2015 жылы ветеринария саласы бойынша атқарылған жұмыстары туралы анықтама
2015 жылы эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге республикалық бюджеттен 659,4 млн. теңге жалпы сипаттағы трансферттер бөлінді.
Облыс көлемінде 2015 жылға жоспарланған ветеринариялық профилактикалық іс-шаралар толық көлемде орындалды.
Диагностикалық шаралар нәтижесінде бруцеллезге оң нәтиже көрсетуі және тапсырылу бойынша
Облыс бойынша бруцеллез ауруына барлығы 702 474 бас ірі қара малы зерттеліп жылдық жоспар - 100% орындалды, соның ішінде 9 686 бас оң нәтиже көрсетіп, облыс бойынша зақымдануы-1,4% құрады (салыстырмалы 2014ж. ІҚМ зерттелгені – 492 342 бас, оң нәтиже - 9 012 бас, зақымдануы-1,8%).
Ұсақ мал бруцеллез ауруына 1 154 093 бас зерттеліп, жылдық жоспар - 100% орындалды, соның ішінде 5 272 бас оң нәтиже көрсетіп, облыс бойынша зақымдануы- 0,4%-ды құрады (салыстырмалы 2014 ж. 829 866 бас ұсақ мал зерттеліп, оң нәтиже көрсеткені - 3 068 бас, зақымдануы-0,4%). Аталық қошқарлар инфекциялық эпидидимит ауруына 56 692 бас зерттеліп, соның ішінде 780 бас оң нәтиже көрсетіп, облыс бойынша зақымдануы 1,3%-ды құрады. 2015 жылы оң нәтиже көрсеткен 9 686 бас ІҚМ, 6 048 бас ұсақ мал ет өңдеу кәсіпорындарына тапсырылды.
Сонымен қатар, 2015 жылы ірі қара малдар арасынан бруцеллез ауруынан қолайсыз болып танылған 14 ошақта және ұсақ малдар бойынша 14 ошақта, инфекциялық эпидидимит ауруы бойынша 13 ошақта (2014 ж. бруцеллез ІҚМ- 9 ошақ, ұсақ малдар -8 ошақ, инфекциялық эпидидимиттен болған жоқ) сауықтыру жұмыстары жүргізілді. Жыл аяғында ІҚМ бруцеллезінен 8 елді мекенде және ұсақ мал инфекциялық эпидидимиті бойынша 5 елді мекенде сауықтыру жұмыстары аяқталды.
Санитарлық союға жіберілген жануарлар иелеріне нарықтық құнын өтеу
2015 жылы облыс бойынша бруцеллезге оң нәтиже көрсеткен ІҚМ және ұсақ малдың 50% өтем ақысын төлеуге республикалық бюджеттен 88,6 млн. теңге және жергілікті бюджеттен 92,3 млн. теңге қаражат бөлініп, санитарлық союға жіберілген 3 428 бас ІҚМ және 415 бас ұсақ мал иелеріне нарықтық құнының 50% төленді. Дегенмен, бруцеллезге оң нәтиже көрсеткен 8 045 бас ІҚМ және 4 173 бас ұсақ малдың өтемақысын төлеуге облыс бойынша 581,3 млн. теңге қосымша қаражат қажет етеді.
Сойылысқа тасымалданатын мал қозғалысы бойынша
Жыл қортындысында ветеринариялық анықтамамен БҚО және басқа облыстарға тірілей және еттей салмақта 77 806 бас ІҚМ, 111 406 бас ұсақ мал, 9 372 бас жылқы сойысқа тапсырылып, уақытылы ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқор базасынан шығарылды.
Жануарлардың аса қауіпті ауру ошақтарының анықталуы бойынша
2015 жылы облыс көлемінде жануарлардың аса қауіпті ауруларынан 44 ауру ошағы анықталды, соның ішінде 9 құтыру ауруы, 2 пастереллез, 3 қой шешегі, 30 қарасан (салыстырмалы 2014 ж. барлығы 68 ошақ тіркелді: құтыру 37 ошақ, пастереллез 6 ошақ, брадзот 1 ошақ, 1 шешек, 23 қарасан). Алынған шаралар нәтижесінде, ауру ошақтары уақытылы жойылды.
Ауылшаруашылығы жануарларын бірдейлендіру
2015 жылы облыс бойынша бірдейлендіру шаралары аясында 177 500 бас ірі қара, 510 000 бас қой-ешкі, 476 бас түйе, 33 000 бас шошқа және 25 215 бас жылқы бірдейлендіру жоспарланып, 157 499 бас ірі қара (жоспардың 89%), 179 327 бас қой мен ешкі (жоспардың 35,2%) бірдейлендірілді және 25 776 бас жылқы таңбаланды (жоспардың 102,2%).
2015 жылы желтоқсан айында облысқа ІҚМ -на 120 268 дана, түйеге 404 дана құлақ сырғалары жеткізіліп, аудандарға жоспармен таратылды.
Ветеринариялық ғимаратпен қамтамасыз ету
Облыс бойынша аудандарда құрылған 13 мемлекеттiк ветеринариялық станцияның 9-ның жеке меншігіне алынған ғимараттар бар, 4 ветстанция уақытша жалдауда және 148 ветеринариялық пункттердің 68-ның өз меншіктеріне ғимарат алынды (соның ішінде 2015 жылы ветеринариялық пункттерге Жәнібек ауданы бойынша 1 ғимарат және Казталов ауданы бойынша 1 ғимарат өз меншігіне алынды), қалған 80 ветеринариялық пунктерге ауылдық округтің әкімшілік ғимаратынан уақытша бөлме берілді.
Мал сою нысандары мен мал қорымдары
Облыс көлемінде 2010-2012 жылдардан тіркелген 141 мал сою нысандары бар, оның ішінде 132 сою алаңдары, 4 мал сою пункттері, 5 ет өңдеу кәсіпорындары. Бүгінгі күнде облыс бойынша тіркелген мал сою нысандары бойынша 50 сою объектісі жұмыс істейді, соның ішінде 4 мал сою пункттері, 5 ет өңдеу кәсіпорындары және 41 сою алаңдары. Қалған 91-нің қызметі уақытша тоқтап тұр (есептік нөмірі уақытында ресімделмеген).
Облыс бойынша елді мекендерде 255 мал қорымдары тіркелді, соның ішінде 60 типтік жобада және 195 қарапайым шұңқырлар.
2015 жылы мал қорымдарын жөндеуге (Жәнібек ауданы бойынша) және салуға (Сырым ауданы бойынша) жергілікті бюджеттен 2,6 млн. теңге қаражат бөлініп, 3 мал қорымдары салынды.
Сібір жарасы көмінділерін анықтау барысында жүргізілген жұмыстар нәтижесі туралы
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің 2014 жылғы 13 қарашасындағы №5 отырысы хаттамасының 1,7 тармағын орындау мақсатында, облыс бойынша 228 сібір жарасы көмінділері орындарының 144-і анықталып, 84 орын анықталған жоқ. Аудандық ветеринариялық бөлімдерінің тарапынан анықталған 77 орынға жер телімін бөлу жөнінде өтініш беріліп, 50 орынға жер телімі комиссиясының қорытындысы шықты.
Ветеринария саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша:
Обектілерге есептік нөмірлерін растау:
2015 жылы БҚО бойынша жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне,сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларынөндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға барлығы 144 есептік нөмірлер берілді, соның ішінде:
Жануарларды дайындауды (союды) және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілері:
- етті қайта өңдеуші кәсіпорындар (U1) – 1
- сою пункттері (U2) – 4
- сою алаңдары (U3) – 41;
құсты қайта өңдеуші кәсіпорындар (К) – 69;
Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты қайта өңдеуді жүзеге асыратын өндіріс объектілері:
- ет (G1) – 2
- балық және балық өнімдері (G2) – 3
- бал және ара шаруашылығы өнімдері (G3) - 1
- жануарлардан алынатын шикізат (G4) – 1
- Сүт және сүт өнімдері (G5) – 2;
Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты сақтауды жүзеге асыратын объектілер (W) – 20.
Лицензия беру бойынша
Облыс бойынша 2015 жылы жануарлардан алынған өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізумен айналасуға «ПСП Серик» ЖШС-на 1 лицензия берілді.
Достарыңызбен бөлісу: |