КАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Рудный индустриалдық институты
Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және өнеркәсіптік экология кафедрасы
Техникалық және экономикалық мамандықтары студенттері үшін «Экология және тұрақты даму» пәнінен
БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫНА
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Рудный 2010
ББК 20.1
Авторлар: Улжагулова Г.А., Митина О.А. Техникалық және экономикалық мамандықтары студенттері үшін «Экология және тұрақты даму» пәнінен бақылау жұмысына әдістемелік нұсқау.- Рудный, РИИ, 2010. - 15 б.
Пікірсарапшылар: Куликова Г.Г., ӨТҚжӨЭ кафедрасының меңгерушісі, х.ғ.к.
РИИ ОӘК-мен басылымға ұсынылған
«Экология және тұрақты даму» пәні бойынша бақылау жұмысына әдістемелік нұсқау бақылау жұмысын орындауға және рәсімдеуге жалпы әдістемелік нұсқаудан, ұсынылған әдебиеттерден тұрады.
Әдістемелік нұсқау техникалық және экономикалық мамандығы бойынша сырттай оқу бөліміндегі студенттерге арналған.
Әдебметтер тізімі. 15 ат.
Институт ішінде колдану үшін
© Рудный индустриалдық институты
МАЗМҰНЫ
|
Кіріспе
|
4
|
1
|
Бақылау жұмысының құрылымы
|
5
|
2
|
Бақылау жұмысына тапсырмалар
|
5
|
3
|
Жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
|
10
|
|
Әдебиеттер тізімі
|
11
|
|
Қосымша А - Алғашқы парақты рәсімдеу үлгісі
|
12
|
|
Қосымша Б - Әдебиеттер тізімін рәсімдеу үлгісі
|
13
|
КІРІСПЕ
Сырттай оқу факультетінің студенттерінің негізгі оқыту сабақтарының бірі – оқу құралдарымен өздік жұмысы. «Экология және тұрақты даму» пәнінен олар келесі элементтерден тұрады: мәліметтерді оқу құралдарынан немесе оқулықтан оқып үйрену; бақылау жұмыстарын орындау; жеке кеңес беру; дәріс сабағына қатысу; пән бойынша емтихан тапсыру.
Алдын ала бағдарламадан тақырыптардың мазмұнымен танысып, тақырыптар бойынша курсты оқу ұсынылады. Курс материалдарының бағдарламадағы орналасуы оқулықтағы орналасу ретімен сай келе бермейді. Курсты оқу барысында кітаптың соңындағы пәндік көрсеткішті қолданыңыз. Оқығанда, қойылған сұрақтарға жалпы жауапты анықтап, қиын, түсініксіз жерлерін белгілеп отырыңыз.
Экология және тұрақты даму пәнін оқып үйрену процесінде студент бақылау жұмысын орындау қажет. Бақылау жұмысында қойылған сұрақтарға нақты жауап беріп, сұрақты толық ашу керек. Орындалған тапсырма кафедраға тексеруге тапсырылады. Жұмыста орындаған мезіммен студенттің қолы болу керек.
Егер бақылау жұмысы сыналмаса, пікірсарапшының нұсқауымен қатемен жұмыс жасау қажет.Өзге нұсқа бойынша орындалған бақылау жұмысы пікірленбейді және сыналмайды.
Құжаттың мәтінін келесі шамаларды қолданып жазу немесе теру қажет: сол жақ – 30 мм кем емес, оң жақ – 10 ммкем емес, жоғарғы жақ – 15 мм кем емес, төменгі жақ– 20 ммкем емес. Құжаттың мәтіні бір жарым интервалмен теріледі.
Мәтінді құжаттың негігі бөлімдерінің атауын жаңа беттен, абзацтан бастайды, 14 шрифтпен тереді. Мәтін мен атаудың арасындағы аралық машинамен тергенде 2 интервал, қолмен жазғанда 15 мм болуы керек. Бөлім атауымен бөлімнің арасы 1 интервал, қолмен жазғанда 8 мм.
Құжат бойында бөлімдер араб санымен, нүктесіз, абзацтан ретпен нөмірленеді.
Жұмыстың «Мазмұны», «Кіріспе», «Қорытынды», «Әдебиеттер тізімі» құрылымдық элементтерінің атауы жолдың ортасында нүктесіз, 14 шрифтпен жазылады.
Бақылау жұмысының беттерін араб санымен нөмірлейді. Беттің нөмірін ортасына, төменде қояды.
Бірінші бет алғашқы парақ болады және беттің нөмірі онда көрсетілмейді.
Жұмыстың соңында көрсетілген талаптар бойынша рәсімделген қолданылған әдебиеттер тізімі болады (қосымша Б).
Орындалған жұмыс тексеріске сессия басталуының бірінші аптасынан кеш тапсырылмауы қажет. Оқытушымен тексерілген жұмыс ауызша қорғалады. Бақылау жұмысын қорғаған студенттер, емтихан тапсыруға жіберіледі.
1 БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Бақылау жұмысы алғашқы парақтан, тапсырмалар тізімінен, қойылған сұрақтардың жауабынан және әдебиет тізімінен тұрады.
Алғашқы парақ А қосымшасы бойынша рәсімделеді.
Әрбір теориялық сұрақтың жауабы таза беттен бастап рәсімделеді.
Әдебиеттер тізімі Б қосымшасы бойынша рәсімделеді.
Студент бақылау жұмысының мезгілінде орындалуына және мазмұнына жауапты.
2 бАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫНА ТАПСЫРМА
-
Қоршаған ортаның ғаламдық проблемалары. Қоршаған ортаны қорғау облысындағы Халықаралық ынтымақтастық. Қазақстан және халықаралық ынтымақтастық.
-
Биосфера, В.И.Вернадскидің биосфера және ноосфера туралы ілімі. Биосфераның эвалюциясы – тірі ағзалардың және тірі емес кешендердің даму процесі. Биокостық денелер.
-
Биосфера. Биосферадағы тірі заттардың құрамы, қасиеті, таралуы. Тірі заттардың қасиеті. Ноосфера. Ноосферадағы адамның рөлі. Өдірістік кәсіпорындардың және адамзаттың экологиялық жауапкершілігі.
-
Экологияның мақсаттары мен міндеттері. Биогеоценоз (экожүйе) – биосфераның қарапайым құрылымдық бірлігі, қасиеті құрамы.
-
Қазіргі заманғы экологиялық дағдарыс – өдірістік қоғам дамуының нәтижесі (мән, кескіні, масштабы). Шешу жолдарыҚоршаған ортаны қорғау тұжырымы. Рим клубының жұмысы.
-
Биосфераның эвалюциялық дамуындағы табиғи экологиялық дағдарыс. Экологиялық төңкерістер. Биосферадағы атмосфера, гидросфера, және литосфераның антропогендік ластануының салдары.
-
Ксенобиоттар және поллютанттар. Энергетикадағы ластану. Жылу және атом энергетикалық кәсіпорындар жұмыстарының салдарынан қоршаған ортаны қорғау шаралары.
-
Жылуэлектрстанцияларының жұмыстарынан биосфераның ластануы. Энергияның альтернативті көздері – қоршаған ортаның ластануын төмендетудің түрі.
-
Атмосфера, оның құрамы, биосферадағы рөлі. Жылуэлектрстанцияларының жұмыстарынан ауа бассейнінің ластануы. Отынның түрлерінен және оның толық, жартылай жануынан тәуелділігі, түрлері, масштабы.
-
Өндіріс кәсіпорындары жұмыстарының биосфераға антропогендік әсері. Жылуэлектрстанцияларының жұмыстарындағы (жылулық, химиялық) су бассейні қалпіне антропогендік әсері.
-
Азқалдықты және қалдықсыз процестер,технологиялар, өндірістер: ұғымы, қалдықсыз процестердің негізгі белгілері мен принциптері. Ресурстарды кешенді қолдану. Шикізатпен энергияны тиімді қолдану. Материалдық ағымдардың циклдігі. Қалдықтарды, энергияны, шикізаттарды толық қолдану үшін технологиялық процестерді және өндірістерді бірлестіру.
-
Атмосфера, оның құрамы, биосферадағы рөлі. Атмосферадағы атропогендік жағымсыз құбылыстар (қышқыл жаңбырлар, фотохимиялық у түтін, шаңдану, озон тесігі, көшетхана эффектісі). Өсімдіктер, адамдар, жануарлар үшін зардабы.
-
Көміртек айналымы. Фотосинтез – табиғаттағы көміртектің экологиялық теңділігінің негізі. Көшетхана эффектісі және халықаралық және ұлттық деңгейде онымен күресу шаралары.
-
Экожүйе жайлылығы (гомеостаз). Экологиялық проблемалар, себептері, түрлері. Шаңдану – ғаламдық экологиялық проблема. Шаңдатуды төмендету тәсілдері.
-
Техносфера. Экологиялық проблемалар, себептері, түрлері. Фотохимиялық у түтін – қазіргі қоғамның даму сатысындағы ғаламдық техногенді экологиялық проблема. Онымен автокөлікте күресу шаралары.
-
Атмосфераның физикалық ластануы. Шудың антропогендік және табиғи көздері. Шудың адамға, өсімдіктерге, жануарларға әсері. Осы экологиялық факторға тірі ағзалардың тұрақтылығының шегі.
-
Шу, ультрадыбысты, инфрадыбыс - атмосфераның ластануы. Ультрадыбыстың, инфрадыбыстың антропогендік және табиғи көздері. Ультрадыбыстың, инфрадыбыстың адамға, өсімдіктерге, жануарларға әсері. Осы экологиялық факторға тірі ағзалардың тұрақтылығының шегі.
-
Экологиялық проблемалар: түрлері, деңгейлері. Аймақтық және ғаламдық тұрғыда қоршаған ортаның радиоактивті ластануы. Адамға, өсімдіктерге, жануарларға, микроағзаларға әсері. Тірі ағзалардың радиацияға бейімделуі.
-
Биосферадағы заттар айналымы. Табиғи және антропогендік айналымдар, ұқсастықтары және айырмашылығы 1 % ережесі. 10% ережесі.
-
Биоәралуандылық. Экологиялық факторлардың биоәралуандылыққа әсері. Қазақстан және биоәралуандылық.
-
Гидросфераның негізгі ластанулары (мұнай және мұнай өнімдері, пестицидтер, СЖҚ, ауыр металдар, органикалық заттар, коммуналдық және тұрмыстық қалдықтар). Адамға , су өсімдіктеріне, жануарларға тиетін зардабы. Тірі ағзалардың радиацияға бейімделуі.
22. Гидросфера. Гидросфераның сапалық сипаттамалары. Биосферадағы гидросфераның ролі. Қазақстанның су ресурстары. Су пайдалану, сумен қамту. Су пайдалану, сумен қамтудағы антропогендік ластанудың түрлері және көлемдері.
23. Гидросфера. Биосферадағы гидросфераның ролі. Су тұтыну. Су тұтынудағы гидросфера ластануының көздері, масштабы. Су ресурстарын біріншілік және екіншілік ластау. Ластанудың деңгейін, түрлерін төмендетудің шаралары.
24. Топырақ, топырақтың биосферадағы ролі. Топырақты қайта құнарландыру. Қайта құнарландыру жұмыстарының сатылары. Тау кәсіпорындарында, құрылыстағы, өндірістегі қайта құнарландыру. Экологиялық аудит.
25. Топырақ, құрылымы, құрамы, бисферадағы ролі. Жер ресурстарының таусылу көздерімен себептері. Эрозия. Түрлері, көздері, салдары. Эрозиядан қорғау әдістері.
26. Топырақ, топырақтартардың түрлері, құрылымы. Жер ресурстары.
Жер ресурстары жойылуының және ластануының көздері мен себептері. Топыраққа антропогенді және табиғи әсер ету.
27. Топыраққа антропогенді әсер ету. Топырақ тұздалуының және батпақталуының антропогендік факторлары, олармен күресу түрлері.
28. Топыраққа антропогенді әсер ету. Аймақтың табиғи және антропогендік шөлденуі – ғаламдық экологиялық проблема, оны шешу жолдары.
29. Ландшафтар, климаттық зоналар және т.б. экожүйелер. Түрлері, құрамы. Экожүйеге антропогенді әсер ету.
30. Тірілер деңгейі. Популяция. Популяция қасиеттері. Популяцияның әрекеттесуі. Биоценоз. Халық шаруашылығында табиғи биологиялық ресурстарды қолдану.
31.Экожүйедегі қоректену және қоректік тізбек. Экологиялық пирамида. Экожүйедегі қоректену тізбегіне адамның әсері. Адам денсаулығының және қоректену тізбегінің антропогендік ластануы.
32. Экожүйенің уақыттағы дамуы.Сукцессия, сатылары, түрлері. Климаксты биоценоздар. Сукцессияға антропогенді әсер ету. Жасыл желек ағаш екпелерінің атмосфера ауасынының ластануын төмендетудегі ролі.
33. Өндірістік және тұрмыстық қалдықтар . Өндіріс және тұрмыстық қалдықтарының көлемімен түрлері. Сақтау және жою, тұрмыстық қалдықтардың өнеркәсіптік қалдықтармен салыстырғандағы қоршаған ортаға әсер ету дәрежесі.
34. Табиғи реустар және оның маңызы. Халық шаруашылығындағы ресурс сақтау проблемалары. Ресурс сақтау проблемаларын шешу жолдарының бірі – өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеудің негізгі әдістері.
35. Табиғи реустар және оның маңызы. Табиғи ресурстардың классификациясы. Аймақтың табиғи күш қуаты. Табиғи орта және адам аурулары. Адамның бейімделуі және қатты ширығуы (стресс).
36. Тау өндірісі қалдықтарының құрамы, құрылымы, қасиеті және қоршаған ортаға әсері. Экологиялық мониторинг, түрлері, деңгейлері, құру жолдары.
37. Тұрақты даму. Тұжырымдар, индикаторлар, белгілер. Қазақстанда тұрақты дамуды жоспарлау және орындау.
38.Орта және оның ағзалармен байланысы. Экологиялық факторлар. Ағзаларға экологиялық фактор әсерінің деңгейі. Ағзалар – қоршаған ортаның ластануының индикаторлары. ҚОӘБ.
39. Экологиялық факторлар. Экологические факторы. Ағзаларға экологиялық фактор әсерінің деңгейі – популяциялық, түрлік экожүйе деңгейі.Лимиттеуші факторлар және оның классификациясы. Кәсіпорын жұмысында лимиттеуші факторларды тіркеу.
40. Табиғи ресурстар. Либих заңы және табиғи шикізаттарды тиімді қолдану. Табиғи шикізаттарды тиімді қолдану сұрақтарын шешудегі стратегиялық бағытының негізінің бірі – процесстермен өндірістердің азқалдықты принципі.
41. Қоршаған ортадағы ластануды нормылау. Тұжырымдар, принциптер. Шелфорд заңы және ластануды нормылау. ШРШ, ШРТ, ШРД және т.б. ғылыми-техникалық нормылау белгілері.
42.Биоценоз. Құрамы және құрылымы.Биоценоздағы қарым-қатынас (биоталық факторлар). Табиғи экожүйені және биоәралуандылықты сақтап қалу. Табиғи тізбекті реакциялар..
43. Техносфера. Атмосфера ластануының ғаламдық салдары: Жер климатының, радиация, жылу деңгейінің өзгеруі. Әлемдік мұфиттың иондық құрамы. Экологиялық зерттеу әдістері.
44. Техносфера. Топырақты ауыр металдармен ластау көздері, түрлері, масштабтары. Өсімдіктерге, жануарларға, микроағзаларға, адамға ауыр металдардың әсері. Топырақты ауыр металдардан қорғау әдісі. Азық-түлік қауіпсіздігі.
45. Гидросфераны органикалық заттармен ластау, көздері, түрлері, масштабы, салдары. Су айдынын эвтрофикациялау. Сулы экожүйенің құнарлығы және эвтрофикация. Гидросфера объектілерін органикалық заттардан қорғау.
46. Гидросфераны мұнай және мұнай өнімдерімен ластау, көздері, масштабы. Мұнай және мұнай өнімдерінің гидросфера объектілеріне және су мекендеушілеріне экологиялық қаупі. Гидросфераны мұнай және мұнай өнімдерінен сақтау және қорғау.
47. Қоршаған ортадағы ластануды нормылау. Шелфорд заңы және ластануды нормылау. Гигиеналық және экологиялық критерилер (белгілер). ШРК жүйесі. Уақытша нормативтер: УРК және т.б.
48. Қазақстан Республикасының нормативті құжаттарында және заңдарында су бассейнін қорғау. Осы аймақтағы экологиялық заңдылық жүйесі, көздері, классификациясы.
49. Қазақстан Республикасының нормативті құжаттарында және заңдарында ауа бассейнін қорғау. Осы аймақтағы экологиялық заңдылық жүйесі, көздері, классификациясы.
50. Қазақстан Республикасының нормативті құжаттарында және заңдарында топырақпен ландшафтарды қорғау. Осы аймақтағы экологиялық заңдылық жүйесі, көздері, классификациясы.
3 БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫН ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Сұрақтарды ұқыпты көшіру қажет, әр сұрақ нөмірленеді және жауаптан бөлінеді. Жұмыстың көлемі 15-20 бет
Көбірек әдебиеттерді қолданып, әртүрлі авторлардың берілген проблемаға көзқарастарын қолданып, теориялық сұрақтарды терең ашу керек. Мәтінде сұрақтың мазмұнына сәйкес үлгілер, суреттер, сызбалар келтіріледі. Сандық белгілерді кесте түрінде келтіру ұсынылады. Теориялық сұрақтарға жауаптарды ұсынылған әдебиеттерден табуға болады [1-15].
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Акимова Т.А., Хаскин В.В. Экология: человек - экономика – биота- среда, учебник для вузов, 2е изд. перераб и доп. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2001, 566с.
2. Степановских А.С. Охрана окружающей среды. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2003. – 559 с.
3. Панин М.С. Экология казахстана. – Семипалатинск. Семипалатинский гос. пед. институт, 2005. – 548 с.
4. Гридэл Т.Е. Алленберг Б.Р. Промышленная экология. ЮНИТА – ДАНА, 2004. – 514 с.
5. Новиков Ю.В. Экология, окружающая среда и человек: уч. пособие для
вузов. - М.: агентство ФАИР, 1998, 320 с.
6. Хван Т.А. Промышленная экология. – Ростов н/Д «Феникс» 2003 – 320 с.
7. Реймерс Н.Ф. Природопользование: словарь-справочник. - М.: Мысль,
1990.
8. Экология / Под ред. проф В.В Денисова. – М: НКЦ «МарТ»; Ростов н/д: Издательский центр «МарТ», 2006 -768 с.
9. Инженерная экология. / Под ред. проф. В.Г. Медведева. – М.: Гардарики, 2002. – 687 с.
10. Цветкова Л.И., Алексеев М.И. и др. Экология для технических вузов/под ред. Л.И.Цветковой - М.: изд-во АСВ, СПб, Химиздат, 1999, 488с.
11. Шилов И.А. Экология: уч.пособие, 2е изд., испр. - М.: Выс.шк., 2000,512с.
12. Певзнер М.Е., Костовецкий В.И. Экология горного производства. - М.:Недра, 1990.
13. Панин М.С. Химическая экология. – Семипалатинск. Семипалатинский гос. пед. институт, 2002. – 854 с.
14. Экологический кодекс РК от 08.01.07 г.
15. Закон об охране, использовании и воспроизводстве животного мира в РК, 2002.
ҚОСЫМША А
(міндетті)
Алғашқы парақты рәсімдеу үлгісі
КАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Рудный индустриалдық институты
Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және өнеркәсіптік экология кафедрасы
БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ
«Экология және тұрақты даму» пәні
Аға оқытушы:
___________ Г.А.Улжагулова
(қолы)
«____» _____________ 20___ г.
Студент:
____________ Б.С. Ахметов
(қолы)
Группа: ЗМЕТ–06
сынақ кітапшаның № _________
«____» ______________ 20 ___г.
Рудный 20__
ҚОСЫМША Б
(міндетті)
Әдебиеттер тізімін рәсімдеу үлгісі
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Акимова Т.А., Хаскин В.В. Экология: человек - экономика – биота- среда, учебник для вузов, 2е изд. перераб и доп. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2001. 566с.
2. Степановских А.С. Охрана окружающей среды. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2003. – 559 с.
3. Панин М.С. Экология казахстана. – Семипалатинск. Семипалатинский гос. пед. институт, 2005. – 548 с.
КАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Рудный индустриалдық институты
ӨТҚ жәнеӨЭ кафедрасының мәжілісінде қарастырылды
Хаттама № ____ _____________ 2010ж.
Кафедра меңгерушісі _____________ Г.Г.Куликова
ҚБ ФАӘК мәжілісінде мақұлданды
Хаттама № ____ ______________ 2010ж.
ҚБ ФАӘК төрайымы ______________ А.Ө.Есжанова
ОӘК мәжілісінде бекітілді
Хаттама № ____ ______________ 2010ж.
ОӘК төрағасы _________________ Л.Л.Божко
Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және өнеркәсіптік экология кафедрасы
Улжагулова Г.А.
техникалық және экономикалық мамандықтары студенттері үшін «Экология және тұрақты даму» пәнінен
БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫНА
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Рудный 2010
Достарыңызбен бөлісу: |