2015 жылдың 6 айында Ішкі істер органдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарын



Дата03.07.2016
өлшемі40.14 Kb.
#175414
2015 жылдың 6 айында Ішкі істер органдарындағы

сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарын

ұйымдастыру жағдайы жайлы

А Н Ы Қ Т А М А

Облыстық ішкі істер органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында белсенді жұмыстар атқарылып келеді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31.03.2011 жылғы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» № 308 қаулысы және оны іске асыру жөніндегі «Қызылорда облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған» іс-шаралар жоспары негізінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қабылдаған шараларды іске асыруда бірқатар ұйымдастырушылық шараларын қабылдаудамыз.



Аталған бағытта басты назар ішкі істер органдарымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте мемлекеттік саясатты кең көлемде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы насихаттау, жария ету шараларына аударылды.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес жұмыстарын ұйымдастыру жағдайы облыстық ішкі істер департаменті басшылығының үнемі бақылауында болуда. Жыл басынан аталған мәселе арнайы сұрақ ретінде департамент бастығында бес рет, жетекшілік жасайтын департамент басшылығында жедел кеңестерде 6 рет қаралды.

Және де, жол, көші-қон полициясы, жедел-тергеу құрылымдарының жеке құрамымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында мәжілістер өткізілді.

Барлық қалалық, аудандық ішкі істер бөлімдерінде де өткізілген дәл осындай мәжілістерде полиция қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау бағытында нақты шаралар қабылданды.

Осымен бірге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарын ұйымдастыру жағдайы күнделікті өткізілетін аудио-селекторлық кеңестер мен ай сайын өткізілетін жедел кеңестерде департаменттің қызмет салалары мен барлық қалалық, аудандық ішкі істер органдары бастықтарынан қатаң сұрау салынуда.

Жемқорлықпен күрес бағытында «Нұр-Отан» ХДП өкілдерімен тығыз байланыс орнатылған.

Жыл басынан полиция қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстық әрекеттер мен құқық бұзушылықтарды анықтау, алдын алу бағытында Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен барлығы 85 рейдтік шаралар жүргізілді.

Нәтижесі бойынша 69 кемшілік анықталып, әскери-қызметтік тәртіп ережесін бұзғаны үшін 15 қызметкерге тәртіптік шара көріліп, автокөлік құралына қатысты құжаттарының толық болмауына байланысты, жолда жүру ережесін және басқа да құқық бұзушылыққа жол берген 66 полиция қызметкерлері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларын күшейту, әскери-қызметтік тәртіп пен заңдылықты нығайту жұмыстарында аттестациялық және тәртіптік комиссиялардың ролін көтеруге бағытталған нақты шаралар қабылданды.

Бүгінгі күннің өзінде ағымдағы жылдың есепті мерзімінде Тәртіптік комиссияның 60 (2014-43) отырысы болып, 108 қызметкер тәртіптік шараға тартылса, оның 18 (2014-32) қызметкері теріс қылықпен ішкі істер органдары қатарынан шығарылып, 29 қызметкер атқарып отырған лауазымдарынан босатылған.

Сондай-ақ, қызметкерлердің тәртіп пен заңдылықты сақтамағандары үшін жауапкершліктерін ақсақалдар кеңесі, ішкі істер органдарының ардагерлер мен тәлімгерлік кеңестері, офицерлер және полицейлер жиналыстары сияқты қоғамдық құрылымдарын да қарап, тиімді пайдаланып келеміз.

Азаматтардан түскен қылмыс туралы арыз-шағымдары және басқа да хабарламаларды толығымен (100 пайыз) тіркеу, қабылдау, есепке алу, шешім қабылдау барысында азаматтардың конституциялық құқығын сақтау шаралары департамент басшылығының қатаң бақылауында болды.

Жалпы есепке алу-тіркеу тәртібінің жағдайын нығайту және азаматтардың заңды құқықтарын қорғау мақсатында ішкі істер органдарының кезекші бөлімдері өзіндік қауіпсіздік пен кадр жұмыстары басқармаларында «сенім» телефондары орнатылған.

2015 жылдың басынан полиция қызметкерлеріне қатысты қозғалған қылмыстар саны өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 6 есеге (42-ден 7-ге), оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстар 12 есеге (37-тен 3-ке) төмендеді, бұл ретте қылмыстың 3 дерегі өз ынтамызбен анықталған.

Алайда, жыл басынан сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық жасаған қызметкерлер саны 7-ден 13-ке өскен.

Полиция қызметкерлерімен жол берілген барлық қылмыстар мен төтенше жағдайлар деректеріне байланысты уақытылы қызметтік тексерулер жүргізіліп, қорытындысы бойынша кінәлі қызметкерлер және олардың тікелей басшылары қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Алдағы уақытта ішкі істер органдарының қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған ұйымдастырушылық шараларының тиімділігін арттыру жұмыстары департамент басшылығының басты назарында болып, осы бағыттағы әрбір заң бұзушылық деректері бойынша бірінші басшыдан қатаң сұраныс пен талап күшейтіле береді.

Қазіргі күні профилактикалық іс шаралар ретінде: полиция қызмекерлеріне қатысы ашық сот отырыстарын департаменттің ғимаратында, жеке құрамның қатысуымен өткізілуде.

Жеке құрамға апта сайын өкізілетін әскери-қызметік сабақтарында қызметкерлердің қатысуымен орын алған келеңсіз жағдайлар, жол-көлік оқиғалары, әскери қызметік тәртіпті өрескел бұзу фактілері таныстырылуда.

Оған қоса, аталған сабақтарда республика көлемінде орын алған полиция қызметкерлерімен жасалған қылмыстар мен төтенше жағдайлар таныстырылуда.



Барлық АІІб-не, ҚІІБ-на, ЖППБ-ның қызметкерлеріне ҚР ІІМ-нің ӨҚД-мен, Қызылорда облысы бойынша ЭҚСЖД-мен жасалған бейнероликтер көрсетіліп, бұрынғы әріптестерінің заң талапарын бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған деректері әрбір қызметкерге таныстырылуда.

Қызылорда облысының ішкі істер департаменті

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет