Сарықамыс негізгі мектебі
Сабақтың тақырыбы:
Ахмет Байтұрсынұлы “Өгіз бен бақа”
Көбенова Ж.Ж- қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
2014 жыл
Сабақтың тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы “Өгіз бен бақа”
Сабақтың мақсаты:
білімділік: А. Байтұрсынұлы өмірі мен шығармашылығын таныстыру, мысалдың мазмұнын меңгере отырып, идеясын ашу;
дамытушылық: оқушыларды өз оын ашық айтуға, еркін сөйлеуге, мәнерлеп оқуға дағдыландыру, өзіндік ой пікірін қалыптастыру;
тәрбиелік : жас ұрпақты жаман әдеттен жирендіру, білімділікке, адамгершілікке, мәдениеттілікке баули отырып, көрсеқызарлық, күншілдік сияқты жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақты меңгерту
Әдісі: баяндау, мысалды талдау, мәнерлеп оқу
Көрнекілігі: Ахмет Байтұрсынұлы өмірбаяны жазылған аудиожазылым, «Өгіз бен бақа» мульткөрсетілім, мысал негізінде суреттер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру: оқушылардың сабаққа қатысымын, сынып тазалыған тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
“Толағай” мультфильмінен 35 секундтық үзінді көрсетіледі
(9:57-10:32 секунд аралығында)
-
Толағайға хат
-
Ертегіден үйрендім...
ІІІ. Актуальдау
Жаман қасиетті көрсететін Ахмет Байтұрсыновтың мысал өлеңімен танысамыз.
ІV. Жаңа сабақ
Ахмет Байтұрсынұлы. “Өгіз бен бақа” мысалы
(Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаяны аудиожазылымнан тыңдалады)
Шағын көлемді, оқиғалы, адамға сабақ боларлық тәрбиелік, тағылымдық мәні бар шығарманы мысал дейді.
«Өгіз бен бақа» мультфильмі көрсетіледі.
1. Оқулықпен жұмыс:
“Өгіз бен бақа” мысалын рөлге бөліп оқу.
2. Оқушылар мәтін бойынша жоспар құру
-
Өгіздің шөлдеп келіп су ішуі;
-
Көрсеқызар бақа;
-
Бақаның қарыны:
-
Бақаның жарылып өлуі;
-
“Әлін білмеген - әлек”
3. Мысалға композициялық жоспар құру.
Оқиғаның басталуы: Өгіздің көлге келуі
Байланысы: Бақаның өгізді күндеуі
Дамуы: Мақтаншақ бақаның жолдасымен пікірлесуі
Шиеленісуі: Бақаның өгіз сияқты болуға тырысуы.
Шарықтау шегі: Бақаның ісініп, қабынуы
Оқиғаның шешімі: Бақаның жарылып өлуі
Автордың түйіні: “Әлін білмеген - әлек”
Кейіпкер мінезін ашу
Кейіпкер
|
Мінезі
|
Іс-әрекеті
|
Мақал-мәтел
|
Бақа
|
|
|
|
Өгіз
|
|
|
|
Бекіту:
-
Сұрақ- жауап
-
Мысал дегеніміз не?
-
Ахмет Байтұрсынұлының “Қырық мысал” деген атпен шыққан кітабі қашан жарық көрді?
-
“Өгіз бен бақа” мысал өлеңінің негізгі идеясы неде?
-
Бес жолды өлең
Үйге тапсырма: А. Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығын оқу. «Өгіз бен Бақа» мысалын жаттау, мысал бойынша сурет салу.
Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |