2015 жылдың қорытындылары бойынша Қарағанды облысының кәсіпкерлікті дамыту туралы анықтама шағын және орта бизнес



Дата24.02.2016
өлшемі46.19 Kb.
#13379


2015 жылдың қорытындылары бойынша

Қарағанды облысының кәсіпкерлікті дамыту туралы

АНЫҚТАМА
ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС

ШОБ субъектілерімен өндірілген өнім көлемі 2015 жылдың қаңтар-қыркүйегінде алдағы өткен жылға 4,1%-ға ұлғайтылды (салыстырып қарағандағы бағаларда) және 488,6 млрд.теңгені құрады, ол республикалық мәннен 3,4 пайыздық тармаққа жоғары (РК бойынша-100,7%)

ШОБ-та жұмыс істеушілер саны 2014 жылға 4,5%-ға өсе отырып, ағымдағы жылдың 9 айы ішінде 239 776 адамды құрады.

2016 жылдың 1 қаңтарына шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 85 906 бірлікті немесе 2014 жылдың деңгейіне 98,4%-ды құрады, ол республикалық мәннен 0,7 пайыздық тармаққа жоғары (РК бойынша -97,7%).



БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ

2010 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «БЖК 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының шеңберінде облыста 888 жоба жалпы сомасы 101,6 млрд. теңгеге қолдау тапқан (бұл республика бойынша 3 нәтиже), оның ішінде 2015 жылы 15,7 млрд. теңге сомаға 268 жоба мақұлданды. Бұл 2014 жылдағы жобалардан 12,6%-ға көп.

Кредит бойынша сыйақылауды субсидиялауға (1 және 3 бағыттар) 90,4 млрд. теңге кредиттер сомасына 596 жоба мақұлданған, олардың ішінде 2015 жылы – 14,6 млрд.теңге сомаға 164 жоба;

Кредиттерді ішінара кепілдік ету бойынша кепілдемелердің жалпы сомасына 2,9 млрд. теңгеге 101 жоба мақұлданған, оның ішінде 2015 жылы - 0,9 млрд. теңге сомаға 57 жоба;

Жетіспейтін инфрақұрылымды өткізуге 7,7 млрд.теңге сомаға 58 жоба мақұлданған, оның ішінде ағымдағы жылы - 0,1 млрд.теңгеге 3 жоба

Гранттық қаржыландыру бойынша 133 жоба 343,0 млн.теңге сомаға мақұлданған, оның ішінде ағымдағы жылы - 104,0 млн.теңгеге 37 жоба.

Үш жылдың ішінде (2013-тен 2015 жылдары) барлығы166 кәсіпкер 476,6 млн.теңге сомаға микрокредиттеу аспабын пайдаланды, оның ішінде 2015 жылы 100,4 млн. теңгеге 24 микрокредит берілді.

Нәтижесінде облыстың кәсіпорындарында қолда бар дерлік 50,6 мыңнан астам жұмыс орны сақталды және 16,7 мың жаңа жұмыс орындары (оның ішінде 2015 жылы сақталғаны 6 038 және құрылғаны 1 770 жаңа жұмыс орындары) құрылды, бюджеттің кірісіне 14,7 млрд.теңге салық төлемдері түсті, оның ішінде 2015 жылы – 0,5 млрд.теңге.



МОНОҚАЛАЛАР

Қазіргі уақытта облыстың моноқалаларында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі іс-шараларды іске асыру «Бизнестің жол картасы» бірыңғай бағдарламасының шеңберінде жүзеге асырылуда.

Жалпы сомасы 9,6 млрд. теңге болатын барлығы 271 жоба, оның ішінде 2015 жылы – 2,5 млрд. теңге сомаға 93 жоба мақұлданған.

Аспаптар кесіндісінде:

1. Кредит бойынша сыйақылау субсидиясына 152 жоба 8,9 млрд. теңге кредиттер сомасына мақұлданған (оның ішінде 2015 жылы - 2,4 млрд.теңге кредиттер сомасына 60 жоба);

2.0,3 млрд.теңге сомаға 10 жобаға жетіспейтін инфрақұрылымды өткізу мақұлданған.

3.Гранттық қаржыландыру бойынша 285,0 млн.теңге сомаға 109 грант берілді (оның ішінде 2015 жылы - 80,0 млн. теңге сомаға 33 жоба мақұлданды).

Барлығы 2013-2014 жылдары микрокредит тетігі бойынша 376,2 сомаға барлық 8 моноқалаға 142 қарыз берілді. 2015 жылы 152,0 млн.теңге бөлінді, олардың шеңберінде бизнесті құруға не болмаса кеңейтуге кемінде 30 микрокредит беру жоспарланып отыр.

2015 жылы облыстың барлық моноқалалары «Бизнестің жол картасы 2020» бірыңғай бағдарламасының аспаптарын пайдаланды.

Тұтас алғанда моноқалалардың ШОБ-ын дамытудың негізгі көрсеткіштерінің өсуінің жалпы қарқыны байқалады. Ағымдағы жылдың қаңтар-қарашасында жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 30,3 мың бірлікті құрады, ол 2011 жылғы ШОБ-тің белсенді субъектілерінің деңгейінен 1,5 есеге көп(2015 жылдың ақпанынан бастап статистика органдары «белсенді»-нің орнына «ШОБ жұмыс істеп тұрған субъектілері» көрсеткішіне ауысты.

Моноқалалардың ШОБ субъектілері шығаратын өнім көлемі 1 жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 48,7 млрд.теңгені немесе өткен жылдың үлесімді кезеңіне 107,4% құрады. Оның облыстық көрсеткіштегі үлес салмағы дерлік 18% құрады.

Серіктестік бағдарламаны іске асыру мақсатында 2015 жылы кәсіпкерлердің бизнесті дамыту бойынша бастамашылығын қолдау жөніндегі қала құрушы кәсіпорындармен меморандумдарды бекіту тәжірибесі жалғасуда. Бүгінгі күні кәсіпкерлік субъектілерімен 40,2 млрд. теңгеден астам сомаға тауарларды және жұмыстарды, қызметтерді жеткізуге 369 шарт (келісімшарт, келісім) жасалынды.

Өңдеуші өнеркәсіп саласында кәсіпорындардың іскерлік белсенділігін арттыру мақсатында ҚР Ұлттық қорының қаражаттары есебімен үш транш бойынша моноқалалардың 33 жобасы мақұлданған: Теміртау – 14 жоба, Жезқазған – 13, Сарань – 4, Балқаш – 2. Бұл облыс бойынша барлық мақұлданған жобалардың 36% құрайды (91 жоба).
СЫРТҚЫ САУДА

Қарағанды облысының кедендік бақылау департаментінің деректері бойынша облыстың сыртқы сауда айналымының көлемі 2015 жылы 4 333,3 млн. АҚШ долларын немесе 2014 жылдың деңгейіне 61,6% құрады, оның ішінде: экспорт – 3 727,1 млн. АҚШ доллары (тауар айналымының жалпы көлемінің 86%), импорт – 606,2 млн. АҚШ доллары (тауар айналымының жалпы көлемінің 14%).

Сауда теңгерімінің белсенді сальдосы - 3 120,9 млн. АҚШ долл. құрады.

Экспорт көлемі өткен жылмен сәйкес 38%-ға төмендеді.

Экспорттың төмендеуі транзиттік мұнай, темірден немесе легирленбеген болаттан жасалған табақты илек, таскөмір және мыс кені сияқты негізгі экспортталатын тауар ұстанымдары бойынша көлемдерін қысқарту және бағаларын төмендету есебімен болды.

Импорт көлемі өткен жылмен сәйкес 40,3%-ға төмендеді.

Төмендеулер келесі ұстанымдарда болды: бағалы металдардың кендері мен концентраттары, дәрілік құралдар, өртке төзімді кірпіштер, блоктар, плиткалар мен ұқсас өртке төзімді қышты құрылыс материалдары және өзгелері.

ІШКІ САУДА

2015 жылы бөлшек сауданың жалпы көлемі 588,5 млрд. теңгені немесе 2014 жылдың деңгейіне 96,6% құрады. Облыстың барлық өңірлерімен төмендеуге жол берілді.

Бөлшек тауар айналымы көлемінің төмендеуінің негізгі себебі ұлттық валюта бағамының өзгеруі және әкелінетін тауарлар мен өндіру кезінде импорттық шикізаттар қолданылатын тауарларға бағаның өсуіне алып келу салдарынан халықтың сатып алу қабілетінің түсуі болып табылады. Сондай-ақ, халыққа тұтыну мақсатында екінші деңгейдегі банктен кредит беру 17,4%-ға (қысқа мерзімді кредиттер бойынша) және 5,5%-ға (ұзақ мерзімді кредиттер бойынша) төмендеді.

Экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі жоспарды орындау шеңберінде 2015 жылдың қорытындысы бойынша 3 429,2 млн.теңге инвестициялар сомасына 84 сауда объектісі енгізілді, бұл ретте 761 жұмыс орны құрылды (жоспар кезінде – 64 сауда объектісі).



Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау мақсатында «Қазақстанда жасалған» акциясын 4 222 сауда объектілері өткізді, оларда 18 811 логотип орналастырылған.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет