2015 жылғы «16» қараша №9-3/999



Дата19.06.2016
өлшемі124 Kb.
#148580


2015 жылғы «16» қараша № 9-3/999



«Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған «Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Инвестициялық саясат және қаржы құралдары департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі

___________________ Е. Досаев

2015 жылғы «____» __________

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2015 жылғы «16» қараша

№ 9-3/999

бұйрығымен бекітілген

«Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


  1. Жалпы ережелер

1. «Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді «Қазагромаркетинг» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – оператор) жүзеге асырады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) құжаттар топтамасын операторға тапсырған сәттен бастап - 43 (алпыс) жұмыс күні ішінде;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут;

3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 60 (алпыс) минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – инвестициялық субсидиялау мәселелері бойынша облыс, Астана және Алматы қалаларының әкімі орынбасарының төрағалығымен өткен, комиссия хатшысының қолы қойылған және мөрімен расталған комиссия отырысы хаттамасынан үзінді көшірме.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.

7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушыларға) тегін көрсетіледі.

8. Көрсетілетін қызметті берушінің және оператордың жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында, сағат 13.00-ден
14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру – сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) операторға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:



    1. инвестордың уәкілетті адамы немесе қол қою құқығына сенімхаты бар адам қол қойған және мөрмен бекітілген, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инвестициялық субсидиялауға арналған өтінім;

    1. АӨК субъектісін мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктің көшірмесі немесе мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтама;

Ескертпе: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті), мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтағанға дейін жарамды болып табылады.

3) бизнес-жоспарды, шарттар немесе коммерциялық ұсыныстарды қоса бере отырып, жаңа өндірістік қуаттылық құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге арналған инвестициялық салымдар және оларды іске асыру мерзімдері туралы ақпарат;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптаманың оң қорытындысы бар жобалардың жобалау-сметалық құжаттамасы;

5) тартылған қаржы (кредит/лизинг) есебінен жобаны іске асыру жағдайында, осы Қағидаларға сәйкес инвестор субсидия алу көздегені туралы қаржы институтына хабарлама көшірмесі.

Егер инвестициялық жоба пайдалануға берілген, сондай-ақ инвестициялық жоба шеңберінде техника мен жабдықтар сатып алынған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы келесі құжаттарды ұсынады:


    1. объектіні немесе инвестициялық жобаның кезегін (кезеңін) пайдалануға қабылдау туралы мемлекеттік қабылдау не қабылдау комиссиясы актісінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

    2. сатып алушы мен жеткізуші арасындағы жабдықтарды пайдалануға беру актісінің көшірмесі;

    3. жаңа өндірістік қуаттылықтар құруға не жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге арналған инвестициялық салымдарды растайтын сатып алу-сату шарттарының, шот-фактуралардың көшірмелері;

    4. ауыл шаруашылығы, арнайы техника мен технологиялық жабдықтарды қабылдап алу-беру актілерінің көшірмелері;

    5. ауыл шаруашылығы техникасын сатып алған кезде, құқық белгілейтін құжаттардың (көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, техникалық паспорт) көшірмелері ұсынылады;

    6. қаржы институттарында тартылған қаражат есебінен инвестициялық салымдар жүзеге асырылған жағдайда, қаржы институты куәландырған кредиттік/лизингтік шарттар көшірмелері;

7) бизнес-жоспарда көзделген мерзімдерде, өндірістік қуаттылықтардың жүктемесі кемінде 30 %-ға жеткеннен кейін осы Қағидалардың 10-тармағының 2) тармақшасына сәйкес инвестор растайтын құжаттарды (бизнес-жоспар, өндірілген өнім түрлері бойынша өткізуді заттай және құндық мәнде растайтын құжаттардың оператор куәландырған көшірмелері, өндірістік қуаттылықтардың жүктемесіне жеткендігі туралы жұмыс органы мониторингінің актісі) ұсынады.

Инвесторлардың өтінімдерін жан-жақты қарау үшін, сондай-ақ даулы мәселелер болған кезде, комиссия қосымша құжаттар сұратады және операторға ауыл шаруашылығы саласындағы тиісті мамандарды не тәуелсіз сарапшыларды тартуды тапсырады. Бұл талап оператордың қызметтер көрсетуі жөніндегі шартта көзделген қаражат шеңберінде орындалады.

Қажет болған жағдайда, инвестордың өтінімінде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында комиссия инвестордан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда сұратады. Комиссия сұрататын ақпаратты инвестордың беру мерзімі комиссияның хаттамалық шешімінде көрсетіледі.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін
қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды
адамдарының, оператордың және (немесе) олардың жұмыскерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, оператордың және (немесе) оның жұмыскерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

11. Шағым почта арқылы жазбаша нысанда немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма қол беріледі.

Шағымның қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған тұлғаның аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.

Көрсетілетін қызметті алушының шағымында:

жеке тұлғаның – тегі, аты, әкесінің аты, почталық мекенжайы көрсетіледі;

заңды тұлғаның – атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.

Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.

Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары мен анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында, сондай-ақ: www.mgov.kz, www.kam.kz орналастырылған.

14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

15. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

«Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

1-қосымша

Нысан
Инвестициялық субсидиялауға өтінім


Кімге: ______________________________________________________________
                            (оператордың атауы)
Кімнен: _____________________________________________________________
                             (инвестордың атауы)
Қатысушы туралы мәліметтер


1

Инвестордың атауы



2

Бірінші басшының

Тегі, аты, әкесінің аты





3

Қарыз алушыны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік/анықтама (нөмірі, берілген күні және орны, жеке сәйкестендіру нөмірі / бизнес сәйкестендіру нөмірі)



5

Заңды мекенжайы



6

Нақты мекенжайы



7

Банк деректемелері



8

Байланыс телефондары


Инвестициялық жобаның қысқаша сипаттамасы және ол іске


асырылатын/іске асырылған қаржы қаражатының көзі ____________________
___________________________________________________________________
Инвестордың Тегі, аты, әкесінің аты

(бар болған жағдайда) және қолы________________________________________


мөр орны

(бар болса)


Оператор өтінімді қабылдаған күні 20__ ж. «____»_____________


Өтінімді қабылдаған адамның Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және телефон нөмірі                               

_______________________

«Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына



2-қосымша
Басым бағыттар тізбесі


Р/с №

Басым бағыттар



Бірінші топ

1.

Ірі қара малдың тауарлы фермаларын кеңейту және техникалық жарақтандыру

2.

Сүтті-тауарлы фермаларды құру және кеңейту

3.

Сыйымдылығы 3000 мал орнынан кем емес бордақылау алаңдарын құру және кеңейту

4.

Жемшөп өндірісі бойынша кәсіпорындар/шаруашылықтар құру және кеңейту

5.

Жайылымдарды суландыру инфрақұрылымдарын салу (құдықтар, ұңғымалар)



Екінші топ

6.

Етті бағыттағы мал шаруашылығы, қой шаруашылығы, жылқы шаруашылығы және шошқа шаруашылығы бойынша шаруашылықтар құру және кеңейту

7.

Құс шаруашылығындағы кәсіпорындарды құру және кеңейту

8.

Суару жүйелерін құру және кеңейту

9.

Астық және жеміс-көкөніс өнімдерін сақтау бойынша кәсіпорындар құру және кеңейту

10.

Көкөністер және жемістер өсіру бойынша кәсіпорындар құру және кеңейту

11.

Сүт және сүт өнімдерін қайта өңдеу, дайындау, тасымалдау бойынша кәсіпорындар құру және кеңейту

12.

Ет және ет өнімдерін қайта өңдеу, дайындау, тасымалдау бойынша кәсіпорындар құру және кеңейту

13.

Жемістер мен көкөністерді қайта өңдеу және сақтау бойынша кәсіпорындар құру және кеңейту

14.

Қант өндірісі

15.

Май-тоңмай өнімдерін өндіру

16.

Дәнді және майлы дақылдарды тереңдете қайта өңдеу бойынша кәсіпорындар құру және кеңейту

17.

Кондитерлік өнімдер өндірісі

18.

Бекіре және арқан балықтар түрлерін өсіру бойынша индустриялық балық өсіру кәсіпорындарын салу




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет