Тарату фаза бойынша сұлба варианттарын өңдеу



Дата31.10.2019
өлшемі42.71 Kb.
Жол қозғалысын ұйымдастыру пәні
9 – зертханалық жұмыс

Тарату фаза бойынша сұлба варианттарын өңдеу


Тарату фаза бойынша сұлбаны таңдаған кезінде [5] нормативтік жағдайларға және [4] «Жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдары» курсы бойынша оқу әдістемелік материалдарымен басшылыққа алу керек. Бірнеше негізгі жағдайларды бөліп көрсету керек.



  1. Көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің кідірісін қысқарту мақсаты үшін реттеу циклында фазалар санын азайтуға тырысу керек. Үшінші фазаны енгізгенде (сол жаққа бұрылатын көлік ағымын өткізу үшін немесе арнайы жаяу жүргіншілерді өткізу үшін) тек қана шарттардың біреуі орындалса қажетті болады:

а) Сол жаққа бұрылатын ағымының қарқындылығы – 120 авт/сағ көбірек

құраса;


б) Бір фазадан өткізілетін NТ және NП көлік және жаяу жүргіншілер ағымының конфликттік қарқындылығының мәні теңсіздіктерін қанағаттандырады: NТ > 120 авт/сағ; NП > 900 ж.ж/сағ.

  1. Көлік құралдарының жалпы жолақ қолдануы арқылы жолақ санының қысқаруын келтіру қажет, әр бағытта қозғалып бірақ бір фаза ішінде өткізгенде. Бірақ бөлек фазамен қызмет көрсететін әрбір бағыт үшін кемінде бір қозғалыс жолағы бөлінуі қажет. Қиылысқа жақындар алдында сол жаққа бұрылатын көлік құралдарының ағымдары үшін арнайы жолақ қарастыру қажет. Рұқсат етілген фазада басқа бағыт қозғалысына кедергі жасамау үшін сол жаққа бұрылатын көлік құралдарына қиылыста жиналып тұратын арнайы орын жоспарлы варианттары қарастырылуы қажет.

  2. Жүргін бөліктің ені үлкен болғанда (бір бағыт қозғалыс үшін екі жолақтан көп болғанда) кейбір жағдайда жаяу жүргіншілерді қауіпсіздік аралшасы арқылы кезең бойынша өткізуді қарастыру қажет. Оның геометриялық өлшемдері [5] нормативті жағдайларда ескере есептелуі тиіс. Тапсырманың әр варианты үшін көрсетілген жазбаларды қолданып және сәйкес шектеулерді ескере отырып (реттеу фазалары мен пайдалынатын қозғалыс жолақтардың саны бойынша), фазалық тарату сұлбалардың бірнеше түрін ұсынуға болады. Мүмкін варианттардың көптілігі жеке тапсырмалардың түрлі орындалу әдістерінің болуымен түсіндіріледі. Мысалы, бір фазалық реттеудің ішінде жаяу жүргіншілерді жүріс бөлігінен өткізуге болады немесе қауіпсіз аралшалар арқылы екі фазаның ішінде өткізуге болады. Бірінші жағдайда жаяу жүргіншілердің кідірісі азаяды, бірақ реттеу циклында корректировканы жасауға қажет болуы мүмкін (жалпы циклдың ұзақтығы жоғарлау бағытына қарай), бірақ ол көлік кідірісін көбейтеді.

Оң жаққа бұрылатын көлік ағымдарын өткізгенде қиылысқа жақындар алдында оң жақ жолақты пайдалануға байланысты екі әдіспен орындалуы мүмкін (оң жаққа бұрылатын ағымдар үшін немесе оң жаққа бұрылатын және тіке бағытта қозғалып баражатқан көлік құралдары үшін). Бірінші жағдайда оң жаққа бұрылатын ағымдарды тіке бағыттағы қозғалып баражатқан көлік құралдарына байланыссыз өткізуге болады. Бұл барлық цикл уақытында оңға бұрылыс жасау мүмкіндігін береді, яғни оң жаққа бұрылатын көлік құралдарының кідірісін толық жояды. Басқа жақтан қарасақ тіке қозғалатын ағымдардың жолақ саны азайып кетеді. Бұл қиылыстағы басқа жолдардың көліктік кідірісін ұлғайту мүмкін.

Жеке тапсырмаларды есептеген кезде қиылыстағы жалпы жағдайларды ескере табылуы мүмкін. Сондықтан жұмыстың әріғарай жалғасуы көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің кідірісін жоюы, минимизация критериясы бойынша реттеу тиімділігінің негізгі бағалаумен тарату фаза бойынша жақсы варианттардың сұлбасын анықталуын қарастырады. Егерде, тарату фаза бойынша сұлба варианттардың саны көп болса, онда осы жою есептері үш варианттар үшін қанағаттануға рұқсат етіледі.




Жүріс бөліктің енін анықтау


Жалпы қалалық немесе аудандық мәні бар магистралды көшелер категориясы үшін Вп қозғалыс жолағының ені [6] нормативтік құжаттары бойынша таңдау негізінде жүргін бөліктін ені анықталады.




Жол мен көшелердегі жүріс бөліктердің ені




  1. СН және Е 11-К.3-63 талаптарына сәйкес жол және көше жүргін бөліктерінің ені қайта жөндеу кезінде және қала аудандарында жаңа құрылыс жерлерінде қабылданады (8.1 кестесі).

  2. Жалпы қалалық магистралды кошелерде қозғалыстың жолақ ені – 3,75 м алынады, егер есептік жылдамдық қозғалысы 100 км/сағ артық болса, ал автобус пен троллейбустың қозғалысы үшін жолақтың ені – 3,5 м алынады.

  3. Қозғалыс үшін жеңіл автомобильдерге арналған жолақтың ені МЕСТ 13508 – 74 бойынша «Жол таңбаларына» сәйкесті қажетті кезінде – 2,75 м-ге дейін төмендеуі мүмкін.

1 кестесі

Жол мен көшенің категориясына байланысты ұсынылған қозғалыс жолақтардың ені





Жол мен көшенің категориясы

Жолақтың ені Вп, м

Екі бағыттағы қозғалыс жолақтардың саны

Еңі төменгі

Балашаққа

Тез жолдарда

3,75

4

6

Магистралды көшелерде: жалпы қалалық мәнінде аудандық мәнінде

3,75 – 3,5

3,5


4

4



6 – 8


6

Жергілікті қозғалыс көшелері мен жолдарда

3

2

3 – 4

Тұрғын аудандарда, өндірістік және қойма аудандарда

3,5

2

4


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет