Мал шаруашылығы және балық өнімдерін өндіру технологиясы кафедрасы зоотехникалық бағыттағы ең алғашқы кафедралардың бірі ретінде 1933 жылы құрылған.
Ғылыми – педагогикалық қабілеті
Кафедрада ғылыми–педагогикалық тәжірибесі мол жоғары білікті мамандар жинақталған. Кафедра құрамында 41 адам, оның ішінде 1 академик, 13 профессор, 13 доцент, 4 аға оқытушы, 7 ассистент, 4 докторант, 26 магистрант, 4 лаборант. Кафедра меңгерушісі - ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Махатов Б.М.
Кафедраның қызметі
Кафедра қызметі - мал өсіру, селекция, генетика, биотехнология, балық шаруашылығы және өнеркәсәптік балық аулау, мал шаруашылығының жекелеген салаларындағы 3 мамандық бойынша жоғары білімді мамандар даярлау. Кафедра оқытушыларынан сабақ алған мамандар мал өнімдерін өндіру технологиясының, зоотехнияның, биотехнологияның жаңа тәсілдерін пайдалана отырып, өнімділігі жоғары малдың жаңа тұқымдарын шығару мен оларды жетілдірудің қарқынды әдістерін меңгереді.
Мұндай мамандар мал шаруашылығының барлық салаларында, Республиканың ғылыми-зерттеу құрылымдарында, фермерлік және шаруа қожалықтарында, серіктестіктерде үлкен сұранысқа ие, аграрлық бағыттарда, үйымдастырушы-басқарушы аппараттарда жетекші қызметтерде істей алады.
Материалдық базасы
Кафедрада әр түрлі жануарлардың, негізгі мал тұқымдары мен типтерінің көркемделген бейнелері, сүреттері, өнімділік көрсеткіштері түсірілген кестелер, тақырыптық көрнекі материалдар ілінген оқу аудиториялары, электрондық слайдтар, видеофильмдер, компьютерлік бағдарламалар («Биомет», «Лабор», «Селекционер»), әр түрлі пәндерден электрондық оқулықтар бар. Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы бойынша оқу-ғылыми зертханасы жұмыс істейді. Зоотехния, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы, аң шаруашылығы және аңшылықтану, балық шаруашылығы, ветеринариялық медицина, ветеринариялық санитария мамандықтарына ауыл шаруашылығы жануарларының өнімділік деңгейі мен тұқымдық сапасын бақылауды, жоғарылатуды, мал тұқымдары, олардың құрылымдық топтарының стандарттық талаптарын қалыптастыру әдістерін оқытып үйрету үшін барлық мүмкіндіктер бар.
5В080400-«Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау мамандығы»
Қазіргі кездегі халықтың өмір деңгейінің өсіуне байланысты оларды жоғарғы белокты тағамдармен қамтамасыз ету қажеттілігі туды.Осыған орай балық өнімдеріне деген сұраныстың жоғарылап, осы саланы қарқынды дамыту сұрағы туады. Ол ішкі су қоймалар мен теңіздегі және мұхиттағы балық ресурстарын жоғары дәрежеде қолданумен сәйкес жүреді. Айтылған міндеттерді жүзеге асыру үшін мамандар балық шаруашылықтарының ғылыми негіздерін қалап, мұхит балық шаруашылығын жетілдіру қажет. Бұның барлығы биологиялық және техникалық мелиорация жаңа тіршілік аймақтарына қоректік объектілер мен бағалы балықтарды трансплантация әдісі арқылы көбейтіп, тауарлық балықты жағалау тоған шаруашылықтарында өсіру және балықтардың шабақтарын өсіру арқылы жүзеге асыруға болады. Сондықтан бұл жұмысты тек жоғарғы маманданған кадрлар ғана атқара алады.
Осыған байланысты Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінде 2002 жылдан бастап мал шаруашылығы технологиясы факультетінде «Балық шаруашылығы» мамандығы ашылып, Республикамызға қажетті кадрлар дайындала бастады.
Сонымен қатар студенттік «Балық өсіруші», «Балық қорегін өсіру» атты ғылыми үйірме жұмыстары жүргізіледі. Ол жерде студенттер негізгі білімімен қатар, ғылыми жұмыстармен де айналысуға мүмкіндіктері бар. Оқу барысы кезінде студенттер өндірістік практикаларға акклимитизациялықстанцияларда, балық тоған шаруашылықтарында, Қапшағай су қоймасы мен Шелек тоған шаруашылықтарында білімдерін өндіріспен ұштастыра алады.
Қазіргі кезде балық шаруашылық мамандығы бойынша бакалавр мен магистранттарды даярлайды.
Балық шаруашылық мамандығын бітірген кадрлар ғылыми-зерттеу институттарында, балық қорғау инспекцияларымен бірге балық тоған шаруашылықтарында, балық өнімдерін өндеу зауыттарында, қорықтарда, зоологиялық бақтарда және т.б. жерлерде қызмет атқара алады.
5В080200 – Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы (биология-биология)
Аталған мамандық бойынша ауыл шаруашылығы комитеттері мен департаменттерде, ауылшаруашылық кәсіпорындарында, ауыл шаруашылығы өндірісі салаларында, мемлекеттік асыл тұқымды мал зауыттары мен инспекцияларында жетекші маман, ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін және өндейтін кәсіпорындарда, азық-түлік корпорацияларында, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін мекемелерде менеджер болып жұмыс істейді.
Кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы 93 пәннен мемлекеттік және орыс тілінде дәріс, зертханалық, тәжірибелік сабақтар жүргізеді. Оқу - әдістемелік әдебиетпен барлық пәндер бойынша қамтамасыз етілген.
Кафедра қызметкерлері аграрлық бағыттағы жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған негізгі оқулықтар болып табылатын 28 оқулық және оқу құралын даярлап, жарыққа шығарған.
Оқу үдерісін өндіріспен ұштастыру мақсатындағы қажетті сабақтар Алматы облысының 15 асыл тұқымды мал-құс шаруашылықтарында. Қазақтың ғылыми-зерттеу технологиялық қой шаруашылығы институтында, ҚР ҒА жалпы генетика, адам және жануарлар физиологиясы институттарында өткізіледі.
Ғылыми-зерттеу жұмыстары
Кафедрада Республикалық және халықаралық деңгейде үлкен ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Дегерес, сарыарқа, қазақтың құйрықты, қазақтың биязы жүнді, оңтүстік қазақ мериносы, қазақтың арқармериносы қойы, қара–ала, алатау, қоңыр ірі қарасы және басқа жылқы, құс, шошқа тұқымдарын жетілдіруге бағытталған селекция жұмыстарымен шүғылданады. 2001-2008 жылдары ҚР АШМ және БҒМ «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы қолданбалы ғылыми-зерттеу» бағдарламасына сәйкес жылына 10 млн. теңгеге қаржыланатын мемлекеттік тапсырыспен ғылыми жұмыс жүргізді. Биотехнологиялық зерттеулер, оның ішінде дегерес қойы тұқымының эмбрионының ғарыш жағдайындағы өміршендігін зерттеу, халықаралық бағдарламаға сәйкес АҚШ, Ресей, Италия, Оң түстік Африка мемлекеттерінің ғалымдарымен бірлескен космостық салмақсыздық жағдайындағы мал эмбриондарының сақталуын зерттеуге арналған ғылыми жоба іске асырылды Бүгінде осы ғылыми – зерттеу жұмыстары Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының 30 асыл тұқымды мал шаруашылықтарында жүргізілуде.
Кафедрада студенттердің ғылыми үйірмелері жұмыс істейді. Студенттердің ғылыми зерттеулерінің нәтижесі олардың курстық жобасына, дипломдық жұмысына жалғасып, әрі қарай, ғылыми еңбекке айналады. Таңдаулы студенттік жұмыстар республикалық, халықаралық конференциалырда тыңдалып, конкурстарға қатыстырылады.
Кафедраның оқу - өндірістік қызметтерінің негізгі бағыттары
-
Әр түрлi мал тұқымдарына селекциялық тұқым асылдандыру жоспарын жасау.
-
Әр түрлi бағыттағы мал тұқымдарын, топтарын сұрыптау, бонитировкалау.
-
Аталықты ұрпағының сапасына қарай бағалау.
-
Малды қолдан жасанды ұрықтандыру жұмыстарын үйымдастыру және іске асыру.
-
Асыл тұқымды мал шаруашылықтарын мемлекеттiк аттестацияға даярлау.
-
Зоотехникалық алғашқы есеп жұмыстарын жүргiзуді ұйымдастыру.
-
Асыл тұқымды мал сату және сатып алу жұмыстарын ұйымдастыру.
-
Өте бағалы тұқымдық мал эмбриондарын тасымалдау.
-
Аграрлық бағыттағы мамандарға, жоғары оқу орындарының қызметкерлеріне генетика, селекция, әр түрлі мал шаруашылығы және биотехнология мәселелерi бойынша бiлiктiлiгiн көтеру курстарын, семинарларын ұйымдастыру.
Мамандіқ иелері ауыл шаруашылығы комитеттері мен департаменттерінде, ауыл шаруашылық кәсіпорындарында, ауыл шаруашылығы өндірісі салаларында, биотехнологиялық, ғылыми-зерттеу орталықтары мен мемелекеттік асыл тұқымды мал зауыттарында, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру және өңдеу кәсіпорындарында, мемелекеттік асыл тұқым инспекцияларында,балық өнімдерін өндіру кәсіпорындарында жұмыс істей алады
Алматы қ. Абай даңғылы, 28 үй, 207 бөлме
Тел. (8727) 2611408
Қазақ ұлттық аграрлық университеті
Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу технологиясы факультеті
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ БАЛЫҚ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ КАФЕДРАСЫ
Алматы
Достарыңызбен бөлісу: |