ТАВРИЯ АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ӘКІМІНІҢ 2009 ЖЫЛЫ ЖАСАЛҒАН ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ ЕСЕП
Қадірлі ауылдастар!
Бүгін біз кезекті жоспаралған жиынға жиналып, өткен жылда жасалған жұмысына қортынды жасап және алдымыздағы жылды қалай өткіземіз.
Өткен жылы жоспар бойынша жұмыс атқарып, белгіленген жұмыстың бәрін орындадық.
1. БЮДЖЕТТІК ҚАРАЖАТТЫ ИГЕРУ
«Елді мекендерді сумен қамтамасыз етудің іс-әрекеті» бағдарламасы бойынша 2009 жылда Таврия ауылдық әкімдігіне 890 мың теңге бөлінді. ЭЦВ-8 маркалы 2 тереңдік сорғыш, ЭЦВ-6 1 тереңдік сорғыш, КНС – сорғышы жөнделді, орнатылды. Су құбырының аппаты телімдеріне жөндеу жұмыстары жасалды.
«Елді мекендердің көшелерін жарықтандыру» бағдарламасы бойынша 825 мың теңге бөлінді, Советская көшесі бойынша көше жарықтандыру желісіне ағымды жөндеу жұмысына 570 мың теңге. Өткізбе өткізілді, 13 шам, 13 жарық, фотореле, электрқуатының есеп санауышы орнатылды. Жылына көше жарықтандыруына 255 мың теңге төлейміз.
«Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 180 мың теңге бөлінді, оның 100 мың теңгесіне «Коммунальник» қоқыс шығарды. 518 текше метр қоқыс шығарылды. 80 мың теңге қаңғыбас иттерді жоюға жоспарланған, 40 қаңғыбас ит жойылды. 150 мың теңге абаттандыруға бөлінді. 73,6 мың теңге – обелисктің жөндеуіне кетті, көшелерді жөндеп септі. 2009 жылғы 1 және 4 тоқсандарда Таврия а. ұзындығы 38 км көшелерді қыстық ұстауы бойынша жұмыстар атқарылды. МТЗ-82 трактор көшелерді қардан тазалады орындаушы 130 сағат жұмыс істеді. Бұл жұмыстар «Автомобиль жолдарының іс әрекеті» бағдарламасы бойынша жасалды.
«Жол картасы» бойынша жалпы сомасы 995 мың теңгеге жұмыстар атқарылды Октябрьская, Советская көшелері қырындалып жөнделді, шұңкырлар жөнделді.
Таврия а. 2646 мың теңгеге 2 балалар алаңдары орнатылды, «Жол картасы» шеңберінде 30 жұмыс орыны құрылды.
Таврия а.- Ақтөбе а. ұзындығы 16 км автожолында 3447 мың теңгеге жөндеу жұмыстары орындалды, өның ішінде 600 мың - жол шетіндегі шөп шабылды, бұтақтар кесілді, 2847 мың теңгеге Таврия – Ақтөбе жолы жөнделіп, қырындалып құмды- қиыршықтар себілді. Осы жобаның іске асыруына жұмыссыздар санынан 3 жұмыс орыны құрылды.
Ел басы Н.А.Назарбаевтің өз Жолдауындаға тапсырыстардың барлық қаражаттары игерілді.
2010 жылға бөлінген қаражаттар - 750 мың теңге, тереңдік сорғыштарды сатып алып орнату, 729 мың теңге көшелерді жарықтандыру. Советская көшесін жарықтандыруға қосымша қаражат бөлінді. .
150 мың теңге санитарлық тазалауға жоспарланған, оның ішінде 150 мың қоқысты шығаруға , 40 мың- қаңғыбас иттерді жоюға.
Сондай- ақ 200 мың теңге абаттандыруға, 600 мың- қыста жолды ұстауға.
2. ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК
Округ аумағында 33 шаруа қожалықтары бар, оның 5 ірі қожалықтар –«Калантаевского», «Изумруд», « Пролетарка», «Нестеренко», «Иванченко». 3 ЖШС бар – «Багратион-Улан», «Калантаевского», «Изумруд». Шаруа қожалықтарында 37 мың гектардан астам жерлері бар, оның ішінде 13 мың – егіндік, қалғаны шабындық және жайылым.
Өткен жылы ауа райы күрделі болды. Оған қарамастан шаруа қожалықтары астықты жақсы алды, шөпті арзандатып сатты жеміде қымбат болған жоқ. Үш шаруа қожалықтары мал бордақылаумен шұғылданады: «Цукаев», «Нестеренко», «Байбеков».
Ағымды жылы үш мал сою пункті ашылмақшы, біреуі Таврия а. «А.Дюсупбаев» ЖК - ашты.
Бірақта біздің округ бойынша мал басы азаюда, әсіресе жеке қосалқы шаруашылықтарда сиыр басы аз.
Округтің әлеуметтік - экономикалық дамуында «Багратион Улан» ЖШС ерекше рөлі бар, өткен жылы 80- жылдығын тойлады. Өндіріс кеңейіп келеді, жаңа жұмыс орындары ашылуда. Онда Таврия а. тұрғындарыда еңбектенуде.
Округте 10 қайта өндіру цехы бар: наубайханалар, кондитер цехтары, диірмен - «Изумруд» ШҚ, май соғу 2 цех бар- «Изумруд» ШҚ және «Иванченко» ШҚ, сүт жинап қайта өндіру 2 цех бар- «Багратион Улан» ЖШС, «Жуматаева Ж.К.». Тұшпара жасайды «Нестеренко» ШҚ.
Халыққа 20 дүкен қызмет көрсетеді, 6 кафе-бар және дәмханалар. Бұрын «Мираж» атты кафе жабылып қалған, Наурыз мерекесінің қарсаңында есігін жаңа «Рубин» атты кафе ашылды (Н. Плешкова) ЖК. Осымен кәсіпкерлер кеңейіп, дамын жатыр, «Рубин» кафесінде 3 адам жұмысқа шықты.
Халыққа өз қызметтерін жиһан жасайтын, жөндейтін цех және аяқ киім жөндеу цехы қызмет көрсетуде. Тұргын үйдің бірінші қабатында пошта, дәріхана бар жуықта мал дәріханасы ашылды. Пошта ғимаратын құрылысы 2011 жылға ауыстырылды. Округ аймағында 1 жағар-жанармай стансасы қызмет көрсетуде; 1-дөнгелек жөндеу цехы, 2 техқызмет көрсету стансасы бар.
3. ӘЛЕУМЕТТІК САЛА, ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ
Қазақстанның әлеуметтік саясаты басымды мәселелерінің бірі болып саналады азқамтылған азаматтарды қолдау, кедейшілікті төмендету, халықтың әл-ауқатын көтеру. Ауылдық округ аймағында 800 зейнеткер, 3 мыңнан астам жұмысшылар, 10 соғыс ардагерлері, 18 тыл еңбеккерлері, 15 ақталған азаматтар, 18 соғыста қаза болган және қайтыс болғандардың жесірлері ,110 соғыс кезіндіе тылда 6 айдан кем емес жұмыс істегендер .
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2009 жылғы 6 наурыздағы « Дағдарыс арқалы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізінде, 2009 жылғы Қазақстан Республикасы Ұкіметінің іс әрекетінің жоспарын асыру мақсатында Таврия ауылдық округінде «Жол картасы» бойынша жаңа жұмыс орын ашу үшін, 6 әлеуметтік жоба бекітілген.
1. Таврия а. «Тохтаров» ЖК көшелерде ағымды жөндеу жұмыстарын өткізді. Осы бағдарлама бойынша 14 жүмыс орыны құрылды 995 мың теңгеге.
2. Таврия а. 2 балалар алаңдары салынды, 2646 мың теңгеге, 16 жұмыс орыны құрылды. Таврия –Ақтөбе жолдарында 5015 мың теңгеге жөндеу жұмыстары өткізілді, 3 жұмыс орыны құрылды.
3. Таврия орта мектебінде «Ұлан ауданында Стройтополь» ЖШС ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізді сомасы 920 мың теңгеге, 3 жұмыс орыны құрылды.
4. Пролетарка негізгі мектебінде жөндеу жұмысын «ПМК Алтайремстрой» ЖШС, сомасы 500 мың теңгеге жасады, 2 жұмыс орыны құрылды.
5. Аудандық ауруханады бас және жұқпалы ғимараттарында ағымды жөндеу жұмыстарын «Восток-Тех-Маркет» ЖШС 10 миллион теңгеге жасады. «Жол картасы» бойынша барлық әлеуметтік жобаларды орындау үшін 20 миллион 76 мың теңге игерілді және 59 жаңа жұмыс орындары құрылды.
6. «Жол картасына» сәйкес, әлеуметтік жұмыс орындары бойынша, жұмыссыздар санынан 19 жұмыс орыны құрылды, қазіргі кезде олар «Иванченко», «Аулье», «Нестеренко» ЩҚ, «Казавтодорда» жұмыста.
7. «Молодежная практика» бойынша 4 адам жұмысқа орналасты, жұмыс істеді.
8. «Жол картасы» бойынша Саратовка колледжінд 12 адам қайта оқып,6-жұмысқа орналасты.
2010 жылғы 1 қаңтарға жұмыстылық орталығында 11 жұмыссыз тіркелген, былтырғы жыл басында 34 жұмыссыз болған. Жылдан жылға саны азайып келеді, азаюы өндірістің дамуы және жаңа жұмыс орындарының ашылуы.
Барлық жұмыссыздар, тіркеуде тұрған, қоғамдық төлемақылы жұмыс істеді, 2800 мың теңге игерілді, олар ауылдың абаттандыру, тазалау жөндеу жұмыстарымен шұғылданды, санақта болды, бірынғай шаруашылық кітаптарімен жұмыс істеді және т.б. Өткен жылы жұмыссыздар санынан 33 адам жұмысқа орналасты.
Ағымды жылы Таврия а. жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтардың басшыларының қатысуы мен бос жұмыс орны жәрмеңкесі өткізілді, 6 адам жұмысқа орналасты.Азаматтардың өтініштері бойынша 2009 жылы 35 азқамтылған отбасыларына 143 мың тңгеге материалдық көмек көрсетілді.Соғыс ардагерлеріне, мүгедектеріне сондай-ақ соғыс ардагерлерге теңестірілгендерге ай сайын материалдық көмек мөлшері 5000 теңге, көрсетілді 28 отбасына ( 74 азаматқа ) мемлекеттік арнайы әлеуметтік көмек сомасы 2064758 мың теңгеге көрсетілді, 63 отбасына (102 азаматқа) балаларға жәрдемақы, сомасы 1139479 мың теңгеге, төленді. 178 адам тұргын үй көмегіне құжаттарын тапсырды сомасы 2528575 мың теңгеге , көмекті барлығы алады, заң түрінде.
Жалғыз басты мүгедектерді және қарттарды жиыны 20 адам үйде, 4 штаттық әлеуметтік жұмыскерлер қызмет көрсетуде. Өткен жылы округте, бұрын болған қарттар үш жабылды.Онда жалғызбасты қарттар болған, олар қазір жолдама бойынша мемлекеттік қарттар үйіне кетті. Ғимаратты аурухана қайта өздеріне алды.
Біздің ауылдарымыздың дамуына көрсетілетін демеушілік көмектер бойынша айтып кету керек. Барлық жаппай іс шараларға көмек көрсететін шаруа қожалықтардың басшылары жеке кесіпкерлер, азаматтар. Өткен жылы демеушілік көмектің сомасы 1033 мың теңгені құрады.
Аудан бюджеті арқылы аудандық, облыстық республикалық газеттерге жеңілдік болды, ардагерлер, көп балалы аналар, ауған ардагерлері тегін алатын болды.
Ауылдықтарға жеңілдік үшін ХҚКО, төлқұжат үстелі, АХАЖ бөлімі, әділет филиалы қызмет көрсетуде, осының бәрі халық үшін жасалады.
БІЛІМІ
Ауылдық округ аймағында 3 мектеп бар, онда 453 бала оқиды, жыл сайын жарақтандырулуда. 2009 жылы Таврия орта мектебінің бюджеті 56075 мың теңгені құрады. Оның – 1 млн. «Жол картасы» бойынша ағымды жөндеу жүргізілді.
250 мың теңге дәрідәрмекке, бастауыш сынып оқушыларына, шағын –орталықтағы балаларға витаминдер алынды.
Аудан бюджетінің қаражатына 1-4 сынып оқушылары оқу жылы бойы ыстық тамақпен қамтамасыздалды.
504 мың азқамтылған отбасы балаларына қөмек көрсетілді, киім, аяқ киім, тамақтану, 10 бала жолдамамен аудандық лагерде болды, 20 бала мектеп жанындағы лагерде дем алды, аудан бюджеті арқылы екі кабинетке оқушылары үшін, парталар алынды (С.Кучерин) Ж. К.
Асхананың жиһазы жөнделді. Жеке кәсіпкер Андрей Кучерин шағын орталығына балалар үшін жұмсақ жиһаз жасап берді.
1 сыныптың бөлмесі күрделі жөндеуден өтті (ата-аналар көмегі) О. В. Каверзин ЖК мектеп қазандығына сорғыш сатып берді.
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
Өткен жылы «Ұлан ауданының Медбірлестігі» медициналық жабдықтар алды сомасы 3 497600 теңгеге ЭКГ 2 аппараты, операциялық үстел, бір Кювез.
«Жол картасы» бағдарламасы бойынша ағымды жөндеуге 11 объектіге 25 млн. теңге бөлінді. Бөлінген қаражат толық игерілді.
«Жол картасы» бойынша 3 дәрігер мамандандырудан өтті- мамандары психиатр, нарколог, окулист.
Аудандық ауруханада салауатты өмір салтына 2 кабинет ашылды.
«Восток-Молоко» ЖШС және «Кучерин» ЖК демеушілік жасап, офистік жиһаз әперді.
2010 жылғы 1 қаңтардан емдеу мекемелері Бірыңғай Ұлттық жүйесіне өтті бұл емделушінің құқығын қорғайды. Енді емделуші өзі таңдайды емделетін дәрігерін, мекемені.
Бүгінгі күні аудандық ауруханада дәрігерлер жетіспейді- 61,7 %, ал орта білімді жұмыскерлер 95,3 % құрайды.
МӘДЕНИЕТ
Округ аумағында «Таврия» мәдениет үйі бар.Таврия ауылында ауылдық кітапхана жұмыс істейді.Мәдениет үйінде шығармашылдық қазақ фольклорлы топ, би ұжымы, үгіт тобы, балалар вокальды-аспап ансамблі жұмыс істейді.Осы шығармашылық топтар Каменка,Гагарино, Герасимовка ауыларына концертпен шығып тұрады.Былтырғы жылы 35 жылдығын атап өткен орыс әндерінің халық хоры, өзінің шығармашылығымен қуантып келеді.Өткен жыл осы хор үшін өте тығыз болды, олар клнцерттік бағдарламамен Семей қаласында, бірінше рет Өскемен қаласында және аудандық, ауылдық мерекелерде болды. «Перезвон» ансамблі Ресейдің, Ростов облысында болған 8 халықаралық орыс әндерінің фестиваліеде болды, Шукшиннің туған жерінде өнер көрсетті және Бари Алибасовпен бір сахнада кездесті.
Өткен жылы мәдениет Үйінде-би залында пластикалық терезелер салынды. Аудандық бюджеттен осы мақсатқа 850 млн теңге бөлінді.450 мың теңге жылыту қазандығына бөлінді.
2010 жылы, «Жол картасы» шеңберінде мәдениет Үйі мен кітапхана 11 млн теңге бөлінбек. Келесі жаңа жылды жаңарған мәдениет Үйінде қарсы аламыз деген үміттеміз.
Біз шығармашылық өнерпаздар тобының қатысушыларына өз ризашылығымызды білдіреміз,өйткені олар қиын жағдайға қарамай, өздерінің шығармашылықтарымен бізді қуантуда.
ҚҰҚЫҚ ДОРҒАУ ЖҰМЫСЫ
Біз кезекті өткен жиылыста бізге екінші учаскелік полиция қырметкерін беру жайлы сұраған болатынбыз. Бүл сұрақ шешімін тапты. Енді қылмыспен күресу және құқық тәртібі бойынша жұмысты учаскелік полиция қызметкерлері полиция капитан Ерлан Абдрахмановпен полиция лейтенанты Вячеслав Дубовик атқарады.
Қызметтік істерін қамтамасыз ету үшін учаскелік полиция қызметкерлеріне полиция ғимаратынан кабинет бөлінді, қызметтік телефоны жоқ. Қызметтік автокөлік бұзылған, сонымен қатар бұған байланысты жұмыс мақсатты түрде жыл бойы өткізіліп тұрды.
Алдын-ала учаскелік есепте 75 адам тұр.
Бұрын сотталғандар - 12. Олардың ішінде: 8-і шартты түрде сотталғандар, 4-еуі шартты түрде алдын-ала босатылғандар.
Бұдан басқа, түрлі себептермен құқық бұзушылыққа бейім адамдарда тұр. Бұлар- үнемі алкоголь пайдаланатын аурулар, олар психоневрогиялық диспансерде есепте тұр, бұндайлар бізде – 54 адам, 6 отбасының берекесін кетіретіндер, кәмелетке толмаған 3 жасоспірім ОДН есебінде тұр.
Әкімшілік құқық бұзу бойынша 121 хаттама жазылды. Олардың ішінде: 58-і төлқұжат режімін бұзғаны үшін, 47-сі құқық бұзғандар.
Барлығы екі әкімшілік учаскеде өткен жылдың 12 айы бойынша қылмыс туралы хабарлама және шағым есебінің кітабында азаматтардың 162 шағымы тіркелген. Соның ішінде: 56-сы қылмыстық іс қозғалған қылмыстар. 105 бойынша қылмыстық іс қозғау қайтарылып тастанды. 56 қылмыстың 47-сі ашылды. Жеке тергеуде 9 қылмыс ашылды.
Бұдан басқа құқық бұзушылық жайлы азаматтардың 27 шағымы қаралды. 5 қару тәркіленді. Ішкіліктен мәжбүрлеп емдеуге 3 адам бағытталды.
Учаскелік қызметкерлер ауылдық округтің тұрғындарымен 7 жиылыс өткізді, Таврия және Ақтөбе мектептерінде 6 дәріс оқытылды. Әкімдіктіқ қатысуымен қоғамдық кеңестің 11 отырысы өткізілді, онда 27 адамның отбасылық – тұрмыстық саласында жіберілген құқық бұзушылық ісі қаралды.
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ
2009 жылы біздің округтің командасы аудандық спортакиаданың бағдарламасы бойынша спорттың барлық түрлеріне белсене қатысты. Сонымен, 18 әкімдіктің ішінде аудандық спортакиадада 5 орынға ие болды. Привольное ауылында өткен аудандық хоккей турнирінде біздің команда 1 орын алып, сонымен бірге С. Галабурдинді еске алу құрметіне байланысты өткізілген волейбол турнирі жарыстарын басқарды. Футбол бойынша облыстық әйелдер құрамасымен жолдастық кездесуге қатысты. Президенттік көпсайыс бойынша көктемгі және күзгі аудандық жарыстарда Таврия мектебі 1 орын алды.
Ауылдық округте спорт ардагерлері В.М.Юрченко және П.И.Ткаченконы еске алу құрметіне волейболдан турнир өтті.
Бірде бір аудандық спорттық шаралар біздің округтің өкілдерінсіз өтпейді.
Әкімдіктегі спорткомитетінің төрағасы Александр Иванович Зотовтың бұл істе еңбегі, қосар үйесі мол деп айтуға болады.
Округте дәстүрлі «Президенттік миль- денсаулыққа жол», «Денсаулық күні», «Көнілді старт»- сияқты шаралар өткізіліп тұрады.
СЫН- ЕСКЕРТПЕЛЕР
Өткен жылы ауылдық және аудандық әкімнің есеп беру жиылысында бірқатар ескертулер, ұсыныстар айтылды.
Сонымен, объектілердің ашылуы жоспарланды:
1. Фотосалон - қаңтарда ашылған.
2. Ветеринарлық дәріхана ашылған, жұмыс істеп тұр, онда кез- келген құжаттың ксерокөшірмесін жасауға болады.
3. Аудандық тұрмыс комбинаты бухгалтериясының бұрынғы мекемесіндеаяқ киім шеберханасы ашылған. Жөндеу жұмысы шұғыл, сапалы түрде жасалады.
4. Өскемен-Семей тас жолындаға кафе қаражаттың жоқтығынан ашылған жоқ.
5. Техникалық қызмет көрсету стансасы ашылған (А. Кириченко)
6. Екінші учаскелік полиция қызметкері қажет- сұрақ шешімді.
7. «Коммунальник» ҚММ-не тіркемесі бар «КамАЗ» авткөлігі көмір әкелу үшін қажет. Бұл сурақ екі жиылыста көтерілді, бірақ қаражаттың жоқтығынан шешілмеді.
2010 жыл қоғамдық-саяси, тарихи мағыналы оқиғаларға толы. Бұл- Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдағанына 15 жыл толуын тойлау. Бұл - Ұлы Отан соғысы Женісінің 65- жылдығы. Бұл- біздің отанымыздың Тәуелсіздігінің 20- жылдығын - 2011 жылы тойлауға әкірзік жылы. Үлкен жұмыс күтіп тұр. Айтулы мерекелерді қарсы алудан ешкім де тыс қалмайды деп ойлаймын. Бұл Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалығы. Бұл халықтық экономиканың дамуы және демократиялық қоғамның құрылуы саласындағы Қазақстанның шынайы жетістіктерін мойындаумен бірдей болып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |