2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы шарт



бет1/12
Дата20.06.2016
өлшемі1.35 Mb.
#149207
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы
шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы
ШАРТ
      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы, бір тараптан, және Армения Республикасы, екінші тараптан,
      Тараптар мен олардың халықтарын байланыстырып отырған достық қарым-қатынастарды және олардың өркендеуін қамтамасыз етуге деген талпынысты растай отырып,
      әлеуметтік прогресс және халықтардың әл-ауқатын жақсарту мақсатында Тараптардың неғұрлым тығыз интеграциясын дамытуға, экономикаларының жақындай түсуіне жаңа серпін беруге батыл қадам жасай отырып,
      еуразиялық интеграциялық процесті дамытуға деген өз мүдделілігін растай отырып,
      Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Армения Республикасы басшыларының 2013 жылғы 24 қазандағы Армения Республикасының еуразиялық интеграциялық процеске қатысуы туралы Мәлімдемесін басшылыққа ала отырып,
      олардың негізінде Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістіктің шарттық-құқықтық базасын қалыптастыру жүзеге асырылған халықаралық шарттар 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың негізі болғандығын назарға ала отырып, Армения Республикасының көрсетілген халықаралық шарттарда көзделген міндеттемелерді орындауға дайын екендігін белгілей отырып, Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Кеден одағына және Бірыңғай экономикалық кеңістігіне Армения Республикасының қосылуы жөніндегі қажетті іс-шараларды Армения Республикасының орындағанын ескере отырып,
      төмендегі туралы уағдаласты:

1-бап

      Осы Шарт арқылы Армения Республикасы 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа, сондай-ақ осы Шартқа № 1 қосымшаға сәйкес тізім бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін Кеден одағының және Бірыңғай экономикалық кеңістіктің шарттық-құқықтық базасын қалыптастыру шеңберінде жасалған басқа да шарттарға қосылады және осы Шарт күшіне енген күннен бастап Еуразиялық экономикалық одақтың мүшесі болады.
      Армения Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа және осы Шартқа № 1 қосымшада көрсетілген халықаралық шарттарға қосылуына байланысты осы Шартқа № 2 қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізіледі.
      Армения Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың және осы Шартқа № 1 қосымшада көрсетілген басқа да халықаралық шарттардың жекелеген нормаларын қолдануы осы Шартқа № 3 қосымшаға сай талаптарға және өтпелі ережелерге сәйкес және осы Шартқа № 4 қосымшаға сәйкес тізбе бойынша тауарларға қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифін қолдану жөніндегі уағдаластықтар ескеріле отырып жүзеге асырылады.
      Егер осы Шарт күшіне енгенге дейін Кеден одағының және Бірыңғай экономикалық кеңістіктің жұмыс істеуіне байланысты мәселелер бойынша Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы арасында жасалған және осы Шартқа № 1 қосымшада көрсетілмеген халықаралық шартқа қол қойылатын немесе ол күшіне енетін болса, Армения Республикасы бөлек хаттамаға сәйкес осындай Шарт күшіне енген күні, бірақ осы Шарт күшіне енген күннен кейін осындай халықаралық шартқа қосылу жөніндегі міндеттемені өз мойнына алады.

2-бап

      Осы Шарт күшіне енген күннен бастап осы Шарттың күшіне енген күнінде қолданыста болған Еуразиялық экономикалық одақ органдарының актілері, сондай-ақ Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық Кеңесінің (Кеден одағының Жоғары органының)) шешімдері, Еуразиялық экономикалық комиссияның (Кеден одағы комиссиясының) шешімдері осы Шартқа № 3 қосымшада айқындалған ережелер ескеріле отырып, Армения Республикасының аумағында қолданылуға жатады.

3-бап

      Армения Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымындағы мүшелігіне байланысты мәселелерді реттеу жөніндегі ережелер осы Шартқа № 3 қосымшада айқындалған.

4-бап

      Тауарларды және көлік құралдарын, Армения Республикасының аумағын қоса алғанда, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы болып табылмайтын аумақтар арқылы, Армения Республикасының аумағын қоса алғанда, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына өткізу ерекшеліктері осы Шартқа № 5 қосымшаға сәйкес айқындалады.

5-бап

      Осы Шарттың ережелерін түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты даулар 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 112-бабына сәйкес шешіледі.

6-бап

      Осы Шарт Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіреді.
      Осы Шарт ратификациялауға жатады және депозитарий оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап, бірақ 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт күшіне енген күннен кейінгі күннен соң күшіне енеді.

      _________ қ. 2014 жылғы « » ___________ орыс тілінде бір данада


жасалды.
      Осы Шарттың төлнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады, ол осы Шарттың депозитарийі бола отырып, әр Тарапқа оның расталған көшірмесін жібереді.

      Беларусь           Қазақстан            Ресей


Республикасы үшін   Республикасы үшін   Федерациясы үшін

                  Армения Республикасы


                           үшін

2014 жылғы 29 мамырдағы     


Еуразиялық экономикалық одақ туралы
шартқа Армения Республикасының 
қосылуы туралы шартқа     
№ 1 ҚОСЫМША           

Кеден одағының және Бірыңғай экономикалық кеңістіктің


шарттық-құқықтық базасын қалыптастыру шеңберінде жасалған,
Армения Республикасы қосылатын, халықаралық шарттардың
ТІЗБЕСІ

      1. 2008 жылғы 25 қаңтардағы Тауарлардың шығарылған елін айқындаудың бірыңғай ережесі туралы келісім.


      2. 2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын айқындау туралы келісім (2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын айқындау туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2012 жылғы 23 сәуірдегі Хаттама редакциясында).
      3. 2008 жылғы 12 желтоқсандағы Кеден одағының тарифтік преференцияларының бірыңғай жүйесі туралы хаттама.
      4. 2008 жылғы 12 желтоқсандағы Тауарлардың дамушы және аз дамыған елдерден шығарылғанын айқындау ережесі туралы келісім.
      5. 2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағының Кеден кодексі туралы шарт (Кеден одағының Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2010 жылғы 16 сәуірдегі Хаттама редакциясында).
      6. 2010 жылғы 21 мамырдағы Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдарының өзара әкімшілік көмегі туралы келісім.
      7. 2010 жылғы 21 мамырдағы Кеден одағына мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізілімі туралы келісім.
      8. 2010 жылғы 21 мамырдағы Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді ұсынудың кейбір мәселелері, кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алудың ерекшеліктері және осындай тауарларға қатысты өндіріп алынған сомаларды аудару тәртібі туралы келісім (2010 жылғы 21 мамырдағы Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді ұсынудың кейбір мәселелері, кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алудың ерекшеліктері және осындай тауарларға қатысты өндіріп алынған сомаларды аудару тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2011 жылғы 19 желтоқсандағы Хаттама редакциясында).
      9. 2010 жылғы 21 мамырдағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары туралы алдын ала ақпаратты ұсыну туралы және алмасу туралы келісім.
      10. 2010 жылғы 21 мамырдағы Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдары мен өзге де мемлекеттік органдары арасында ақпарат алмасуға қойылатын талаптар туралы келісім.
      11. 2010 жылғы 21 мамырдағы Кедендік баждарды төлеу мерзімдерін өзгерту негіздемелері, шарттары және тәртібі туралы келісім.
      12. 2010 жылғы 21 мамырдағы Кеден одағының кедендік аумағы арқылы темір жол көлігімен өткізілетін тауарлардың кедендік транзитінің ерекшеліктері туралы келісім.
      13. 2010 жылғы 18 маусымдағы Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісім (2010 жылғы 18 маусымдағы Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2011 жылғы 19 қазандағы Хаттама редакциясында).
      14. 2010 жылғы 18 маусымдағы Еркін қоймалар және еркін қойманың кедендік рәсімі туралы келісім.
      15. 2010 жылғы 18 маусымдағы Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдарының кедендік бақылаудың белгілі бір нысандарын қолдануынан босату туралы келісім.
      16. 2010 жылғы 18 маусымдағы Жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын, сондай-ақ жүктердің және (немесе) багажды тасымалдауды жүзеге асыратын тіркемелерді, жартылай тіркемелерді, контейнерлер мен темір жол жылжымалы құрамын Кеден одағының кедендік аумағы арқылы ішкі тасымалдау үшін пайдалану ерекшеліктері туралы келісім.
      17. 2010 жылғы 18 маусымдағы Халықаралық почта жөнелтілімдерімен жіберілетін тауарларға қатысты кедендік операциялардың ерекшеліктері туралы келісім.
      18. 2010 жылғы 18 маусымдағы Кеден одағының кедендік аумағындағы еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі мәселелері жөніндегі келісім.
      19. 2010 жылғы 5 шілдедегі Жеке тұлғалардың Кеден одағының кеден шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу тәртібі туралы шарт.
      20. 2010 жылғы 5 шілдедегі Кеден одағының және Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден заңнамасын бұзғаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауаптылықтың ерекшеліктері туралы шарт.
      21. 2010 жылғы 5 шілдедегі Кеден одағына мүше мемлекеттер кеден органдарының қылмыстық істер мен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша құқықтық көмегі және өзара іс-қимылы туралы келісім.
      22. 2010 жылғы 19 қарашадағы Үшінші мемлекеттерден келген заңсыз еңбек көші-қонына қарсы іс-қимыл жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім.
      23. 2011 жылғы 19 мамырдағы Көпжақты сауда жүйесі шеңберінде Кеден одағының жұмыс істеуі туралы шарт.
      24. 2011 жылғы 22 маусымдағы Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің Біріккен алқасы туралы шарт.
      25. 2011 жылғы 22 маусымдағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтері өкілдіктерінің қызметі мәселелері бойынша кеден істеріндегі ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісім.
      26. 2011 жылғы 19 қазандағы Кеден одағына мүше мемлекеттер кеден органдарының талдау және бақылау функцияларын іске асыру үшін ақпарат алмасуды ұйымдастыру туралы келісім.
      27. 2011 жылғы 19 желтоқсандағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу кезінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы шарт.
      28. 2012 жылғы 17 желтоқсандағы Кеден одағына мүше мемлекеттер болып табылмайтын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттермен өзара саудадағы техникалық кедергілерді жою туралы Кеден одағына мүше мемлекеттердің келісімі.
      29. 2013 жылғы 24 қазандағы Есірткі, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын Кеден одағының кеден аумағы арқылы өткізу тәртібі туралы келісім.

______________


*2011 жылғы 19 мамырдағы Копжақты сауда жүйесі шеңберінде Кеден одағының жұмыс істеуі туралы шарт 2012 жылғы 22 тамыздан бастап туындаған қатынастарға қолданылады. Көрсетілген Шартқа Армения Республикасының қатысуы, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы шарттың № 3 қосымшасының 38-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Армения Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуы туралы хаттамада тіркелген Армения Республикасы міндеттемелерінің Еуразиялық экономикалық одақтың басқа мүше мемлекеттеріне және жалпы Еуразиялық экономикалық одаққа қолданылуына әкеп соқпайды.

2014 жылғы 29 мамырдағы    


Еуразиялық экономикалық одақ туралы
шартқа Армения Республикасының 
қосылуы туралы шартқа    
№ 2 ҚОСЫМША         

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы


шартқа және Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістіктің
шарттық-құқықтық базасын қалыптастыру шеңберінде жасалған
халықаралық шарттарға Армения Республикасының қосылуына
байланысты өзгерістер енгізу туралы
ХАТТАМА

І. 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа енгізілетін өзгерістер

      1. Кедендік әкелу баждарының (баламалы қолданылатын өзге де баждар, салықтар мен алымдар) сомаларын есепке жатқызу және бөлу, оларды мүше мемлекеттер бюджеттерінің кірісіне аудару тәртібі туралы Хаттамада (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 5 қосымша):
      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «12. Кедендік әкелу баждарының сомаларын бөлу нормативтері әрбір мүше мемлекет үшін мынадай мөлшерлерде белгіленеді:
      Армения Республикасы – 1,13%;
      Беларусь Республикасы – 4,65%;
      Қазақстан Республикасы – 7,25%;
      Ресей Федерациясы – 86,97%.».
      40-тармақтағы «Беларусь Республикасы үшін» деген сөздер «Армения Республикасы үшін – Ереван қаласының уақытымен, Беларусь Республикасы үшін» деген сөздермен ауыстырылсын;
      53-тармақтағы «Беларусь Республикасының Мемлекеттік бақылау комитеті» деген сөздер «Армения Республикасының Бақылау палатасы, Беларусь Республикасының Мемлекеттік бақылау комитеті» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Көрсетілетін қызметтер саудасы, инвестициялар құру, қызмет және инвестицияларды жүзеге асыру туралы хаттамаға (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 16 қосымша) № 2 қосымша мынадай мазмұндағы IV бөліммен толықтырылсын:

«IV. Армения Республикасы




1. Капиталдың меншік иесінің кім болып табылатынына қарамастан, Армения Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалардың ғана субсидия алуға құқығы бар

23 және 26- тармақтар

«Армения Республикасының бюджет жүйесі туралы» 1997 жылғы 21 шілдедегі № ЗР-137 Армения Республикасының Заңы, Армения Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 24 желтоқсандағы № 1937-Н шешімі

2. Заңмен көзделген жағдайларды қоспағанда, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар жерге меншік құқығын пайдаланбайды. Жалға алу мерзімі 25 жылға деп белгіленетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қоспағанда, мемлекеттік және (немесе) муниципалдық меншік болып табылатын жер учаскелерін жалға алу мерзімі 99 жылдан аспауға тиіс.

23 және 26-тармақтар

Армения Республикасының Конституциясы, Армения Республикасының Жер кодексі

3. Шет мемлекеттің заңды тұлғасы, оның ішінде коммерциялық ұйымы ғана жер қойнауын пайдаланушы бола алады.

23 және 26-тармақтар

Армения Республикасының Жер қойнауы туралы кодексі

4. Қартатанумен, геодезиямен, есеп жазбасымен және жерге орналастырумен Армения Республикасының мемлекеттік уәкілетті органнан біліктілік сертификатын алған азаматтары ғана айналыса алады.

23 және 26-тармақтар

«Мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» 1999 жылғы 14 сәуірдегі № ЗР-295 Армения Республикасының Заңы, Армения Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қыркүйектегі № 1441-Н шешімі»

      3. Қаржылық көрсетілетін қызметтер жөніндегі Хаттамада (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 17 қосымша):
      көрсетілген Хаттамаға № 1 қосымша мынадай мазмұндағы IV бөліммен толықтырылсын:

«IV. АРМЕНИЯ РЕСПУБЛИКАСЫ




1. Мыналарға:
халықаралық теңіз тасымалдарына
халықаралық коммерциялық әуе тасымалдарына
халықаралық коммерциялық ғарыштық ұшыруларға
мыналарды:
жеке тұлғаларды халықаралық тасымалдауды туындайтын жауапкершілікті қоса алғанда, экспорттық (импорттық) жүктерді және оларды тасымалдайтын көлік құралдарын, тауарларды халықаралық көлікпен тасымалдауды
шарттармен, сақтандыру сертификаттардың халықаралық жүйесі «Жасыл карта»-ға қосылғаннан кейін ғана жеке көлік құралдарын трансшекаралық өткізу кезіндегі жауапкершілікті толық немесе ішінара жабатын халықаралық сақтандыруға байланысты тәуекелдерді сақтандыру.

шектеулер жоқ

-

-

-

2. Қайта сақтандыру және ретроцессия

шектеулер жоқ

-

-

-

3. Сақтандыру агенттері мен сақтандыру брокерлерінің қызметтері

шектеу

Армения Республикасының аумағында шетелдік сақтандырушылардың атынан сақтандыру келісімшарттарын жасасуға және бөлуге байланысты сақтандыру делдалдығына рұқсат етілмейді (осы тізбенің 1-тармағында санамалап көрсетілген делдығына рұқсат етілмейді (осы тізбенің 1-тармағында санамаланған секторларды қоспағанда, сондай-ақ сақтандыру брокерлерінің қайта сақтандыру бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыруын қоспағанда)

«Сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы» 2007 жылғы 9 сәуірдегі № РЗ-177-Н Армения Республикасының Заңы (89 және 91-баптар)

анықталмаған

4. Консультациялық және актуарийлік қызметтерді, тәуекелді бағалау мен наразылықтарды реттеу жөніндегі қызметтерді қоса алғанда, сақтандырудың қосалқы қызметтері

шектеулер жоқ

-

-

-»;

      көрсетілген хаттамаға № 2 қосымша мынадай мазмұндағы IV бөліммен толықтырылсын:

«IV. АРМЕНИЯ РЕСПУБЛИКАСЫ




1. № 17 қосымшаның 6 және 11-тармақтары бойынша шектеу

Армения Республикасының аумағында қаржылық көрсетілетін қызметтерді, Армения Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелетін сақтандыру агенттерін қоспағанда, Армения Республикасында лицензияланған және тіркелген, Армения Республикасының заңнамасында белгіленген ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған қаржы ұйымдары және (немесе) олардың филиалдары ұсына алады

«Сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы» 2007 жылғы 9 сәуірдегі № РЗ-177-Н Армения Республикасының Заңы (8 және 87-баптар),
«Бағалы қағаздар нарығы туралы» 2007 жылғы 9 сәуірдегі № РЗ-195-Н Армения Республикасының Заңы (28, 103 және 175-баптар),
«Инвестициялық қорлар туралы» 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № РЗ-245-Н Армения Республикасының Заңы (52-бап),
«Банктер және банк қызметі туралы» 1996 жылғы 30 маусымдағы № ЗР-68 Армения Республикасының Заңы (12-бап)

анықталмаған

2. № 17 қосымшаның 6-тармағы бойынша шектеу

шетелдік банк, шетелдік сақтандыру компаниясы, шетелдік инвестициялық компания және инвестициялық қорды шетелдік басқарушы Армения Республикасының аумағында Армения Республикасының Орталық банкіне филиалды лицензиялату және тіркету арқылы филиал құра алады

«Банктер және банк қызметі туралы» 1996 жылғы 30 маусымдағы № ЗР-68 Армения Республикасының Заңы (14-бап),
«Сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы» 2007 жылғы 9 сәуірдегі № РЗ-177-Н Армения Республикасының Заңы (47-бап),
«Бағалы қағаздар нарығы туралы» 2007 жылғы 11 қазандағы № РЗ-195-Н Армения Республикасының Заңы (43-бап),
«Инвестициялық қорлар туралы» 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № РЗ-245-Н Армения Республикасының Заңы (54-бап),
Армения Республикасы Орталық банкінің 1-ережесі (№ 145-Н, 2005 жылғы 12 сәуір) 3/01 ережесі (N-344-Н, 2007 жылғы 30 қазан), 4/01-ережесі (N-16-Н, 2008 жылғы 15 қаңтар)

анықталмаған

3. № 17 қосымшаның 6-тармағы бойынша шектеу

міндетті зейнетақы қорын басқаруға рұқсат Армения Республикасының аумағында құрылған, зейнетақы қорларын (оның ішінде өзге де ұқсас инвестициялық қорларды) басқаруға мамандандырылған халықаралық қаржы ұйымы немесе шетелдік беделді ұйым болып табылатын, кем дегенде осындай 1 қатысушысы (акционері) бар басқарушыға берілуі мүмкін. Бұл ретте халықаралық қаржы ұйымы (ұйымдары) және (немесе) шетелдік беделді ұйым (ұйымдар) Армения Республикасының аумағында құрылған міндетті зейнетақы қорын басқарушының жарғылық капиталында дауыс беру құқығын беретін 50 % астам үлесті иеленуге тиіс және бұл ұйым (ұйымдар) міндетті зейнетақы қорын басқарушының стратегиясын айқындау, сондай-ақ басқарушының атқарушы органмен ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру кезінде шешуші дауыс құқығына ие болуға тиіс.

Армения Республикасы Орталық банкінің 10/01 ережесі (2011 жылғы 2 мамырдағы № 116-Н) (33-тармақ)

анықталмаған

4. № 17 қосымшаның 6-тармағы бойынша шектеу

Армения Республикасының аумағында лицензияланған және тіркелген инвестициялық компаниялар, шетелдік инвестициялық компаниялардың филиалдары және банктер бағалы қағаздарды сақтаушы ретінде әрекет ете алады. Тек банк (Армения Республикасының аумағында лицензияланған және тіркелген) инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарын сақтаушы ретінде әрекет ете алады

«Бағалы қағаздар нарығы туралы» 2007 жылғы 11 қазандағы
№ РЗ-195-Н Армения Республикасының Заңы (27-бап),
«Инвестициялық қорлар туралы» 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № РЗ-245-Н Армения Республикасының Заңы (86-бап)

анықталмаған

5. № 17 қосымшаның 6-тармағы бойынша шектеу

реттелетін нарық (биржа) операторы және Орталық депозитарий акционерлік қоғам түрінде ғана құрыла алады

«Бағалы қағаздар нарығы туралы» 2007 жылғы 11 қазандағы № РЗ-195-Н Армения Республикасының Заңы (103, 175-баптар)

анықталмаған

6. № 17 қосымшаның 6-тармағы бойынша шектеу

Армения Республикасының заңнамасына сәйкес Орталық депозитарий мәртебесін алған ұйым, Армения Республикасының заңнамасына сәйкес Орталық депозитарий функциясын жүзеге асыратын Армения Республикасы аумағындағы жалғыз ұйым болып табылады

«Бағалы қағаздар нарығы туралы» 2007 жылғы 11 қазандағы № ЗР-195-Н Армения Республикасының Заңы (175-бап)

анықталмаған

7. № 17 қосымшаның 6-тармағы бойынша шектеу

автокөлік құралдарын пайдаланудан туындайтын, жауапкершілікті міндетті сақтандыруды (ЖМС) жүзеге асыратын сақтандыру компаниялары бюросы пайда алу мақсатын көздемейтін заңды тұлғалар одағының ұйымдық-құқықтық нысанына ие болады. Бюро қызметінің мақсаты жәбірленуші адамдардың мүдделерін қорғау және ЖМС жүйесінің тұрақтылығы мен дамуын қамтамасыз ету болып табылады. Бюро өзін-өзі реттейтін жалғыз ұйым болып табылады, «Автокөлік құралдарын пайдаланудан туындайтын жауапкершілікті міндетті сақтандыру туралы» Армения Республикасының Заңына сәйкес ЖМС жүзеге асыруға құқығы бар сақтандыру компаниялары, ал көрсетілген Заңда көзделген жағдайларда – Армения Республикасының Орталық банкі де оның мүшелері болып табылады

«Автокөлік құралдарын пайдаланудан туындайтын жауапкершілікті міндетті сақтандыру туралы» 2010 жылғы 18 мамырдағы № РЗ-63-Н Армения Республикасының Заңы (3 және 28-баптар)

анықталмаған

8. № 17 қосымшаның 6-тармағы бойынша шектеу

депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым пайда алу мақсатын көздемейтін заңды тұлға болып табылады және Армения Республикасының Орталық банкі оның құрылтайшысы болып табылады

«Жеке тұлғалардың банк салымдарын өтеуге кепілдік беру туралы» 2004 жылғы 24 қарашадағы № РЗ-142-Н Армения Республикасының Заңы (17-бап)



9. № 17 қосымшаның 6-тармағы бойынша шектеулер

кредиттік бюро акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық мамандандырылған ұйым болып табылады, оның Армения Республикасының Орталық банкі берген лицензияның негізінде кредиттік ақпаратты және оған қажетті басқа да мәліметтерді жинау, кредит тарихын жасау, ресімдеу, сақтау және солардың негізінде кредиттік баяндаманы жасау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға құқығы бар

«Кредиттік ақпарат айналымы және кредиттік бюролардың қызметі туралы» 2008 жылғы 22 қазандағы  № ЗР-185-Н Армения Республикасының Заңы (3-бап)

анықталмаған

      4. Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы хаттамада (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 20 қосымша):
      көрсетілген Хаттамаға № 1 қосымшада:
      «Армения Республикасы» деген бесінші бағанмен толықтырылып, оған мынадай мәтін енгізілсін:
      2-позицияда: «Электр энергиясын беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер»;
      3-позицияда: «Электр энергетикасы жүйесінің операторы көрсететін қызметтер»;
      4-позицияда: «Темір жол инфрақұрылымын пайдалануды қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтер»;
      көрсетілген Хаттамаға № 2 қосымшада:
      «Армения Республикасы» деген бесінші бағанмен толықтырылып, оған мынадай мәтін енгізілсін:
      1-позицияда: «Табиғи газды тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтер; табиғи газды тарату жөніндегі көрсетілетін қызметтер; газбен жабдықтау жүйесінің операторы көрсететін қызметтер»;
      5-позицияда: «Бәсекесіз сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі көрсетілетін қызметтер»;
      мынадай мазмұндағы 10 және 11 позициялармен толықтырылсын:

      «



10.







Электр энергиясын бөлу жөніндегі көрсетілетін қызметтер

11.







Есеп орталығы көрсететін қызметтер

                                                                ».

      5. Өнеркәсіптік субсидиялар берудің бірыңғай қағидалары туралы хаттамада (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 28 қосымша):


      2-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «әкімшілік-аумақтық бірліктер» - Армения Республикасының, Беларусь Республикасының (Минск қаласын қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының (Астана және Алматы қалаларын қоса алғанда) әкімшілік-аумақтық бірліктері, Ресей Федерациясының субъектілері мен муниципалдық құрылымдары;»;
      көрсетілген Хаттамаға қосымша мынадай мазмұндағы IV бөліммен толықтырылсын:

«IV. Армения Республикасы




Жеткілікті қайта өңдеу критерийлеріне сәйкес армяндық деп танылған тауарларды «Еркін экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 18 маусымдағы Армения Республикасының Заңына, Армения Республикасы Үкіметінің «Шығарылған елдің сертификаттарын беру және сараптама жүргізу тәртібін бекіту туралы» 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1772-Н қаулысына, 2010 жылғы 18 маусымдағы Кеден одағының кедендік аумағындағы еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі мәселелері жөніндегі келісімге, 2010 жылғы 18 маусымдағы Еркін қоймалар және еркін қойманың кедендік рәсімі туралы келісімге сәйкес еркін экономикалық аймақтар аумағынан және еркін қомалар аумағынан Кеден одағының кедендік аумағының қалған бөлігіне әкету кезінде кедендік баждар мен салықтардан босату

2017 жылғы 1 қаңтарға дейін».

      6. Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау шаралары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 29 қосымша) 2-тармағының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «әкімшілік-аумақтық бірліктер» – Армения Республикасының, Беларусь Республикасының (Минск қаласын қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының (Астана және Алматы қалаларын қоса алғанда) әкімшілік-аумақтық бірліктері, Ресей Федерациясының субъектілері мен муниципалдық құрылымдары;».

II. Кеден одағының және Бірыңғай экономикалық кеңістіктің



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет