«Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидаларын және Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарын бекіту және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
13 қаңтардағы № 45 және «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» және 2014 жылғы 11 наурыздағы № 217 Қазақстан Республикасы Үкіметінің
қаулыларына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
-
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидаларын және Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарын бекіту және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 23, 323-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарында:
30, 31, 32 және 33-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«30. Шетелдік қызметкерлер функционалдық міндеттерін күнтізбелік бір жыл ішінде күнтізбелік алпыс күннен артық бірнеше әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында орындауы үшін уәкілетті орган жұмыс берушінің өтініші бойынша және шетелдік қызметкерді (қызметкерлерді) жіберу көзделген тиісті әкімшілік-аумақтың (аумақтардың) қабылдаушы уәкілетті органымен (органдарымен) (бұдан әрі – қабылдаушы уәкілетті орган) келісім бойынша шетелдік жұмыс күшін екі және одан көп әкімшілік-аумақтық бірлікте еңбек қызметін жүзеге асыру үшін тартуға рұқсатты береді немесе ұзартады.
Екі және одан көп әкімшілік-аумақтық бірлікте қолданылатын рұқсатты беруге немесе ұзартуға келісім алу үшін уәкілетті орган жұмыс берушінің құжаттарын алдын ала қарау кезеңінде қабылдаушы уәкілетті органға жұмыс берушінің басқа әкімшілік-аумақтық бірліктер аумақтарында жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге арналған шартты, келісімшартты қоса отырып, рұқсат берудің немесе ұзартудың жазбаша негіздемесін үш жұмыс күні ішінде жібереді.
Қабылдаушы уәкілетті орган оның әкімшілік-аумақтық бірлігінде қолданылатын рұқсатты беру немесе ұзарту негіздемесін алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде рұқсатты берген уәкілетті органға келісу немесе келісуден бас тарту туралы хат жібереді.
Уәкілетті орган екі және одан көп әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағына ауыстыру орын алған жағдайда, еңбек жөніндегі уәкілетті органды квартал сайын ескертеді.
31. Жұмыс берушінің жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге арналған шарттарында, келісімшарттарында шарттың, келісімшарттың басқа әкімшілік-аумақтық бірліктер аумақтарында қолданылуы көрсетілмеген жағдайда, қабылдаушы уәкілетті орган екі және одан көп әкімшілік-аумақтық бірлікте еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты беруге келісім беруден бас тартады.
32. Екі және одан көп әкімшілік-аумақтық бірлікте қолданылатын шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты ұзарту не ұзартудан бас тарту туралы шешімді уәкілетті орган қабылдаушы уәкілетті органның келісу немесе келісуден бас тарту туралы хатын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қабылдайды.
33. Бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде қолданылатын рұқсатты алған жұмыс беруші оны екі және одан көп әкімшілік-аумақтық бірлікте қолдану туралы өтініш берген жағдайда уәкілетті орган қабылдаушы уәкілетті органның келісу туралы хатын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жаңа нөмір бере отырып, бұрын берілген рұқсатты осы Қағидалардың 30 тармағында қарастырылған тәртіппен қайта ресімдеуді жүзеге асырады.
Бастапқыда берілген рұқсат уәкілетті органға қайтарылуы тиіс.»;
36-тармақтың 5)-тармақша алынып тасталсын;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 217 «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» қаулысында («Егемен Қазақстан» 15.05.2014 ж. № 94 (28318); «Казахстанская правда» от 15.05.2014 г. № 94 (27715); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 18-19, 145-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген «Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру, қайта ресімдеу және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
9-тармақтың он жетінші абзацындағы 6)-тармақша алынып тасталсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Достарыңызбен бөлісу: |