2014 жылғы көрсеткіштер бойынша округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2015 жылға міндеттері туралы Ақсу ауылдық округінің әкімі Мурат Мурзабекұлы Токбаевтың есептік баяндамасы
Құрметті ауылдастар!
Өткен 2014 жыл Ақсу ауылдық округі үшін барлық Қазақстандықтарға жолдаған Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы жолдауы аясында өтті.
Елбасы өзінің Қазақстан жолы -2050: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауында Қазақстан тарихына енетін 10 креативті идеяның басын ашып халыққа тапсырды.
Осы тапсырмаларды орындау барысында ауыл округі бойынша ауылдарды дамыту жоспары құрылып жұмыс жасалынды.
Өткен жолы есеп беру жиынында айтылған халықтың өтініш -тілектері, ұсыныс - пікірлері жүзеге асырылуына байланысты іс-шаралар жоспары жасалып әкімшілік бақылауда ұстады.
1.Согорное-Ақсу бағытындағы тас жолды жөндеу. Орындалу мерзімі 2015 жылғы 1 шілдеге дейін, қазіргі кезде қаржы қарастырылып жатыр.
2.Ақсу ауылындағы клубқа күрделі жөндеу жүргізу. 2015 жылға жоспарға енгізілді.
3.Ақсу ауылындағы интернатқа күрделі жөндеу жүргізу. Орындалу мерзімі 2015 жылдың 1 тоқсанына белгіленген, қазіргі кезде сметалық жобалау құжаттары дайын, жөндеу жұмыстары басталады.
4.Ақсу орта мектебіне интернатқа оқушыларды тасымалдауға автокөлік алу. Құны 2 млн 580 мың теңгеге аудандық бюджеттен автокөлік желтоқсан айында алынды.
5. Жазаба ауылына көше шамдарын орнату. Жазаба ауылының Орталық көшесіне 19 көше шамы орнатылды, қазір жанып тұр.
Ауылдық округте әлеуметтік нысандардан 1- орта мектеп, 2- негізгі орта мектеп, 1- дәрігерлік амбулатория, 3 - фельдшерлік пункт, 1 пошта бөлімшесі, 1- байланыс бөлімі, МҰТП- нің Ақсу филиалы, Ақсу орманшылығы, 1-учаскелік полиция пункті, – дүкен, 2- наубайхана, 1 – ауылдық клуб қызмет етеді. Округте барлығы 32 шаруа қожалықтары, 3 - ЖШС –і тіркелген.
2015 жылдың 1 қаңтардағы санақ нәтижесі
№
|
Ауылдардың атауы
|
Тұрғындардың саны
|
Үйлердің
саны
|
1
|
Ақсу
|
793
|
223
|
2
|
Бекалқа
|
72
|
21
|
3
|
Ақшарбақ
|
104
|
25
|
4
|
Жазаба
|
215
|
58
|
5
|
Талды
|
14
|
4
|
|
Барлығы
|
1198
|
331
|
1.Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер бойынша.
Ақсу ауылдық округінің әкімдігі Қазақстан Республикасының Жер Кодексінде көрсетілген 19- бапқа сәйкес өз құзіретін және Қазақстан Республикасының заң актілеріне олардың құзіретіне жатқызылған өзге де мәселелерді шешуде. Ауылдық округ бойынша барлық жердің көлемі - 44736 гектар соның ішінде: жыртылма жер-1449 га, шабындық жер-7241 га, жайылым -34735 га .
2014 жылдан бастап округ бойынша 32 кішігірім шаруа қожалықтары өз жұмыстарын атқаруда. Шаруа қожалықтарының ңегізгі бағыттары- мал шаруашылығы болып келеді.
Жеке тұрғын үйлердің алып жатқан жер учаскесінің ауданы- 17,2 гектар. Өндірістік құрлыстар мен инфроқұрылымдардың алып жатқан жерлері 2,03 гектар.
Жер туралы ақпарат
атауы
|
барлык жер
га
|
жыртылма
|
шабындык
|
жайылым
|
көп жылдық шөп бұрын салынған
|
округ бойынша барлық жер көлемі
|
44736
|
|
|
|
|
соның ішінде:
|
|
|
|
|
|
ТОО- ЖШС –Аксу
|
20651,4
|
1407,3
|
2614,9
|
12865,8
|
|
шаруа кожалыгында
|
4382,4
|
558,1
|
1291,8
|
2512,1
|
371
|
елды мекен жері
|
3262
|
39
|
16
|
2440
|
|
Округ бойынша екі жеке тұлғаға үй астына 0,38 га жер берілді, 1 дүкен қызмет көрсетуіне 0,25 га жер бөлінді.
Ауыл шаруашылығын дамыту:
2014 жылы 620,7 тонна мал еті, 2910,0 тонна сүт, 29,9 мың дана жұмыртқа, 45 центнер көлімінде жүн тапсырылды.
Малдың түрі
|
2013жыл
|
2014 жыл
|
%
|
ірі қара малы
|
1701
|
1839
|
108
|
жылқы
|
1100
|
1465
|
133
|
Қой мен ешкі
|
1432
|
1580
|
110
|
шошқа
|
15
|
12
|
80
|
Әр түрлі құстар
|
1418
|
1544
|
109
|
Ара ұялары
|
1762
|
1905
|
108
|
марал
|
56
|
60
|
107
|
2013 жылы Ақсу ауылы Абай № 23 мекенжайы бойынша, вет пунк ашылды. Вед пункт меңгерушісі Е.Карыкпаев, 2 адам ветеринарлық дәрігерлер, 2 адам ветеринарлық санитарлар округ бойынша ветеринарлық жұмыстарды атқарады.
Ауылдық округ бойынша мал дәрігерлерінің жұмыстарына бақылау жасалып, 406 бас ірі қара, шошқа -16 бас және 402 бас ұсақ мал сырғаланып, 50 бас жылқы малына тері астына чип салынып, бірегейлендіру бойынша толық компьютерлік базаға еңгізілді. Егу жұмыстарымен бірге 824 ветеринарлық паспорттар уақытында жазылып, мал иелеріне таратылып берілді.
Мамыр айында ауыл тұрғындарымен бірнеше кездесулер өткізіліп, онда жаз айларында малдарды ұстау ережесімен таныстырылып, табындарды жаю бағыттары белгіленді. Арнайы құрылған комиссия, учаскелік инспектормен бірлесіп ауыл ішінде бос жүрген мал иелерімен жұмыстар жүргізіп, әкімшілік жауапкершілікке тарту шаралары қолданылып отырды.
Алыс жайлауларды тиімді пайдалану мақсатында жаз айларында 3-жылқы табындары, 3 ірі қара табындары ұйымдастырылып отыр.
Қымыз өндіру жылдан-жылға артып ауыл тұрғындарының табыс көзіне айналуда. 2014 жылы жаз айларында 10 тонна қымыз өндіріліп жалпы түскен табыс 4 млн. теңгені құрады.
Қымыз өндіретін шаруа қожалықтары «Бера», «Даулет», «Дана» «Мұрагер», жеке кәсіпкер К.Болаев.
Бал өнімін арттыру мақсатында округте соңғы жылдары ара өсірумен айналысатын адамдардың саны көбейіп келеді. Шаруа қожалықтары «Бера»- да 320 , «Даулет» -те 75 данадан ара ұялары және жеке меншік шаруашылықтарда 1510 дана ара ұялары бар.
«Жайлау» бағдарламасы бойынша 2014 жылы «Ақсу» жшс-і 200 бас саулық қойлар алынды.
2014 жылғы жергілікті салық бойынша;
атауы
|
жоба
|
орындалуы
|
%
|
мүлік салығы
|
55700
|
55781
|
100
|
мүлік салығы алгоритм бойынша
|
26349
|
26349
|
100
|
жер салығы
|
146400
|
172406
|
118
|
көлік салығы
|
1494200
|
1494213
|
100
|
барлығы
|
1 722 649
|
1 748 749
|
101
|
Денсаулық саласы
Ақсу ауылдық округінде Ақсуауылында 1 дәрігерлік амбулатория және 3 фельдшерлік пункт (Бекалқа, Жазаба, Ақшарбақ ауылдарында) бар. Ана мен баланың денсаулығын қорғау мақсатында әр түрлі шаралар орындалады. Ауылдық округ бойынша қаңтар айынан бастап 11 бала туып, 15 адам қайтыс болды. Мектептегі балаларды дәрігерлер тексеріп отырады. Барлық екпелер уақытында егіледі.
Өкпе аурулармен ауыратын (демікпе) және қант диабетімен ауыратын адамдар тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі.
Туберкулез ауруының алдын-алу болдырмау және анықтау мақсатында жылына 1 рет халықтың барлығы флюрографияға түседі.
Мәдениет саласы:
Ауылдық округ елді мекендерде бір клуб, Ақсу орта мектебінде бір кітапхана жұмыс атқарады. Жыл бойы мәдени шаралар, мерекелік күндерге байланысты ұйымдастырылған концерттік бағдарламалар осы клубта өтіп отырады. Мектеп кітапханасында әртүрлі көрмелер, дөңгелек үстелдер өткізіледі.
Ағымдағы жылы округ бойынша сексеннен астам мәдени шаралар өткізілді. Оған мыңға жуық адамдар қатысты. Жаңа жыл,8 -Наурыз, 22-Наурыз, 1 мамыр, 9 мамыр,1 маусым Балаларды қорғау күні, Президент күні, Тәуелсіздік күні, Шекарашылар күні, Рәміздер күні, Конституция күні, Карттар күні мейрамдары жыл сайын тойланып, шерулер өткізіліп, спорттық ойындар өткізіліп тұрады. Жастарға арналған би кештері ауылдық клубта, жаз айларында «жазғы би» алаңында өткізіледі. Мейрам күндерінде ауылдық клубта салтанатты жиындар, концерттер қойылып тұрады. Аудан бойынша өткізілетін «Жігіт сұлтаны», домбырадан күй тарту жарыстары, қолөнер жарыстары т.с.с мәдени шараларға қатысып, өз өнерлерін көрсетуде. Ақсу орта мектебі Берел ауылында және Белқарағайда өткен конкурстарға қатысты. Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік мәңгілік ел тұғыры» атты аудандық іс-шараға қатысқаны үшін аудан әкімшілігінің мадақтама грамотасымен марапатталды.
Жастар, спорт, тілдердің дамуы
Округ бойынша әртүрлі мекемелерде істейтін 338 адамның 41-і (14-29 жастағы) жастар, немесе барлығына шаққандағы -12,1 пайызы. Білімдері бойынша 10 жоғары білімді ( 2,9%),арнаулы орта біліммен- 8 (2,4%),жалпы орта біліммен-23(6,8%), жұмыс істеп жүрген жастардың – 15 жұмысшы. Ауылдық округ бойынша «Тоғыз құмалақ» , дойбы, шахмат, қол тірестіру, гір көтеру, волейбол, футбол, жеңіл атлетика дамып келеді. Округте Ақсу орманшылығында волейбол командасы құрылған, ауданда өткізілетін жарыстарға қатысып тұрады.
Мемлекеттік тілдің дамуы, оның мәртебесінің ары қарай өсуі округте орналасқан мекемелердің тілді қолдану деңгейі құжат айналымынан – ақ көрінеді. Ағымдағы жылы 546 кіріс құжаттың 503 мемлекеттік тілде, 647 шығыс құжаттарының 631 мемлекеттік тілде.
Ішкі саясат бөлімі
2014жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы -2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау барлық мекемелерде, мектептерде және ауыл тұрғындарымен жиналыстар болып өтті. Мекеме басшыларымен және үгіт насихат тобы мүшелерімен дөңгелек столдар өткізілді. Жастар арасында дін мәселесі талқыланып, 2 дөңгелек столдар өткізілді. Қараша айындағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол » атты Қазақстан халқына Жолдауы бойынша мекеме басшыларымен « Дөңгелек стол» өткізілді, барлық мекемелерде Жолдауды талқылау жиындары болып өтті.
Әскери- есеп:
2014 жылдың соңында Ақсу ауылдық округі бойынша әскери есепте - 180 запастағы әскери міндетті азаматтар, 70 адам әскерге шақырылушылар, 7 адам запастағы офицерлер. Жылына екі рет әскерге шақырылушылар дәрігерлік тексеруден өткізіліп отырады. Есептегі жылы денсаулығынан ақау табылған 15 балалар облыстық және аудандық ауруханаларға емделуге жіберілді. Әскерге шақырылушылардың жарамсыз болып табылып отырғандарының көпшілігі « майтабан», салмағының жетіспеушілігі. Ағымдағы жылы аудан әскери комиссариатымен есепте тұрған азаматтар тізімі бойынша сараптама жасалынды. Әскерге барушылардың қажетті құжаттары дер кезінде дайындалып комиссариатқа беріліп отырады. Әрбір әскери запастағы азаматқа картотека ашылған, әскерге шақыру штабының жұмыс жоспарлары жасалынған. Аудандық әскери комиссариаты ауылдық округтің әскери есеп жүргізу жұмысын жақсы деп бағалады.
Білім саласы:
Ауылдық округте Ақсу орта мектебі және мектеп жанындағы интернат, Ақшарбақпен, Жазаба орта негізгі мектептері орналасқан. Ақсу орта мектебінің жанындағы интернатта 13 бала тәрбиеленіп отыр және 10 адам жұмыспен қамтылған.
№
|
Ауылдардың
атауы
|
Мұғалім-
дер саны
|
Оқушылар
саны /
мектеп алды даярлық
|
Ыстық тамак-
пен қамтамасыз
етілген оқушы-лар саны
|
Жұмысшылар
саны
|
1
|
Ақсу
|
34
|
142
|
47 және 7 бала тұрмысы төмен
|
15
|
2
|
Ақшарбақ
|
4
|
10/1
|
0
|
5
|
3
|
Жазаба
|
12
|
17/8
|
17 оқушы
13 шағын орталықтан
|
10
|
|
Барлығы
|
50
|
169
|
84
|
40
|
Мектептердің материалдық- техникалық базасы үнемі жақсару үстінде. Барлық мектептер электр қазандықтармен жылынады.
Мектептерде қол өнер, домбыра, тоғыз құмалақ, шахмат дойбы, еркін күрестен үйірмелер өткізіліп отыр.
50 орындық «Еркетай» балабақшасында 36 бала тәрбиеленеді. 21 адам жұмыспен қамтылып отыр.
Әлеуметтік сала
Ауылдық округте кедейшілік деңгейін төмендетуге бағытталған жұмыстарын үнемі жүргізу мақсатында, округтегі учаскелік комиссия тұрақты жұмыс істеуде. Округте атаулы әлеуметтік көмек алатындар жоқ. 8 отбасы балалар жәрдемақысын алып отыр. Жұмыспен қамту орталығында 2014 жылы 3 адам тізімде тұрды, жұмыспен қамту бөлімі арқылы кәсіби оқуға 1 адам жіберілді. Ақылы қоғамдық жұмысқа жылдық жоспар бойынша 8 адам жіберілуі қажет, қазіргі күнге 6 адам қамтылды.
Жаңа жұмыс орындарын құру 2014 жылы жоспар бойынша 80 адам болса, орындалғаны-85 адам.
Сумен қамту
атауы
|
жеке меншік құбыр
/водокалонка /
|
ашық су көзінен
/каптаждар/
|
су алатын өзен саны
|
Ақсу
|
210
|
0
|
1
|
Жазаба
|
10
|
2
|
2
|
Ақшарбақ
|
1
|
2
|
1
|
Бекалқа
|
2
|
2
|
2
|
Талды
|
4
|
0
|
1
|
барлығы
|
227
|
6
|
7
|
Қызмет көрсету саласы:
Ауыл тұрғындарына «Казпошта» бөлімшесі мерзімдік басылым газет-журналдар тарату, зейнетақы, төлемақы, жалақы тағы да басқа түрлерін таратумен, «Казактелекомның» телефон станциясы телефон байланысымен қамту қызметін көрсетеді.
Ауылдық округтегі учаскелік полиция инспекторының сапалы жұмыс атқаруына жағдай жасалған. Қызмет орнымен, телефонмен, компьютермен жабдықталған.
|
2013
|
2014
|
Барлық тіркелген қылмыстар саны / ашылмаған қылмыстар
|
4 /4
|
4/4
|
ҚР ҚК 175 б. (ұрлық) ашылмаған
Соның ішінде мал ұрлығы/ашылмаған
|
0/0
|
0/0
|
Автокөліктен ұрлық /ашылмаған
|
0/0
|
0/0
|
Ағымды жылы 4 қылмыс тіркелген, оның ішінде ашылмаған қылмыс жоқ.
Әкімшілік жауапкершілікке 120 адам тартылған. Проф есепке 15 адам қойылған. Ауылдық округте қоғамдық тәртіптің сақталуына, қылмыстың алдын алуға және маскүнемдікпен күресудің нәтижелі болуына округте полицияның ерікті көмекшілері «Сарбаздар» тобы құрылып, айтулы күндері, мейрамдарда кезекшілікке шығып отырады. Округте ақсақалдар, қоғамдық және әйелдер кеңесі жұмыс атқарады. Кеңестерде әр-түрлі отбасылық мәселелер, спитрттік ішімдіктерге салынған адамдардың мәселелері талқыланады және шешіледі.
Көгалдандыру және көркейту:
Ауылдық округте «Туған жерге-тағзым» акциясы аясында әкімшіліктің, ауылдың ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен 90 мың теңге қаржы жиналып, «Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған аллеяның, балалар алаңының, би алаңдарының ішкі-сырқы қоршаулары сырланды. Осы жұмысқа балабақша қызметкерлері, мектеп ұжымы, «Ақсу-ДЭЕН» жұмысшылары белсенділік көрсетті.
Барлық мекемелердің маңайларына, ауыл тұрғындарының аулаларына 700 түп ағаш көшеттері отырғызылды. Мектептер, дүкендер гүлзарлар жасап әртүрлі гүлдер екті. Аудан әкімінің «Елді-мекендерді көркейту көгаландыру және санитарлық жағдайды қалыптастыру бойынша екі айлық өткізу туралы» қаулысы бақылауда болды. Барлығы 761 тонна қоқыс арнайы орынға шығарылды. Ауыл тұрғындары өз үйлерінің маңайларын тазартып, абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Ауыл тұрғындарының қоршаулары жаңартылып, шатырлары жабылды.
Ақсу ауылында 900 метр «Солоновочка» өзенінің арнасы тазаланып, тереңдетілді. 2 көпір күрделі жөндеуден өтті, 200 метр су ағатын арна қазылды. Ақсу ауылы бойынша 85, Жазаба ауылында 27 көше шамдары бар.
Ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында 18,0 млн теңге 7 жоба жоспарланып орындалды .
Мал шаруашылығын дамыту мақсатында:
1. Урконева Т. «Өр Алтай» кредиттік серіктестігі арқылы «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасына сәйкес 2,0 млн тенге көлемінде
2.Мажинов Адильбек «Болашақ» кредиттік серіктестігі арқылы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына сәйкес 2,5 млн тенге
3.Омарханов Рахат «Болашақ» кредиттік серіктестігі арқылы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына сәйкес 2,5 млн тенге
4. Болаев Махаббат «Өр Алтай» кредиттік серіктестігі арқылы «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасына сәйкес 2,0 млн тенге көлемінде
5. Мукушев Бердыбек «Болашақ» кредиттік серіктестігі арқылы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына сәйкес 3,0 млн тенге
6.Токобаев Асхат «Болашақ» кредиттік серіктестігі арқылы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына сәйкес 3,0 тенге
7. Джуасов Асан «Болашақ» кредиттік серіктестігі арқылы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына сәйкес 3,0 млн тенге кредиттер алды
Қаржылай қолдау қорынан: 7,9 млн.тенге
Какишев Ермек - 3,0 млн тенге, адам тасымалдау мақсатында,
Габдуллина Мадина – 1,9 млн.тенге, Нұрсолтанов Темиржан- 2,0 млн.тенге
Чиндагатаев Кабдраш-1,0 млн.тенге «Кәлім» кредиттік серіктестігі арқылы қаржылай қолдау қорынана сәйкес 1,0 млн тенге малбасын көбейту мақсатында шағын кредиттер алынды.
Кәсіпкерлік саласында:
7- азық-түлік дүкені, 2- наубайхана, 1 ем-дәрі заводы, 3-пантымен емдейтін орын, 32-шаруа қожалығы, 1- мал сою алаңы, 3- шағын ағаш тілетін қондырғы, 1 тігін цехы, 5- қымыз сауатын орын (ш/қожалығы) халыққа қызметін көрсетуде.
Ақсу ауылы бойынша:
1. Болаев өз қаржысынан 5,0 млн. тенгеге дүкен және 3,0 теңгеге наубайхана ашты.
2. Қазіргі кезде 2 наубайхана жұмыс істеп, ауыл тұрғындарын ыстық нанмен қамтамасыз етіп отыр.
3. Ақсу ауылында үнемделген қаржыдан 6 көше шамы орнатылды
Жазаба ауылы бойынша:
1.Киебаева Майра 3,0 млн теңгеге дүкен ашты.
2.Жазаба ауылына аудандық бюджеттен 1155,7 мың теңге көше шамдарын орнатуға бөлініп, 19 көше шамы орнатылды.
3. Бекалқа ауылы:
Ақсу-Бекалқа бағытындағы тас жолды жөндеу бойынша аудандық бюджеттен 13,0 млн.тенге қаржы бөлінді. «Нарын» КГП жұмыс жасады, қаржы толық игерілді.
Туризм саласы:
3-пантымен емдейтін орын, 5 қымыз ауылдары 2014 жылы 800 ге жуық туристерді қабылдады.
Елдегі тұрақтылықтың басты кепілі, реформаларды жүзеге асырудың, сол арқылы қоғамның дамуының негізгі факторы- Елбасымыздың салиқалы саясаты. Нұрсултан Әбішұлының алыстан ойлайтын, келешекті көретін қасиетінің арқасында еліміз бүкіл жаһанды құрсаған қаржы дағдарысынан бірнеше рет абыроймен шыға алды, қазір де, әлемдік экономиканың күрделі үрдістеріне қарамастан, Қазақстан дамудың оң динамикасын сақтап тұр.
Бүкіл дүние сұрауы көп, жауабы аз күрделі кезеңде тұр. Батыста , Шығыста келешегінен күткен мәселелердің күрмеуін шешуі тиіс. Қаржылық қиындықтар өз алдында, саяси және геосаяси жағдай ушығып тұрған, әрбір ел өзінің ішкі тұтастығын сақтап қалғысы келетін қазіргі кезде кім-кім де өзінің бары мен жоғын түгендейді. Елбасының Қазақстан халқына жолдауы дәл сондай тарихи күрделі кезеңде жарияланып отыр. Елбасы өзінің жолдауын жаңа жылды күтпей, қараша айында жарияланып отырғаны, Үкіметке оны іске асырудың жоспарлары мен тетіктерін жасауға мүмкіндік бергені деп ойлаймын. «Нұрлы жол-Болашаққа бастар жол» жаңа экономикалық саясат қазақстандықтарға болашаққа бастар бағыт жол көрсетіп отыр. Ауыл округінде барлық коллективтерде жолдау жан-жақты талқыланды, сонымен қатар ауданның үгіт насихат тобы аудандық мәслихаттың аппарат жетекшісі Бейімбет Болаевтың бастаған жұмыс тобы келіп халықпен кездесті. Біз де барша Қазақстандықтар сияқты алдымызға қойған мақсаттарымызды абыроймен орындауымыз керек. Жолдау аясында 2015 жылға келесідегідей бағдарламаны ұсынып отырмын:
1. Округтің үгіт-насихат топтарының жұмысын жандандырып ауыл жастарымен кездесулер өткізу. Жыл бойында.
2. Қоғамдық комиссиялардың жұмысын жандандырып жүйелі түрде жұмыс жасауларына қол жеткізу ауыл округі ішінде өткізілетін мәдени шараларға белсене ат салысуларын қамтамасыз ету. Жыл бойында.
3. «Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 70 жылдығын», «Қазақстан хандығының құрылғанына 550 жыл толуының», « Конституцияның 20 жылдығын», «қазақстан халықтары ассамблеясының 20 жылдығын», «Қазақ халқының классик, кемеңгер ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 170 жылдық мерей тойын» лайықты атап өту үшін жан жақты дайындықтар жасау, атап өту.
Жыл бойына.
4. «Шығыс қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Ақсу ауылдық округі ауылдарының 2014-2020 жылдарға даму доспарының орындалуын қамтамасыз ету. Жыл бойына.
5.Ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында шаруа қожалықтарымен, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктермен және ауыл тұрғындарымен жұмысты одан әрі дамытып аудан көлемінде атқарылып жатқан «Құлан», «Сыбаға», «Жайлау» бағдарламаларына қатысуын қамтамасыз ету.
Жыл бойына.
6.кіші және орта бизнесті дамыту мақсатында ауыл тұрғындарын ауданның « Жол картасы жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына қатысуларын қамтамасыз ету. Жыл бойына.
Ақсу ауылдық округінің әкімі М.Токбаев
Достарыңызбен бөлісу: |