2.3 Абайтану мен Абай өлеңдеріндегі тәрбие
Абайтану — қазақ әдебиеттану ғылымының саласы.
Абайтану Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылық өнері, философиясы, қоғамдық, эстететикалық көзқарастары, қазақ поэзиясындағы өлең жүйесін, ақындық тілді дамытудағы үлесі, музыкалық мұрасы жайлы сан-салалы зерттеу еңбектерін қамтиды. Абайдың өмірі мен шығармашылық мұрасын зерттеу шын мәнінде Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы мақалаларынан басталды деуге болады.
Абай өлеңдері арқылы халықты, өскелең ұрпақты тәрбиелейді. Әр өлеңінен қазақтың болашағы жарқын болуын ойлағаны байқалады. Ақын ел ішіндегі мейірімсіздік пен зорлық-зомбылықты, қатыгездікті, жағымсыз әрекеттерді жазған. Оны "Сабырсыз, арсыз, еріншек..." өлеңінің мына жолдарынан байқаймыз:
Өзін-өзі күндейді
Жақынын жалған міндейді
Ол - арсыздық белгісі.
Бұл өлең шумағында ақын арсыздықтың белгісін айту арқылы одан алыс жүруге шақырады. Ақынның шыншыл болуы көздейтінін байқаймыз:
Өңкей жалған мақтамен
Шынның бетін бояйды.
Ақын "Сегіз аяқ" өлеңінде елді түзету жолын іздеп, еңбек етіп, адал мал табуды үндейді.
Біріңді қазақ, бірің дос,
Көрмесең істің бәрі бос,-деп, елді бірлікке, татулыққа және бауырмал болуға шақырады.
Осы өлеңде халықты тәрбиеге шақыратын афоризмдер де көп кездеседі. Мысалы:
Еңбек қылсаң ерінбей-
Тояды қарның тіленбей,-деп, Абай халықты еңбектің жемісін көруге шақырады. Келесі өлең жолында ойшыл ақын жұрттың қулық пен алдаудан, айлакер болудан алшақ жүргенін қалаған:
Баяғы қулық, бір алдау,
Қысылған жерде - жанжал-дау.
Қорытынды
Қорытындылай келе, Абай Құнанбайұлы өз өлеңдері арқылы қазақты тәрбиелейді. Ақын мұралары - әр ұрпақ үшін қасиетті, маңызды. Қазақтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған, өз елінің болашағының жарқын болуын ойлаған Абайдың тәрбиемен сусындататын өлеңдерін, асыл қазынамызды қастерлеуіміз керек!
Әсіресе, ақын шығармашылығындағы қоғамдық, әлеуметтік, саяси тақырыпқа жазылған бірқатар өлеңдерден барша халықты адамдық асыл қасиеттерге үндейтін ізгілікті ойларды көптеп кездестіреміз. Оған алдымен, ақын ұраны іспеттес «Ғылым таппай мақтанба!» өлеңі дәлел. Ондағы:
«Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге» ,- деген жолдардың өзінде қаншама тәлім-тәрбие жатыр?! Абай атамыз адам болам дегендерді өсек, өтірік, мақтаншақтық, еріншектік, мал шашпақ тәрізді қасиеттерден аулақ болуға шақырса, талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым сынды бес қасиетті бойға сіңіруге үндейді. Сонымен қатар, «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» шығармасында да ақын ер-азаматтарға «кімді сүйсең де, шын көңілмен сүй, талапты болып, әр түрлі өнер, жақсы қылықты бойға сіңір, бір-біріңмен тату бол, біреуді сыртынан ғайбаттама» деп ақыл айтады. Ойшыл ақынның берер өнегесі мүнымен тоқтап қалмайды. «Әуелде бір суық мұз- ақыл зерек» өлеңінде:
«Тоқтаулылық, қалыпты шыдамдылық,
Бұл қайраттан шығады білсең керек.
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста
Сонда толық боласың елден ерек» ,-деп, өзгелерден жоғары тұру үшін ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұстау керектігін ескертеді. Расымен де, осы үш қасиетті бойына тоғыстыра білгендер кез-келген қиындыққа тайсалмай төтеп берері анық. Осылайша, ақын әрбір адам бойынан табылуы тиіс рухани құндылықтарды тізбектей келе, гуманизм идеясын асқақтата түседі. Сонымен, Абай өлеңдерін талдай келе, онда тәрбиелік арналардың қайнар көзі жатқандығына көз жеткіземіз. Ұлы ақынның әрбір айтқан сөзі -есті адам үшін өсиет-өнегенің таптырмас үлгісі. «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, таңырқа!» демекші, өмірге азық боларлық асыл ойлардың Абай жырларында тұнып тұрғаны баршаға мәлім.
Достарыңызбен бөлісу: |