2014 жылы жасалған жұмысы туралы таврия ауылдық округі әкімінің есебі құрметті Таврия ауылының тұрғындары, шақырылғандар! Президенттің «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізуі»



Дата23.02.2016
өлшемі154.28 Kb.
#11435
2014 ЖЫЛЫ ЖАСАЛҒАН ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ

ТАВРИЯ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІ
Құрметті Таврия ауылының тұрғындары, шақырылғандар!
Президенттің «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізуі» туралы Жарлығына сәйкес әкімдерге жылына бір рет елге есеп беруді тапсырған. Елде жүргізіліп жатқан әлеуметті - экономикалық және саясаттық реформалары туралы халықтың ақпараттандырулуын көтерулуіне, сондай-ақ Таврия ауылдық округінің тұрғындарының ел экономикасының дамуына қосқан үлестеріне бағытталған.

Менің, 2014 жылы жасаған жұмысымның және 2015 жылың мәселелері туралы есеп облыс, аудан басшыларының қатысуымен өтуде.

Қездесуге қатысыда:

Сондай-ақ есепке қатысуға шақырылғандар: аудан мәслихатының депутаттары округ мекеме, үйымдарының басшылары, шаруа қожалықтарының басшылары, жеке кәсіпкерлер.


Таврия ауылдық округіне 4 елді мекен кіреді - Таврия, Гагарино, Пролетарка, Ақтөбе ауылдары. Округ көлемінде: 4 мектеп, мәдениет Үйі, № 2 аудандық сот, кенттік полиция бөлімі, ХҚКО, банк бөлімі, Қазпошта, аудандық аурухана, екі дәріхана, мал дәріханасы, Гагарино ауылдық клубы, ауылдық кітапхана, 4 мектептердің жанында балалар кіші орталықтары, кафе, дәмханалар халыққа қызмет көрсету орталығы. Ауылдың үстімен ұзындығы үш шақырымға жуық республикалық қарқынды қозғалыста тас жолы өтеді.
БЮДЖЕТ
2014 жылғы округ бюджеті 49,032 мың теңгені құрады, өткен 2013 жылмен салыстырғанда 43 % кем.

Елді мекендердің дамуы шеңберінде «2020 – жұмыспен қамту» Бағдарламасы бойынша Таврия а. Қ. Қасенов көшесіне орта жөндеу жұмысына 22,651 мың теңге бөлінді.



АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК
Округтің басты саласы ауыл шаруашылық. Округ көлемінде 78 қалыптастырулар орналасқан – 75 шаруа қожалығы және 3 ЖШС. Ауыл шаруашылық жерлердің жалпы көлемі 57,5 мың гектардан астам, оның ішінде – 24,7 мың гектар егіндік, қалғаны жайылым және шабындық.

Ағымды жылы 24,0 мың гектар жер егілді немесе 97,2 % егіндік.

Астықтың жалпы түсімі 115214 центнерді құрады, алдыңғы жылдан 25840 центнерге көп. Округ бойынша орта егін шығымдылығы гектарынан 12,4 центнер 2013 жылдан 30% көп. Күнбағыстың жалпы түсімі 59155,9 центнер 2013 жылдан 2,0 есеге көп, гектарынан 6,2 центнер 2013 жылдан 10,8 ц.

86 мың тонна пішен дайындалды жоспардан артық, 101% құрады.



Өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығының негізгі көрсеткіштерінің дамуының өзгерістер серпінін слайдтан көре аласыздар.

2014 жылдың ет өндірісі 5755 центнерді құрады 2013 жылға 97,4%. Сүт өндірісі 47 475 центнер немесе 107,9%, жұмыртқа – 975,4 мың дана немесе 2013 жылға – 100,3%.

Жүн өндірісі - 145 центнер, 2013 жылға 210%, осы 2014 жылы қой басының ұлғайуының арқасы.

Жеке қосалқы және шаруақожалықтарда ІҚМ басы 3451 бас немесе 2013 жылмен салыстырғанда 100,7 % құрады. Сиыр басы 123 басқа ұлғайды. ҰҚМ басы - 3954 бас, 2013 жылмен салыстырғанда 100,6 % құрады. Шошқа - 522 бас 2013 жылмен салыстырғанда 612 басқа азайды. Жылқы 1456 бас немесе 113%, 2013 жылдан 171 бас көп. Құс 7950 бас немесе 100,6% 2013 жылдан 50 бас көп.






п/п

Көрсеткіштер

2014 год

2013 год

%

Басы +,-

1

ІҚМ басы

3451

3425

100,7

+26

2

оның ішінде сиыр

1534

1411

108,7

+123

3

ҰКМ басы

3954

3931

100,6

+23

4

Жылқы басы

1456

1285

113,3

+171

5

Шошқа басы

522

1134

- 46,1

- 612

6

Құс басы

7950

7900

100,6

+50

7

Ет, цн

5755

5789

97,4

-34 цн.

8

Сүт, цн

47745

44010

+107,9

+3735 цн.

9

Жұмыртқа, цн

975,4

972,7

+100,3

+2,7 тыс.шт.

Халық жайылымның жоқтығына алаңдау білдіруде. Бұл мәселе бақылауда ұстаулы, аудандық жер қатынастар бөлімімен бірігіп жерлердін түгендеуін жүргізіп, Мал басы жоқ қожа шаруашылықтарының жерлерін (шабындық, жайылым) алып мал басын көбейтетін азаматтарға беруді жоспарлаймыз, сонымен жеке шаруашылықтар мал басын көбейтеді.

Ағымды жылы барлық ауылшаруашылық қалыптастарға субсидиялар бөлінді өсімдік шаруашылығы бойынша 32135 мын теңге, мал шаруашылығы «Агробизнес – 2020» бағдарламасы бойынша 9076873 теңге, «Гагарино – несие» НС арқылы жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша округ тұрғындары 12 млн. теңге несие алды. ІҚМ – 41бас, ҰКМ – 67 бас сатып алынды.

2014 жылы ауылшаруашылық техника жаңадан 52040,0 мын теңгеге сатып алынды оның ішінде 15763,0 мың теңгеге трактор, 25900,0 мын теңгеге комбайн, 10377 мың теңгеге аспалы құралдар.

2014 жылы «Эпизоотикалық ахуалды қамтамасыз ету» бағдарламасы округ бойынша мезгілімен орындалды. Бруцеллезге 3000 ІҚМ басы, 4600 ҰҚМ бас зерттелді. Аса қауіпті карантиндік аурулар бойынша, округ ойдағыдай болып танылды.

Ниет білдірген округ тұрғындары, шаруа қожалықтары және кәсіпкерлер өз өнімдерін облыстық, аудандық демалыс күнінің жәрмеңкелеріне қатысты.

Ауыл шаруашылық, кәсіпкерлік мәселелері бойынша тұракты түрде жұмыс жүргізулуде мүмкіндік көмек көрсетіледі. Кәсіпкерлікті бастаймын дегендерге көмек – құжаттарды рәсімдеуге кеңес беру көрсетіледі. 2014 жылы мемлекеттік «Даму» бағдарламасы бойынша 3 семинар өткізілді, онда 17 тыңдаушыларға дәріс берілді, олар сертификат алды. «Жұмыспен қамту Жол картасы 2020» бағдарламасының үш бағыты бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламасы бөлімі 3 семинар өткізді. Жыл барысында малшаруашылығын дамуы үшін «Құлан», «Сыбаға», «Жайлау» т. б. мемлекеттік несие бағдарламалар бойынша түсініктемелік жұмыс жүргізілді.

КІШІ БИЗНЕС
Таврия ауылдық округі бойынша кіші бизнес саласында 57 ЖК тіргелген, онда 320 адам жұмыс істейді. 34 дүкен, 7 кафе-бар және дәмханалар, жиһаз жасау және жөндеу цехтары,аяқ-киім жөндеу цехы, 2 дәріхана, ветдәріхана, 3 шаштараз, суретсалоны, 3 техникаға қызмет көрсету стансасы, автодөңгелек жөндеу цехы, ЖҚС өз қызметтерін көрсетуде.

Таврия а. 2014 жылы «LM» дүкені, ауылшаруашылық техника бөлшектерінің дүкені ашылды, Кучерин ЖҚ 90 млн. теңгеге жаңа жиһаз цехын қолдануға берді, жеке құрылыс бойынша «Констарт» атты ЖШС құрылды, ауылшаруашылық өнімдерін сатуға сауда қатары ашылды.

Инфляциялық үдерісті ұстау үшін, бірінші қажетті тауарларға бағалар мониторингі жүргізіледі. Күн көрісі төмен тұрғындарға дүкендерде әлеуметтік сөрелер ұйымдастырылған, онда төмен бағалы бірінші қажетті азық-түлік сатылады.
ӨНДІРІС
Округте қайта өндеу бойынша 5 цех жұмыс істейді: 2 наубайхана, диірмен (Н. Дергачев), күнбағысты қайта өңдеу цехы («Изумруд» ШҚ), сут жинап қайта өндеу цехы «Багратион - Ұлан» ЖШС.

«Изумруд» ШҚ өткен, 2014 жылы, күнбағыс майы 75 тонн 15 млн. теңге, нан-тоқаш бұйымдары - 263 тонна 23703,1 мың теңгеге өнім шығарылды.

«Багратион-Ұлан» ЖШС 3118 тонна сүт өнімдері шығарылды өткен жылдан 110 % көп

2014 жылы «Багратион –Ұлан» ЖШС 17333,0 мың теңге.негізгі капиталға инвестиция салды, оның 11019,0 мың теңге йогурт және бумаланған сүт жемісі қолдануға енгізілді.


ӘЛЕУМЕТТІК САЛА ЖӘНЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ
Округ көлемінде 760 жуық зейнеткерлер, 3 мыңнан астам жұмысшылар, 3 ҰОС ардагері, 2 тыл еңбеккері, соғыс жылдары медалмен марапатталған, 24 ақталған азаматтар 12 соғыс ардагерлерінің жесірлері, 114 тыл еңбеккерлері соғыс жылдары 6 айдан кем емес жұмыс істегендер.

2015 жылдың 01.01. жұмыспен қамту орталығында 11 жұмыссыз тіркелген.

59 жұмыссыздар төлемақылы қоғамдық жұмыстарда жұмыс істеді, 3956,8 мың тенге игерілді.

Соғысқа қатысқандарға және мүгедектерге, сондай-ақ соғысқа қатысқандармен теңестірілген тұлғаларға айсайын коммуналдық қызметіне материалдық көмек 5000 теңге және 2000 теңгеден дербес зейнеткерлерге төленеді.

3 отбасына (12 адам) арнайы әлеуметтік көмек 168,8 мың тенге көрсетілді, 2013 жылмен салыстырғанда 4 отбасына азайды (10 адам) және 422,1 мың теңгеге.

33 отбасы (77 бала) 926,5 мың теңге балалар жәрдемақысын алды, 2013 жылмен 21 алушыға 441,8 мың теңге азайды.

2014 жылы ең төмен күнкөріс деңгейінен кіріс 60% құраған еңбеккежарамды жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтыған, азқамтылғандар үшін, «Өрлеу» атты жаңа жоба іске кірді. 5 келісім 17 алушыларға сомасы 497,5 мың теңгеге жасалды.

189 азаматқа, сатып алған көміріне, 2824,4 мың теңгеге тұрғындық көмек берілді.

АӘЖ, МБЖ, тұрғын үй жәрдемақысын алушылардың үрдісі азаюы жүруде.

32 қарт және жалғызбасты азаматтарға үйде 5 штаттық әлеуметтік жұмыскерлер қызмет көрсетуде.

2014 жылы 124 азқамтылған азаматтарға 741,0 мың теңгеге материалдық көмек көрсетілді.

29 көпбалалы аналарға 290,0 мың теңгеге материалдық көмек көрсетілді. Округ бойынша 108 жеңілді санатты азаматқа газеттерге тегін жазылу, 232,0 мың теңге ресімделді.



  1. ы «Жол картасы 2020» бойынша:

  • 12 жұмыссыз әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істеді, 1437,3 мың теңге игерілді, бүгінгі таңда «Иванченко», «Нестеренко», «Цукаев» ШҚ, «Нестеренко» ЖК жұмыс істейді.

  • «Жастар тәжірибесі» бойынша 6 жас маман жұмыс істеді, 570,2 мың теңге игерілді.

  • Бірінші бағыт бойынша – инфраструктура, тұрғын үй – коммуналды шаруашылықтың дамуы Таврия а. Қ. Қайсенов көшесінде орта жөндеу жұмысы өткізілді, сомасы 22651,0 мың теңге, 7 жаңа жұмыс орыны құрылды.

  • Екінші бағыт бойынша кәсіпкерліктің дамуына жәрдемдесу.

  • Мал шаруашылығының дамуына 8 жоба өтті 8 жаңа жұмыс орыны құрылды.

2014 жылы 9 мамырда 55 тыл еңбеккерлеріне 126,0 мың теңгеге демеушілік қөмек көрсетілді. Қарттар Күніне 72 адамға 235,9 мың теңгеге демеушілік көмек көрсетілді. Азқамтылған отбасыларына 100,0 мың теңгеден астам киім кешек таратылды.
ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯНЫҢ ДАМУЫ

2014 жылы «Қазақтелеком» АҚ филиалы келесі шаралар өткізді:

1. Өскемен қаласы - Таврия а. АМТС-тан волоконды – оптикалық супермагистралдің байланыс желісінің құрылысы. Бүгінгі күнге жұмыстар аяқталды бірақ, желіні қосу үшін, жаңа құралдар қажет, жуықта келуін тосуда.

2. Таврия а. Песчаная көшесі, Дербышева көшесі бойынша телекоммуникациялық желісінде ағымды жөндеу өтті (28 дана апатты тіректер, Интернетке шығудың жақсылығы үшін, 2,5 км тозған сымдардар ауыстырылды бөліс кабелі 700 м).


2015 жылға міндеттер

1. Таврия а. «Мегалайн» деректерін ұлғайту.

2. Таврия а. Инициативная, Заречная көшелері, Гагарино а. Северная көшесі телекоммуникация желілеріне ағымды жөндеу (апатты тіректерді, бөліс кабелі, тозған сымдар ауыстырылды).

3. Пролетарка а. АМС (антенно-мачтовое сооружение) орнату, ауыл тұрғындары Интернет желісіне қол жетімділін қамтамасыз ету үшін ЦРРЛ (цифровая радио-линейная линия) монтажы және орнатуы.


КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ
Таврия «Коммунальник» КММ 21,4 шақырым негізгі суқұбырына 7,6 канализацияға қызмет көрсетуде.

Мекемеде 21 адам жұмыс істейде оның 18 өндірісте, 3 әкімшілікте.

Мекеме балансында – 2 көтермелік сорғыштармен 1 су тартқыш, 9 ұңғыма, сиымдығы 200 текше м. су айдауыш мұнара, сиымдылығы 250 текше м. 3 таза су резервуары, КСС, гараж және қоймалар, диспетчерлік пункт, эксковатор, 4 автотехника.

Бүгінгі таңда «Коммунальник» КММ 24 ұым, мекемелерге қызмет көрсетуде, Сумен қамтамасыз ету қызметімен 662 абонент немесе 1583 адам оның ішінде жеке су есебін есептеуштермен канализацияны қоса 277 адам, канализациясыз 823 адам, ЖСЕ канализациясымен 76 адам, канализациясыз 153 адам, су тіреуштерінен 254 адам қолданады.

2014 жылы жергілікті бюджеттен 13800,0 мың теңге бөлінді, сатып алынды: ауыл шаруашылық тиеу көлігі, 1- УАЗ автокөлік.

2015 жылы 6500,0 мың теңгеге манипулятор сатып алу жоспарлануда.


БІЛІМ
Округте 2 орта мектебі – Таврия, Гагарино а. және 2 негізгі білім – Пролетарка, Актөбе а..

Мектептерде 395 бала оқиды, мектеп алдындағы сыныптарда 56 бала, оку екі тілде жүргізіледі, екі маусымда, сынып бөлмелері жетіспейді.

Кіші орталықтарында 96 бала тәрбиеленуде, «Дипломмен ауылға» - атты бағдарлама бойынша жұмыс істеуде. Мектептерде 95 ұстаз оның ішінде 10 жас мамандар жұмыс істейді. Гагарино орта мектебіне осы оқу жылында бағдарлама бойынша 3 жас маман келді - математика, ағылшын тілі мұғалімдер және мектеп алдындағы дайындық мұғалім. Тұрғын үй сатып алуға бюджеттен 2181,0 мың теңге қаражат бөлінді. Көтерме қаражаттық сомасы 498,0 мың теңге. Гагарино а. жас мамандар үшін қызметтік пәтер алу туралы сауал ашық тұр.

Бүгіні күні өзекті мәселе кадрлар. Таврия орта мектебіне физика, орыс тілі, биология, музыка, психолог және тәрбиеші мамандары қажет.

Білім сапасы тұрақты. 2014 жылы БҰТ қортындысы 75,3 %, 2013 жылғы көрсеткіштен жоғары (72,3 %)

1-4 сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен тамақтанады.

Мектептер барлық ауылдық, аудан, облыстық және республикалық спорт, мәдени, қоғамдық іс шараларға белсене қатысады. Мектеп оқушылары облыстық ғылыми – тәжібилерлік «Дарын» орталығы өткізетін интеллектуалдық ойындарға, аудандық олимпиадаларға, конкурстарға, спорт жарыстарына белсене қатысып жүлделі болып қайтады.

Соғыс ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне, жалғыз басты зейнеткерлерге тимуровшылар көмек көрсетеді.

Жазғы демалыста азқамтылған отбасы балалар аудандық «Болашақ» лагерінде және мектеп жанындағы лагерде демалады.

«Мектепке жол» - атты акцияның шеңберінде азқамтылған отбасы балаларына демеушілік көмек, сондай – ақ мектепте өткізілетін шараларға басқадай мұқтаждарына көмектеседі.

Таврия оқытушылар ұжымы 2014 жылдың 2 жартыжылдығында екі аудандық семинар өткізді, онда аудан мектептерінің директорлары және мектепке дейінгі оқу тәрбиешілерімен өз тәжірибесімен бөлісті. Таврия мектебінің апаттығын жою мақсатында жазғы айларда іргетасын орнықтыру жұмыстарын жүргізді, жарылған жерлерін бекітті. Жүргізілген жұмыстарға аудан мәслихатының шешімімен бюджеттен 467,0 мың теңге бөлінді, сондай-ақ ағымды жөндеуге 350,0 мың теңге бөлінді, барлық қаражат толық игерілді.

2015 жылға апаттылықты жою бойынша 200 мың теңге бөлінді. Бірақ, мектеп ресми түрде апатты болып танылған, 2015 жылы 320 орындық жаңа мектептің құрылысы жоспарлануда.

Округ мектептерінде проблемалық мәселелер бар, ғимараттарды жөндеу, Интернет желісін жүргізу, жаңа қуралдар сатып алу.
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
Таврия ауылдық округінің көлемінде аудандық аурухана, бір ВА Гагарино ауылында, екі мед пункт Пролетарка, Актөбеде.

Медициналық құралдармен жабдықтандыру деңгейі 80,64% құрайды. Ауруханада ауруларды мамандар қабылдайды, есеп жүргізеді, диспансерлік қарау. Аурухана жанында күндізгі стационарда 10 төсек орын жұмыс істейді.

2014 жылы округ бойынша 40 нәресте туылды немесе 133% 2013 жылмен салыстырғанда (30 нәресте), 49 адам қайтыс болды немесе 2013 жылға 125% (39 адам). Халықтың табиғи өсуі төмендеген -9 адамға дейін.

2014 жылда Ұлан ауданы ОАА-ға 4 дәрігер, 1 орта меджұмыскер жұмысқа келді. Барлығы көтермелерін алды, мөмиері 70 АЕК, сондай-ақ пайызсыз несие алды. Медициналық қызметтің сапасын жақсартуына бағытталған жұмыс өтуде.

2014 жылы 3 дәрігер және 1 медбике қайта дайындықтан өтті, 9 дәрігер 10 медбике біліктілігін көтерді.

25850,0 мың теңгеге диагностикалық зерттеу көрсету спектрді кеңейту үшін әсіредыбысты жүйе лизингке алынды.

Сондай-ақ, 995,0 мың теңгеге 1 ЭКГ аппараты, 945,0 мың теңгеге 1 биохимиялық анализатор сатып алынды.

Аудандық аурухана жанында халыққа алдын-алу және әлеуметті-психологиялық көмек бөлімі ашылды.


МӘДЕНИЕТ
Бүгінгі күні Таврия Мәдениет Үйінде 7 халықтық шығармашылық ұжым жұмыс істейді, онда 117 адам шұғылданады: 7 адам вокал тобы, 32 адам би ұжымында, «Пульс» агитбригадада - 10 адам, қазақ вокал тобы – 12 адам, «Теннисист» клубы – 20 адам, орыс өлеңінін Халық хоры – 28 адам, вокал-аспаптар тобы - 8 адам.

Бір жылда 103 іс шаралар өткізілді, оған 12798 адам қатысты. Оның ішінде: жаппай театрланған шаралар - 9, тақырыпты кештер – 67, балалар үшін – 18, демалыс кештері – 42, дискотекалар – 27, шығу концерттері – 5, теннис бойынша сайыс – 22. Жыл сайын: «Бірінші қоңырау», «Ақырғы қоңырау», «Жастар күні», «Түлектер кеші», әБалаларды қоргау күні», - осыны барлығы Қ. Қайсенов атындағы аланда өтеді, Обелискіде дәстүрлі шеру өтеді. Басқадай: «Масленица», «Наурыз Мейрамы», «Тұңғыш Президент Күні», «Тәуелсіздік Күні» жаппай халық мейрамы болып өтеді.

2014 жылғы 25 қазанда мәдениет Үйінің және орыс өлеңінің Халық хорының 40-жылдығына арналған салтанатты шара өткізілді. Сол күні аудандық достық Үйі ашылды.
.ҚҰҚЫҚ ҚОРГАУ ЖҰМЫСЫ
Таврия кенттік полиция бөлімінде 27 қызметкерлер жұмыс істейді. Округ көлеміне 3 учаскелік полиция инспекторлар қызмет корсетуде, оларда 1 автокөлік бар. 2014 жылы «Учаске», «Допинг», «Подросток», «Мас жүргізуші», «Нелегал», «Быт», «Нерест», «Түнгі балалар» - атты 22 шұғыл алдын-алу шаралары өтті. Өткізілген шаралары округте криминогендік ахуалды жақсартуға әсер етті.

2014 жылы округ бойынша әкімшілік құқық-бұзушылық жасаған үшін 265 хаттама жасалды, 2013 жылмен салыстырғанда 105 есе немесе 39,6%. 5 адам СЛПП жіберілді, 4 дана заңсыз атыс қаруы алынды 57 әртүрлі қылмыс жасалды, 49 ашылды.

Әкімдік жанында үйым және мекемелер санынан қоғамдық «Сарбаз» - атты бірлестік құрылды, кешкі уақытта көшелерді аралап, қолайсыз отбасыларын тексереді.

ДЕНЕШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ
Округте салауатты өмір сүруді қалыптастыру мақсатында әртүрлі спорттық шаралар өткізіледі.

2014 жылғы ақпан айында дәстүрлі аудандық Ефим Кучерин – соғыс ардагерін еске алу, хоккейден турнир өткізілді. Таврия, Привольное, Бозанбай, Алғабас ауылдарының хоккейшілері қатысты. Округ спортшылары аудандық спартакиада бағдарламаларының спорттық әр түріне белсене қатысады. Таврия а. стадионда өткен Қазақстан футболының 100 жылдығына арналған турнирге 2002 жылғы ересектердің мини-футболына қатысты. 2001 жылғы және оданда кіші қыздар командасы мини-футболдан ШҚО бойынша 1 орын алды.

«Денсаулық Күні» - шеңберінде ойын, конкурстар «Көңілді мәрелер» өткізілді. Сондай-ақ стадионда «Денсаулық Керуені» - атты республикалық акция өткізілді, акция мақсаты салауатты өмір сүру насихатталды, ауыл тұрғындары тегін медициналық қаралды. Біздің өкілдеріміз барлық аудандық спорт шараларына белсене қатысады. Спортпен шұғылдануға барлық жағдай жасалған. Аптасына үш рет 35 қыз бала, 28 ұл бала футболмен шұғылданады. Волейбол, баскетбол, футбол секцияларда ауыл жастары аптасына үш рет шұғылданады және хоккей қорабында хоккей ойнайды. Жыл сайын спортпен шұғылданатындар саны көбейуде.
САНИТАРИЯ ЖӘНЕ АБАТТАНДЫРУ
Округте санитарлық тазалау, көгалдандыру және абаттандыру жұмыс бойынша тұрақты түрде жұмыс жасалуда. Елді мекендерде қыс айларында шаруа қожалықтарымен, «Ұлан жолдары» ҚММ бірігіп жол көшелер қардан тазаланады. Округ ауылдары санитарлық тазалау бойынша сәуір – мамыр айлары екіайлық болып хабарланады. Халық өз аулаларын, маңайын қоқыс, қидин күлден тазалайды (тұрғындарға, санитарлық тазалау, көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарына белсене қатысқан үшін алғысымды білдіргім келеді). Екіайлыққа 2840 адам қатысты, 300 тоннадан астам қоқыс шығарылды, 22-ден астам көлік тартылды. 500 астам ескерту хат таратылды, әкімшілік жазаға 10 адам тартылды (387 баб). Ауылдарда ескі тастанды үйлердің жерлері қайта өңделді, көпжылғы қоқыс шығарылды, жол жөнделді, қашалар ауыстырылды. «Жасыл Ел» - атты акция бойынша гүл, ағаш, гүлзарлар отырғызылды. Дұбағалы көлінде экологиялық сенбілік өткізілді, бөгет жағалауы тазаланды. Тұрақты түрде тоғайлар кесіледі, ағартылады, шөп шабылып ауыл іші тазаланады. «Восток – Асфальт» ЖШС Қ. Қайсенов көшесінде орта жөндеу жұмысын жүргізді.

2014 жылы ПРООН бағдарламасы бойынша (инновация-технологияларды енгізу) Қ. Қайсенов к-де көше жарықтандыру лампалар қуатүнемдеу жарықгеодный лампаларға ауыстырылды саны 40 дана сомасы 5,0 млн теңге. 250,0 мың теңгеге Таврия, Гагарино а. демеушілік және өз қаражатқа қашалар ауыстырылды.



Таврия ауылында 1 қыркүйекте (Білім Күні) дәстүрлі байқау өткізілді, ең керемет аула сайысына 40 отбасы қатысты. Кереметтілер округ әкімінің мадақтама, алғыс хаттарымен марапатталды.
2014 жылы аз жұмыс жасалған жоқ, бірақ алдағы 2015 жылы үлкен күрделі міндеттер тұр алдымызда.
2015 жылы жоспарлануда:
-Кәсіпкерлік салада:

Несиелік қаражат алуға ақпараттық көмек көрсету:

  1. «С. А. Кучерин» ЖК «2020 – Жол карта бизнесі» бағдарлама бойынша жиһаз цехына шетелдік құралдар сатып алу, сомасы 50,0 млн. теңге 10 жаңа жұмыс орын құру.

  2. «Угрюмова К.» ЖК – Таврия а. Қонақ кешенінің құрылысы, сомасы 10,0 млн. теңге 10 жаңа жұмыс орын құру.

  3. «М. Бикинин» ЖК – Таврия а. тас көмір сату пунктін ашу, сомасы 10,0 млн теңге 4 жаңа жұмыс орын құру

  4. «Б. Исханов» ЖК - Дұбағалы көлінде жаңа 10 үй салу, сомасы 10,0 млн. теңге.

  5. Таврия а. Мешіт құрылысы.

  6. Таврия а. майцех ұйымдастыру.


Инфрақұрылым және абаттандыру:

  1. Таврия а. 320 орындық мектеп құрылысы.

  2. «2020 деиін аймақтар дамуы» бағдарлама бойынша Гагарино а. балалар алаңшаны абаттандыру сомасы 5468,8 мың теңге.

  3. Елді мекендердің көшелерін абаттандыру.


Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет