2014 жылғы 1 қазанға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың



Дата29.02.2016
өлшемі64.16 Kb.
#34414

Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясының

2014 жылғы 1 тамыздағы № 12/237 қаулысымен бекітілген



2014 жылғы 1 қазанға тағайындалған

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының

сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың

күнтізбелік жоспары


1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарды (бұдан әрі – Парламент Сенатының депутаттығына кандидат) ұсыну.




Облыстық, Астана және Алматы қалалық, аудандық, қалалық мәслихаттар және азаматтар өзін-өзі ұсыну тәртібімен.

Сайлау тағайындалған күннен кейінгі келесі күні –


2 тамызда басталып, сайлау өткізілетін күнге бір ай қалғанда – 31 тамызда аяқталады.

(71-бап 2-т.)



2. Бұқаралық ақпарат құралдарында облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларының құрамын жариялау.




Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары.

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен 11 тамыздан кешіктірмей.

(13-бап 4-т.)


3. Парламент Сенаты депутаттығына кандидатты ұсыну туралы шешімді кандидаттың назарына жеткізу, сондай-ақ шешімді кандидаттың дауысқа түсуге келісімі туралы өтінішімен қоса облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына жіберу.




Облыстық, Астана және Алматы қалалық, аудандық, қалалық мәслихаттар.

(71-бап 4-т.)



4. Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттардың Қазақстан Республикасы Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) оларға қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау.




Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары.

Үш күн ішінде.

(4-бап, 70-бап, 71-бап 6-т.)



5. Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру.




Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары.

Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттың оған Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Сайлау туралы Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап және сайлау науқаны аяқталғанға дейін.

(14-бап 5) т., 31-бап)


6. Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттарға таңдаушылардың қолдарын жинау үшін қол қою парақтарын беру.




Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары.

Кандидаттың Қазақстан Республикасы Конституциясында және Сайлау туралы Конституциялық заңында оған қойылатын талаптарға сәйкестігін тексеру аяқталған күннен бастап үш күндік мерзім ішінде.

(71-бап 6-т.)


7. Парламент Сенатының депутаттығына кандидатты қолдап жиналған қолдардың растығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу.




Төлқұжат жасау қызметінің қызметкерлерін тарта отырып, облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары.

Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына қол қою парақтарын тапсырғаннан кейін бес күндік мерзім ішінде.

(72-бап 6-т.)


8. Тұрғылықты жері бойынша салық органдарына ұсыну мерзімі басталатын айдың бірінші күніне табысы және мүлкі туралы декларациялар тапсыру.




Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы).

Кандидатты тiркеуге дейін – 1 тамызға.

(73-бап 2-т.)


9. Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) жариялаған табысы және мүлкі туралы мәлiметтердiң дұрыстығын тексеру.




Салық қызметі органдары.

Кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішiнде.

(73-бап 2-т.)



10. Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттардың Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының (бұдан әрі - Ортсайлауком) шотына депозит ретінде заңнамада белгiленген ең төменгi жалақының он бес еселенген мөлшерiнде сайлау жарнасын енгізуі.




Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттар.

Кандидат тіркелгенге дейін, оның Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Сайлау туралы Конституциялық заңда қойылатын талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен, сондай-ақ оны қолдау үшін жиналған қолдар тексерілгеннен кейін.

(73-бап 2-т.)


11. Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру.




Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары.

Барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін басталады және сайлау күніне кемінде жиырма күн қалғанда –


11 қыркүйекте аяқталады.

(14-бап 5) т., 73-бап)



12. Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.




Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары.

Кандидатты тіркегеннен кейін жетінші күннен кешіктірмей.

(14-бап 5) т., 73-бап 6-т. 2) т.)



13. Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттардың сайлау қорларын мемлекеттік тiркеу.




Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары Парламент Сенатының депутаттығына кандидат жазбаша өтінішпен жүгінген күннен бастап бір күнтізбелік күн ішінде.

(Ортсайлаукомның 2010 жылғы 19 тамыздағы № 7/8 қаулысы)

(34-бап 2-т.)


14. «Қазақстанның Халық банкі» АҚ-да кандидаттардың сайлау қорларының арнайы уақытша шоттарын ашу.




Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары.

Парламент Сенатының депутаттығына кандидат тіркелгеннен кейін.

(34-бап 6-т.)


15. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу.




Кандидаттарды тiркеу мерзімі аяқталған кезден басталып, сайлау болатын күннің алдындағы күнi жергілiктi уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.

12 қыркүйекте басталып 29 қыркүйекте сағат 24-те аяқталады.

(27-бап 2 т.)



16. Парламент Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі таңдаушылардың тiзiмдерін жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жолымен танысуға ұсыну.




Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары.

Сайлауға дейiн кемiнде жетi күн бұрын – 23 қыркүйектен кешіктірмей.

(26-бап 2-т.)


17. Парламент Сенатының депутаттарын сайлау жөнінде дауыс беру уақытын айқындау.




Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары.

(38-бап 4-т.)



18. Дауыс беруге арналған пунктті ашу.




Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары.

Дауыс беру басталғанға дейін бір сағат бұрын.

(40-бап 2, 4-т.)



19. Парламент Сенатының депутаттарын сайлау бойынша дауыс беруді өткізу, дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелерін жариялау.




Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары.

Бір күн ішінде.

(14-бап 5) т., 38-бап 4-т., 41-бап, 42-бап,43-бап, 77-бап,


78-бап)

20. Парламент Сенатының депутатын сайлау жөніндегі таңдаушылардың бірлескен отырысының хаттамасын жасау және оны тиісінше облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиясына тапсыру.




Облыстық, Астана және Алматы қалалық мәслихаттардың хатшылары.

(77-бап 7-т.)



21. Парламент Сенатының депутаттарын сайлау бойынша дауыстарды санау нәтижелері туралы хаттамаларды жасау және оларды Ортсайлаукомға ұсыну.




Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары.

Сайлау күнінен бастап екі күннен аспайтын мерзім ішінде – 2 қазаннан кешіктірмей.

(14-бап 5) т., 78-бап)


22. Парламент Сенатының депутаттарын сайлау қорытындыларын анықтау.




Ортсайлауком.

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімнен –


7 қазаннан кешіктірмей.

(12 бап 10) т., 44-бап 1-т., 81-бап 1-т.)



23. Парламент Сенатының депутаттарын сайлау қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.




Ортсайлауком.

Сайлау өткізілген күннен бастап он күннен - 10 қазаннан кешіктірмей.

(12 бап 10) т., 44-бап 4, 5-т.)


24. Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттардың тиiстi облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиясына өзiнiң сайлау қоры қаражатын пайдаланғаны туралы есеп беруі.




Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттар.

Сайлау қорытындылары анықталғаннан кейін бес күннен - 12 қазаннан кешіктірмей.

(34-бап 9-т.)


25. Кандидаттардың сайлау қорларына келiп түскен ақшаның жалпы сомасы және оның көздері туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.




Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары.

Сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейiн он күн ішінде – 20 қазаннан кешіктірмей.

(34-бап 4-т.)


26. Сайланған Парламент Сенатының депутаттарын тіркеу, тиісті куәлiк пен белгiленген үлгiдегi омырауға тағатын белгiні тапсыру.




Ортсайлауком сайланған Сенат депутаттарынан жетi күн мерзiм iшiнде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес Парламент Сенатының депутаты мәртебесiмен сыйыспайтын өз мiндеттерiн доғару туралы жазбаша өтiнiштерiн алғаннан кейiн.

(45-бап, 46-бап 2-т., 82-бап)


Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет