2014 жылғы жұмыс туралы «Саран қаласының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ есебі
«Саран қ. ЖҚжӘББ» ММ Саран қаласының 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық даму жоспарын жүзеге асыру бойынша жұмыс ұйымдастырылды.
Бөлімде қала халқына 18 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. 2014 жыл ағымында 4993 қызмет көрсетілді, соның ішінде ХҚКО арқылы – 1008. Қызметті ұсыну мәселесі бойынша өтініштер, шағымдар келіп түскен жоқ.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын басшылыққа ала отырып жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жұмыспен қамту саласында мемлекеттік саясаттың негізгі шаралары мен негізгі бағыттарын жүзеге асыру мақсатында әлеуметтік және экономикалық аспектілерді ескере отырып қаланың еңбек нарығының жан жақты талдауын жүргізеді.
2014 жыл ағымында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 809 адам жүгінді, соның ішінде жұмыспен қамту Жол картасы бойынша – 47 адам.
|
2008 жыл
|
2009 жыл
|
2010 жыл
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
Өтініш білдірген, адамдардың саны
|
1576
|
2993
|
1233
|
825
|
895
|
840
|
809
|
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне келетін, жұмыссыздар ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңында қарастырылған әлеуметтік көмектің кепілді көлемін алады.
Жылдық жоспар 680 болған кезде, 758 адам жұмысқа орналастырылды, бұл жылдық жоспардан 111,5 % құрайды.
|
2008 жыл
|
2009 жыл
|
2010 жыл
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
Жұмысқа оналастырылғандары,
саны
|
1573
|
2941
|
1213
|
742
|
746
|
765
|
758
|
Өтініш білдірген жұмыссыздардың санынан жұмысқа орналастырылған жұмыссыздардың үлесі (жұмыспен қамту Жол картасы 2020 жүгінгендерді - 47 адамды қоспағанда) 99,5 % құрады.
|
2008 жыл
|
2009 жыл
|
2010 жыл
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
Өтініш білдірген жұмыссыздардың санынан жұмысқа орналастырылған жұмыссыздардың үлесі
|
99,2
|
97,8
|
94,5
|
72,9
|
97,4
|
100
|
99,5
|
2015 жылғы 1 қаңтарға белгіленген жұмыссыздық деңгейі - 0,2%.
|
2008 жыл
|
2009 жыл
|
2010 жыл
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
Жұмыссыздық деңгейі
|
0,1
|
0,2
|
0,2
|
0,3
|
0,3
|
0,2
|
0,2
|
2015 жылғы 1 қаңтар ахуалы бойынша жұмыспен қамту секторында тіркелген жұмыссыздардың саны – 62 адам.
|
2008 жыл
|
2009 жыл
|
2010 жыл
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
Жұмыссыздар саны, адам
|
15
|
50
|
67
|
75
|
73
|
62
|
62
|
2014 жылы кәсіби оқуды ұйымдастыруға 2672,0 мың.теңге бөлінді. 2014 жыл ағымында кәсіби оқуға 91 адам, жылдық жоспар 90 адам, жоспар орындалуы 101,1 %. 2695,3 мың теңге соммасында бөлінген құралдар өз уақытында және толық көлемде игерілді.
2015 жылғы 1 қаңтар ахуалы бойынша қоғамдық жұмыстар 20 нысанда ұйымдастырылды. Жыл басынан қоғамдық жұмыстарға жоспарда 300 адам болғанда, 341 адам жолданды, орындалу пайызы 114 %. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға 20008,0 мың теңге сомасында қаржы бөлінген, іс жүзінде 19997,6 мың теңге орындалды, қаржыландыру - 100% орындалған.
2014 жылы 1 шілдеде Жастар практикасы ұйымдастырылды. 2014 жыл ағымында Жастар практикасына жоспарда 10 адам болғанда, 15 адам жолданды. Жергілікті бюджеттен 1807,0 мың теңге қаржыландыру бөлінді, бөлінген қаржыландыру 100 % орындалды.
10 әлеуметтік жұмыс орнын ұйымдастыруға 908,0 мың теңге бөлінді, бөлінген қаржыландыру өз уақытында және толық көлемде игерілді.
Жұмыс іздеу Клубының жұмысы шеңберінде 30 топта 398 адам қамтылған семинарлық сабақтар өткізілді, жұмысқа 90 адам орналастырылды, ақы төленетін қоғамдық жұмыстарға - 182 адам қатысты, кәсіби даярлыққа - 76 адам жолданды.
2014 жылы Саран қаласында қала халқы үшін 3 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңке жұмысына 352 бос орындар жәрмеңкесі ұсынылған, 30 жұмыс беруші қатысты. Жәрмеңке қатысушыларының саны 227 адамды құрады, соның ішінде 126 – жас, 133 - әйел. Жәрмеңке барысында 12 адам жұмысқа орналастырылды, қоғамдық жұмысқа 19 адам, кәсіптік оқытуға 21 адам жолданды. Жастар практикасына ағымдағы жылдың 11 түлегі жастар практикасына жолданды. Әлеуметтік жұмыс орындарына 5 адам жұмысқа орналастырылды. Кеңесті 173 адам алды.
Қалада ағымдағы жылдың 28 мамырында «Нұр Отан» партиясының Саран қалалық филиалында, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен қалалық жұмыспен қамту орталығында ұйымдастырылған, мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін бос орындар жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеге барлығы 85 жұмыссыз қатысты. Оның 50 азаматы мүмкіндігі шектеулі тұлға болды. Жәрмеңкені өткізген күні 5 адам жұмысқа орналастырылды. Біреуі кәсіптік оқытуға жолданды. Бір адам несиелендіру бойынша «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына қатысуға мүмкіндік алды.
Еңбек туралы заңдар жинағы және халықты жұмыспен қамту, еңбек нарығындағы жағдайлар, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, уақытша жұмыспен қамтылу (қоғамдық жұмыстар), кәсіптік даярлық алу, қайта даярлау мен біліктілігін жоғарылату мәселелері бойынша қатынасқан азаматтардың кеңестері тұрақты жүргізіледі.
«Жедел желі» телефонының жұмысы ұйымдастырылған. Стендтарда лауазымдық қызметтер мен бос жұмыс орындарының болуы туралы ақпарат орналастырылған. Бос орындар туралы мәлімет бөлім сайтына орналастырылады. Жыл ағымында қалалық «Саран газеті» газетінің беттерінде жұмыспен қамту бөлімінің материалдары жарияланды.
2014 жыл ағымында жұмыс жоспарына сәйкес кеңестер мен комиссиялар қызметтері жүзеге асырылады:
Әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік-экономикалық және еңбектік қатынастарды реттеу бойынша қалалық үш жақты комиссия. ҚҮК жұмыстары туралы материалдар «Саран газеті» газетінің беттерінде жариялануда. Комиссияның отырыстарына ұйымдардың, мекемелердің өкілдері, қаланың жұмыс берушілері шақырылады, жұмыс істейтін азаматтардың мүддесін қорғауға және құқтарына қатысты Бағдарламалардың орындалу мәселелері, Қазақстан Республикасы заңдарының орындалу мәселелері қарастырылады.
Қылмыстық жазаны және қылмыстық – құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай – ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі Саран қаласы әкімдігі жанындағы Кеңес. Кеңестің отырыстарына ұйымдардың, мекемелердің өкілдері, қаланың жұмыс берушілері шақырылады, қалада тұратын қылмыстық жазасын өтеген тұлғалардың мүддесін қорғауға және құқтарына қатысты мәселелер қарастырылады.
Бұрын қабылданған Комиссиялар, Кеңестер шешімдеріне тоқсан сайын мониторинг жүргізіледі.
2014 жылы «Жұмыспен қамту Жол картасы 2020» бағдарламасына сәйкес Саран қаласында 3 бағыт бойынша жұмыс қарастырылды:
Бірінші бағыт «Инфрақұрылым есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты дамыту».
Бірінші бағыт шеңберінде 5 нысанда жұмыс жүргізілді. 35 жұмыс орны құрылды, соның ішінде 19 – Бағдарлама қатысушылары үшін.
Екінші бағыт «Демеулік ауылдарды дамыту және кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру» жүзеге асыру мақсатында Бағдарламаның екі қатысушысына 5800 мың теңге соммасында ауыл шаруашылық жұмысына байланысты, бизнесін дамытуға, көліктік қызметтің ұсынылуымен, шағын несие берілді.
«2012-2020 жылдарға арналған моноқалаларды дамыту» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде шағын несиені алу бойынша 17 қызмет көрсетілді.
Бағдарламаның «Жұмыс берушілердің қажеттіліктерінің шеңберінде қайта оқыту және қоныстандыру арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» үшінші бағыты бойынша 2014 жылы Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бойынша оқыту ұйымдастырылды. Кәсіптік даярлық курстарына 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 10 адам жолданды.
Кадрларды қайта даярлау курсын 10 адам аяқтады, барлығы жұмысқа орналастырылды.
2011 жылы Бағдарлама бойынша оқуға жолданған, Саран гуманитарлы – техникалық колледжінің 29 түлегі 2014 жылы жұмысқа орналастырылды.
7 адам жұмыспен қамтудың жеке меншік агенттігі арқылы жұмысқа орналастырылды.
2014 жылдың 1 шілдесінен бастап жастар практикасына 2014 жылдың 13 түлегі жолданды.
Әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылды, 2014 жыл ағымында әлеуметтік жұмыс орындарына 18 адам жолданды.
Қолданыстағы заңнамамаға сәйкес, қалада тұратын, әр түрлі санаттағы азаматтарға әлеуметтік қорғау шараларын көрсету жөніндегі жұмыс ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 1 қаңтардан енгізілген «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңы бойынша кедейлік шегінен төмен тұратын азаматтарға МАӘК тағайындалады. 2014 жылы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге: қалалық бюджет – 387 мың теңге, республикалық – 900 мың теңге соммасында бюджеттік құралдар бөлінді. 1286,2 мың теңге соммасында 538 отбасы мүшесіне 132 жәрдемақы тағайындалды. Бөлінген қаражат толық көлемде игерілді.
Саран қаласы бойынша МАӘК тағайындауды талдау
|
2008 жылы
|
2009 жылы
|
2010 жылы
|
2011 жылы
|
2012 жылы
|
2013 жылы
|
2014 жылы
|
Тағайындалған жәрдемақылар саны
|
532
|
471
|
453
|
390
|
205
|
154
|
132
|
Тағайындалған жәрдемақылар соммасы
|
3300
|
2968
|
3004,0
|
3064,0
|
1587,0
|
1590,0
|
1286,2
|
Құрылған 2 участкелік комиссия (1 – Саранда, 1- Ақтас к.) заңға сәйкес МАӘК тағайындауға өтініш білдірген отбасылардың тұру жағдайларын 100% зерттеу жүргізеді.
2006 жылғы 1 қаңтардан бастап «Балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар туралы» ҚР Заңы күшіне енді. Балалары бар, отбасыларға жәрдемақы төлеуге: қалалық бюджеттен – 1473 мың теңге, республикалық – 2000 мың теңге соммасында бюджеттік құралдар бөлінді, 3472,3 мың теңге соммасында 847 жәрдемақы тағайындалды. Бөлінген қаражат толық көлемде игерілді.
Саран қаласы бойынша балалары бар отбасыларына жәрдемақы тағайындауды талдау
|
2008
жылы
|
2009 жылы
|
2010 жылы
|
2011 жылы
|
2012 жылы
|
2013 жылы
|
2014 жылы
|
Алушылардың саны
|
934
|
1094
|
1067
|
1001
|
807
|
813
|
874
|
Тағайындалған жәрдемақылар соммасы
|
2104,0
|
2842,0
|
3093,8
|
3236,0
|
2832,0
|
2670,0
|
3472,3
|
Осы жәрдемақыларды тағайындау кезінде бөлім керенаулық көңіл күйді түп тамырымен жою қажеттілігі көрсетілген, Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын басшылыққа алады. Басымдылық әрқашан жұмысқа орналастыру болып қалады.
Осыған байланысты әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау кезінде әр бір отбасы жүйелі зерттеледі, тұрақты еңбек табысын алатын жұмыс істеуге талпынбайтын, жұмысқа қабілетті отбасы мүшелеріне жәрдемақы тағайындау жағдайларына жол берілмейді.
Саран қалалық мәслихат сессиясының 2011 жылғы 22 желтоқсандағы № 676 шешімімен бекітілген, Саран қаласы мен Ақтас кенті халқына тұрғын үй көмегін көрсету көлемі мен тәртібі туралы Ережесіне сәйкес, бөлімде коммуналдық қызметтерді ұсынғанда есептелген сомма жиынтық кірістен 10% асатын болса азаматтарға тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау жүргізіледі (тұрғын үй көмегін есептеу әлеуметтік нормалар есебімен жүргізіледі).
Қалалық бюджет қаражаты есебінен 2014 жылы 22563 мың теңге соммасында қаражат бөлінді. 22563 мың теңге соммасында 6001 жәрдемақы тағайындалды, жәрдемақының орташа мөлшері – 3760 теңге. Бөлінген қаржыландыру толық көлемде игерілді.
|
2008 жыл
|
2009 жыл
|
2010 жыл
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
Жәрдемақы саны
|
11096
|
13341
|
8010
|
7628
|
5665
|
6982
|
6001
|
Тағайындалған жәрдемақылар сомасы
|
31695
|
42049
|
20564,8
|
19399,8
|
16400
|
23410,0
|
22563
|
Орташа мөлшері
|
2856
|
3025
|
2567
|
2547
|
2895
|
3353
|
3760
|
Бұл шара ерекше мәнге ие болып келеді, өйткені біздің қалада жылыту бойынша тарифтер жоғары. Тұрғын үй жәрдемақысын алушылардың санының ұлғаюын ескере отырып, бөлінген қаражатты уақытылы игеру бойынша қажетті шаралар қабылданады, әлеуметтік қорғаудың көрсетілетін шаралары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Жәрдемақыларды тағайындау кезінде заң талаптары қатаң сақталады, алушылар арасындағы асыранушылық қатынастарды жоюдамыз.
Бөліммен бөгде адамның көмегіне мұқтаж 1,2 топтағы жалғыз басты мүгедектердің зейнетақыларына қосымша үстеме тағайындау және төлеу жүргізіледі. Ағымдағы жыл ішінде 177,8 мың теңге соммасында 96 жәрдемақы тағайындалды. 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қаржыландыру облыс бюджетінің қаражаты есебінен жүргізіледі.
|
2008 жыл
|
2009 жыл
|
2010 жыл
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
Алушылардың саны
|
150
|
163
|
143
|
117
|
105
|
92
|
96
|
Тағайындалған жәрдемақылар сомасы
|
178,7
|
210,7
|
202,1
|
176,9
|
176,9
|
161,0
|
177,8
|
«Саран қалалық мәслихатының 2014 жылғы 22 мамырдағы «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы» 32 сессиясының № 337 шешіміне сәйкес жыл басынан бері 878,8 мың теңге соммасында мүгедек – балаларды үйде оқытатын, отбасыларға 195 жәрдемақы тағайындалды. Бөлінген қаржы толық көлемде игерілді.
|
2008 жыл
|
2009 жыл
|
2010 жыл
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
Балалар саны
|
35
|
34
|
51
|
51
|
48
|
39
|
32
|
Тағайындалған жәрдемақылар сомасы
|
865
|
764
|
1040,0
|
985,0
|
1231,0
|
1278,0
|
878,8
|
Саран қалалық мәслихатының 2013 жылғы 12 желтоқсандағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және Саран қаласы мен Ақтас кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 27 сессиясының № 279 шешіміне сәйкес 2014 жылы 21224 мың теңге соммасында 3630 жәрдемақы тағайындалды.
Әлеуметтік көмекті төлеу атаулы күндерде, мерекелік күндерде және өмірлік қиын жағдайға түскен кезде ұсынылады. 2014 жылы бөлінген қаржы толқ көлемде игерілді.
|
2008 жыл
|
2009 жыл
|
2010 жыл
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
Төлемдер саны
|
10346
|
7439
|
7291
|
8588
|
6519
|
5942
|
3630
|
Тағайындалған жәрдемақылар сомасы
|
14205
|
20755
|
24721
|
21551,0
|
19802
|
19538,8
|
21223,5
|
«Саран қаласының ЖҚжӘББ» ММ қалада тұратын аз қамтылған отбасылар есебі жүргізеді. 2015 жылдың 1 қаңтарында қалада 124 отбасы мүшесі бар, 27 аз қамтылған отбасы тұрады. 2014 жылы мемлекеттік емес көздерден 3024,1 соммасына әр түрлі көмек көрсетілді. Мемлекеттік емес көздерден аз қамтылған отбасыларды көмекпен 100% қамту қамтамасыз етілді.
Мемлекеттік емес көздерден аз қамтылған азаматтарға көмек көрсету бойынша мәліметтер
|
2008 жыл
|
2009 жыл
|
2010 жыл
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
Кедейлік шегінен төмен тұрып жатқан аз қамтылған азаматтардың саны
|
|
|
|
|
|
|
|
- отбасы
|
118
|
110
|
74
|
54
|
37
|
31
|
27
|
- адам
|
430
|
358
|
267
|
201
|
144
|
144
|
124
|
Мемлекеттік емес көздерден көмек көрсетілді
|
30513,7
|
32427,6
|
18860,5
|
5977,7
|
3670,4
|
3391,9
|
3024,1
|
2015 жылғы 1 қаңтар ахуалы бойынша соғыс қатысушылары мен мүгедектері есебінде 15 адам тұр. 2015 жылы соғыс қатысушыларына, мүгедектеріне 3993,2 мың теңге соммасында, соның ішінде бюджеттік көздерден 1920,0 м.т. соммасында көмек көрсетілді.
2015 жылғы 1 қаңтар ахуалы бойынша қалада 152 ардақты ана және 18 жасқа дейінгі 4 және одан да көп балаларды тәрбиелеп отырған 106 көп балалы ана тұрады.
Оралмандарды орналастыру және әлеуметтік қорғау шараларын көрсету бойынша жұмысты оралмандар мәселесі жөніндегі Комиссия үйлестірді, отырысы тоқсан сайын өткізіледі.
Әлеуметтік көмек көрсету бөлімімен қала ішінде тұратын және жақын туған-туысқандары жоқ жалғыз басты қарт азаматтарға қызмет ету бойынша қызметтер көрсетіледі. Бөлім жұмысы бірнеше бағытта жүргізіледі: жалғыз басты қарт азаматтарға қызмет көрсету, жеңілдіктері бар тұлғалармен жұмыс, қаланың қоғамдық ұйымдарымен, кәсіпорындары мен мекемелірмен бірлескен жұмыс.
2015 жылғы 1 қаңтарда 30 әлеуметтік қызметкер 3 бөлімшеде 264 адамға қызмет көрсетеді.
Бөлімде «ҚР мүгедектерін әлеуметтік қорғау туралы» ҚР заңын жүзеге асыру жөніндегі жұмыс жүргізіледі. 2006 жылы қалада мүгедектер істері жөніндегі Кеңес құрылды. 2014 жыл ағымында мүгедектер істері жөніндегі Кеңестің 4 отырысы өткізілді. Комиссия отырысына ұймдар, мекемелер өкілдері, қаланың жұмыс берушілері шақырылды, қалада тұратын мүгедектердің мүдделері мен құқықтарын қорғауға байланысты «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру мәселелері қарастырылады. Бұрын қабылданған шешімдерді орындаудың тоқсан сайынғы мониторингі жүргізіледі.
МЗТО мәліметтері бойынша Саран қаласында: 1,2 топ мүгедектері – 1257 адам, 3 топ мүгедектері – 537 адам, бала кезінен мүгедектер – 124 адам, барлығы 1918 адам есепте тұр. Үйде қызмет көрсету әлеуметтік көмек бөлімшесінде 24 мүгедек тұр.
Бөлімде әр түрлі оңалту құралдарын алуға 1289 оңалтудағы жекелеген бағдарлама тіркелген, 674 орындалды.
2014 жылы қалалық бюджет есебінен (ұсынылған ОЖБ сәйкес) гигиеналық құралдар сатып алуға 4,8 млн. теңге (99 алушы), 1 топ мүгедектері үшін жеке көмекші қызметін төлеуге - 14,8 млн. теңге (75 адам), қолмен көрсететін тіл маманының қызметтерін ұсынуға – 1,8 млн. теңге (25 адам) бөлінді.
«Мүмкіндіктері шектеулі балаларға әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау көрсету туралы» ҚР Заңын жүзеге асыру мақсатында қалада 18 жастан асқан тұлғалар мен балаларға қызмет көрсету бойынша аймақтық белгі бойынша 11 учаскені (Саран қ. – 9, Ақтас к. - 2) қосатын бөлімше ұйымдастырылып, жұмыс істейді. 13 әлеуметтік қызметкер 80 мүгедек балаға қызмет көрсетеді, соның ішінде 17 мүгедек 18 жастан асқан.
Бөлімше өзінің жұмыс формалары мен әдістерін үнемі жетілдіреді, аптасына 2 рет балалармен топтық сабақтар өткізеді.
«Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ жанындағы әлеуметтік көмек бөлімшесінің, мүгедек – балалары 2014 жылғы қазан айында өткізілген «Үміт сәулесі» атты мүмкіндігі шектеулі балалар мен жастар арасындағы спорт және шығармашылық X Фестивалінің жеңімпазы атанды.
Қалада алғаш рет 96 мүгедекке көлік қызметін көрсету бойынша инватакси жұмысы ұйымдастырылған. Инватакси жұмысына 5,6 млн.теңге соммасында қаржы бөлінді, соның ішінде 50% республикалық бюджеттен.
2002 жылдан бастап бөлімде кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар мүгедек әйелдердің «Бибі–ана» қоғамдық филиалы жұмыс істейді. Барлық мүгедек әйелдерді зерттеу жүргізілді, әлеуметтік карта құрылды. Клуб белсенділерінің құрамында 25 адам бар. Ұйымның белсенді мүшелері қалалық және мерекелік іс-шараларға үнемі шақырылады.
Қайырымдылық акцияларын өткізу кезінде аз қамтылған мүгедек әйелдерге киім, материалдық көмек, ауыл шаруашылық өнімдері бөлінеді, коммуналдық қызметтер төлемі бойынша жеңілдіктер ұсынылады. Клубтағы жұмыс жыл сайын құрылатын және белсенділер клубының отырысында бекітілетін жоспарға сәйкес жүргізіледі.
Қалада мүгедектердің 4 қоғамдық бірлестігі ұйымдастырылды: Қарағанды зағиптар қоғамының Сарандық филиалы – хатшысы О.И. Закс, «Сенім» мүгедектердің қоғамын қорғау қоғамы – төрайымы О.И. Ситарчук, қалалық ерікті мүгедектер қоғамы төрайымы – Н. Мигай, мүгедектердің қоғамдық бірлестігі «Бірлік» және Қарағанды кереңдер қоғамы Сарандық филиалы төрайымы – А.О. Качмашева.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі үнемі қалалық мүгедектер бірлестіктеріне көмек көрсетеді, қажет болған жағдайларда құжаттармен жұмыс істеуде және әр түрлі құжаттарды рәсімдеу кезінде көмек көрсетіледі. Мүгедектердің ҮЕҰ жұмыс жоспарлары ЖҚжӘББ келісіледі. Барлық акциялар мен іс-шаралар «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бірлесіп өткізіледі.
Бөлімде «Қазақстан-2050» Стратегиясын насихаттау бойынша, Президенттің халыққа Жолдауын және мұқтаж азаматтарды әлеуметтік қорғау шараларына қатысты, нормативтік-құқықтық актілерді түсіндіру бойынша жүйелі жұмыс жүргізіледі.
Қалалық ақпараттық – насихатшы топ мүшелері Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын, халықты әлеуметтік қорғау шараларын түсіндіру бойынша дәрістерімен қаланың ұйымдарына, мекемелеріне барады.
«Саран қаласының ЖқжӘББ» ММ 9 ақпараттық стенд рәсімделген.
«Саран газеті» газетінде халықты әлеуметтік қорғау шаралары бойынша, Қазақстан Республикасының әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша кейбір заң шығарушы актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізілгендігі туралы, сондай-ақ, қалада бар апта сайын бос жұмыс орындар туралы мәліметтер туралы, қаладағы жұмыссыз азаматтарды оқыту үшін тегін курстарды ұйымдастыру туралы мақалалар жарияланған.
«Саран қаласының ЖҚжӘББ» ММ жұмысы туралы барлық ақпараттар бөлімнің сайтында орналастырылған.
2015 жылға міндеттер:
500 адамды – жұмысқа орналастыру,соның ішінде жастар – 200 адам;
қайта оқытуға – 26 адамды жолдау, бөлінген қаражат 966,0 мың теңге;
қоғамдық жұмыстарға - 164 адамды жолдау, бөлінген қаражат 17315,0 мың теңге;
Жұмыспен қамту 2020 Жол картасын жүзеге асыру мақсатында, республикалық бюджет трансферттерінің есебінен:
58 түлек үшін кәсіпорындарда Жастар практикасын ұйымдастыру, бөлінген қаржы 12415,0 мың теңге;
кәсіпорындрда 50 әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру, бөлінген қаражат 12016,0 мың теңге;
қайта даярлау курстарына жолдауға 19 адам, 6775,0 мың теңге қаржыландыру бөлінді;
кәсіби даярлау курстарына 16 адамды жолдау, бөлінген қаржы 8590,0 мың теңге;
33000 мың теңге соммасында 11 қатысушыға шағын несие беру.
Бөлінген қаржыландыруға сәйкес, әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындауды жүргізу:
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек – 1000,0 мың теңге;
тұрғын үй көмегі – 21293,0 мың теңге;
азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер – 31863,0 мың теңге,
үйде оқытылатын мүгедек-балалар – 950,0 мың теңге;
18 жасқа дейінгі балалары бар, отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы – 3425,0 мың теңге.
«Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңды іске асыру мақсатында:
7568,0 мың теңге соммасында санитарлы-гигиеналық құралдарды сатып алу;
13902,0 мың теңге соммасында жеке көмекшінің және ымдап көрсету тіл маманының қызметтерін көрсету;
«Инватакси» қызметін ұйымдастыру, бөлінген қаржыландыру 2775,0 мың теңге.
Қалалық ақпараттық – насихатшы топ мүшелері әлеуметтік қорғау шараларын түсіндіру бойынша жұмысын жалғастырады.
Бөлім жұмысының жоспары мен жұмыс регламентіне сәйкес, бөлім жанынан құрылған Кеңестердің, комиссиялардың жұмысы ұйымдастырылған.
18 жастан асқан балалар мен тұлғаларға, жалғызбасты егде жастағы азаматтарға үйде қызмет көрсету жөніндегі бөлімше жұмысын жалғастырады.
«Саран қ. ЖҚжӘББ» ММ басшысы К. Тұңғышбаева
Орынд. Карпова Л.И.
тел. 23357
sar_ozsp@kvg.gov.kz
Достарыңызбен бөлісу: |