Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 1/23 қаулысы
Алматы қаласының Әділет Департаментінде
2015 жылдың 10 ақпанында тіркелген, № 1124
2015 жылы Алматы қаласында жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5) тармақшасына және 20 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
-
Қоса беріліп отырған ұйымдардың тізбесі, 2015 жылға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері және көлемдері бекітілсін.
-
Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына (бұдан әрі – Басқарма) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын қоғамдық жұмыстарды орындау үшін жұмыс берушілермен шарттар жасасуға уәкілеттік берілсін.
-
Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбекақысы айына ең төменгі екі айлық жалақы мөлшерінде белгіленсін.
-
Басқарма:
-
2015 жылға арналған Алматы қаласы бюджетінде қоғамдық жұмыстарды жүргізуге қарастырылған қаражат шегінде жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберуді жүзеге асырсын;
-
қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбекақысын төлеуді олардың екінші деңгейдегі банктердегі жеке шоттарына ақша қаражатын аудару жолымен жүргізсін.
5. Басқарма осы қаулыны интернет - ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.
6. Алматы қаласы әкімдігінің «2014 жылы Алматы қаласында жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы» 2014 жылғы 27 қаңтардағы № 1/41 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1021 болып тіркелген, 2014 жылғы 20 ақпандағы «Алматы ақшамы» газетінің № 22 санында, «Вечерний Алматы» газетінің № 23 санында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ю. Ильинге жүктелсін.
8. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі А. Есімов
Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы «20» қаңтардағы № 1/23
қаулысына қосымша
Ұйымдардың
ТІЗБЕСІ,
2015 жылға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері және көлемдері
№ р/с
|
Жұмыс түрлері
|
Жұмыс істейтін адам саны
|
Ұйымдар
|
Қоғамдық жұмыстардың көлемі мен нақты жағдайлары
|
1.
|
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық ұйымдарына аумақтарды жинастыруға көмек
|
1129
|
Алматы қаласы Алатау, Медеу, Наурызбай аудандарының әкімдерінің аппараттары, «Тазалық Сити» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Тұрғын үй» Әуезов ауданы пәтерлердің меншік иелерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі, «Керим жол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Жетісу» қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі, «Тұран» үй-жайлардың меншік иелері кооперативтерінің қауымдастығы
|
Келісім шартқа сәйкес
|
2.
|
Өңірді экологиялық сауықтыру (көгалдандыру және көріктендіру)
|
48
|
«Эталон» Құрылыс-жөндеу кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
|
Шартқа сәйкес
|
3.
|
Өңірлік қоғамдық науқандарды жүргізуге көмек
|
1436
|
Алматы қаласы аудандарының «Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемелері, Алматы қаласы Алатау, Алмалы, Бостандық, Жетісу, Медеу, Түрксіб аудандық ішкі істер басқармаларының көші-қон полициясының бөлімдері, Бостандық, Медеу аудандық Ішкі істер басқармалары, «Алматы қалалық құқық тәртібін қорғауға жәрдемдесу жөніндегі қоғамдық бірлестігі» қоғамдық бірлестігі, Алматы қаласы жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры, «Нұр Отан» партиясының Әуезов, Бостандық, Жетісу, Түрксіб аудандық филиалдары, «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігі, Алматы қаласы Түрксіб ауданының Әділет басқармасы, Алматы қаласының «Қорғаныс істері жөніндегі департаменті», «Экономикалық және әкімшілік құқықбұзушылыққа қарсы күресте құқық қорғау органдарына жәрдем беру және қолдау қоғамы» қоғамдық бірлестігі
|
Келісім шартқа сәйкес
|
4.
|
Қарттар мен мүгедектерге күтім жасау, балалармен жұмыс, әлеуметтік қызмет көрсетуге байланысты өзге де жұмыстар
|
387
|
«Алматы қаласы Алатау ауданының мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі, «Ұлжан Ұлысы» қоғамдық бірлестігі, «Намыс» жоғары білімі бар мүгедектердің қоғамдық бірлестігі, «№1 оқушылар үйi» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана» мемлекеттік мекемесі, «Елбірлігі» қоғамдық ұйымдардың одағы» заңды тұлғалар бірлестігі, «Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Алатау, Әуезов аудандық филиалдары, «Қарулы Күштердің мүгедектерге жәрдемдесу қоры» қоғамдық қоры, «Алатау» мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі, «Родник» Балаларды және әйелдерді әлеуметтік психологиялық бейімдеу және сауықтыру орталығы» қоғамдық қоры, «Ақпараттық-ресурстық орталығы» қоғамдық қоры, «Түрксіб ауданының мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі, «Қазақтың зағиптар қоғамының эксперименталдық кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Қазақ зағиптар қоғамы қоғамдық бірлестігінің «Алматы № 2 оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Қалыптасу» қоғамдық қоры, Түрксіб аудандық «Көп балалы отбасылар одағы» қоғамдық бірлестігі, Түрксіб аудандық қайырымдылық қоры
|
Келісім шартқа сәйкес
|
|
ЖИЫНТЫҒЫ
|
3000
|
|
|
Ескерту: еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсынысқа қарай және жұмыс түрлері бойынша қатысушылардың саны және ұйымдардың тізбесі 2015 жылы қоғамдық жұмыстарды жүргізуге Алматы қаласы бюджетінде қарастырылған қаражат шегінде өзгеруі мүмкін.
_______________________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |