СӨЖ Ультрадыбыстың диагностикалық және емдік қасиеті. УД медициналық құралдарда қолданудың жаңа бағыттары. Орындаған:Берік Б Қабылдаған: Cейітов Б Тобы: ЖФИ-012
Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
ЖОСПАР:
Ультрадыбыс - Жиілігі 20 кГц-тен жоғары (жоғары шегі шектелмеген) механикалық серпімді толқындарды айтады.
Ультрадыбыс толқындарының басты ерекшелігі — оларды дыбыс көзінен белгілі бір бағытта таралатындай етіп бағыттауға болады.
Дыбыстың шағылу құбылысына теңіз тереңдігін өлшеуге арналған құрал — эхолоттың және су астындағы нысаналарды табу үшін қолданылатын сонардың (лат. sound navigation and ranging — "дыбыстық навигация және кашықтықты өлшеу" деген сездерден) құрылысы негізделген.
Медицинада ультрадыбыс адам денесін ультрадыбыстық тексеру (сканерлеу) үшін пайдаланылады. Сүйек, май және бұлшық еттер ультрадыбысты түрліше шағылдырады. Электр импульстеріне түрлендірілген бұл шағылған толқындар экранда кескін береді.
Ультрадыбыстық тексеру жолымен сырқат адамның денесіндегі әртүрлі ауытқулар — қатерлі ісіктер, дене мүшелері пішінінің өзгерулері анықталады.
Ультрадыбыстың көмегімен тастар ұнтакталады, металдарды және аса қатты материалдарды кесу және дәнекерлеу жүзеге асырылады.
Алайда ультрадыбысты адамның ұзақ уақыт бойы қабылдауы жүйке жүйесіне әсер етеді, қанның құрамының, сапасының және қысымының өзгеруін, бас ауруын тудырады, құлақ та естімей қалуы мүмкін.
Қазіргі кезде медицинада ультрадыбыстық диагностика (эхолокация) кеңінен қолданылады. Осы әдіс арқылы адам ағзасының ішінде пайда болған түрліше бітімдердің (ісік, жалқаяқ – ірің, бауыр мен бүйректегі тастар және т.б.) пішінін, өлшемдерін және орын дәл анықтауға болады. Сонымен қатар, ультрадыбыстық эхолокация хирургияда, онкологияда, гинекологияда және т.б. кеңінен қолданылады. - Қазіргі кезде медицинада ультрадыбыстық диагностика (эхолокация) кеңінен қолданылады. Осы әдіс арқылы адам ағзасының ішінде пайда болған түрліше бітімдердің (ісік, жалқаяқ – ірің, бауыр мен бүйректегі тастар және т.б.) пішінін, өлшемдерін және орын дәл анықтауға болады. Сонымен қатар, ультрадыбыстық эхолокация хирургияда, онкологияда, гинекологияда және т.б. кеңінен қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |