2015 жылдың қаңтар-шілде айларындағы Үржар ауданының әлеуметтік–экономикалық даму көрсеткіштерінің көлемі туралы



Дата25.02.2016
өлшемі38.07 Kb.
#21845
2015 жылдың қаңтар-шілде айларындағы

Үржар ауданының әлеуметтік–экономикалық даму

көрсеткіштерінің көлемі туралы.
Өнеркәсіп. 2015 жылдың қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша өндірілген өнеркәсіп өнімнің көлемі 1 911,9 млн. теңгені құрап, табиғи көлемінің индексі 125,2 %-ды құрады.

Көмір өндіру бойынша «Мадина» ЖШС-і есепті кезеңде 58,2 мың тонна көмір өндіріп, 2014 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,8 есеге немесе 26,8 мың тоннаға артты.

«Швабские колбаски» ЖШС-і 2015 жылдың қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша 147 тонна шұжық өнімдерін өндіріп, өндірілген өнім көлемі 2014 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 16,7 %-ға немесе 21 тоннаға көбейді.

Есептік кезеңде өңдеу өнеркәсібінде 827 тонна өсімдік майы (100,2 %), 60,0 тонна сүт өнімдері, 289 тонна нан (105,5%) және 28,0 тонна (100,0 %) кондитерлік өнімдері өндірілді.

Ауыл шаруашылығы бойынша ағымдағы жылдың қаңтар-шілде айларында аудан көлемінде 8 517,5 млн. теңге көлемінде өнімдер өндіріліп, 2014 жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 103,8 %-ды құрады.

Есепті кезеңде мал шаруашылығы саласындағы көрсеткіштердің өсу тенденциясы сақталады.

Сойылып сатылған ет көлемі – 7 043,0 тонна (өсуі 5,7 %), сүт – 45 602,6 тонна (өсуі 3,2 %), жұмыртқа – 12 329,0 мың дана (өсуі 2,4 %) болды.

Аудан бойынша ірі қара малы саны 95 501 басты, оның ішінде сауын сиыр – 37 540 басты, қой мен ешкі – 312 121 басты, жылқы – 27 668 басты, шошқа – 4884 басты және құстар – 375 434 басты құрады.



Сауда. Ағымдағы жылдың қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша бөлшек сауда айналымының көлемі 6 552,1 млн. теңгені құрап, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 11,8 %-ға дейін көбейді.

Статистикалық мәліметті толық және уақтылы өткізілуін қамтамасыз ету мақсатында, аудан әкімдігі мен тиісті бөлімдер тарапынан бөлшек тауарайналымы статистикалық есебін өткізетін 1 орта және 13 кіші кәсіпорындармен үнемі тиісті жұмыстар жүргізуде.



Негізгі капиталға жұмсалған инвестиция көлемі 5 789,7 млн. теңгені құрап, табиғи көлемінің индексі 87,7 % болады. Соның ішінде, кәсіпорындардың меншік және несие қаражаты есебінен жұмсалған инвестиция 2 966,2 млн. теңгені құрады.

Бүгінгі күні, негізгі капиталға жұмсалған инвестиция көлемін былтырғы жылдың деңгейіне жеткізу мақсатында, аудан көлеміндегі қосымша резервтерді іздестіру жұмыстары жүргізілуде.



Құрылыс. Аудан көлемінде атқарылған құрылыс жұмыстарының көлемі 2 474,5 млн. теңге, табиғи көлем индексі 95,9 %-ды құрады.

Жеке тұлғалардың есебінен жалпы ауданы 4 321 шаршы метр көлемінде тұрғын үй пайдалануға беріліп, 2014 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,1 % -ға немесе 48 шаршы метрге дейін көбейді.



Кіші бизнес. Тіркелген кіші және орта бизнес кәсіпорындарының саны 131 бірлікті құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31 кәсіпорынға соның ішінде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар саны 97 бірлікті (159,0 %) және белсенді кәсіпорындардың саны 77 бірлікті құрап, өткен жылдың тиісті деңгейінен 23 кәсіпорынға немесе 42,6 %-ға көбейді.

Бюджет. 2015 жылдың 1-ші тамызына аудан бюджетінің ішкі табысы 524 165,3 мың теңгені құрап, жоспар 100,6 %-ға орындалды.

2015 жылдың қаңтар-шілде айларында аудан бюджеті шығысының кассалық орындалуы – 4 672,3 млн. теңгені құрап, бөлінген қаржы 99,6 %-ға игерілді. Соның ішінде, республикалық бюджеттен бөлінген трансферттердің игерілуі 98,2 %, облыстық бюджеттің игерілуі 99,4 % және аудан бюджетінің кассалық орындалуы 100,0 % құрады.

Бюджеттік әкімгерлердің есеп шоттарында игерілмей қалған қаржы 16 657,8 мың теңгені құрады.

Әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту. 2015 жылдың 1-ші тамызына 228 адам ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркеліп, 2014 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда жұмыссыздар саны 26 жұмыссызға көбейді.

2015 жылдың басынан 299 адам жұмысқа орналастырылды. қаңтар-шілде айларында жаңадан 747 жұмыс орындары құрылды. Жастар іс-тәжірибесіне 9 адам жолданып, төлемді қоғамдық жұмыстарға 318 адам, кәсіби оқытуға 30 адам және әлеуметтік жұмыс орындарына 15 адам жіберілді. 2014 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда атаулы әлеуметтік көмекті алушылар саны 21,3 %-ға (37 адамға) және жәрдемақы алушы балалар саны 20,9 %-ға (746 алушыға) кеміді.



«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының бірінші бағыты шеңберінде инфрақұрылым және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықты дамыту бағытына республикалық бюджеттен 50 млн. 700 мың теңге және жергілікті бюджеттен 5 млн. 633 мың теңге қаржы бөлінді. Бөлінген қаржыға М.Горький атындағы орта мектебінің, Алтыншоқы орта мектебінің және Мақаншы мәдениет үйінің ғимараттарына жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Екінші бағыты бойынша сүт қабылдау пункттерін ұйымдастыруға 23,0 млн. теңге шағын тауарлы сүт фермасын ашуға 30,0 млн. теңге, жеке тұлғаларға сүт бағытындағы ірі қара малдарын алуға 58,3 млн. теңге барлығы 111,3 млн. теңге бөлінді. Бөлінген қаржыға 31 жоба қарастырылып, 56 жұмыс орнын ашу межеленген.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 2015 жылы 2544,0 мың теңге бөлінді, жылдық жоспар 15 адам жолдану қажет, 7 айдың қорытындысы бойынша 21 адам жолданып, жылдық жоспар 140,0 %-ға орындалды.

Жастар практикасына 2015 жылы 4281,0 мың теңге бөлінді, жылдық жоспар бойынша 20 адам жолдану қажет, 7 айдың қорытындысы бойынша 28 адам жолданып жылдық жоспар 140,0 %-ға орындалды.

Денсаулық сақтау саласында туберкулез ауру көрсеткіші 2014 жылдың қаңтар-шілде айларымен салыстырғанда 1,36 %-ға төмендеп, 18 оқиға (2014 ж-25 болған) тіркелді. 1000 адамға шаққандағы өлім көрсеткіші 0,93 %-ға немесе 21 оқиғаға көбейді. Туу деңгейінің өзгеру көрсеткіші 0,96 %-ға немесе дүниеге келген нәресте саны 12 балаға артты.

Қылмыс. 2015 жылдың қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша аудан көлемінде 237 қылмыс тіркеліп, 2014 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда тіркелген қылмыстар саны 30,9 %-ға немесе 56 қылмысқа көбейген. Оның ішінде : тіркелген аса ауыр және ауыр қылмыстар саны 13 оқиғаны құрап, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 7 қылмысқа азайды. Ауыр дәрежелі қылмыстардың ашылу деңгейі 100 %-ды құрап, 2014 жылдың деңгейінен 50,0 %-дық пунктке артқан (2014 ж – 50,0 % болған).

Экономика және қаржы



бөлімінің басшысы В.Бойкова

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет