Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 шілдедегі №918 қаулысы



Дата03.07.2016
өлшемі64.5 Kb.
#175810
Басым жобалар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2012 жылға арналған квоталар белгілеу және басым жобалар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 шілдедегі № 918 қаулысы


«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңының 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес басым жобалар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2012 жылға арналған квота белгіленсін.
2. Қоса беріліп отырған:
1) «Қазақстан – Қытай» газ құбырының «С» желісін салу» жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары (өтініш беруші – «Азия газ құбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
2) «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырының желілік бөлігін салу» жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары (өтініш беруші – «Бейнеу – Шымкент» газ құбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі);
3) «Жаңажол газ өңдеу зауытының» екінші және үшінші кезегін салу үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары (өтініш беруші – «СНПС – Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамы) бекітілсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2012 жылғы 5 шілдедегі № 918 қаулысына қосымша

Басым жобалар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2012 жылға арналған квоталар


Р/с
№    Жобаның атауы    Өтініш беруші    Іске асыру орны    Іске асыру мерзімі    Квота (адам)
Барлығы     оның ішінде:
бірінші
санат    екінші санат    үшінші санат    төртінші
санат
1    2    3    4    5    6    7    8    9    10
1    «Қазақстан – Қытай» газ құбырының «С» желісін салу     «Азия Газ құбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі    Алматы қ., Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстары     2012-
2015 жж.    1142    17    228    897    0
2    «Бейнеу – Бозой
– Шымкент» газ құбырының желілік бөлігін салу    «Бейнеу –Шымкент Газ құбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі    Алматы қ., Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстары    2012-
2015 жж.    502    9    79    414    0
3    «Жаңажол газ өңдеу зауытының» екінші және үшінші кезегін салу    «СНПС – Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамы     Ақтөбе облысы    2012-
2015 жж.    224    123    43    58    0

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2012 жылғы 5 шілдедегі № 918 қаулысымен бекітілген

«Қазақстан – Қытай» газ құбырының «С» желісін салу» жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары


(өтініш беруші – «Азия газ құбыры» жауапкершілігі  шектеулі серіктестігі)

1. Аумағында басым жоба іске асырылып жатқан әкімшілік-аумақтық бірліктің еңбек жөніндегі уәкілетті органына жұмыс беруші немесе ол уәкілеттік берген тұлға ұсынатын шетелдік жұмыс күшін тарту өтінішіне қоса берілетін құжаттар мынаны қамтуға тиіс:


1) еңбек жөніндегі орталық атқарушы орган бекітетін Қазақстан Республикасында қолданылатын басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына, жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына және 01-99 «Кәсіптер сыныптауышы» Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыныптауышына сәйкес мамандығының, біліктілігінің (лауазымының) атауларын көрсетумен тартылатын шетелдік қызметкерлердің тегі, аты, әкесінің аты (оның ішінде латын әріптерімен), туған күні, азаматтығы, паспортының (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмірі, берілген күні және берген орган, тұрақты тұратын елі, шыққан елі, білімі туралы мәліметтер;
2) Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған білімі туралы құжаттардың нотариалды расталған аудармалары (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылған болса, көшірмелері);
3) бұрын қызметкер өзінде жұмыс істеген жұмыс берушінің ресми бланкісінде қызметкердің еңбек қызметі туралы жазбаша растауы қоса берілген қызметкердің еңбек қызметі туралы ақпарат (тиісті кәсіп бойынша жұмыс өтілі жөнінде біліктілік талаптары болған кезде) немесе Қазақстан Рес­публикасында танылатын өзге де растаушы құжаттар;
4) басым жобаны іске асыруға қатысуды куәландыратын шарттан нотариалды расталған үзінді немесе салыстыру үшін түпнұсқаны бірге ұсынумен шарт көшірмесі (мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдар үшін).
2. Уәкілетті органның жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беруі мынадай арақатынастарды сақтау кезінде жүзеге асырылады:
1) газ құбырының «С» желісін салу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны «Азия газ құбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі (бұдан әрі – «Азия газ құбыры» ЖШС) бірінші санатқа жатқызылатын қызметкерлерінің тізімдік санының 50 %-нан кем болмауы және мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдардағы бірінші санатқа жатқызылатын қызметкерлерінің тізімдік санының 50 %-нан кем болмауы тиіс;
2) газ құбырының «С» желісін салу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны «Азия газ құбыры» ЖШС-тағы екінші санатқа жатқызылатын қызметкерлерінің тізімдік санының 50 %-нан кем болмауы және мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдардағы екінші санатқа жатқызылатын қызметкерлерінің тізімдік санының 50 %-нан кем болмауы тиіс;
3) газ құбырының «С» желісін салу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны «Азия газ құбыры» ЖШС-тағы үшінші санатқа жатқызылатын қызметкерлерінің тізімдік санының 80 %-нан кем болмауы және мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдардағы үшінші санатқа жатқызылатын қызметкерлерінің тізімдік санының 80 %-нан кем болмауы тиіс;
4) газ құбырының «С» желісін салу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны «Азия газ құбыры» ЖШС-тағы төртінші санатқа жатқызылатын қызметкерлерінің тізімдік санының 100 %-нан кем болмауы және мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдардағы төртінші санатқа жатқызылатын қызметкерлерінің тізімдік санының 100 %-нан кем болмауы тиіс.
3. Шетелдік қызметкерлердің елге кіруі Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі «Халықтың көші-қоны туралы» Заңының 35-бабында көзделген талаптар сақталған кезде жүзеге асырылады.
4. Шетелдік жұмыс күшін тартудың осы шарттармен реттелмеген өзге де талаптары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысымен бекітілген Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру қағидаларымен және шарттарымен регламенттеледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2012 жылғы 5 шілдедегі  №918 қаулысымен бекітілген

«Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырының желілік бөлігін салу» жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары (өтініш беруші – «Бейнеу – Шымкент» газ құбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі)


1. Аумағында басым жоба іске асырылып жатқан әкімшілік-аумақтық бірліктің еңбек жөніндегі уәкілетті органына жұмыс беруші немесе ол уәкілеттік берген тұлға ұсынатын шетелдік жұмыс күшін тарту өтінішіне қоса берілетін құжаттар мынаны қамтуға тиіс:
1) еңбек жөніндегі орталық атқарушы орган бекітетін Қазақстан Республикасында қолданылатын басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына, жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына және 01-99 «Кәсіптер сыныптауышы» Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыныптауышына сәйкес мамандығының, біліктілігінің (лауазымының) атауларын көрсетумен тартылатын шетелдік қызметкерлердің тегі, аты, әкесінің аты (оның ішінде латын әріптерімен), туған күні, азаматтығы, паспортының (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмірі, берілген күні және берген орган, тұрақты тұратын елі, шыққан елі, білімі туралы мәліметтер;
2) Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған білімі туралы құжаттардың нотариалды расталған аудармалары (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылған болса, көшірмелері);
3) бұрын қызметкер өзінде жұмыс істеген жұмыс берушінің ресми бланкісінде қызметкердің еңбек қызметі туралы жазбаша растауы қоса берілген қызметкердің еңбек қызметі туралы ақпарат (тиісті кәсіп бойынша жұмыс өтілі жөнінде біліктілік талаптары болған кезде) немесе Қазақстан Рес­публикасында танылатын өзге де растаушы құжаттар;
4) басым жобаны іске асыруға қатысуды куәландыратын шарттан нотариалды расталған үзінді немесе салыстыру үшін түпнұсқаны бірге ұсынумен шарт көшірмесі (мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдар үшін).
2. Уәкілетті органның жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беруі мынадай арақатынастарды сақтау кезінде жүзеге асырылады:
1) газ құбырының желілік бөлігін салу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны «Бейнеу – Шымкент» газ құбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі (бұдан әрі – «Бейнеу – Шымкент» газ құбыры» ЖШС) бірінші санатқа жатқызылатын қызметкерлерінің тізімдік санының 50 %-нан кем болмауы және мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдардағы бірінші санатқа жатқызылатын қызметкерлерінің тізімдік санының 80 %-нан кем болмауы тиіс;
2) газ құбырының желілік бөлігін салу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны «Бейнеу – Шымкент» газ құбыры» ЖШС-тағы екінші санатқа жатқызылатын қызметкерлерінің тізімдік санының 60 %-нан кем болмауы және мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдардағы екінші санатқа жатқызылатын қызметкерлерінің тізімдік санының 70 %-нан кем болмауы тиіс;
3) газ құбырының желілік бөлігін салу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны «Бейнеу – Шымкент» газ құбыры» ЖШС-тағы үшінші санатқа жатқызылатын қызметкерлерінің тізімдік санының 80 %-нан кем болмауы және мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдардағы үшінші санатқа жатқызылатын қызметкерлерінің тізімдік санының 80 %-нан кем болмауы тиіс;
4) газ құбырының желілік бөлігін салу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны «Бейнеу – Шымкент» газ құбыры» ЖШС-тағы төртінші санатқа жатқызылатын қызметкерлерінің тізімдік санының 100 %-нан кем болмауы және мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдардағы төртінші санатқа жатқызылатын қызметкерлерінің тізімдік санының 100 %-нан кем болмауы тиіс.
3. Шетелдік қызметкерлердің елге кіруі «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңының 35-бабында көзделген талаптар сақталған кезде жүзеге асырылады.
4. Шетелдік жұмыс күшін тартудың осы шарттармен реттелмеген өзге де талаптары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысымен бекітілген Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру қағидаларымен және шарттарымен регламенттеледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2012 жылғы 5 шілдедегі № 918 қаулысымен бекітілген

«Жаңажол газ өңдеу зауытының» екінші және үшінші кезегін


салу үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары
(өтініш беруші – «СНПС «Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамы)
1. Аумағында басым жоба іске асырылып жатқан әкімшілік-аумақтық бірліктің еңбек жөніндегі уәкілетті органына жұмыс беруші немесе ол уәкілеттік берген тұлға ұсынатын шетелдік жұмыс күшін тарту өтінішіне қоса берілетін құжаттар мынаны қамтуға тиіс:
1) еңбек жөніндегі орталық атқарушы орган бекітетін Қазақстан Республикасында қолданылатын басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына, жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына және 01-99 «Кәсіптер сыныптауышы» Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыныптауышына сәйкес мамандығының, біліктілігінің (лауазымының) атауларын көрсетумен тартылатын шетелдік қызметкерлердің тегі, аты, әкесінің аты (оның ішінде латын әріптерімен), туған күні, азаматтығы, паспортының (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмірі, берілген күні және берген орган, тұрақты тұратын елі, шыққан елі, білімі туралы мәліметтер;
2) Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған білімі туралы құжаттардың нотариалды расталған аудармалары (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылған болса, көшірмелері);
3) бұрын қызметкер өзінде жұмыс істеген жұмыс берушісінің ресми бланкісінде қызметкердің еңбек қызметі туралы жазбаша растауы қоса берілген қызметкердің еңбек қызметі туралы ақпарат (тиісті кәсіп бойынша жұмыс өтілі жөнінде біліктілік талаптары болған кезде) немесе Қазақстан Рес­публикасында танылатын өзге де растаушы құжаттар;
4) басым жобаны іске асыруға қатысуды куәландыратын шарттан нотариалды расталған үзінді немесе салыстыру үшін түпнұсқаны бірге ұсынумен шарт көшірмесі (мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдар үшін).
2. Уәкілетті органның жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беруі мынадай арақатынастарды сақтау кезінде жүзеге асырылады:
1) зауыттың екінші және үшінші кезегін салу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдардағы бірінші санатқа жатқызылатын қызметкерлерінің тізімдік санының 70 %-нан кем болмауы тиіс;
2) зауыттың екінші және үшінші кезегін салу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдардағы екінші санатқа жатқызылатын қызметкерлерінің тізімдік санының 65 %-нан кем болмауы тиіс;
3) зауыттың екінші және үшінші кезегін салу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдардағы үшінші санатқа жатқызылатын қызметкерлерінің тізімдік санының 80 %-нан кем болмауы тиіс;
4) зауыттың екінші және үшінші кезегін салу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдардағы төртінші санатқа жатқызылатын қызметкерлерінің тізімдік санының 100 %-нан кем болмауы тиіс.
3. Шетелдік қызметкерлердің елге кіруі «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңының 35-бабында көзделген талаптар сақталған кезде жүзеге асырылады.
4. Шетелдік жұмыс күшін тартудың осы шарттармен реттелмеген өзге де талаптары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысымен бекітілген Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру қағидаларымен және шарттарымен регламенттеледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет