2018 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодекcінің 32-бабының 2-тармағына, «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы»



Дата08.07.2016
өлшемі23.49 Kb.
#185435



Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және әлеуметтік

даму министрлігінің 2016-2018 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодекcінің 32-бабының 2-тармағына, «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 195 бұйрығымен бекітілген Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларының және олардың мазмұнына қойылатын талаптардың 17-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:



        1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2016-2018 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалары бекітілсін.

        2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Қаржы департаменті:

1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Ақпараттандыруды дамыту департаментімен бірлесіп, бюджеттік бағдарламалар бекітілгеннен кейін күнтізбелік 3 күн ішінде оларды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

2) жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есепті дайындауды және оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.



        1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің жауапты хатшысы
          А.Д. Құрманғалиеваға жүктелсін.

        2. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.



Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова


КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі
___________ Б. Сұлтанов


КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі
___________ Е. Досаев






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет