Әкімдіктің
2015 жылғы «_23_» ___10_______
№ _303__ қаулысымен мақұлданды
Федоров ауданының
2016 – 2020 жылдарға арналған
әлеуметтік - экономикалық даму
болжамы
Мазмұны
1.
|
Федоров ауданының 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму үрдістері
|
3
|
2.
|
Федоров ауданының 2015 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму үрдістері туралы
|
5
|
3.
|
Дамудың басымдықтар
|
10
|
4.
|
2016 – 2020 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы
|
11
|
5.
|
Бюджет саясатының негізгі бағыттар
|
13
|
6.
|
Бюджетаралық қатынастар
|
13
|
7.
| 2016 – 2018 жылдарға арналған бюджеттік параметрлердің болжамы |
14
|
7.1
|
Аудан бюджетінің салық саясаты
|
14
|
7.2
|
Аудан бюджетінің болжамдары
|
16
|
8.
|
Бюджеттік инвестициялық саясатының негізгі басымдықтар
|
16
|
Кіріспе
Федоров ауданының 2016 – 2020 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 1251 қаулысымен бектілген Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу қағидаларына сәйкес әзірленді.
Даму болжамы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жылсайынғы Жолдау мен бағдарламалық құжаттарды ескере отырып әзірленді.
Даму болжамы Федоров ауданының бесжылдық мерзіміне арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының даму, үрдістер, басымдықтар, нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштерді, экономикалық, инвестициялық және салықтық-бюджеттік саясатының негізгі бағыттарын, 2016 – 2018 жылдарға арналған бюджеттік параметрлердің болжамын қамтиды.
1. Федоров ауданының 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму үрдістері
Федоров ауданының 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары экономиканың салалар мен әлеуметтік саланың тұрақты дамуын көрсетеді.
2014 жыл ішінде қайта өңдеу өнеркәсіп кәсіпорындары өнімді 3 млрд. 605 млн. теңге сомасына өндірген болатын (қолданыстағы бағалармен). 2013 жылмен салыстырғанда өндіріс 219,0 млн. теңгеге өсті. Өнеркәсіп өнімінің Нақты көлемінің индексі 103,7 % құрады.
2014 жылғы бөлшектеп тауар алмасуы өсіп 1 млрд. 605 млн. теңге құрады, немесе 2013 жылдан 219,0 млн. теңгеге көп. Нақты көлемінің индексі 108,6 % құрады.
2014 жылы кіші кәсіпкерлік объектілерінен бюджетке түскен қаражат 397 млн. теңгені құраған болатын, немесе 2013 жылдан 20,3 млн теңгеге көп.
Шағын және орта бизнестің дамуына іскерлік мәдениетінің деңгейін арттыру және кәсіпкерлік бастаманы белсендіру жөніндегі қажетті жағдайлар жасау үшін «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы қолданылу үстінде.
2014 жылы осы Бағдарламаның 1-бағыты аясында Федоров ауданы бойынша 1 млн. сомасына өтеусіз грант алынған болатын – «Пужанский» ЖК пейнтбол клубын дамытуға.
Ағымдағы жылдың жазғы егіс алқаптарының құрылымында дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 324,7 мың гектарда орналасқан болатын, одан 510 мың тонна астық алынды, бұл Қостанай облысындағы жалпы өнімінің 12 пайыз құрады. Аудан бойынша орташа өнімділік 15,8 га/ц құрады (облыс бойынша 1-орын).
Сонымен қатар, егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыру шеңберінде майлы дақылдар егістері өткен жылмен салыстырғанда 13 мың гектарға ұлғайып 53,3 мың га құрады.
Майлы дақылдардың жалпы өнімділігі 42 мың тоннадан астам құрап, орташа өнімділік 8,2 га/ц.
Ағымдағы жылы астық жинау науқанының жағдайы күрделі болғанымен шаруалар қажетті тұқым материалдарын толығымен дайындаған жоқ, қажетті 54 мың тоннадан аудан бойынша 41 мың тонна ғана бар.
Малдың табысты қыстау үшін пішендеме және сүр шөп дайындалды.
2014 жылғы ауыл шаруашылық өнімінің жалпы шығарылымы 22,2 млрд. теңгені құрады, оның ішінде: өсімдік шаруашылығы – 17,2 млрд теңге, мал шаруашылығы – 5,0 млрд. теңге. Ауыл шаруашылық өнімінің жалпы шығарылымының нақты көлемінің индексі 108,6 % құрады.
2014 жыл ішінде ауданның шаруалар жаңа ауылшаруашылық техникасының 41 бірлігін сатып алды: 2 бірлік комбайндар, 2 бірлік егін егу кешендер, 39 бірлік тракторлар.
Көктемгі-егіс және астық жинау жұмыстарды жүргізуге, тұқым шаруашылығын қолдауға, гербицидтерді сатып алуға, ЖЖМ құнын арзандатуға ауыл шаруашылық өнімін өндірушілер мемлекет тарапынан 1 млрд. 113 млн. теңге сомасында субсидиялар және «Азық - түлiк корпорациясы» ҰҚ» АҚ арқылы 355 млн. теңге сомасына кредит алған болатын.
Иал шаруашылығын дамытудағы да оң беталысы байқалуда. Ауданда ІҚМ мал басы 24 мың бастан астам, оның ішінде 11 мың бас – сиырлар.
Мал шаруашылындағы орта және ірі тауарлық өндірісімен үш ЖШС айналысуда:
– Екі ЖШС асыл тұқымды санатқа жатады – «Тұрар» ЖШС және «Бек+» ЖШС қара-ала голштин тұқымын өсіру бойынша. Осы шаруашылықтардағы сүт бағытындағы ІҚМ асыл тұқымды мал басы 4016 бас құрады.
– «Гранд» ЖШС ет бағытындағы ІҚМ өсірумен айналысады, шаруашылықта ІҚМ 571 басы есептеледі.
Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығымен айналысатын ауыл шаруашылық өнімін өндірушілерге байыпты қолдау көрсетіледі. Атап айтқанда 2014 жыл ішінде ауыл шшаруашылығын дамытуға 376 млн. теңге сомасында субсидиялар төленді.
Малдың тұқымдылығын жақсарту бойынша аудан озық орын алып жатыр. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 2011 жылдан 2014 жылға дейін ІҚМ 1266 бас 247,2 млн. теңге сомасына сатып алынды, оның ішінде 57 тұқымдық бұқа.
Негізгі капиталға инвестициялар.
Негізгі капиталға инвестициялар 2014 жыл ішінде 5 млрд. 265 млн. теңге мөлшерін құрап, 2013 жылдан 528 млн. теңгеге көп болды. Нақты көлемінің индексі 106,7 пайызды құрады.
2014 жыл ішінде үш инвестициялық жоба пайдалануға берілді:
1. «Трояна» ЖШС, Пешков а/о «Өндіріс қуаттылығы тәулікке астықтың 38 тонна диірменінің құрылысы», Жобаның жалпы құны 50,0 млн. теңге (өзінің қаражаттар), 2014 жылы пайдалануға берілді.
2. «Беркут» ЖШС, Федоров а/о «Жалпы сыйымдылығы 4000 тонна шағын АҚП құрылысы». Жобаның жалпы құны: 170 млн. теңге (өзінің қаражаттар). 2014 жылғы 4 желтоқсанда пайдалануға берілді.
3. «Пшеничное» ЖШС Шандақ а/о «500 мал басына арналған бордақылау алаңшасының құрылысы» - 1-кезек құны – 35 млн. теңге (өзінің қаражаттар). 2014 жылғы 31 желтоқсанда пайдалануға берілді.
Абаттандыру.
2014 жыл ішінде ауылдарды абаттандыру, санитарлық тазалау және жарықтандыруға 85,3 млн. теңге бөлініп игерілген болатын.
Осыдан басқа, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша шағын стадионының ағымдағы жөндеуге 25,1 млн. теңге жұмсалды.
2014 жыл ішінде 1258 шаршы метр тұрғын үй алаңы пайдалануға берілді. НКИ 100,7 % құрады. Орындалған құрылыс жұмыстардың көлемі 2 млрд 464 млн теңгені, немесе 2013 жылдан 121 млн. теңгеге көп құрады. Құрылыс-мотнаждау жұмыстардың нақты көлемінің индексі 100,5 % құрады.
Автомобиль жолдарын пайдалануды қамтамасыз етуге аудандық бюджетте 62,2 млн. теңге бөлініп игерілді.
Федоров – Ленино – Вишневое автожолының усачкесін қайта жаңартуға республикалық бюджет есебінен 398,5 млн. теңге игерілді.
Ауданның 52 елді мекендердің 3-те сумен жабдықтау жүйесі орталықтандырылған, 11 елді мекенде әкелінетін суды пайдаланады, 38 елді мекен орталықтандырылмаған сумен жабдықтау жүйесінен сумен қамтамасыз етіледі. Есепті жылы «Компания Ерлан» ЖШС «Қостанай облысы Федоров ауданы Федоров ауылындағы су құбырының тарату желілерді қайта жаңарту. 2-кезек. Түзету» объектісі бойынша 566,3 млн. теңге сомасына мердігерлік жұмыстар жүргізген болатын.
2. Федоров ауданының 2015 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму үрдістері туралы
Ауданның экономикасы әлемдегі бағалар, оның ішінде астыққа бағалардың әсер етілуімен дамиды. Экономиканың байланысқан салаларда жұмыспен қамту мен белсендікті арттыруға жәрдемдесетін жобалардың іске асырылуы жоспарлануда.
2014 жылғы қаңтар – қыркүйек ішінде өнеркәсіп өнімінің өндірісі 3068,4 млн теңгені құрады. Өткен жылдың осындай кезеңiмен салыстырғанда өнеркәсіп өнімінің өндіріс көлемі қолданыстағы бағалармен 173,3 млн. теңгеге ұлғайды. Өсу қарқыны 106 % құрады.
Үстіміздегі жылдың қаңтар – қыркүйек ішіндегі ауыл шаруашылық өнімінің жалпы шығарылым 12599,6 млн. теңге құрады. Өткен жылдың осындай кезеңiмен салыстырғанда 736 млн. теңгеге көп, оның ішінде:
мал шаруашылық өнімінің жалпы шығарылым 3976,3 млн. теңге, немесе өткен жылдың осындай кезеңiне 105,5 %;
өсімдік шаруашылық өнімінің жалпы шығарылым 8621,3 млн. теңге, немесе өткен жылдың осындай кезеңiне 106,5 %.
2015 жылғы 9 ай ішінде мал мен құстың барлық түрлерінің ет өндірісі 4,1 мың тонна құрады, немесе 2014 жылдың осындай кезеңіне 99,5 %.
2015 жылғы 1 қазан жағдайына ірі қара мал саны 675 басқа өсіп, 25,6 мың бас құраған болатын Сиырлар мал басы – 13,8 мың басын құрады, немесе 2014 жылға 105,3 %, жылқылар саны 221 басқа, немесе 7,1 % өсті және 3,3 мың басын құрады, шошқалардың мал басы 1,2 басқа, немесе 6,5 пайызға өсті және 19,3 мың басын құрады.
Өткен жылдың осындай кезеңiмен салыстырғанда сүт өндірісі 8,8 пайызға, немесе 2,4 мың тоннаға өсіп, 29,3 мың тоннаны құрады.
Құстардың саны ұлғайғанына байланысты тауық жұмыртқаларының өндірісі 12,8 млн. дана, немесе өткен жылдың осындай кезеңiне 101,7 % құрады.
Мал шаруашылығы саласының өсімі «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының іске асырылуы есебінен үш бағыт бойынша жоспарлануда:
«Сыбаға» ет тұқымды төлдерінің өсімін молайту үшін асыл тұқымды сиырларды және асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды сатып алу;
«Құлан» асыл тұқымды жылқыларды және асыл тұқымды тұқымдық айғырларды сатып алу;
«Алтын асық» асыл тұқымды ҰМ аналық басты және асыл тұқымды тұқымдық қошқарларды сатып алу.
Өсімдік шаруашылығындағы өсімі егістік алаңдары мен ауыспалы егістер құрылымын оңтайландыру, әртараптандыруды жүргізу арқылы қамтамасыз етілетін болады. Егістер құрылымында астық үстем орын алуда. 2015 жылы жаздық егіс 385,0 мың гектарды құрады, дәнді және дәнді-бұршақ тұқымдас дақылдар 322,0 мың гектарда, оның ішінде астық 288,6 мың гектарда, арпа 22,6 мың га, сұлы – 5,8 мың га, қарақұмық – 2,6 мың га, тары – 0,2 мың га, дәнді-бұршақ тұқымдас дақылдар 5,7 мың га-ға егілді. Майлы дақылдар 43,4 мың гектар алаңында егілді, олардың ішінде: күнбағыс – 7,4 мың га, зығыр – 30,0 мың га, соя – 0,8 мың га, қыша – 3,5 мың га, арыш – 1,7 мың га, рапс – 0,1 мың га. Картоп 17,5 гектар алаңында, бақша дақылдары (асқабақ, қауын) 1 га алаңында отырғызылды. Жемшөптік дақылдар алаңы 19,6 мың гектарды құрады, олардың ішінде сүрленге арналған жүгері 2,0 мың га, 2015 жылы егілген көп жылдық шөптер 8,9 мың га, бір жылдық шөптер (судан шөбі) – 8,7 мың га.
Аудандағы ылғал сақтаушы технологиялар бойынша егілетін дәнді дақылдар алаңдары ағымдағы жылы 293,0 мың га құрады, бұның өзі дәнді дақылдардың жалпы егіс алқаптарының 80 % сәйкес, оның ішінде нөлдік технология бойынша 120, мың га, немесе 37 % егілді.
Көктемгі-егіс және астық жинау жұмыстарды жүргізуге ауыл шаруашылық өнімін өндірушілер «Азық-түлiк корпорациясы» ҰҚ» АҚ арқылы «Тобыл» ӘКК кепілдігімен 450,0 млн. теңге сомасына кредит алған болатын.
Аудан бойынша 250,0 мың га, немесе 100 % алаңында ылғалды жабуы жүргізілді, 30,0 мың га алаңында егу алдындағы топырақты механикалық өңдеу жүргізілді, 312,0 мың га алаңында егістерді химиялық арам шөбін жұлдыру жүргізілді, оның ішінде әуе жолымен – 84,6 мың га, жер бетінде 227,4 мың га. 104,6 мың га алаңында 3 рет пар алқабы өңделді.
Ағымдағы жылғы 8 қазан жағдайына ауданда 73,7 мың тонна шөп дайындалды, ол жеткізілген екі жылдық қорының 107,6 % құрады, 22,8 мың тонна пішендеме дайындалды, ол жеткізілген екі жылдық қорының 111,2 % құрады, 21,1 мың тонна сүрлен дайындалды, ол жеткізілген екі жылдық қорының (20,7 мың тонна) 101,9 % құрады, 15,0 мың тонна салам дайындалды. Топырақты күзгі өңдеу (сүдігер жырту) 140, мың га алаңында жүргізілді.
«ЖЖМ құнын арзандату» субсидиялау бағдарламасы бойынша ауданның ауыл шаруашылық өнімін өндірушілерге 599,9 млн. теңге сомасында субсидиялар төленді, сатып алынған гербицидтерге – 143,0 млн. теңге сомасында.
«Тыңайтқыштарды субсидиялау» бағдарламасы бойынша 1378 тонна жалпы көлемінде сатып алынған тынайтқыштарға 12 өтінім келіп түсті;
«Тұқым шаруашылығын дамытуды қолдау» бағдарламасы бойынша 17 өтінім келіп түсті. Субсидиялау жоспары 31259,1 мың теңге құрайтын болады, оның ішінде бірінші көбейтілгендер бойынша – 9491,0 мың теңге, екінші көбейтілгендер бойынша – 17807,7 мың теңге, үшінші көбейтілгендер бойынша – 3960,5 мың теңге. Субсидиялауға 50,38 млн. теңге бөлінді.
Қазіргі уақытта аудан бойынша астық жинау жұмыстар жүргізілуде. Дәнді және дәнді-бұршақ тұқымдас дақылдарды жинау алаңы 322,4 мың гектар құрады. 13 қазан жағдайына аудан бойынша дәнді және дәнді-бұршақ тұқымдас дақылдар 302,7 мың гектарда шабылды, бұл 93,9 % құрады, 302,4 мың га бастырылды, бұл 93,9 % құрады, 463,1 мың тонна алынды, дәнді-бұршақ тұқымдас дақылдардың орташа өнімділігі 15,3 га/ц құрады.
Майлы дақылдардың астық жинау алаңы 43,4 мың гектар құрады, 13 қазан жағдайына аудан бойынша майлы дақылдар 19,0 мың гектарда шабылды, бұл 42,9 % құрады, 17,4 мың га бастырылды, бұл 40,1 % құрады, 12,5 мың тонна алынды, майлы дақылдардың орташа өнімділігі 7,2 га/ц құрады.
2016 жылға арналған тұқымдық материал 55,0 мың тонна, немесе 100 % мөлшерінде дайындалды. «КазАгрЭкс» АҚ тұқымдық материалды тексеруді жүргізу үстінде.
Шағын және орта бизнестің дамуына барлық қажетті жағдайлар жасалған. Қазіргі таңда кіші және орта кәсіпкерлік объектілері ауданның экономикасын дамытудағы басты рөл атқаруда. Осы кезеңіндегі бөлшектеп тауар алмасуы 1066,1 млн теңге құрады, немесе өткен жылдан 25,5 млн теңгеге көп. Нақты көлемінің индексі 100,2 % құрады.
Инвестициялық жобалар бойынша жұмысы жалғасуда, 2015 жылға мыналар жоспарланды:
– «Трояна» ЖШС астық тазалайтын кептіру кешенін қайта жаңарту, құны 35,0 млн. теңге;
– «Бугрей» ШҚ астық тазалайтын жабдықтарды қайта жаңарту, құны 35,0 млн. теңге;
– «Андреев Ю.Ю.» ЖК жартылай дайындалған ет өнімдері цехын қайта жаңарту, құны 30,0 млн. теңге;
– «Сельхозтехника» ЖШС кептіру жабдықтарды қайта жаңарту, құны 35,0 млн. теңге;
– сақтау қуаттылығы жылына 80 мың тонна Пешков НӨК қайта жаңарту, құны 300,0 млн. теңге.
2015 жылғы қаңтар – қыркүйек ішінде аудан экономикасының негізгі капиталға инвестициялар 3 млрд. 704,0 млн. теңгені құрады, бұл көрсеткіш өткен жылдың осындай кезеңінен 51,0 млн. теңгеге көп. Инвестициялар жалпы көлеміндегі бюджеттік қаражаттардың үлесі 1183 млн. теңгені құрады. Кәсіпорындар мен тұрғындардың қаражаттар – 2 млрд. 521 млн. теңге. НКИ 97,6 % құрады.
Үстіміздегі жылғы қаңтар – қыркүйек ішіндегі орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 1 млрд. 336 млн. теңгені құраған болатын. Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда құрылыс жұмыстардың көлемі 632,0 млн. теңгеге ұлғайды. Нақты көлемінің индексі 132,6 % құрады.
2015 жылы абаттандыру, санитарлық тазалау және елді мекендерді жарықтандыруға 32,3 млн теңге бөлінді, 2015 жылғы қаңтар – қыркүйек ішінде 32,2 млн теңге, немесе 99,7 % игерілді.
Автомобиль жолдарын пайдалануды қамтамасыз етуге аудандық бюджетте 49,9 млн. теңге бөлініп, үстіміздегі жылдың 9 ай ішінде 32,3 млн. теңге, немесе 64,7 % игерілді. Федоров – Ленино – Вишневое автожолын қайта жаңартуға республикалық бюджеттен 125,8 млн теңге бөлініп.
2015 жылғы 8 ай ішінде 18 жасқа дейінгі балалар бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы 327 отбасындағы 746 балаға 10,2 млн. теңге сомасына тағайындалды. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 3 отбасындағы 19 алушыға 213,3 мың теңге сомасына тағайындалып төленді. Бір адамға шеккенде көмектің орташа мөлшері 2014 жылғы осындай кезеңінен 551,4 теңгеге ұлғайып, 1247,1 теңгенң құрады.
Жыл басынан жергілікті өкілетті органдарының шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарға берілетін әлеуметтік көмек 484 азаматқа 12,9 млн. теңгеге төленді.
Тұрғын үй жәрдемақы 126 отбасыға 2,4 млн. теңге сомасына тағайындалып төленген болатын.
Тіркелеген жұмыссыздықтың деңгейі 3,7 % құрады, орташа облыстық деңгейі – 5,0 %. 2015 жылға арналған кешенді жоспарда аудан бойынша 627 адам жұмыспен қамтудың белсенді шаралармен қамтылуы қарастырылады. Қаңтар – қыркүйек ішінде 647 адам, немесе 103,2 % қамтылды. Бос орындарға 314 адам жұмысқа орналастырылды.
2015 жылғы 1 қазан жағдайына аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде 2 отбасы аз қамтылған болып есепке алынды.
Аудандағы кедейлік деңгейі 0,0 % құрады, өткен жылдың осында кезеңінде бұл көрсеткіш 0,04 % құраған болатын.
"Жұмыспен қамту 2020" жол картасының «Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру және тірек ауылдарды кешенді дамыту» 2-бағытын іске асыру шеңберінде 63,0 млн. теңге бөлінді.
2015 жылғы 9 ай ішінде 35 адам 62,9 млн. теңге сомасында кредиттерді алды.
2015 жылғы қаңтар – қыркүйек ішінде Федоров ауданының мемлекеттік бюджет 96 %-ға атқарылды. Жоспарында 960,8 млн. теңге болғанда нақты 922,3 млн. теңге түсті.
Салықтар бойынша және аудандық бюджетке басқа да төлемдер бойынша кіріс бөлігі 100,5 %-ға орындалды, жоспар бойынша 523,1 млн. теңге болғанда нақты 525,6 млн. теңге түсті.
Бюджеттің шығыс бөлігі есептік кезеңі ішінде 2426,7 млн. теңге жоспарында 2344,7 млн теңгеге, немесе 96,6 %-ға орындалды.
2015 жылғы 1 қазанға бюджеттік қаражаттардың игерілмеу 82,0 млн. теңге сомасында қалыптасты, оның ішінде облыстық бюджеттен берілетін нысаналы трансфеттер бойынша және республикалық бюджеттен берілетін кредиттер бойынша 54,7 млн. теңге, оның ішінде 49,0 млн. теңге ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға.
2015 жылғы 1 қазан жағдайына еңбекақы бойынша кредиторлық берешегі жоқ.
Өңірлік саясаты «Өңірлерді дамыту» және аумақтарды дамытудың бесжылдық кезеңіне арналған мемлекеттік бағдарламалар белгілеген басымдықтар негізінде қалыптасуда.
«Өңірлерді дамыту» Бағдарламасы шеңберінде мәдениет объектілерді жөндеуге (жас жұбайлар саябағы) 25113,0 мың теңге бөлініп игерілді.
«Федоров ауданы Федоров ауылындағы су құбырының тарату желілерін қайта жаңарту» жұмыс жобасы бойынша 2015 жылға республикалық бюджеттен 764,2 млн теңге, ал жергілікті бюджеттен 44,7 млн теңге бөлінді.
"Жұмыспен қамту 2020" жол картасының «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бірінші бағыты бойынша Қоржынкөл ауылдық округінің Лесное ауылында ауылдық клубының күрделі жөндеу жүргізілуде. Оған 2015 жылға 72,3 млн. теңге бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен 65,7 млн. теңге, жергілікті бюджет қаражаты есебінен 6,6 млн теңге.
"Жұмыспен қамту 2020" жол картасының «Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру және тірек ауылдарды кешенді дамыту» 2-бағытын іске асыру шеңберінде 62960,0 мың теңге бөлінді.
"Жұмыспен қамту 2020" жол картасының «Жұмыс берушінің нақты сұранысын есепке ала отырып, оқыту мен жұмысқа орналасуға және қоныс аударуға жәрдемдесу» 3-бағыты бойынша әлеуметтік жұмыс орындарға 13 адам, немесе 108 % орналастырылды, жастар практикасы бойынша жұмыс орындарға 13 түлек, немесе 100 % орналастырылды. Өзін-өзі жұмыспен қамтылғандар санындағы тиімсіз өзін-өзі жұмыспен қамтылғандар саны 4,1 % -ға азайды.
«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы щеңберінде Ленин ауылдық округінде ТҚС құрылысы, Воронеж және Қоржынкөл ауылдық округтерде наубайхананың құрылысы жоспарлануда.
Қостанай облысы Федоров ауданы Федоров ауылындағы 4 пәтерлі тұрғын үйінің құрылысына жергілікті бюджет қаражаты есебінен 50,1 млн. теңге бөлінді.
Федоров ауданы Пешков ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның құрылысына республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен 24,6 млн. теңге бөлінді.
Федоров ауылындағы жабық ангар үлгідегі спортзалының құрылысына жергілікті бюджет қаражаты есебінен 117,3 млн. теңге бөлінді.
Отын - энергетика кешенін дамыту шеңберінде Рудный қаласы – Қашар кенті – Федоров ауылы магистральды газ құбырының құрылысына 2015 жылға республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен 648,0 млн. теңге, жергілікті бюджет қаражаты есебінен 68,2 млн. теңге бөлінді. Федоров ауылындағы газ тарату желілердің құрылысына жергілікті бюджет қаражаты есебінен 14,5 млн. теңге бөлінді.
Телефон желілердің қайта жаңартылуы белсенді қарқынымен жүріп жатыр. Ауданда талшықтық-оптикалық байланыс желісі пайдалануға берілді. Байланыс қызметтерінің сапасын арттыру, телефон желілерге жаңа тұтынушыларды қосу және тұтынушылардың Интернет желісіне қол жеткізу есебінен аудандағы байланыс қызметтерінің өсімі жоспарлануда.
Педагогтардың біліктілігін үш деңгейлі жүйесі бойынша арттыру, жалпы білім беретін мектептердің ағымдағы жөндеу жүргізу есебінен сапалы білім алуға жағдайлар жасалуда. Оқушыларды тасымалдау кезінде қауіпсіз және жайлы жағдай жасау үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен 15,2 млн. теңге сомасына екі автобус және бір газель сатып алынды.
3. Дамудың басымдықтар
Ішкі және сыртқы нарығында бәсекеге қабілетті, тұрақты өткізу нарықтары бар агроөекркәсіптік кешенін қалыптастыру ауданның болжамды кезеңінің басты стратегиялық мақсаты болып табылады.
Өндіріске заманауи технологиялар мен егіншіліктің прогрессивтік әдістерін енгізу;
егістік алаңдары мен ауыспалы егістер құрылымын оңтайландыру;
ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге асыл тұқымды өнімінің қол жетерлігін қамтамасыз ету және асыл тұқымды мал басын жыл сайын ұлғайту;
мал шаруашылығындағы орта және ірі тауарлық өндірістерді ұйымдастыру;
басталған инвестициялық жобалардың іске асырылудың белсенді кезеңіне енуі;
аудан тұрғындарын сапалы біліммен қамтамасыз ету және жұмыспен қамтуды арттыру арқылы еңбек ресурстарының сапасын арттыру экономикалық саясаттың басымды бағыттар болып табылады.
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» шеңберінде оқыту, қайта оқыту және жұмысқа орнатуға жәрдемдесу жөніндегі іс-шаралар қаржыландырылатын болады.
Пәндік кабинеттермен жарақтандыру жұмыстарының жалғасуы білім сапасын арттыруға жәрдемдесетін болады.
4. 2016 – 2020 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы
2016 – 2020 жылдардағы экономиканың өсімі жеке меншікті және мемлекеттік қаражат есебінен индустриалды және инфрақұрылым жобаларына көбейіп жатқан инвестицияларға бағытталып, ішкі сұранысқа тірелетін болады.
2016 жылы республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінетін трансферттер есебінен ауылдық елді мекендеріндегі сумен қамсыздандыру жүйесін дамытуға Федоров ауданы Пешков ауылындағы су құбырының құрылысына 55,0 млн. теңге, 2017 жылы Федоров ауданы Чистый Шандақ ауылындағы су құбырының құрылысына 16,5 млн. теңге, Федоров ауылындағы кәріз жүйелерінің құрылысына 17,1 теңгенің бөлінуі жоспарлануда.
Білім саласында 2016 – 2017 жылдарға жергілікті бюджет қаражаты есебінен 443,1 млн. теңге сомасында шығыстар жоспарланды, оның ішінде:
– Федоров ауылындағы мелкеттік тілде оқытатын мектебінің жанындағы 90 орынға арналған интернатының құрылысына жергілікті бюджет қаражаты есебінен 166,0 млн. теңге сомасында шығыстар жоспарланды;
– Федоров ауылындағы 140 орынға арналған балабақшаның құрылысына 251,0 млн. теңге мөлшерінде;
– Федоров ауданы Успенов ауылындағы 70 орынға арналған балабақшаның құрылысына 8,1 млн. теңге мөлшерінде;
– Федоров ауылындағы 160 орынға арналған музыкалық мектептің құрылысына 18,0 млн. теңге мөлшерінде.
Отын-энергетика кешенін дамыту шеңберінде Рудный қаласы – Қашар кенті – Федоров ауылы магистральды газ құбырының құрылысына 2016 жылға республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен 794,6 млн. теңге, жергілікті бюджет қаражаты есебінен 88,3 млн., қосу-реттеу жұмыстарға 85,6 млн. теңге шығыстар жоспарлануда. Федоров ауылындағы газ тарату желілердің құрылысына 2016 – 2017 жылдарға жергілікті бюджет қаражаты есебінен 43,6 млн. теңге жоспарланды. Қашар кенті – Қоржынкөл ауылы, Первомай ауылы 508,0 млн. теңге сомасына және Федоров ауылы – Пешков ауылы 600,0 млн. теңге сомасына жеткізуші жоғары қысымды газ құбырының құрылысы жоспарланды (2-қосымша).
2020 жылға дейін өнеркәсіп өнімді өндіретін жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарын жаңғырту, ескеріп жеткен құрал-жабдықтарды жаңа жетілгендерге ауыстыру арқылы өнеркәсіп өнім көлемінің 6,6 %-ға ұлғаюы, өндірілетін өнім түр-түрінің кеңеюі, өткізудің жаңа нарықтарға шығуы жоспарланып отыр.
Өңдеуші өнеркәсіпте 2020 жылға азық-түліктердің өндірісінің 5,1 %-ға ұлғаюы жоспарлануда.
Ауыл шаруашылықта 2016 – 2020 жылдарға майлы, көкөніс және жемшөптік дақылдардың егіс алаңдарының ұлғаюы жоспарлануда. Өсімдік шаруашылығын әртараптаныруды ескере отырып келесі жылдары астық өндірісінің көлемі болмашы өсетін болады. Ауыл шаруашылық өнімінің жалпы шығарылымның жыл сайынғы өсімі жоспарлануда. 2020 жылға ауыл шаруашылық өнімінің жалпы шығарылым 2014 жылмен салыстырағанда 23,6 %-ға өседі (№ 1 қосымша). Ауыл шаруашылығында көлемдері анағұрлым өсетін мал шаруашылығы саласы перспективалық болып табылады, себебі, бұл саланың ауа райы жағдайына тәуелдігі кем. Ауыл шаруашылығындағы көлемдердің ұлғаюы жоғары өнімді малдың үлесін ұлғайту арқылы жүзеге асырылатын болады. Өсімі «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» бағдарламалардың іске асырылу есебінен қамтамасыз етіледі.
Өсімдік шаруашылығын әртараптаныруды ескере отырып, 2015 – 2020 жылдарға майлы, көкөніс және жемшөптік дақылдардың егіс алаңдарының ұлғаюы жоспарланып отыр. Жаңа технологиялардың қолданылуына қарамастан өсімдік шаруашылығы ауа райы - климат жағдайына тәуелді. Саланың дамуы әртараптандыру, ылғал сақтаушы технологиялар қолданылу алаңдарын кеңейту, ауыспалы егістер сызбаларын, жоғары селекциялы сұрыптарды енгізу, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану, жаңа және қазірде пайдаланылмай жатқан жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына тарту есебінен жүзеге асырылатын болады. Машина-трактор паркін жаңарту, жоғары өнімді техникасын сатып алу.
Азық-түлік нарығындағы бағалардың тұрақтылығына қалыптастырылған азық түлік тауарлардың тұрақтандыру қоры, дәнді және майлы дақылдар, көкөністердің егіс алаңдарының ұлғаюы әсер ететін болады. Нарығындағы жағдайының, мұнай өнімдері мен азық түлік тауарларына бөлшектеп сату бағаларының мониторингі, азық түліктердің өткізілуі нарығындағылардан төмен бағалармен жүзеге асырылатын ауыл шаруашылық жәрменкелер тұрақты түрде өткізілетін болады.
Ауылдық елді мекендердің аудан орталығымен сапалы көлік байланысын қамтамасыз ету көлік инфрақұрылымын дамытудағы ортамерзімді кезеңінің басым бағыты болып табылады. Жоспарлы кезеңінде аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді-мекендердің көшелерін қайта жаңарту, күрделі, орташа, ағымдағы жөндеуден өткізу, ұстау және көгалдандыру жөніндегі жұмыстар жалғасатын болады.
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде өңір үшін ең маңызды болып табылатын инфрақұрылымды дамыту бойынша жобаларға қардылық қолдау көрсетудің жүзеге асырылуы жоспарлануда. Сондай-ақ даму әлеуеті жоғары және орта селолық округтерді жайғастыру мәселелерінің шешілуге қаражаттардың бөлінуі жоспарланып отыр.
Мектепке дейінгі білім беру саласында мектепке дейінгі ұйымдар желісін кеңейту және мектепке дейінгі тәрбиелеу сапасын арттыру жөніндегі жұмыс жалғасын табады. Білім берудің барлық деңгейлерінде сапасын арттыруға ерекше назар аударылатын болады. Осы міндеттің шешілуі педагогика қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың жаңа моделін енгізуді жалғастыру есебінен жоспарлануда. Мектептердің жаңа үлгідегі кабинеттермен жарақтандырылуы білім беру сапасын арттыруға жәрдемдесетін болады.
Орта мерзімді кезеңіндегі әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы негізгі бағыттар атаулылыққа және тиімділікке негізделген, масылдықты жоятын әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталатын болады. Мамандығы жоқ аз қамтамасыз етілген азаматтардың санын азайту үшін олар кейін жұмысқа, оның ішінде қайта құрылған жұмыс орындарға, әлеуметтік жұмыс орындарға орналастырылуымен кәсіптік даярлауға және қайта даярлауға жіберілеті болады. Осы іс-шаралардың өткізілуі кедейлік деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама мен Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының іске асырылуына байланысты жұмыссыздар саны және жұмыссыздық деңгейі қысқартылатын болады.
5. Бюджет саясатының негізгі бағыттар
Алдағы орта мерзімді кезеңінде фискалды саясат мынадай бағыттар бойынша жүргізілетін болады:
бюджеттік жоспарлаудың жүзеге асырылуы аудан экономикасына оң әсерін ететін оңтайлы шаралар мен бюджеттік қаражатының көлемін анықтауға негізделіп құрылатын болады;
бюджетаралық қатынастардың ашықтығын қамтамасыз ету;
бюджеттік қаражаттардың жұмсалуының тиімділігін арттыру және тұрғындардың қорғалмаған жіктеріне әлеуметтік қолдау көрсетуді қамтамасыз ету;
негізгі әлеуметтік-экономикалық бағыттар бойынша бюджеттік шығыстардың нақты басымдықтарды белгілеу.
6. Бюджетаралық қатынастар
Бюджетаралық қатынастар кірістер мен шығыстарды бюджеттердің деңгейлер арасында бөлу принциптеріне негізделіп құралады.
Федоров ауданының алдағы үш жылдық кезеңіне арналған бюджетінің кіріс бөлігі параметрлерін әзірлегенде, төлем көзiнен ұсталатын кірістерден жеке табыс салығы және әлеуметтік салығы бойынша болжамы 2016 – 2018 жылдарға болжамданатын еңбекақысының қоры бойынша және осы салықтар бойынша алу коэффициенттерін ескере отырып анықталды, төлем көзiнен ұсталатын кірістерден жеке табыс салығы бойынша осы салықтың шегерімге жатқызылатын ең төмен еңбекақысының жыл сайынғы өсімі ескерілді.
2015 жылғы бағасы және 2016 – 2018 жылдарға арналған болжамы:
шаруашылық жүргізуші субъектілерінің жалақы қоры бойынша болжамы Қостанай облысы статистика департаментінің 2014 жылғы деректерге сәйкес анықталды. Шаруашылық жүргізуші субъектілеріндегі жұмысшыларының жалақының өсу қарқыны 7 % деңгейінде болжамдалады.
– ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жеке тұлғалардан алынатын жер салығы бойынша базалық салық ставкалары бес есе ұлғайды;
– 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерге арнайы салық режимін қолданатын заңды тұлғаларға 70 %-ға жеңілдік таратылмайды;
– төлем көзiнен ұсталмайтын кірістерден жеке табыс салығы, Мүлікке салынатын салығы, көлік құралдарына салынатын салық, кәсіпкерлік және кәсіби қызметті жүргізгені үшін алынатын алымдар, мемлекеттік баж, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша болжам 2016 – 2018 жылдары тұтыну бағалары индексінің 7 %-ға жыл сайын өсетінін ескере отырып, 2015 жылғы бағасына негізделіп анықталған;
Болжамды шығыстардың көлемдері ағымдағы бюджеттік бағадарламалар бойынша сомалар ретінде есептелген болатын.
7. 2016 – 2018 жылдарға арналған бюджеттік параметрлердің болжамы
Федоров ауданының 2016 – 2018 жылдарға арналған бюджеттің кірістер Салық кодексі мен басқа да нормативтік құқықтық актілердің ережелерін ескере отырып, орта мерзімді кезеңіне арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамды параметрлер базасында анықталды.
2016 – 2018 жылдары бюджеттегі төлем көзiнен ұсталатын кірістерден жеке табыс салығы және әлеуметтік салығы бойынша болжамның үлес салмағы орташа мәнінде 76,5 % құратын болады.
Кірістердің өсімі, сондай-ақ, салық заңнамасының жетілдірілуі, салықтық әкімшілендірудің жақсару есебінен қамтамасыз етілетін болады.
Федоров ауданының 2016 – 2018 жылдарға арналған бюджеттің кірістер болжамы кестеде ұсынылған.
Федоров ауданының 2016 – 2018 жылдарға арналған бюджет кірістерінің түсімдер болжамы
мың теңге
Атауы
|
2015 жыл баға
|
2016
жыл
|
2017 жыл
|
2018 жыл
|
болжам
|
Негізгі капиталды сатудан түсетін салықтық, салықтық емес түсімдер және кірістер
|
746948
|
760652
|
783398
|
804380
|
Салықтық түсімдер
|
732955
|
751087
|
779528
|
800010
|
Жеке табыс салығы
|
347348
|
320130
|
342539
|
355617
|
Әлеуметтік салық
|
172093
|
175354
|
177260
|
179640
|
Мүлікке салынатын салықтар
|
65510
|
83943
|
83943
|
83943
|
Жер салығы
|
9634
|
9882
|
9882
|
9882
|
Көлік құралдарына салынатын салық
|
52683
|
56790
|
59339
|
62684
|
Бірыңғай жер салығы
|
24590
|
25820
|
25820
|
25820
|
Акциздер
|
3800
|
3500
|
3750
|
4010
|
Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшін түсетін түсімдер
|
36100
|
56718
|
56718
|
56718
|
Кәсіпкерлік және кәсіби қызметті
жүргізгені үшін алынатын алымдар
|
16364
|
15250
|
16318
|
17460
|
Өзге де салықтық түсімдер
|
200
|
|
|
|
Мемлекеттік баж
|
4633
|
3700
|
3959
|
4236
|
Салықтық емес түсімдер
|
11378
|
7165
|
3255
|
3755
|
Мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігінің түсімдері
|
|
|
|
|
Мемлекет меншiгiндегi мүлiктi жалға беруден түсетiн кiрiстер
|
650
|
45
|
45
|
45
|
Ауданның коммуналдық меншігіндегі тұргын үй қорынан үйлерді жалға беруден түсетін кірістер
|
208
|
210
|
210
|
210
|
Өзге де айыппұлдар
|
|
|
|
|
Өзге де салықтық емес түсімдер
|
10500
|
6910
|
3000
|
3500
|
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер
|
2615
|
2400
|
615
|
615
|
2016 жылы негізгі капиталды сатудан түсетін салықтық және салықтық емес кірістер 760652,0 мың теңге сомасында жоспарлануда, осы сомасындағы ең үлкен үлес салмағын жеке табыс салығынан түсімдер құратын болады – 65,1 %.
7. 2. Аудан бюджетінің болжамдары
Федоров ауданының 2016 – 2018 жылдарға арналған бюджетінің
бюджеттік параметрлері
мың теңге
Көрсеткіштер
|
2015 жыл
|
2016 жыл
|
2017 жыл
|
2018 жыл
|
Баға
|
Болжам
|
Түсімдер
|
|
|
|
|
Кірістер
|
3352312,3
|
2168105
|
2190851
|
2211833
|
Салықтық түсімдер
|
746948
|
760652
|
783398
|
804380
|
Салықтық емес түсімдер
|
732955
|
751087
|
779528
|
80010
|
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер
|
11378
|
7165
|
3255
|
3755
|
Трансферттер
|
2615
|
2400
|
615
|
615
|
Таза бюджеттік кредиттеу
|
2636490,7
|
1407453
|
1407453
|
1407453
|
Шығыстар
|
27222,5
|
|
|
|
Шығыстардың номиналды өсімі, %
|
3394994,8
|
2168105
|
2190851
|
2211833
|
Тапшылық
|
-38779,1
|
|
|
|
Барлық қабылданған міндеттемелерді уақытылы және тиімді жүзеге асыру үшін бюджеттік саясат қаржы ресурстарды жұмылдыру мен шоғырландыруға бағытталады және, ең алдымен, бұл әлеуметтік міндеттемелер, сондай-ақ, жұмыспен қамтуды қоса, аудан тұрғындарына әлеуметтік қолдау көсетуге ықпал ететін іс-шаралар.
Сондықтан орта мерзімді перспективадағы бюджеттің әлеуметтік бағыты сақталады және шығыстарды жоспарлағанда аудан азаматтардың әл-ауқаты негізгі басымдық болып қалады, атап айтқанда: оларға әлеуметтік қолдау көрсету, білім беру, сондай-ақ, экономиканың дағдарыстан кейінгі сапалы өсуіне жағдайлар жасау.
Шығыстардың болжамды көлеміне мемлекеттік қызметтердің, өкілеттіліктердің орындалуымен және атқарушы органның мемлекеттік қызметтердің көрсетілуімен байланысқан тұрақты сипаттағы шығыстар енді.
8. Бюджеттік инвестициялық саясатының негізгі басымдықтар
Алдағы кезеңіндегі бюджеттік инвестициялық саясаты стратегиялық және бағдарламалық құжаттар мен Мемлекет басшысы «Әлеуметтік -экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларда белгіленген мақсаттар және міндеттердің іске асырылуына бағытталатын болады.
_________________________
Ескерту:
Млн. – миллион
% - пайыз
Га – гектар
Достарыңызбен бөлісу: |