22 наурыз мерекесіне арналған «Әже мен немере» сайысы.
Мақсаты: Бүлдіршіндерге ата-баба дәстүрін насихаттап, әжелерден тәлім-тәрбие алып, олардың көрсеткен ұлттық рәсімдерін естеріне сақтап тәлім-тәрбие алу.
Кіріспе сөз.
Құрметті келген қонақтар, асыл әжелер, кішкентай бөбектер сіздерді ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Осы Наурыз мерекесіне арналған «Әже мен немере» сайысына қош келдіңіздер. Сайысымызға әже немерелерімен келіп отыр, қошеметтеп қарс алып отырайық.
Армысыздар,жамағат!
Ару көктем,әз Наурызым,ақ күнім,
Ала келген бар әлемнің шаттығын.
Қазан-қазан көже жасап,
Азан-қазан көңілменен күй кешу.
Біздер үшін бақ бүгін - дей келе әдемі әуенмен, қошеметпен әжелерді немерелерімен ортаға шақырайық.
1. Боранбай Арсен- Бахыт әжесімен.
2. Шерхан Ерсын- Алтын әжесімен.
3. Жоламан Ерсултан -Батахытжамал әжесімен.
Өткізу барысы.
І. Таныстыру.
ІІ. Сыр сандық (ұлттық рәсімдерді көрсету.)
ІІІ. Құрастыру (көрпе құрақ жасау)
ІV. Өнер көрсету.
V. Ұлттық тағамдар.
Байқауымызды бастамас бұрын төрелік етуші әділ- қазылар
алқасын(сайлап)таныстырып өтейік.
І. бөлім. Таныстыру.
Әжелер мен немерем келіп жетті танысуға,
Сыпырды толмағасын осы дұға.
Қызып келген қырандай керілтеді.
Әдеппенен, ізетпен танысуға-дей келе әжелер, немерелермен бірге өздерін
таныстырып өтсін
ІІ. бөлім Сыр сандық (ұлттық рәсімдерді көрсету.)
Бұл сыр сандықшада ұлттық салт-дәстүріміздің өткізу рәсімдері жазылған осы
сандықшадан алып соны көрсетіп,айтып жеткізу.
1.Бесікке салу.
2.Шілдехана.
3.Той бастар.
4.Тұсау кесу.
5.Ат қою.
Әжелерім асыл менен ақылды.
Ажыратар алыс пенен жақынды.
Үйретеді салт-дәстүрді әжелер-дей отырып өздерінің ойға түйгенін көрсету.
ІІІ. Бөлім Құрастыру (көрпе құрақ жасау)
Шеберлерім өнер тамып қолынан
Жаңылмаған ата-баба жолынан
Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін.
Біз айтайық төрелігін соңынан-дей отырып Әжелеріміз
немерелері көрпе
құрақты жасағанша әнге кезек берейік.
Қыздардың орындауында биі «Наурыз»
ІV бөлім Өнер көрсету.
Қазақ жұрты киелі,
Өнерліні сүйеді.
Сізді сонша аңсап ел,
Би билеп,ән салып
Ортаға салып береді.
V бөлім Ұлттық тағамдар.
«Ас-адамның арқау» -демекші әжелеріміздің үйлерінен дайындап әкелген тағамдарын
таныстырып өту.
Әділ- қазылар алқасы өз шешімдерін талқылап шешкенше ортаға
Ұлдардың орындауында биі «Жорға»
Әр әжелер мен немерелердің өнерлерімен, шеберліктерін, тапқырлықтарын бағалай келе
«Сабырлы әже»
«Шебер әже»
«Өнерлі әже»
«Тапқыр әже»
«Парасатты әже» номинациясы бойынша барлық әжелер мен немерелер марапатталды.
«Көп білгеннен емес,көп көргеннен сұра» , демекші осы әжелеріміздің көрсеткенін үлгі
тұтып, есімізде сақтап жүрейік.
Осыменен сайысымыз аяқталды. Көріскенше күн жақсы болсын.
Сау болыңыздар.
|