Абай Құнанбайұлының туғанына 175-жыл толуына орай өткізілген ашық тәрбие сағатының тақырыбы



Дата18.02.2020
өлшемі63 Kb.
#447996
Абай

Абай Құнанбайұлының туғанына 175-жыл толуына орай өткізілген

ашық тәрбие сағатының тақырыбы: Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін...





Мақсаты:

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев туралы тереңірек меңгеру, өмір жолы мен шығармашылығын, өлеңдерін, қара сөздерін таныту.

Абайдың даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттау, құрмет ету, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрініс: Домбыраның үні.(күй «Құрманғазының көңіл толқыны») Сахнада Абай өлең жазып отырады.Үстел үстінде ескі май шам және құс қауырсынынан жасалған қалам мен шыны құтыда сия. Абай сәлден соң орнынан тұрып өлең шумақтарын оқып, сахнадан шығып кетеді.
Нұрсұлтан:

Қалың елім, қазағым, қайран жұртым

Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
Жақсы менен жаманды айырмадың,
Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.
Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар.

Содан қашық болу керек:

Әуелі - надандық

Екіншісі - еріншектік

Үшіншісі - залымдық


  • Оқушылардың өлеңдері тыңдалады

  • 1-оқушы: Егер сіз жақсылық пен жамандықты, әділдік пен қиянат туралы білгіңіз келсе, Абайды оқыңыз!

  • 2-оқушы: Адамгершілік пен арлылық , махаббат пен залымдық туралы білгіңіз келсе, Абайды оқыңыз!

  • 3-оқушы: Өлім мен өмір, адам жанының қалтарыстарын, қатпар - қатпар сырларын білгіңіз келсе, Абайды оқыңыз!

  • 4-оқушы : Тіршіліктің мәңгілік сауалдарына жауап іздеп, ғаламның 18 мың құпиясын білгіңіз келсе, Абайды оқыңыз!

Жүргізуші:

-Құрметті қонақтар мен оқушылар! «Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін...»атты сыныптан тыс тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

Абай есімі - қазақ халқының ұлттық санасының оянуы мен рухани қайта жаңғыруының , қоғамның озық күштерінің өркениеттілікке ұмтылысы мен әлеуметтік әділдіктің символы. Абай Құнанбаевтың қалдырған өшпес әдеби мұрасы қашан да түн қойнауынан нұр сәулесін шашқандай халқына құрмет етуде.

Абайдай перзенті бар халық –бақытты халық.

Абай –халқымыздың мақтанышы ғана емес, біздің ұлттық ұранымыз, ұлттық идеологиямыз, оның өлмес мұрасын алдымен өзіміз танып, сосын әлемге таныту –біздің ғұмырлық парызымыз.

Абайдың туғанына 175 жыл уақыт өтсе де, оның еңбектері халық жадында сайрап, оған нұрлы өмірге жол көрсетіп тұр.

Абай есімі мәңгі ұмытылмайды.
Тәрбие сағатымыздың келесі бөлімін сайыс түрінде өткіземіз. Сайысқа қатысушы топтарды қошеметпен ортаға шақырамыз

І топ – «Аманат» тобы



ІІ топ - «Қауырсын қалам» тобы

Абай қазақ поэзиясының өсіп, гүлденіп, жаңа сапаға жетуіне орасан зор еңбек етті. Ақын жас ұрпаққа терең ойға толы, алуан өлеңдер үлгісін қалдырды. Абай мұралары - адамгершіліктің, имандылықтың, биік парасаттылықтың асыл қазынасы. Осыған орай Абай шығармашылығын жинақтау, жүйелеу мақсатындағы сайысымызды бастайық.
Сайыс 5 бөлімнен тұрады:

I. Поэзия - жүрек тілі. (Өлеңдерін мәнерлеп оқу)
ІІ. Бір әні - бір әлем (Әндерін орындау)

IІІ. Мұны білген жөн. ( Абай туралы білімдерін сынау)
ІҮ. «Абай афоризмдері – даналықтың шыңы» (ТЕДх форматта жоба қорғау)

Ү. Абай мұрасы – асыл қазына. (Абай өмірінен көрініс)


Сайыстың шарттарымен таныс болдық, енді оқушылардың білімі мен өнерін бағалайтын қазылар алқасын сайлап алайық.

1.Қазылар алқасының төрағасы –

2. Қазылар алқасының мүшелері–

Абай өлеңдері - құты қашпас қазына, аудармасы - осының айғағы, жақсы аударма халық пен халықты жақындастырады, ұлт пен ұлтты бауырластырады. Абай ақындықты ерекше жоғары бағалап, қадір тұтқан. Ақын жастардың оқу оқып, білім алып немесе белгілі бір өнер үйреніп, халыққа пайдасын тигізетін азамат болуын аңсаған ақын.

Сайыстың 1-ші бөлімі - Поэзия - жүрек тілі
Мұнда оқушылар Абайдың өлеңдерін мәнерлеп оқиды.

Ал, сәттілік!
ІІ. Бір әні - бір әлем
Абай атамыз ән де жазған. Абайдың музыкалық мұрасын зерттеуде інісі Ысқақтың баласы Архамның үлесі зор. Абай қазақ халқының рухани әлемін өзінің терең мағыналы әрі әуендік құрылымы жағынан мүлдем тосын ырғаққа құрылған әндерімен де байытты. Біржанның, Ақанның, Жаяу Мұсаның әндерін жоғары бағалады. Ақын музыка өнеріне аса қатты зейін қойып, оған қатты талап та қоя білген. Сайысымыздың екінші бөліміне көшейік
IІІ. Мұны білген жөн. ( Абай туралы білімдерін сынау)
Бұл бөлімде нысананы көздеу арқылы сұрақтарға жауап береміз. Бір жағынан мергендіктеріңді, бір жағынан білімдеріңді сынайтын боламыз. Ендеше, іске сәт!
Лирикалары
10 – «Қыс» өлеңі арқылы қазақ әдебиетіне қандай жаңалық енгізді? Кейіптеу.
20 - Ақын қай өлеңінде ғылым - білімді кезінде зерттей алмағанына өкініш білдіреді? «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»
30 – Ақын өлеңдерінің жүйелі, ақындық үлгіде жазылуы 1882 жылдан басталды. Сол жылы жазылған қай өлеңі еді? «Қансонарда...»
40 – Біраз жылдар бойы Көкпай сөздері деп жариялап жүрген ақын қай өлеңінен бастап өз атынан шығара бастады? «Жаздыгүн шілде болғанда»


Поэмалары
10 – Ақынның қай поэмасы аяқталмай қалған? «Әзім әңгімесі»
20 – Еуропаға Александр Македонский деген атпен белгілі қолбасшының өмірі жайлы аңыздар негізінде жазылған поэмасы? «Ескендір»
30 – Қай поэмасында әйелді қоғамның ерлерге тең адамы деп тану, оның әлеуметтік орнын бағалау жағына көбірек көңіл бөлінген? «Масғұт»
40 – Ақынның қай поэмасы «Мың бір түн» ертегісінен алынған бір оқиғаның өлеңмен жазылған түрі? «Әзім» әңгімесі»


Қарасөздері
10 – Қарасөз жазудағы мақсатын нешінші қарасөзінде түсіндіреді? 1
20 – Ақын қарасөздерді қай жылдары жазды? 1890 - 1898ж
30 – Абай нешінші қарасөзінде қазақтың кейбір мақалдарын сынаған? 29
40 – Абайдың бастан - аяқ афоризмдерден тұратын қарасөзі? 37


Аудармалары
10 – Абай мысалдарды кімнен аударды? Крылов
20 – Абай Лермонтовтан жалпы саны неше шығарма аударған? 27
30 – Абайдың аудармамен көбірек шұғылданғаны – 1889ж. Бұл жылы ол Пушкиннің «Евгений Онегиннен» Онегин мен Татьянаның арасындағы хаттарды үзінді күйінде аударды. Сонда неше өлең аударып еді? 8
40 – Абай Пушкинді аудару арқылы қандай ұйқасты өлең түрін тапты? Шалыс.

ІҮ. «Абай афоризмдері – даналықтың шыңы» (ТЕДх форматта жоба қорғау)
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе!
Адамдықты көздесең,
Жастан тоқы көңілге! - деп Сұлтанмахмұт айтқандай, Абай - туған халқының, болашақ ұрпақтың өнегелі тәрбиешісі, ана тілінің, қазақ поэзиясының өсіп - гүлденуіне зор үлес қосқан қамқоршысы. Даналық ойға құрылған, шешендік қасиеті мол өнегелі сөздеріне назар аударайық.

Ү. Абай мұрасы – асыл қазына. (Абай өмірінен көрініс)

-Өнегелі өнер дегенді айтқанда халқымыздың тарихының биік шыңына шыққан жалғыз дара тау ағашындай Абай есімі ауызға ілінеді. Абайдың мұрасы – қазақтың ең қасиетті қазынасы. Замандар ауысып, дүние дидары өзгерсе де, халқымыздың Абайға деген көңілі айнымайды, қайта уақыт өткен сайын оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түседі. Абай өзінің туған халқымен мәңгі-бақи бірге жасайды, ғасырлар қалың елін, қазағын биіктерге, асқар асуларға шақыра береді.

Сайыскерлердің көрінісін тамашалайық

Қорытынды сөз

Абай сепкен ұрық, өскен дәндер бір ғасырдан аса уақыт бойы өсіп –өніп, ұлттық әдебиетімізді, мәдениетімізді, бүкіл рухани өмірімізді көркейтуде. Абайдың тамаша ақындық дәстүрлері қазір жаңа мазмұнға ие болып, кейінгі толқын жазушылардың өнеге етіп, ілгері дамытуы арқылы толысып келеді.

Құрметті ұстаздар, оқушылар, бүгінгі дара да, дана тұлға Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына байланысты, ақын шығармашылығын ұмытпай, дәріптеп оны құрмет ету мақсатында ұйымдастырылған шағын іс-шарамыз аяқталды. Орыстар үшін –Пушкин, ағылшындар үшін –Шекспир, грузиндер үшін – Руставели  қандай ұлы құбылыс болса, Абай да қазақтар үшін сондай теңдессіз құбылыс.

Олай болса, сөздің соңын  «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс» -деген тұңғыш елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың айтқан сөзімен аяқтап, аман- сау болыңыздар демекпін.



Назар қойып тыңдағандарынызға рахмет!

Қ. Күлетов атындағы №92 орта мектеп



/Тәрбие сағаты/

Сыныбы: 7 «Б»

Өткізген: Қабылбай Г.Қ

2019-2020ж

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет