлегенде, төлем көзiнен ұсталатын кірістерден жеке табыс салығы және әлеуметтік салығы бойынша болжамы 2015 – 2017 жылдарға болжамданатын еңбекақысының қоры бойынша және осы салықтар бойынша алу коэффициенттерін ескере отырып анықталды, төлем көзiнен ұсталатын кірістерден жеке табыс салығы бойынша осы салықтың шегерімге жатқызылатын ең төмен еңбекақысының жыл сайынғы өсімі ескерілді.
2014 жылғы бағасы және 2015 – 2017 жылдарға арналған болжамы:
шаруашылық жүргізуші субъектілерінің жалақы қоры бойынша болжамы Қостанай облысы статистика департаментінің 2014 жылғы деректерге сәйкес анықталды. Шаруашылық жүргізуші субъектілеріндегі жұмысшыларының жалақының өсу қарқыны 7 % деңгейінде болжамдалады. Бюджеттік саласындағы қызметкерлердің алдағы үш жылдық кезеңінде жалақының өсуі 2015 жылғы 1 шілдеден бастап 28 %-ға, мемлекеттік қызметшілерге – 15 %-ға және 2016 жылғы 1 шілдеден бастап 15 %-ға болжамдануда;
жер салығы, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдер, жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер бойынша болжам 2014 жылғы деңгейінде анықталды, себебі, осы көздер бойынша ставкалардың мөлшері тіркелген болып, айлық есептік көрсеткіштің мөлшеріне тәуелді емес;
төлем көзiнен ұсталмайтын кірістерден жеке табыс салығы, Мүлікке салынатын салығы, көлік құралдарына салынатын салық, кәсіпкерлік және кәсіби қызметті жүргізгені үшін алынатын алымдар, мемлекеттік баж, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша болжам 2015 – 2017 жылдары тұтыну бағалары индексінің 7 %-ға жыл сайын өсетінін ескере отырып, 2014 жылғы бағасына негізделіп анықталған;
Болжамды шығыстардың көлемдері ағымдағы бюджеттік бағадарламалар бойынша сомалар ретінде есептелген болатын.
7. 2015 – 2017 жылдарға арналған бюджеттік параметрлердің болжамы 7.1. Аудан бюджетінің салық саясаты
Федоров ауданының 2015 – 2017 жылдарға арналған бюджеттің кірістер Салық кодексі мен басқа да нормативтік құқықтық актілердің ережелерін ескере отырып, орта мерзімді кезеңіне арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамды параметрлер базасында анықталды.
2015 – 2017 жылдары бюджеттегі төлем көзiнен ұсталатын кірістерден жеке табыс салығы және әлеуметтік салығы бойынша болжамның үлес салмағы орташа мәнінде 76,5 % құратын болады.
Кірістердің өсімі, сондай-ақ, салық заңнамасының жетілдірілуі, салықтық әкімшілендірудің жақсару есебінен қамтамасыз етілетін болады.
Федоров ауданының 2015 – 2017 жылдарға арналған бюджеттің кірістер болжамы кестеде ұсынылған.
Федоров ауданының 2015 – 2017 жылдарға арналған бюджет кірістерінің түсімдер болжамы
мың теңге
Атауы
|
2014 жыл баға
|
2015
жыл
|
2016 жыл
|
2017 жыл
|
болжам
|
Негізгі капиталды сатудан түсетін салықтық, салықтық емес түсімдер және кірістер
|
727740,3
|
745667
|
766784
|
785714
|
Салықтық түсімдер
|
703047
|
742809
|
764389
|
783279
|
Жеке табыс салығы
|
353256
|
409506
|
421473
|
429185
|
Әлеуметтік салық
|
181831
|
195485
|
203205
|
209647
|
Мүлікке салынатын салықтар
|
57477
|
31477
|
31457
|
31457
|
Жер салығы
|
10882
|
11760
|
11760
|
11760
|
Көлік құралдарына салынатын салық
|
50512
|
46418
|
47531
|
50858
|
Бірыңғай жер салығы
|
26692
|
23392
|
23392
|
23392
|
Акциздер
|
4161
|
4914
|
5267
|
5636
|
Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшін түсетін түсімдер
|
4738
|
5438
|
5438
|
5438
|
Кәсіпкерлік және кәсіби қызметті
жүргізгені үшін алынатын алымдар
|
8225
|
9826
|
9951
|
10648
|
Өзге де салықтық түсімдер
|
1080
|
|
|
|
Мемлекеттік баж
|
4193
|
4593
|
4915
|
5258
|
Салықтық емес түсімдер
|
20478,3
|
2243
|
1780
|
1820
|
Мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігінің түсімдері
|
114
|
|
|
|
Мемлекет меншiгiндегi мүлiктi жалға беруден түсетiн кiрiстер
|
500
|
535
|
572
|
612
|
Ауданның коммуналдық меншігіндегі тұргын үй қорынан үйлерді жалға беруден түсетін кірістер
|
184
|
208
|
208
|
208
|
Өзге де айыппұлдар
|
8
|
|
|
|
Өзге де салықтық емес түсімдер
|
19656
|
1500
|
1500
|
1500
|
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер
|
4215
|
615
|
615
|
615
|
2015 жылы негізгі капиталды сатудан түсетін салықтық және салықтық емес кірістер 745667,0 мың теңге сомасында жоспарлануда, осы сомасындағы ең үлкен үлес салмағын жеке табыс салығынан түсімдер құратын болады 54,9 %.
7. 2. Аудан бюджетінің болжамдары
Федоров ауданының 2015 – 2017 жылдарға арналған бюджетінің
бюджеттік параметрлері
мың теңге
Көрсеткіштер
|
2014 жыл
|
2015 жыл
|
2016 жыл
|
2017 жыл
|
Баға
|
Болжам
|
Түсімдер
|
|
|
|
|
Кірістер
|
3705769,5
|
3913736
|
4187698
|
4480837
|
Салықтық түсімдер
|
727740,3
|
745667
|
766784
|
785714
|
Салықтық емес түсімдер
|
703047
|
742809
|
764389
|
783279
|
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер
|
20478,3
|
2243
|
1780
|
1820
|
Трансферттер
|
4215
|
615
|
615
|
615
|
Таза бюджеттік кредиттеу
|
2978029,2
|
3168069
|
3420914
|
3695123
|
Шығыстар
|
3729271,7
|
3913736
|
4187698
|
4480837
|
Шығыстардың номиналды өсімі, %
|
|
107
|
107
|
107
|
Тапшылық
|
69136,4
|
|
|
|
Барлық қабылданған міндеттемелерді уақтылы және тиімді жүзеге асыру үшін бюджеттік саясат қаржы ресурстарды жұмылдыру мен шоғырландыруға бағытталады және, ең алдымен, бұл әлеуметтік міндеттемелер, сондай-ақ, жұмыспен қамтуды қоса, аудан тұрғындарына әлеуметтік қолдау көсетуге ықпал ететін іс-шаралар.
Сондықтан орта мерзімді перспективадағы бюджеттің әлеуметтік бағыты сақталады және шығыстарды жоспарлағанда аудан азаматтардың әл-ауқаты негізгі басымдық болып қалады, атап айтқанда: оларға әлеуметтік қолдау көрсету, білім беру, сондай-ақ, экономиканың дағдарыстан кейінгі сапалы өсуіне жағдайлар жасау.
Шығыстардың болжамды көлеміне мемлекеттік қызметтердің, өкілеттіліктердің орындалуымен және атқарушы органның мемлекеттік қызметтердің көрсетілуімен байланысқан тұрақты сипаттағы шығыстар енді.
8. Бюджеттік инвестициялық саясатының негізгі басымдықтар
Алдағы кезеңіндегі бюджеттік инвестициялық саясаты стратегиялық және бағдарламалық құжаттар мен Мемлекет басшысы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларда белгіленген мақсаттар және міндеттердің іске асырылуына бағытталатын болады.
_________________________
Ескерту:
млн – миллион
% - пайыз
га - гектар
ШҚ – шаруа қожалығы
ЖШС – жауапксршілігі шектеулі серіктестік
НҚК – нан қабылдаушы кәсіпорын
АҚ - акционерлік қоғам
ЖК – жеке кәсіпкер
Достарыңызбен бөлісу: |