2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында


«МАТЕМАТИКА», «АЛГЕБРА», «АЛГЕБРА ЖӘНЕ АНАЛИЗ



Pdf көрінісі
бет19/42
Дата08.09.2022
өлшемі1.22 Mb.
#460432
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   42
8. ӘНХ Математика

2. «МАТЕМАТИКА», «АЛГЕБРА», «АЛГЕБРА ЖӘНЕ АНАЛИЗ 
БАСТАМАЛАРЫ»,
«ГЕОМЕТРИЯ» 
ПӘНДЕРІН 
ОҚЫТУДЫҢ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, 5-11 СЫНЫПТАР  
 
1. Жалпыға міндетті білім беру стандартындағы оқу пәніне байланысты 
енгізілген өзгерістер мен толықтырулар
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және 
жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің 
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан 
Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 
бұйрығына сәйкес негізгі орта білім беру деңгейінде 5-6 сыныптарда 
«Математика» пәні, 7-9 сыныптарда «Алгебра» және «Геометрия», 10-11 
сыныптарда 
жаратылыстану-математика 
және 
қоғамдық-гуманитарлық 
бағыттар бойынша «Алгебра және анализ бастамалары» және «Геометрия» 
пәндері оқытылады.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы 
№ 348 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға 
міндетті стандартының 34-тармағына сәйкес «Алгебра және анализ 
бастамалары», «Геометрия» оқу пәндері бойынша сабақтар өткізу кезінде 10-11 
сыныптарда оқытудың екі бағыты бойынша сабақтар өткізу кезінде білім 
алушылар санына қарамастан, қалалық, ауылдық білім беру ұйымдарында
шағын жинақты мектептерде рұқсат етіледі.
2.Үлгілік оқу жоспарындағы оқу пәніне байланысты енгізілген өзгерістер 
мен толықтырулар
«Математика», «Алгебра», «Алгебра және анализ бастамалары» және 
«Геометрия» 
пәндеріне 
бөлінген 
оқу 
жүктемелері 
«Қазақстан 
Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің Үлгілік 
оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 
министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен (соңғы өзгерістер мен 
толықтырулар 2022 жылғы 26 қаңтардағы №25 бұйрықпен енгізілген) бекітілген. 
Осы бұйрыққа сәйкес жалпы білім беретін мектептердегі оқу процесінде Үлгілік 
оқу жоспарының екі түрі: Үлгілік оқу жоспарлары және төмендетілген оқу 
жүктемесімен Үлгілік оқу жоспарлары қолданылады.
«Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын 
бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы
30 қазандағы № 595 бұйрығының (соңғы өзгерістер мен толықтырулар 2021 
жылғы 29 желтоқсандағы №614 бұйрығымен енгізілген) 24-пунктіне сәйкес 
білім беру ұйымдары меншік түрі мен нысанына қарамастан, Үлгілік оқу 
жоспарын, оның ішінде оқу процесі жүзеге асырылатын қысқартылған оқу 
жүктемесі бар Үлгілік оқу жоспарларын дербес таңдап алады. Сондықтан, 
Үлгілік оқу жоспарының түріне байланысты негізгі орта және жалпы орта білім 
беру деңгейлерінде «Математика», «Алгебра», «Алгебра және анализ 
бастамалары» және «Геометрия» пәндерін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің 
көлемі әртүрлі.


35 
Үлгілік оқу жоспарларының түрлері бойынша 5-6 сыныптардағы 
«Математика» пәніне, 7-9 сыныптардағы «Алгебра» және «Геометрия», 10-11 
сыныптардағы «Алгебра және анализ бастамалары» және «Геометрия» пәндеріне 
бөлінген апталық оқу жүктемелері 2.1-кестеде көрсетілген.
2.1-кесте – Апталық және жылдық оқу жүктемесінің көлемі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет